Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05



жүктеу 177,77 Kb.
Дата10.12.2017
өлшемі177,77 Kb.
#3677

Әдістемелік нұсқау Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) пәні бойынша

050301 «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған

курстық жұмысты жазу және рәсімдеу, қорғаудың



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Павлодар



Курстық жұмыстын рәсімдеу және жазу бойынша нұсқаулықтар

Жұмыс оқу жоспарына сәйкес «ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша күндізгі және сырттай бөлім студенттері бірінші курстық екінші семестрінде курстық жұмыс жазады және қорғайды. «ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша өкурстық жұмыстарын орындау студенттердің пәнді оқу барысындағы студенттердің білімін жетілдірудің негізі болып табылады және соңғы курстарда мемлекеттік емтиханға дайындықтың бастамасы болып табылады.

Курстық жұмысты жазудың мақсаты студенттерді оқу материалдары мен басқада қайнар көздермен өзіндік жұмыс істеуге үйрету, өзіндік ойлау қабіеттігін тексеру, осы тақырыптар бойынша білімді бекіту және тереңдету болып табылады.

Курстық жұмысты жазбастан бұрын студент белгілі бір дайындық жұмыстарын жүргізуі керек, яғни жоспарда берілген тақырыптар бойынша өздік жұмыстарын мынадай нысанда орындауларына болады:

1 Қосымша конспект жазу.

2 Баяндама дайындау.

3 Ауызша талдау жасау. Аталған нысанда жұмысты орындағанда жалпылай талдаумен қатар жұмысқа кіріспе мен қорытынды міндетті түрде сақталуы шарт.

Курстық жұмыс мазмұнына қойылатын негізгі талаптар – оның дербестігі және шығармашылық сипаты. Оқулықтарды, мақалаларды механикалық түрде көшіріп жазуға жол берілмейді. Курстық жұмыстының мәтінінде зерттеген қайнар көздерден сөздерді қолдануға болады, бірақ оған сілтеме көрсетілуі керек.

Курстық жұмыстың құрлымы келесі бөліктерден тұруы керек:

алдыңғы бет (титульный лист);

жоспар;


кіріспе;

негізгі бөлім;

қорытынды;

тапсырмаларды шешу;

қолданған әдебиерттердің тізімі.

Негізгі бөлімде таңдалынып алынған тақырып бойынша жоспарда көрсетілген сұрақтарды қарастырады. Ол толық және нақты болуы шарт. Студент өзінің курстық жұмысында әртүрлі авторлардың теориялық мәліметтерін алып, олар бойынша құқықтық танымдар, мысалдар келтіре отырып, қорытындылар шығаруы қажет. Қарастырылған әрбір жаңа тақырыпты жаңа беттен бастап сұрақтың аталуын толықтай жазуы керек. Әрбір сұрақта студенттің қысқаша қорытынды пікірі болуы шарт.

Қорытынды бөлімде қарастырылған барлық сұрақтар бойынша негізгі қорытынды мен жұмыс нәтижесін шығарылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімінде ең алдымен реттік негізі бойынша құқықтық нормативті актілер, содан кейін тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер жазылып, жұмыста оларға сілтемелер көрсетіледі.

Өрескел қателіктермен орындалған, сонымен қатар басқа да өрескел кемшіліктер жіберіліген жұмыстар бағаланбайды, бірақ қателіктерді жою үшін немесе қайтадан орындау үшін жұмыс студеттерге беріледі.




Курстық жұмысты рәсімдеу және жазу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Курстық жұмысты А-4 А4 (210x297 мм) ТМОС 2,301-68. форматты ақ беттің бір жағына жазылады. Құжаттың түпнұсқасы тқөменде көрсетілген тәсілдердің бірімен орындалады:

- қолжазбамен - Әріптің және санның биіктігі 2,5 мм кем болмау керек. Әріп пен санды құжаттың барлығында анық жазу (тушпен, сиямен немесе шарикті қаламмен, бір түспен-қара немес күлгін) керек;

- түсті қаламдарды қолдану, құжаттардағы бояулар мен сызып тасталынған мәліметтер қабылданбайды;

- ЭЕМ жазу немесе кестелік сызбаларды жазу. Шрифт – кәдімгідей KZ Times New Roman, кегль 14 пунктмен, жоларалық қашықтық интервалы - біреу. Басып шығарудың эконом түрі қабылданбайды.



Беттің төрт жағы бойынша барлық қашықтық сақталуы керек. Сол жақ 25мм, оң жақ 10мм, жоғарғы және төменгі жақтары 15мм кем болмауы тиіс.

Текстегі азат жол қол жазбада 15-17 мм немесе ЭЕМ жазғанда (1,25мм) тең болуы қажет. Қолмен жазылған тестің ара қашықтығы 10мм кем болмауы тиіс.

Қолмен немесе машинамен жазған кездегі жіберілген текстегі (графикалық) қателіктерді ақ бояумен юояп, қаламмен немесе тушпен қателікті жоюға болады. Бір бетте бес қателікке дейін жіберуге болады.

Шимай немесе із қалып бүлінген бетті жұмыс қабылданбайды.

Курстық жұмыстының қажеттілігіне қарай тарау, бөлімшелерге бөлуге болады.

Тараулар реттік санмен көрсетіліп, нүстесіс араб сандарымен және азат жолдан жазылады. Бөлімшелердің әрқасйсысы реттік санмен белгіленуі тиіс. Бөлімшелердің реттік санынан кейін нүкте қойылмайды. Тарудың бөлімдері бірнеше болуы да мүмкін.

Егер бөлімшелер жоқ болса, онда әрбір тармақтардан кейін тармақтық нөмірлері болады. Тармақтардың нөмірінің соңынан кейін нүкте қойылмайды.

Егер құжатта бөлімшелер болса, онда тармақшаларға бөлімшелердің нөмірін қоя отырып, бөлімшенің реттік санынан кейін нүкте қойып тармақшаның реттік санын жазады соңынан нүкте қойылмайды.

Егер текст тек тармақтарға бөлінсе құжаттың реттік санымен нөмірленеді.

Атаулар тарулар, бөлімдер, тармақтарды нақты көрсетуі керек.

Атаулар үлкен әріптермен азат жолды көрсетпей-ақ жазылып, соңына нүкте қойылмайды. Атауларда мөздерді тасымалдауға болмайды. Егер атау екі сөйлемнен тұрса онда арасына нүкте қойылады. Атаулардағы бөлімдер мен тармақтарға жартылай қарйтылған әріптермен жазуға жол беріледі.

Атау бөлімдері мен текс арасындағы қашықтық 3-4 интервал, қол жазбамен жазғанда 15мм, ЭЕМ жазғанда 2мм, сонымен қатар атау мен тару, бөлім мен тармақшалар арасындағы қашықтық қол жазбамен 8мм, ЭЕМ 1мм қашықтықта болады.



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫНЫҢ ПАРАМЕТРІ БЫЛАЙ БЕЛГІЛЕНЕДІ

Беттің сол жағы 2,5мм, оң жағы 1мм, жоғарғы және төменгі жағы 1,5мм қашықтықтан басталады.

Атаулар мен мәтіндер жалғасы бір бетте болады. Атаудың бір беттен екінші бетке жалғасыруға болмайды.

Әрбір мәтіндік құжат жаңа беттен (парақтан) басталады.

Беттерде бос орындар болмауы керек. Барлық беттер толықтай (соңғы қорытынды бетте) толтырылып жазылады.

Мазмұнда аталған құжат бойынша барлық беттердің саны көрсетіледі.



«Жоспар» сөзі ортаға жазылып алғашқы әріп әдеттегідей үлкен әріппен қалғаны қалыпты негіз бойынша жазылады. «Жоспар» сөзі жартылай қарайтылып жазылады.

