17
(Ө) Ойын түріндегі жаттығу: «Ермексазбен достас»
ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Балалардың өз таңдауына берілетін тапсырма:
Мүсінші Ермек әліппе-альбомдағы
суреттерді қарап
шығып, ине (тікен) ретінде пайдалануға болатын
материалды таңдауды ұсынады. Кірпінің пішінін
арқасына салып таситын заттармен толықтыру қажет.
(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке сүйемелдеу.
(Т) Шығармашылық минуты: Балалар кірпілер
жанұясы туралы әңгіме құрастырып, көрсетеді.
Қолдан жасалған
бұйымдар.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
Балалар жұмыстарының көрмесі: «Шебер қолдар»
көрмесін жасау.
Педагог балаларды жасалған жұмыстарды талқылауға
шақырады.
(Ө) «Мен қандай жақсы баламын» ойын-жаттығуы.
Балалар
ненің оңай болғанын, ненің қиынға соққанын
айтып береді.
Ермек балаларға ҰОҚ-де өзі жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды.
2. Қиналғандар – қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмысына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№3 ҰОҚ. Сазбалшықтан мүсінделіп,
бояулармен сәнделген ғажап
ойыншықтар әлемі (Филимонов
ойыншықтарының үлгісі бойынша)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу техникаларын
қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып, Қазақстанның
және әлемнің халық кәсіпшілігі
негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ жасау.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• халықтың қолөнер бұйымдарының желісі бойынша түрлі ойыншықтарды
өз бетімен жасап, ою-өрнекпен, көркем жазулармен безендіре алады;
• Филимонов қолтаңбасының ерекше белгілерін таба алады;
• жұмыс орнын, жұмыс барысында пайдаланылған құралдарды реттей
алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• кескіннің бейнесін өз бетінше таба алады;
• Филимонов қолтаңбасының орнына
қолданылатын қазақи ою-
өрнектерді іріктеп, таңдай біледі.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• скульптуралық мүсіндеу техникасын қолдана біледі;
• түстерді үйлесімді пайдалана біледі.
18
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
• монолог және диалог жүргізу қабілеті;
• өз жұмысы туралы әңгімелеп беру;
• қойылған сұрақтарға жауап беру.
Көптілділік: ойыншық – игрушка – toy.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Филимонов ойыншығы, сазбалшық, қолтаңба, қазақтың ою-өрнегі.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Филимонов ойыншығын безендіру ерекшеліктері қандай?
– Бұйымды әрлеу барысында қандай тәсіл қолданылады?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
II. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ, Т, Ө) Талқылау: «Менің сүйікті ойыншығым».
Балалар өздерінің жақсы көретін ойыншықтары
жайлы әңгімелеп береді.
(Ө) Қорытынды: ойыншықтар бізді
айналамыздағыларға мейірімді,
қамқор болуға,
оларға көңіл бөлуге үйретеді.
(Ұ) Тосын сый: Мүсінші-Ермек сәндік-қолданбалы
қолөнер мұражайына барып қайтуды ұсынады.
(Ө, МК) «Шымылдықтың ар жағында не қызық
бар екен?»
Бұл жай сандықша емес, оның ішінде көңілді
аңдар, ойыншықтар жасырынған.
(Т) Халық шеберлерінің бұйымдары
қойылған көрме – Филимонов ойыншықтары.
Тәрбиеленушілер бұйымдарды мұқият
қарап шығып, суреттейді және Филимонов
ойыншықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Ермек он саусағынан өнер тамған шеберге айналып,
филимоновтың
ысқырық ойыншығын жасауды
ұсынады.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы
айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен
мақсатын айқындайды.
Музыкалық сүйемелдеу.
Сандық, ойыншықтар,
сәндік-қолданбалы өнер.
19
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Филимонов ысқырық ойыншығын жасау
техникасымен таныстыру: балалар алған
әсерлерімен бөлісіп, қорытынды жасайды.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Балалар қазақи ою-өрнек үлгілері мен Филимонов
өрнектерінің үлгілерін қарап шығып,
оларды
бір-бірімен салыстырады. Айырмашылықтарын
табады.
(Т) «Ғажайып шеберлер» ойын-жаттығуы.
Тәрбиеленушілер қазақтың ою-өрнектерінің
қағаз үлгілерін жинап, өздері қағаздан жасаған
Филимонов ойыншықтарын безендіреді.
(Ұ) Үлгілерді көрсету.
Тәрбиеленушілер әліппе-альбомдағы үлгіні көріп,
жұмыс барысында қолданылатын мүсіндеу түрі мен
тәсілін анықтайды.
Флиптчарт.
Әліппе-альбом.
Магнитті тақта, ою-
өрнекті картиналар,
Филимонов
ойыншықтарының
картиналары салынған
бояу дәптерлер.
Ермектің тапсырмасы:
Өзбек, Филимонов, Дымков шеберлері жасаған
ысқырықты мұқият қарап шығу.
Қазақи стильде
ысқырық жасап шығуға талпыныс жасап көру.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Ойыншықты жасау алгоритмін түсіндіру және
көрсету:
1. Сазбалшықтың үлкендігін жұдырықтай етіп
домалақтаймыз.
2. Әтештің мойнын созамыз. Басын аздап төмен
қарай иеміз. Тұмсығын сүйірлеп, сақалы мен
айдарын саусақпен қысып жасаймыз.
3. Төменгі бөлігін саусақтарымызбен қысып,
тартамыз. Сөйтіп, әтеш тұратын тұғыр жасаймыз.
4. Содан соң фигураның арт жағын созып,
құйрығын шығарамыз. Құйрығынан қарындашпен
аздап бұрай отырып, ысқыратын тесік жасаймыз.
5. Қанаттарын ақырындап
ермексазға арналған
пышақпен тырнап жасаймыз.
Әліппе-альбом
Саусақтарға арналған жаттығу. «Әтеш».
(Ө, Т) Ойын түріндегі жаттығу: «Не жақсы, не
жаман?»
Ойын барысында тәрбиеленушілер ермексазбен,
арнайы кескішпен жұмыс істеу ережелерін
пысықтайды:
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде
мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау.
Музыкалық сүйемелдеу