Қазақстан Республикасындағы
Еуропалық Одақ Өкілдігі,
Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қоры
(
ЮНИСЕФ)
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау
комитеті
Орталық Азиядағы Penal Reform
International (PRI)
Халықаралық түрме реформасы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
ЖАҢА РЕФОРМА: Заңға қайшы әрекетке барған балалармен әлеуметтік және
психологиялық жұмыс жүргізуді жетілдіру және кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыскерліктің алдын алу
2017
жылдың 12 қыркүйегінде Қызылорда қаласында жабық балалар мекемелерін
жетілдіру және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерліктің алдын алу
мәселелері, заңға қайшы әрекетке барған және ауыр өмірлік жағдайға тап болған
балалармен жұмыс жүргізу және Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы арнайы
білім беру ұйымдарының қызметі жөнінде ұлттық кеңес өтпек.
Ұлттық кеңес халықаралық сарапшылардың қатысуымен, Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен
Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының (PRI) Өкілдігі және Қазақстан
Республикасындағы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) іске асыратын кәмелетке
толмағандар үшін әділ сот жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа жоба шеңберінде жүргізіледі.
«
Бүгінгі ұлттық кеңестің өткізілуі
өмірлік сұраныспен түсіндіріледі. Бүгінгі жағдайда
заңға қайшы әрекетке барған балаларға қызметтер ұсыну және олармен алдын алу
жұмыстарын жүргізу мәселелеріндегі сапалы жаңа тәсілдемелерді әзірлеу қажеттілігі
жетілді. Әлеуметтік жетімділіктің алдын алу, ауыр өмірлік жағдайға тап болған отбасылар
мен балаларға уақытылы қызметтер көрсету бойынша жұмыстар айтарлықтай маңызға ие
болуда. Осы мәселелерді шешудегі негізгі бағыт – отбасы және балалар қолайсыздығын
ерте анықтау, оның басты себептері және балаға нақты мекенжайлық көмек көрсету болып
табылады», - дейді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың
құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары Әбдікәрім Мәншүк Сәметқызы.
«Грузияда әрбір балаға ерекше сергек қарайды. Баланың құқығын бұзу зорлық-
зомбылық болып есептеледі. 2004 жылдан бастап енгізіле бастаған оң реформалардың
нәтижесінде бүгінгі күні елде балаларға арналған жабық мекемелер жоқ және баланы
мекемеге тапсыру тек ерекше жағдайларда ғана қолданылатын ең төтенше шара болып
табылатынын атап өткен маңызды. Заңға қайшы әрекетке барған және ауыр өмірлік
жағдайға тап болған балалармен жұмыс жүргізу бойынша арнайы дайындығы бар
әлеуметтік қызметкерлер баланы мекемеге орналастырмай, бала асыраушы отбасы
секілді баламалы жолдар табу үшін үлкен жұмыс атқарады. Және бала онымен әлеуметтік
қызметкерлер, педагогтер мен психологтар жұмыс жүргізетін дағдарыс орталықтарына тек
ең төтенше жағдайда ғана жіберіледі. Бұл ретте әрбір баланың тілін табуға және баланың
ең қажетті мүдделерін қамтамасыз етуге, оның барлық құқықтарын сақтауға баса назар
аударылады», - деп Аджария Республикасы Әлеуметтік қызметкерлер одағының
басшысы, PRI халықаралық сарапшысы Нино Цецхладзе халықаралық тәжірибемен
бөлісуде.
«Қазіргі уақытта Қазақстанның алдында жабық балалар мекемелерін,
заңға қайшы
әрекетке барған және ауыр өмірлік жағдайға тап болған балалармен әлеуметтік,
психологиялық және сауықтыру жұмысын жетілдіру бойынша күрделі міндет тұр.