Мысалы::
Жоспар

Кіріспе …………………………………………………………………….3

1 Хххххххххххххххххххххххх ……………………………………………….4

1.1 Хххххххххххххххххххххххх ……………………………………………….5

1.2 Ххххххххххх хххххххххххх ………………………………………………6

2 Ххххххххххххххххх ххххххххххх ………………………………………..9

2.1 Ххххххххххххххххххх ххххххххххххххххххххх хххххххх

хххххххххххххххххххх ххххххххх…..………………………….……...11

3 Ххххххххххххххххх хххххххххххххххх……………………...….………13

Қорытынды……………………………………………………….…............15

Қолданылған қайнар көздердің тізімі………………………….…...........16
Беттерге нөмер қою бірінші сыртқы беттен басталады. Бірақ сыртқы бетке нөмір саны қойылмайды, кейінгі беттерге н.өмір араб саны бойынша «Кіріспе» бөлімінен бастап беттің жоғарғы жағыныың оң жағына қойылады

Мәттінің соңында құжатты жазған барлық қолданылған әдебиеттердің тізімі беріледі. Әдебиеттер тізімі құжаттың мазмұнына кіреді.



Мәтінді дайындауға қолданылған әдебиеттер тізімі мына реттермен құрылады: ҚР заңдары, заңға сәйкес актілер (ҚР Президентінің жарлығы, ҚР Үкіметінің қаулысы, министерліктер мен ведомствалардың нормативті актілері), оқулықтар, оқу құралдары, ақпаратты құралдар, монография, кезеңдік басылымдар.

Оқулықтар жөніндегі мәліметтерге (монографиялар, оқулықтар,ақпараттар және т.б.) мыналар кіруі тиіс: авторлар жөніндегі ақпараттар (автордың ат, жөні, тегі); кітаптың аталуы; басыолым жөніндегі ақпарат; шыққан орны; шыққан жылы; томның реттік саны, шығарылым немесе бөлімі; бетінің саны көрсетілуі керек.

Автордың тегін атау септігінде көрсетуі керек. Егер екі немесе оданда көп автор болса кітіпта көрсетілген рет бойынша жазып ортасына үтір қояды. Кітіптың баспадан шыққан орынынын атау септігінде көрсетуі керек.

Кезеңдік басылымдардағы мақалалар бойынша мәліметтер (ретімен) басылымы мына реттерде: автордың аты, жөні, тегі, мақаланың тарауы, мақаланың аталуы (журнал, серияның аталуы, ол болатын болса), шыққан жылы, том (қажеттілігіне қарай), басылым нөмері (журнала), мақаланың басылған беті. Заглавие статьи приводят в том виде, в каком оно дано в периодическом издании.

Бетті көрсеткенде басталған беті мен аяқталған беті көрсетілуі керек.


Құжат мәтінінің мазмұны

Құжат мәтіні қысқаша, нақты және әртүрлі талқылаулар жасалынған болуы керек.

Құжат мәтінінде мыналарға жол берілмейді:

1 Кәсіби, тенхницизм, сөйлеу сөздерін қолдануға;


  1. Сол және сондай түсініктерді әртүрлі ғылыми-техникалық термидерді, сонымен қатар шет ел сөздерін және орыс тілінің теорминдері мен сөздерін синонимдік мағаналарын қайталап қолдануға;

  2. Қарапайым сөз тіркестерін қолдануға;

  3. Қазақ орфографиясында көрсетілген ережелер бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкес, сонымен қатар аталған құжатта көрсетілген қысқатулардан басқасын қолдануға;

Егер құжатта қысқартулар жиі қолданылатын болса, онда «Кіріспенің» алдындағы «Атаулар мен қысқартулар» бөлімінде қысқатулар жөнінде көрсету керек.

Әріптік шартты белгілер, суреттер немесе белгілер мемлекеттік стандарттар мен қолданыстағы заңддылықтарға сәйкес болуы керек.


Сноскалар. Сілтемелер

Сілтемелер қолданылған қайнар көзді көрсету үшін квадрат жақшада жазылады. Мысалы: "Кедендік бақылау шаралары ҚР барлық аумағында жүзеге асады [26]"

Сноскалар азат жолдан кейін беттің соңында, кестелерде, кестенің соңында горизонтальді сызық бойынша сөздің оң жағының жоғарғы бөлігінде көрсетіледі.

Сноска белгісі сөздің, санның, символдың, қосымшаға түсіндірме беру үшін мәтіннің мәнін түсіндіру үшін қойылады.

Сноска араб санымен жартылай жақшада азат жолдың жоғарғы жағына қойылады.

Мысалы: «...басып шығару құралы1)...».

___________________________



1) ххххххххххххххххххххх
Сносканы нөмірлеу әрбір беттен басталады..

