Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет13/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33

57
• Сабынды орнына қойып, әр саусағымызды жеке-жеке 
жуамыз. 
• Қолымыздың барлық жеріне сабын тигенін қарап, уқалап 
жуамыз.
• Қолымызды кептіріп сүртеміз. 
Қорытындылау: Су өздігінен қолды тазартпайды, бар құпия 
сабын  көпіршіктерінде.  Тек  сабын  ғана  кір  мен  микробтан 
құтылуға көмектеседі. Сабын мен су – нағыз достар.  
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
  Сен  дене  күтіміне  арналған  қандай  тазалық  құралдарын 
қолданасың?  
көптілділіксабын – мыло – soap
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
–    Неліктен  мектепте,  түрлі  қоғамдық  орындарда  тазалық 
ережелерін сақтау қажет? 
–  Микроб дегеніміз не? 
Балалар өз ойларымен бөліседі, талқылайды. 
педагог  ақпараты:  Мектепте  және  қоғамдық  орындарда 
(дүкенде,  спорт  сарайында,  ойын-сауық  орталықтарында) 
жұрт көп болады. Олардың ішінде ауру адамдар болуы мүмкін, 
олар  баспалдақтың  таянышын,  есік  тұтқасын  ұстап,  барлық 
жерге микроб қалдырады. 
Микроб – өте ұсақ, көзге көрінбейтін тірі организмдер. Микроб 
көптеген  аурудың  қоздырушылары  және  басқаларға  кір  қол 
арқылы  беріледі.  Сол  себепті  бұндай  орындарда  тазалық 
ережелерін сақтауға тырысу керек.
Әліппе-дәптер


58
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
– Қолды күніне неше рет жуу керек? Су болмаған жағдайда 
нені қолдануға болады?
Қорытындылау: Қолды күніне бірнеше рет жуу қажет:
•  Тамақтанар алдында;
•  Дәретханадан кейін;
•  Үйге сырттан келгенде;
•  Қоғамдық көліктен түскеннен кейін;
•  Даладағы серуеннен кейін.
Су болмаған жағдайда (жолда немесе кездейсоқ жағдайларда) 
қолымызды сүрту үшін сулы шүберек қолдануға болады.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Душ пен ваннаны қаншалықты жиі қабылдау керек? 
•  Душты мүмкіндігінше күнделікті қабылдаған жөн.
•  Аптасына бір рет моншаға бару және ваннаға түсу пайдалы.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Шашты қалай күту қажет?
Балалар педагогпен бірге шаш күтіміне арналған ережелерді 
құрады.  
•  Шашты уақытында жуып жүр. 
•  Күніне бірнеше рет шашты жеке тарақпен тарайды.
•  Біреудің тарағын пайдалануға болмайды.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
– Тырнақты қалай күту керек? (Балалар талқылайды.) 
•  Тырнақ  астындағы  кір  қауіпті!  Қолдың,  аяқтың 
тырнақтарын уақытында алу керек.
Әліппе-дәптер


59
•  Тырнақты алған соң тырнақ егеуін қолдану қажет.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
 Неліктен аяқты жуып, шұлықты күнделікті ауыстыру қажет? 
Бөлінген терден микроб көбейе бастайды, одан жағымсыз иіс 
шығады.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
–  Неліктен  дене  тазалығымен  қатар  киім  мен  аяқкиім 
тазалығын сақтау қажет? 
Киім мен аяқкиім үнемі адамның денесіне жақын болғандықтан, 
киімдегі кір мен микробтар денсаулыққа зиян келтіреді.
Әліппе-дәптер
IV. ұОҚ 
қорытындысы. 
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды. 
– Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықты  ақпаратты білдіңдер? 
– Сендерге не ұнады? 
 Кім ерте жастан өзін күтіп, жеке бас тазалығын сақтаса, тісіне 
күтім жасаса; кім дене шынықтыру жаттығуымен айналысып, 
дене бітіміне мән берсе, ол әлбетте Гигия шәкірті сияқты аз 
ауырып, әдемі, өмірге құштар, дені сау болып өседі. 
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын 
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. 
– Егер сендер тісті қалай күту қажеттігі жайлы түсінбесеңдер, 
онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау 
смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа 
алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең 
жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал 
егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін 
баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? 
Неліктен? 
 Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Сәттілік баспалдағы


60
№5 
тАҚырыБы: кҮН тӘртіБі 
дегеНіМіз Не?  
Мектеп/Мұ: 
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп: 
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны:
ұОҚ  оқытылу 
мақсаттары
0.1.3.1. Күн тәртібі, демалыс, ұйқы, тамақтану тәртібін сақтаудың қажеттілігін 
түсіну. 
күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
Күн тәртібі және оның ерекшеліктерін біледі. 
көпшілік балалар:
Күнделікті өмірде күн тәртібі ережелерін қолданады. 
кейбір балалар:
Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді. Өзін жақсы сезіну мен тыныш 
ұйқының арасындағы байланысты анықтайды.   
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту
Өз ойын айтып, сөздік қорын молайтады. 
Адам денсаулығы үшін күн тәртібінің маңыздылығын түсінеді.
көптілділік: күн тәртібі – режим дня – day schedule. 


61
Негізгі  терминдер  мен  сөз  тіркестері:  күн  тәртібі,  таңертең,  күндіз,  кеш,  түн, 
биоырғақ.
Пікір алмасу сұрақтары:
«Күн тәртібі» дегеніміз не? 
Күн тәртібін не үшін сақтауымыз керек? 
Ертеңгілік жаттығу деген не? Мектепте неге ертеңгілік жаттығуды орындау керек?
Тамақтану күн тәртібіне қалай әсер етеді?
Неліктен бір мезгілде ұйықтау керек?
Ұйқы адам денсаулығына қалай әсер етеді?  
Өткен ұОҚ алған 
білім
Үлкендер мен балалардың күнделікті қалыпты күн ережесі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл күй 
орнату
0-1 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату. 
«тілек шоғы» жаттығуы. 
Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог 
өзі  бастап  сәлемдесіп,  балалар  қолдарындағы  гүлді  бір-
біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте 
көбейіп,  педагогтің  өзіне  бір  құшақ  гүл  –  «Тілек  шоғы» 
болып оралады.
«Өзгелерге  денсаулық  тілеп,  жақсылық  жасасаң,  ол  өзіңе 
қайтып оралады», – деп, педагог қорытынды жасайды.
Балалар санына 
қарай гүлдер


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау