САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҤЙЕСІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ (ЖОБАНЫҢ) МАЗМҰНЫ МЕН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
АЛҒЫ СӚЗ
1.
Оқу-әдістемелік басқармасымен ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
2.
Әзірлегендер
– Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, с.ғ.к., доцент
Р.С. Тәжітаева
– Оқу-әдістемелік басқарма әдіскері, ғылым магистрі
З.М. Оралова
3.
Келісілді
– Оқу істері жӛніндегі проректор, т.ғ.к., доцент
С.Д. Мамраимов
– Cапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг
бӛлім басшысы А.А. Алтыбаева
4.
«Сырдария» университеті Ғылыми кеңесінің «___» _____2015 ж. № ____
мәжілісінде талқыланып мақұлданды
5.
Енгізілді
– 2015 ж.
6.
Тексерілу мерзімі – 2017 ж.
Қызмет бабында пайдаланатын басылым
Жетісай, 2015
«Cырдария» университеті
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
2-нұсқа
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен
ұйымдастыру туралы ереже
41 беттің 2-беті
1 МАҚСАТ
Осы Ережеде студенттердің диплом жұмысын (жоба) жазуда, орындауда, қорғауда
қойылатын талаптар мен ережелер берілген. Ереженің мақсаты - диплом жұмыстарының
(жобаның) орындалу сапасын қамтамасыз ету.
2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы Ереже «Сырдария» университетінің тиісті құрылымдарында дипломдық
жұмысты (жобаны) дайындауда қолданылады және СМЖ ІІ деңгейдегі құжаттарының
құрамына кіреді.
.
3 СІЛТЕМЕЛІК ҚҦЖАТТАР
Ережені даярлау барысында келесі нормативтік-құқықтық құжаттар пайдаланылды:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы
(ҚР 21.07.2015ж. №337-V Заңымен берілген ӛзгерістер мен толықтырулар);
- «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» ҚР Үкіметінің 2012
жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы;
- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі». ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
бұйрығы (ҚР БҒМ 2010.04.13 №168, 2010.11.1 №506, 2011.03.16 №94, 2013.11.04. №445
бұйрығымен берілген ӛзгерістер мен толықтырулар);
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидалары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы.
4 АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы процедурада келесі терминдер мен қысқартулар қолданылған:
СУ – «Сырдария» университеті;
ҚР – Қазақстан Республикасы;
ОӘБ – Оқу-әдістемелік басқарма;
ОӘК – Оқу-әдістемелік Кеңес;
ПОҚ – Профессор-оқытушылар құрамы;
СМЖ – Сапа менеджментінің жүйесі;
ЖН – Жұмыс нұсқау.
5 ПРОЦЕДУРАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
5.1 Жалпы ережелер
5.1.1 Осы Ереже негізгі міндеттерін, жауапкершілігін, орындалу уақытысын, т.б.
кӛрсетіп, қызмет түрін атқаруға қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжат.
5.1.2 «Сырдария» университеті құрылым басшылары, мамандар және қызметкерлері
аталған құжаттарды дайындағанда ҚР оқу-әдістемелік нормативтік-құқық құжаттарды,
университет стандартын және осы ережені жетекшілікке алуға міндетті.
5.1.3 Диплом жұмысының (жобаның) тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленіп,
талқыланады, факультет кеңесінде қаралады, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде
мақұлданады.
5.1.4 Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) плагиаттық мәніне қатысты тексеру
университет ректорының бұйрығымен бекітілген қомиссия жүргізеді.
5.1.5 Диплом жұмысын (жобаны) орындау үшін кафедра ПОҚ диплом жұмысын
(жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау болуы тиіс.
5.1.6 Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау кафедра
меңгерушісінің басшылығымен кафедра оқытушыларымен келісіп дайындалады және
«Cырдария» университеті
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
2-нұсқа
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен
ұйымдастыру туралы ереже
41 беттің 3-беті
кафедра мәжілісінде қаралады, факультеттің кеңесінде талқыланады, университеттің ОӘК
бекітіледі (Үлгі 1).
5.1.7 Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыптардың тізімі Оқу-әдістемелік басқармасына
ӛткізіледі, соның негізінде бұйрық шығарылады.
5.1.8 Диплом жұмысының (жобаның) тақырыптарына ӛзгеріс енгізу үшін қайта
кафедра мәжілісінде қаралып, талқыланады.
5.1.9 Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнына және талаптардың орындалуына
ғылыми жетекші, кафедра меңгерушісі жауапты.
5.1.10 Студенттердің диплом жұмыстарының (жобаларының) тақырыптары диплом
жұмысы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының «Сырдария» университеті
ректорының бұйрығымен бекітіледі.
5.1.11 Дипломдық жұмыстар (жобалар) «Сырдария» университетінің мұрағатында
сақталады.
5.2 Диплом жҧмысының тақырыптарына қойылатын талаптар
5.2.1 Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, ӛндіріс, ғылым және
мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.
5.2.2 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды
даярлау бағытына сәйкес болуы қажет.
5.2.3 Студент диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын кафедрада бекітілген
тақырыптардан таңдайды.
5.2.4 Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын
(жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының
негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің
хатын кафедраға тапсыруы керек.
Студентке диплом жұмысын (жобаны) ӛндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына
рұқсат беріледі.
Студенттің диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу
жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.
5.2.5 Диплом алдындағы практика аяқталысымен диплом жұмысының (жобаның)
тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен ӛзгертілуі,
нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
5.3 Диплом жҧмысының тақырыбын таңдау
5.3.1 Диплом жұмысының тақырыбы мен мазмұны студенттің жоғары оқу орнында
оқыған мамандығының ерекшелігімен анықталады. Тақырып таңдауда ӛндірістің, ғылым мен
мәдениеттің нақты сұрақтарын ескеру керек.
Диплом жұмысы студенттің бұрын айналысып зерттеп жүрген тақырыбына
байланысты, сол проблеманың жалғасы болғаны алғашқы курстардан жобаланып, ғылыми
үйірмелерде талқыланып, курстық жұмысқа ұласқаны ӛте тиімді.
5.3.2 Диплом жұмысының орындалуына жетекшілік ететін кафедра мүшелері диплом
жұмысының тақырыбын ұсынуда студенттердің ӛзіндік ерекшеліктерін, оқу үлгерімін,
ғылыми жұмыстардағы жетістіктерін, біліктілік деңгейі мен бейімділігін ескеруі керек.
Оның нәтижесі студенттердің диплом жұмыстарының тақырыбын кездейсоқ
таңдалмауына кепілдік етеді.
5.3.3 Диплом жұмыстарының тақырыптарын бітіруші кафедра жылда жаңартып,
толықтырып отырады. Студент кафедра ұсынған диплом жұмыстарының тақырыптарымен
танысып, соның ішінен біреуін таңдап алуға немесе зерттейтін тақырыбын ӛзінің таңдауына
ерікті.