Сносканы санмен қатар жұлдызшаменде қолдануға болады. Төрттен көп жұлдызшаны қолдануға тиым салынады.


Курстық жұмыстың тақырыбын фамилияның алғашқы әрпі бойынша таңдайды.

«А» - «Д» - бірінші нұсқа.

«Е» - «К» -екінші нұсқа.

«Л» - «О»-үшінші нұсқа.

«П» - «С» - төртінші нұсқа.

«Т» - «Я»-бесінші нұсқа.
Курстық жұмыс талапқа сай жазылуы тиіс, талапты бұзып жазылған жұмыс қабылданбайды.
ЕСКЕРТУ: Азаматтық құқық екі бөлімнен (Жалпы бөлім және Ерекше бөлім) тұратындықтан курстар бойынша оқытылатын бөлімдер бойынша тақырып таңдалады.

Курстық жұмысының мазмұны

(Жалпы бөлім)

1-нұсқа

1-тақырып. Азаматтық құқықтың түсінігі.

Халықаралық шарттар және қазақстанның азаматтық заңнамасы. Іскерлік салт-дәстүр мен халықаралық құқықтық актілердің азаматтық құқықтық жүйесіндегі орны. Азаматтық құқықтың жүйесі. Рим құқығы бойынша азаматтық құқықтың ерекшелігі. Азаматтық құқықтың қағидалары.


2-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастар.

Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны. Заңды факт. Азаматтық құқықтық қатынас объектілерінің жіктелу.

Субъективті азаматтық құқықтарды саралау.
3-тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.

Моральдық зиянды өтеу. Ар-намыс, қадір-қасиетті қорғау. Өзін-өзі қорғау.


4-тақырып.Азаматтық құқықтың объектілері.

Объекті және оның ұғымы. Жылжитын және жылжымайтын мүліктер. Өнім, жеміс, табыс және оның құқықтық негіздері мен реттелуі.



2-нұсқа

5-тақырып.Азаматтық құқықтың субъектісі.

Азаматтық құқықтың субъектілері. Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөлініс азаматтық құқықтың ерекше субъектісі ретінде. Субъектілердің әрекет және құқық қабілеті.Қорғаншы және қамқоршы.


6-тақырып. Заңды тұлғалар.

Заңды тұлғалардың ұғымы мен белгілері. Заңды тұлға талапкер және жауапкер ерінде. Заңды тұлғаның азаматтық айналымға түсуі. Әрекет және құқық қабілеттілігінің ерекшелігі. Мемлекеттік тіркеуден өтуі.


7-тақырып. Мәмілелер.

Біржақты мәміле. Екі жақты және көп жақты мәміле. Шартты мәміле. Мәмілелердің жарамдылығы. Мәміленің жарамсыздығы.


8-тақырып. Өкілділік

Өкілділіктің ұғымы. Өкілділіктің түрлері. Сенімхат. Коммерциялық өкілдік.


9-тақырып. Мерзімдер. Талап мерзімі.

Мерзім түрлері. Азааттық құқықтарды жүзеге асырудың мерзімі. Талап мерзімінің өтуі. Азаматтық құқықты қорғау мерзімі. Талап қою мерзімінің ұғымы және мағынасы.


3-нұсқа
10-тақырып. Меншік құқығының ұғымы.

Меншік түрлері. Азаматтардың меншік құқығының түсінігі. Меншік құқығынығ категориялары.



11-тақырып. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы.

Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері. Меншік құқығының пайда болуы. Мүлікті тәркілеу, мүлікті алудың құқықтық ерекшеліктері.


12-тақырап. Ортақ меншік.

Ортақ меншік. Ортақ үлесті меншік құқығы. Ортақ бірлескен меншік. Ортақ бірлескен меншік түрлері. Кондоминиум.


13-тақырып. Өзге де заттық құқықтар.

Шаруашылық жүргізу құқығының субъектісі. Шаруашылық жүргізу құқығы. Құқық мазмұны және жүзеге асырудың шегі. Мемлекеттік мекемелердің жекешеге ауысуы. Құқықтық жедел басқарылуы. Құқықтық жедел басқарылуының мазмұны. Мекеменің мүлікке қатысты құқығы, бюджет есебінен алынған емес.