Сонымен бірге баланың қоғамға оралуы мен оны қолдауға арналған сауықтыру
бағдарламаларына, сондай-ақ жабық мекемеден шыққаннан кейін оны сүйемелдеуге баса
назар аударылуы тиіс. Бұл ретте әрбір баланың тілін табу мен ауыр өмірлік жағдайда
отбасына қолдау көрсету өте маңызды. Себебі өздігінен ауыр өмірлік жағдайға тап болған
бала болмайды, мәселе үнемі ауыр өмірлік жағдайға тап болған отбасында. Сондықтан
арнайы білім беру ұйымдарының жұмысымен байланысты мәселелерді шешуге деген
кешенді тәсілдеме қажет. Сондай-ақ, арнайы мектептердің жұмысын жетілдіру шеңберінде
әуел бастан жағымсыз мәнге ие және ақырында оның бала ретіндегі құқығын бұзып,
қоғамда толыққанды қалыпты өмір сүруіне бөгет жасайтын, бала тұлғасының
стигматизациялануына, жағымсыз таңба қоюға алып келетін «әумесерлік мінез-құлықты
бала» терминін алып тастау қажет. Кәмелетке толмағандар үшін әділ сот жүйесін жетілдіру
бойынша жоба шеңберінде балалар үшін ынтымақтастық ортасы бар және баланың ең
қажетті мүдделері міндетті түрде сақталатын, сондай-ақ құқықтардың жеткілікті өмірлік
деңгейде толық әрі тең іске асырылуымен, Бала құқықтары туралы конвенциямен кепілдік
берілген бала құқықтарының сақталуына, физикалық және психикалық денсаулықтың ең
жоғарғы қолжетімді деңгейіне, білім беруге, физикалық немесе психологиялық зорлық-
зомбылықтың барлық түрлерінен, қорлаудан немесе қиянат етушіліктен және
экономикалық немесе әлеуметтік қанаудан қорғауға, сондай-ақ балаларды күту немесе
оларды қорғау бойынша басқа да тиісті қызметтерге баса назар аударумен Заңға қайшы
әрекетке барған баланы және ауыр өмірлік жағдайға тап болған отбасын қолдау үйлерін
құру бойынша жоспарды ұсыну жоспарлануда. Себебі
Бала құқықтары туралы
конвенцияға және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес, жоғарыда аталған барлық
құқықтар Қазақстандағы әрбір балаға кепілді болуы тиіс», - дейді Орталық Азиядағы Penal
Reform International (PRI)
Халықаралық түрме реформасы Өкілдігінің Аймақтық директоры,
ҚР ІІМ-нің Ішкі істер мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі Шамбилов Азамат
Саматұлы.
Анықтамалық ақпарат:
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 5 миллионнан астам бала өмір сүруде.
Бүгінгі күні әрбір 13-ші кәмелетке толмаған қазақстандық азамат әлеуметтік
қолайсыз жағдайда өмір сүреді.
2016
жылы 1000-нан астам ата-ана (1027-185) ата-ана құқығынан айырылды
немесе олардың ата-ана құқығы шектелді, 5 мыңнан астам (5459) ата-ана өз балаларын
дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл сайын 5 мыңнан астам қараусыз қалған және панасыз бала анықталады.
Бала құқықтары жөніндегі конвенцияның 20-бабында отбасы ортасынан
уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең қажетті мүддесі үшін мұндай
ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау мен
көмекті пайдалануға құқылы делінеді. Жабық балалар мекемелеріндегі балалар аса осал
азаматтардың санатына жатады және мемлекеттік органдар баланың тұлғасының,
таланттарының, ақыл-ой және физикалық қабілеттерінің толық әрі үйлесімді дамуына
ықпал етуі тиіс. Бала құқықтары туралы конвенцияның жетекші қағидаттарына
сәйкес, баланы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарына құрметпен қарай
отырып, пайдалы рөл атқаратын ерікті қоғамда өз бетінше және жауапкершілікпен
өмір сүруге дайындау қажет.
Ұлттық кеңес 2017 жылдың 12 қыркүйегінде Қызылорда қаласы, «Сұлтан-Плаза»
қонақ үйі, Тоқмағамбетов көшесі, 37 үй мекенжайында өтеді. Іс-шараның басталуы: 09.30,
қатысушыларды тіркеу: 09.00.
Қосымша ақпарат алу үшін PRI Жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері
Елубаев Сырыммен байланысуыңызға болады:
s.elubayev@gmail.com
,
тел.: +7 (7172) 79
99 84, 76 99 34.