14-тақырып. Меншік құқығын қорғау.

Басқа адамның заңсыз иеленуіндегі мүлікті талап ету. Заңсыз иеленудегі мүлікті қайтару жолдары. Мемлекеттік басқарушы органдардың меншік иесінің меншік құқығын заңсыз айыруынан қорғау. Меншік құқығын азаматтық-құқықтық қорғауды басқа да тәсілдері. Заттық құқықтарды қорғау.



4-нұсқа

15-тақырып. Міндеттеменің ұғымы мен міндеттемедегі тараптары.

Үшінші тараптың қатысуымен болатын міндеттеме. Кері міндеттеме. Үшінші тарапқа тиімді міндеттеме. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.


16-тақырып. Міндеттеменің орындалуы.

Міндеттмені орындаудың мерзімі, жедел орындаудың ережелері. Міндеттемені орындаудың мерзімінің ұзартылуының қорытындысы. Міндетемені орындаудың орны және тәсілі.


17-тақырып. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

Тұрақсыздық, оның кемшілігіне қатысты түрлері. Кепіл пұл, оның аванстан ерекшелігі. Оның тәсілі және бұзылуының нәтижесі. Кепіл. Оның түрлері. Кепіл пәні.


18-тақырып. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық.

Азаматтық құқық бұзушылықтың түсінігі және құрамы. Алға өрлеу тәртібіндегі жауаптылық. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың шарты. Құқыққа қайшылық азаматтық-құқықтық жауаптылық шарты ретінде. Қиянаттың түсінігі жауаптылықтың шарты ретінде.


5-нұсқа
19-тақырып. Міндеттеменің тоқтатылуы.

Міндеттемені тоқтатудың шарттары. Борышкер мен жанға алушының бір тұлға болуы. Тұлғаның өлімі және заңды тұлғаның қосылуы. Заңды тұлғаның тоқтатылуының басқа да тәсілдері.


20-тақырып. Шарттың ұғымы және жағдайлары.

Оралымды және оралымсыз шарттар. Бір жақты және екі жақты шарттар. Алдын-ала шарт жасау. Үшінші тарапқа тиімді шарт. Шарт жасаудың шарты және түрлері. Шарты талқылау.


21-тақырып. Шарт жасасу, өзгерту және бұзу.

Шарт жасасудың кезеңдері. Шарттық мазмұны мен формасы. Қайталанған шарт, оның ұғымы мен ережелері. Шарт жасасу кезінде қайшылықтарды реттеу. Шартты өзгерту негізі және тоқтату. Шартты өзгерту және тоқтату тәртібі.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.

Нормативтік құқықтық актілер

Жалпы бөлім

1 Қазақстан Республикасының Конститутциясы 30 тамыз 1995ж.

2 Азаматтық Кодекс (жалпы бөлім) 27 желтоқсан 1994ж.

3 Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заң 24 наурыз 1998ж.

4 Азаматтық кодекстің күшіне ендіру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы. 27 желтоқсан 1994ж.

5 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 20 маусым 2003ж.

6 Қазақстан республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы 2 шілде 2003ж.

7 «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заңы 28 сәуір 1997ж.

8 Қазақстан Республикасының Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы 22 желтоқсан 1995ж.

9 «Қазақстан Республикасындағы Азаматтық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 желтоқсан 1991ж.

10 Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығы «Шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы» 19 маусым 1995ж.

11 Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» Заңы 4 шілде 1992ж.

12 Қазақстан Республикасының «Жеке Кәсіпкерлік туралы» Заң 19 шілде 1997ж.

13 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22 көкек 1998ж.

14 Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заң 21 қаңтар 1997ж.

15 Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы заңы» 8 қаңтар 2003ж.

16 Қазақстан Республикасының Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 2мамыр 1995ж.

17 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңы 19 шілде 1995ж.

18 Қазақстан Республикасының «Өндірістік кооператив туралы» 5 қазан 1995ж.

19 Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңы 13 мамыр 2003ж.

20. Қазақстан Республикасының «Арам ниетті кәсіпкерлік» 9 шілде 1998ж.

21 Қозғалмайтын мүлік ипотекасы.

22 Қазақстан Республикасының«Ноториаттық нотариате» 14 шілде 1997ж.

Негізгі әдебиеттер

23 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. Отв.ред М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, Жеты жаргы, 2000.

24 Гражданское право. Том. 1. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы. Издательство КазГЮА. 2000.

25 Гражданское право. Ч. І. Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К., М., Проспект, 1997.

26 Гражданское право Том І. Общая часть. Под ред. Суханова Е.А. М.; Волтерс Клувер, 2004.

27 Гражданское право (общая часть). Учебное пособие. Под ред. Диденко А.Г., Алматы, 2003.

28 Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. Алматы, 2003.

29 Диденко А.Г. Избранное (Постсоветский период). Алматы, 2004.

30 Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 1: общие положения.-М.: «СТАТУТ», 1998.

31 Сборники «Гражданское зоконадательство». Статьи Коментерии. Практика. Выпуски 1-22. алматы, 1997-2005.


Қосымша әдебиеттер:

32 Иоффе О.С. Правоотнашение по советскому гражданскому праву. 1949.

33 Халфина Р.О. Общее учение о правоотнашении. М., 1974.

34 Каудыров Т. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственнрсти в Республике Казахстан. Алматы, 2001.

35 Ильяова К. Регистрация прав на недвижимость в республике Казахстан.

Основные концептуальные положения. Алматы, 2000.

36 Карагусов Ф. Ценные бумаги и деньги как объекты гражданских прав. Алматы, 2001.

37 Климкин С.И. Юридические лица по законодательству Республики Казахстан. Общие положения. Алматы, 2001.

38 Юридические лица. Практикум. Под ред. Климкина С.И. Алматы, 2003.

39 Климкин С.И. Юридические лица (сборник статей). Алматы, 2004.

40 Климкин С.И. Хозяйственные товарищества по закондательству Республики Казахстан. Алматы, 2002.

41 Басин Ю.Г. Сделки. Алматы, 1996.

42 Скловский К.И. Собственность в гражданском праве. 2000г.

43 Диденко А.Г. Обеспечение исполнения договоров. Астана, 2002 г.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.

Ерекше бөлім

1 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть) от 27.12.94 г. 2 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть) от 1 июля 1999г.

3 Закон Республики Казахстан от 1 июля 1999г.№ 410-1. О введении в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть).

4 Гражданское право. Ч.2\ Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К.-М., Проспект, 2002.

5 Гражданское право. Ч.3\ Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К.-М., Проспект, 2002.

6 Гражданское право в 2-х томах.\ Отв.ред. Суханов Е.А.-М., Бек, 1998.

7 Гражданское право России. Ч.2. Обязательственное право. Курс лекций.\ Под ред. О.Н.Садикова.-М., 1997.

8 Гражданское право. Ч.2.\ Под ред. Калпиной А.Г.,Масляева А.И.-М., Юрист, 1999.

9 Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть). Комментарий.\ Отв. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г:Басин.-Алматы, Жеты жаргы, 2000.

10 Гражданское право. Том 2 \ Отв. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.-Алматы, 2002.

11 Богатых Е. Гражданское и торговое право (от древнегоримского к современному). – М., Инфра, 1996.

12 Гражданское законодательство: Статьи, комментарии, практика\Под ред. А.Г. Диденко, 1996-2005.

13 Сулейменов М.К., Покровский Б.В., Худяков А.И., Жакенов В.А. Право и предпринимательство в Республике Казахстан.-Алматы, Жеті жаргы, 1994.

14 Каудыров Т.Е. Право интеллектуалной собственности в РК.- Алматы, Жеті жаргы, 1999.

15 Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан: Монография.- Алматы: Жеті жаргы, 2001.

16 Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 2: Договоры о передаче имущества.-М: «СТАТУТ», 2000.

17 Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. Издание дополненное, исправленное (2-й завод).- М: «статут», 2002.

18 Жайлин Г.А. Гражданское право Республики Казахстан. Часть особенная. Том 1,2, - Алматы: Данекер, 2001.



19 Гражданское право. Том 2. Учебник для вузов (академический курс). \ Отв. Ред.: М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, 2002.
жүктеу 177,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау