Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18



жүктеу 8,13 Mb.
бет10/21
Дата07.12.2017
өлшемі8,13 Mb.
#3484
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

БАҒЫТЫ: Әлеуметтік сала



Демографиялық әлеует


Ақтөбе облысы халқының саны 2015 ж. басында 2012 жылдан 4,6%-ға ұлғайып, 822,5 мың адамды құрады. Қала халқының үлесі – 62,1%, ауыл халқы - 37,9%. 2012-2014 жж. аралығындағы кезеңде ауылдық тұрғындардың саны 10,6 мың адамға, қаланікі 25,6 мың адамға көбейді. Өңірде қалалану деңгейінің арту үрдісі байқалады (24-кесте).
4кесте – Облыс аудандары бойынша халық санының динамикасы

кезең басында, мың адам






2010

2011

2012

2013

2014

2015

Ақтөбе облысы

763,6

777,5

786,3

795,8

808,9

822,5

Ақтөбе қ.

395,5

408,8

415,8

420,6

428,0

439,3

Әйтекеби ауданы

25,8

25,6

25,5

25,7

26,0

26,2

Алға ауданы

39,1

39,0

38,9

39,0

39,7

40,3

Байғанин ауданы

22,2

22,4

22,6

22,8

23,0

22,9

Ырғыз ауданы

14,6

14,8

14,9

15,1

15,2

15,2

Қарғалы ауданы

16,7

16,7

16,6

16,7

17,0

17,1

Қобды ауданы

19,5

19,4

19,3

19,5

19,6

19,4

Мартөк ауданы

29,8

29,4

29,6

29,6

31,1

30,9

Мұғалжар ауданы

62,5

62,8

63,3

64,6

65,6

66,6

Темір ауданы

34,8

35,2

35,7

36,6

37,1

37,5

Ойыл ауданы

18,6

18,6

18,7

18,9

19,0

19,0

Хромтау ауданы

40,0

40,2

40,6

41,3

41,7

41,7

Шалқар ауданы

44,6

44,7

44,9

45,5

46,0

46,5

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Статистика департаментінің сайты
Облыста халықтың тығыздығы (2014 ж. деректер) 1 шаршы метрге 2,69 адамды құрайды, Ақтөбе қ. -1 шаршы метрге 186,1 адам, мұнда облыс халқының жартысы тұрады (53,45%) (25-кесте).

25-кестеХалықтың тығыздығы

жыл басына






Аумақ,

мың шаршы км.

Халықтың тығыздығы, 1 шаршы км. шаққандағы адам

2012

2013

2014

Ақтөбе облысы

300,6

2,62

2,65

2,69

Ақтөбе қ.

2,3

180,78

182,86

186,10

Әйтекеби ауданы

35,9

0,71

0,72

0,72

Алға ауданы

7,5

5,18

5,19

5,29

Байғанин ауданы

61,0

0,37

0,37

0,38

Ырғыз ауданы

41,5

0,36

0,36

0,37

Қарғалы ауданы

5,0

3,31

3,35

3,39

Қобды ауданы

14,0

1,38

1,39

1,40

Мартөк ауданы

6,6

4,48

4,49

4,71

Мұғалжар ауданы

27,9

2,27

2,31

2,35

Темір ауданы

12,6

2,84

2,90

2,95

Ойыл ауданы

11,5

1,62

1,64

1,65

Хромтау ауданы

12,9

3,15

3,20

3,23

Шалқар ауданы

61,9

0,73

0,74

0,74

Мәлімет көзі: Статистикалық жинақ. 2013 жылы Ақтөбе облысының аудандары
2014 ж. басында облыс халқының 26,5% еңбекке қабілетті жастан жас тұлғалар құрады, 64,4% - еңбекке қабілетті жаста және 9,1% - еңбекке қабілетті жастан үлкен. Облыс халқының жас ерекшелігі құрылымында ең көп үлесті 20-24 жастағы (10%) және 25-29 жастағы (9,9%) топ құрайды (26-кесте).

Ақтөбе облысының ауылдық жерінде халықтың көші-қоны жоғары қалып отыр, қозғалыстың негізгі массасы ауылдық жерден қалаға келуде. Облыста жасырын жұмыссыздық байқалады.



26-кестеДемографиялық көрсеткіштер




2012

2013

2014

Халық саны (жыл соңында), мың адам

795,8

808,9

822,5

Еңбекке қабілетті жастан жас, мың адам

206,4

214,1

-

Еңбекке қабілетті жаста, мың адам

518,9

521,3

-

Еңбекке қабілетті жастан үлкен, мың адам

70,5

73,5

-

Келді, адам

8 365

14 627

19304

Кетті, адам

11 130

14 702

19796

Көші-қон сальдосы

-2 765

-75

-492

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Статистика департаментінің сайты
Ішкі көші-қонның әлеуметтік тәуекелдерін азайту мақсатында мемлекет тарапынан көші-қон ағындарын тиімді реттеу қажет. Ішкі көшіп қонушылардың жаңа тұру орындарында бейімделуіне жәрдемдесетін шараларды әзірлеу мәселесі өзекті болып отыр. Қалаларда көшіп қонушылардың әлеуметтенуінің маңызды индикаторларының бірі олардың кәсіби салада табыстылығы болып табылады. Яғни, ауылдық көшіп қонушылардың қалаларда бейімделу процесінде көшіп қонушылардың еңбек нарығында бейімделуі, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келетін еңбек еністерін иеленуі мәнге ие.

Еңбек ресурстарын тиімді бөлу, өңірлік еңбек нарығында ауытқуларды жою мақсатында өңірлерді дамытудың стратегиялық міндеттерін ескере отырып көші-қон процестерін мемлекеттік реттеу қажет. Көші-қон саясатымен бірге өңірлік саясатты тиімді жүзеге асыру қажет, өйткені елде көші-қон процестерінің қалыпты таралуына өңірлік дамуда ерекшеліктерді жоюға, халықтың өмір сүру деңгейін реттеуге жәрдемдеседі.

Облыс үшін агломерациялық әсер салдары экономикалық даму арқылы көші-қон жағдайын жақсарту және басқа өңірлерден халықтың келуі болып табылады. Облыс халқын қоныстандыру жүйесін тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоныстандыру жүйесінің тірек орталықтарын дамыту арқылы (тірек ауылдық елді мекендер, моноқаланы, кіші қалаларды дамыту) оңтайландыру.

Облыстың демографиялық дамуын жақсартудың басты артықшылығы қазіргі уақытта облыс халқының негізгі бөлігін бала туу жастағы тұлғалар құрайтынымен байланысты. Туылудың демографиялық көрсеткіштерінің артуы көп балалы отбасылар дәстүрінің жаңғыру салдары болып табылады.


Білім беру

Бүгінгі күні облыста контингенті 43796 бала 530 мектепке дейінгі мекеме (2014 ж. – 522 МБ, балалар - 42682, 2013 ж. – 516 МБ, балалар -40377), соның ішінде 262 балалар бақшасы (2014 ж. – 254 б/б, балалар – 32344, 2013 ж. – 245 б/б, балалар - 30482) және 268 шағын орталықтар (2014 ж. – 268 б/б, балалар – 10338, 2013 ж. – 271 б/б, балалар – 9895) қызмет етеді (27-кесте).



27-кесте – Ақтөбе облысындағы мектепке дейінгі білім беру

Аудандар

жалпы облыс бойынша

соның ішінде

МБ және МШО саны

олардың ішінде балалар

1-6 жастағы балалардың МБ қамтылу %

қалалық жер

ауылдық жер

МБ саны

олардың ішінде балалар

1-6 жастағы балалардың МБ қамтылу %

МБ саны

олардың ішінде балалар

1-6 жастағы балалардың МБ қамтылу %

Алға

32

2464

78,1

7

1245

79,7

25

1219

76,6

Әйтеке би

42

1547

81,1

0

0

0

42

1547

81,1

Байғанин

30

1913

90,8

0

0

0

30

1913

90,8

Ырғыз

29

1100

92,2

0

0

0

29

1100

92,2

Қарғалы

19

877

82,0

0

0

0

19

877

82,0

Қобда

40

1180

99,0

0

0

0

40

1180

99,0

Мартөк

38

1692

96,6

0

0

0

38

1692

96,6

Мұғалжар

53

3687

87,1

18

2597

87,8

35

1090

85,7

Темір

41

2654

94,2

3

170

87,2

38

2484

94,7

Ойыл

26

1652

95,4

0

0

0

26

1652

95,4

Хромтау

28

2224

76,2

8

1511

87,1

20

713

60,0

Шалқар

55

2777

75,1

18

1620

76,4

37

1157

73,5

Ақтөбе қ.

96

19898

50,4

82

18234

51,3

14

1664

42,2

Обл.ш\с

1

67

100,0

1

67

100,0

0

0

0,0

Алға б/ү

0

5

100,0

0

5

100,0

0

0

0,0

ОблПМПК

0

23

100,0

0

23

100,0

0

0

0,0

ҚалПМПК

0

36

100,0

0

36

100,0

0

0

0,0

Облыс

530

43796

64,9

137

25508

57,6

393

18288

78,9

2013-2014 оқу жылы

522

42682

63,4

131

24408

55,2

391

18274

78,9

Динамика

8

1114

1,5

6

1100

2,4

2

14

0

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Білім беру басқармасы (1 шілде)
2014 жылдың нәтижелері бойынша облыс балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту бойынша республикада 5-орынға ие (2012 жылы - 6-орын).

Бұрынғысынша өзекті проблемалардың бірі мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік болып қалып отыр. Қазіргі сәтте мектепке дейінгі ұйымдардың кезектілігі 36 722 баланы құрайды, оның ішінде Ақтөбе қаласында - 29 000 бала (жалпы кезектіліктен 79%) (28-кесте).



285-кесте – Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезектілік (орын тапшылығы)




2013 жыл

2014 жыл

2015

Алға

277

460

1167

Әйтеке би

476

420

645

Байғанин

250

0

270

Ырғыз

73

105

187

Қарғалы

120

118

144

Қобда

0

0

0

Мартөк

233

695

750

Мұғалжар

1821

1328

869

Темір

200

800

1420

Ойыл

201

479

328

Хромтау

281

1003

1000

Шалқар

400

372

942

Ақтөбе қ.

26700

28420

29000

Барлығы

31032

34200

36722

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Білім беру басқармасы (1 шілде)
Балаларды орындармен қамтамасыз ету бойынша (100 орынға) Ақтөбе облысының тұрақты мектепке дейінгі ұйымдарында 2013 жылға 117,6 бала келеді, бұл мектепке дейінгі мекемелерде орындардың жеткіліксіздігін көрсетеді. Ақтөбе облысы балаларды тұрақты мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету бойынша ҚР аудандарының арасында 14-орынды алады.

Осы проблеманы шешу үшін білім беру басқармасы Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірге қажетті шаралар қабылдауда.

Мектепке дейінгі білім беруді дамыту және оның сапасын көтеру кадр саясатына тікелей тәуелді.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3292 падагог қызметкер жұмыс істейді, бұл қарастырылатын кезеңдегі өсу туралы куәландырады (2014 ж. – 3245 педагог, 2013 ж. – 3065 педагог) (29-кесте).



29-кесте – Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының білім деңгейі

Жылдар

2012 ж

2013 ж

2014 ж

2015 ж

Барлығы педагог

2931

3065

3245

3292

Санатпен (жоғары, бірінші, екінші)

49,1%

54,3

52,0

52,1

Санатсыз

50,8%

45,7

47,9

47,9

Арнайы мектепге дейінгі білімімен

37,5%

42,4

49,1

49,1

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Білім беру басқармасы (1 шілде)
Кадрлық қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіш мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кадрлық құрамының жас ерекшелігі құрылымы. 2014 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша балабақшаларда 88,7 % 20-дан 50-ге дейінгі жастағы педагог кадрлар жұмыс істейді, сонымен бірге зейнеткерлік жастағы мамандар 0,4 %-ы құрайды.

Педагог кадрлармен қамтамасыз ету жұмысында біраз оң өгерістермен қатар проблемалар да бар.

Ырғыз (34,7%), Ойыл (31,9 %), Хромтау (39,5%) аудандарының балабақшаларында арнайы кәсіптік (мектепке дейінгі) білімі бар педагогтардың сапалық құрамы төмен.

Біліктілік санаты жоқ тәрбиешілердің ең көбі Әйтекеби ауданы (78,0%), Қарғалы ауданы (59,8%), Мартөк ауданы (57,3%), Хромтау ауданы (57,2%), Мұғалжар ауданы (55,6%), Қобда ауданы (52,5%) балабақшаларында жұмыс істейді.

Мектепге дейінгі білім берудегі өзекті проблемалардың бірі шағын орталықтарды педагог кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы болып қала береді. Мысалы, шағын орталықтарда жұмыс істейтін 472 педагогтың тек 136 тәрбиешісінің кәсіби (мектепге дейінгі) білімі бар, бұл 28,8%-ы құрайды. Байғаны ауданының шағын орталықтарында мектепке дейінгі білімі бар бір де бір педагог жоқ.

Шағын орталықтардың 472 тәрбиешісінің ішінде педагогтардың бар-жоғы 28,8%-ның біліктілік санаты бар.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білікті кадрларға өткір мұқтаждық болғанына қарамастан, білім бөлімдері кадрлар қажеттілігіне өтінімдер бермейді. Мысалы, аудандық (қалалық) білім бөлімдері берген өтінімдер бойынша 2014 жылы МДҰ-да кадрларға мұқтаждық 16 педагогты ғана құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білікті кадрлар тапшылығы, ең алдымен, балабақшалар мен шағын орталықтар желісінің артуына байланысты.


Орта білім беру (2014 жыл)

Ақтөбе облысында қазіргі уақытта 119383 оқушы контингентімен 425 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар, олардың ішінде қалалық жерде – 88, ауылдық жерде - 337, кешкі мектептерде – 3 бірлік– 293 оқушы, мемлекеттік емес мектептер – 6, 809 оқушымен, арнайы түзету ұйымдары – 4.

2014 жылы 2080 орындық 5 жалпы білім беру мектебі іске қосылды, олардың ішінде үш ауысымдық оқуды жеңілдеду үшін 1920 орындық 3 мектеп, апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 160 орындық 2 мектеп.

2015 жылы мыналарды енгізу жоспарланып отыр:

РБ есебінен 2 білім беру инвестициялық объектінің құрылысы жүргізілуде (Ақтөбе қаласының Жаңақоныс ауданында 600 орындық ОМ және Байғаны ауданында 60 орындық интернатпен 300 орындық ОМ). Мектептің екеуін де ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр.

РБ есебінен 6 білім беру объектісінің құрылысы жоспарлануда, олардың ішінде 650 орындық 3 мектеп (Мұғалжар ауданының Ембі қаласында 320 орындық №1 ОМ, Алға ауданы Бесқоспа ауылында 60 орындық Бесқоспа ОМ-ның құрылысы, Ақтөбе қаласының Өрлеу ауданында (Россовхоз) 270 орындық ОМ құрылысы).

ҰҚ-дан апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің санын қысқарту үшін 1 150,0 млн тг сомасына 4 жобаның құрылысы қарастырылды: (2120 орындық 3 ОМ және 320 орындық 1 БМБ) Кірпіш ауданында 320 орындық мектеп құрылысы, Нұр-Ақтөбе ауданында 1200 орындық ОМ құрылысы, Заречный-3 ауданында 600 орындық ОМ құрылысы және Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылы маңында 320 орындық балабақша құрылысы.

Осылай, 2015 жылы 1550 орындық 5 мектепті пайдалануға енгізіледі (620 орындық 2 мектеп авариялылық проблемасын, 60 орындық 1 мектеп ескілік проблемасын шешеді, 870 орындық 2 мектеп оқушы орындарының тапшылығына жол бермейді).

2013 жылы 2020 орындық 15 заманауи мектеп пайдалануға енгізілді, олардың 10-ы апаттық мектептердің орнына, 4-уі бейімделген және ескі мектептердің орнына және 1 мектеп 3 ауысымды мектептерді жою үшін.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша апаттық мектептер үлесі 2014 жылдың соңында 0,9%-ға дейін төмендеді.

Пәндік кабинетермен жасақтандырылу 57,3%-ы құрайды. Облыстың барлық мектептері компьютерлендірілген және интернетке қосылған. Сонымен бірге 48 орта білім мекемесі (10%) «e-learning». Электрондық оқыту жүйесіне қосылған.

Мемлекет Басшысының маңызды тапсырмаларының бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету болып табылады. Облыста 5159 даму мүмкіндігі шектеулі бала бар.

Аталған санаттағы балалар үшін үнемі 2 ПМПК, Оңалту орталығы, жалпы білім беретін мектеп жанындағы 69 логопедтік пункт және 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті тұрақты түзету қолдауын көрсетеді. Сонымен бірге 4 арнайы білім беру ұйымы, 2 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.

Ақтөбе облысы бойынша оқушылар контингенті 119383 оқушыны құрайды, олардың 76,5% (91290) қазақ тілінде және 23,5% (28093) орыс тілінде білім алады; оның ішінде: қалалық жерде – 67841 (56,8%) және ауылдық жерде – 51542 (43,2%).

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын игеру деңгейін растайтын, білім сапасының сөзсіз көрсеткіші оқушыларды тәуелсіз сыртқы бағалау болып табылады. Облыс бойынша орташа балл 2015 жылы 82,7 балды құрайды (2014 ж. – 84,0, 2013 ж. – 76,8), бұл республикалық көрсеткіштен 3,3 балға жоғары.

2014 жылы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын табысты меңгерген жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үлесі – 60,36%. Оның ішінде ұлдар арасында – 57,65%, қыздар арасында – 63,19%. 2013 жылы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі 59,0% құрады (2012ж. - 58,8%).

Облыс бойынша негізгі орта білім бітірушілерін (9-сынып) жұмыспен қамту - 10814 түлек, 10-сыныпқа өткендер – 6647 (61,5%), ТжКБ ұйымдарына түскендер – 4081 (37,7%), жұмысқа орналастырылды – 9 (0,08%), жұмысқа орналастырылмады – 10 (0,09%), оқытуға жатпайды – 39 (0,4%).

Соңғы үш жылда 11 сыныптың түлектерін жұмысқа орналастыру 30 кестеде көрсетілген.



30-кесте – 2012-2014 жылдары 11-сынып түлектерінің жұмысқа орналасуы

 

2012

2013

2014

Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіріп шықты

7947

7132

6586

Бітірушілерді бөлу: %

 

 

 

ЖОО-ға түсті

4488 (56,5 %)

3842 (53,9 %)

3987 (60,5 %)

ТжКБ-ға түсті

2815 (35,4%)

2512 (35,2 %)

2042 (31 %)

Жұмысқа орналасты

556 (7 %)

595 (8,3%)

429 (6,5 %)

Жұмысқа орналастырылмады

88 (1,1%)

155 (2,2 %)

105 (1,6 %)

ҚР-дан шығып кетті

0

3 (0,04 %)

0

Қарулы күштер қатарына шақырылды

0

20 (0,3 %)

14 (0,2 %)

басқалар

0

5 (0,07 %)

9 (0,1 %)

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының білім басқармасы
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына енгізу үшін жағдай жасау - инклюзивті білім беруді дамыту көзделген. Инклюзивтік білім балаларға қатысты кемсітудің алдын алуға көмектеседі және ерекше мұқтаждықтары бар балаларды өз қоғамдастығында және жалпы қоғамда тең құқылы мүше болу құқықтарын қолдайды.

Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамту 2014 жылдың соңына 72,4%-ы қамтиды (2012ж.-65,2%, 2013ж.-71,5%). 3 жылда психолог-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны 5 бірлікке артты (2012ж.-6 ППТК, 2013ж.-10 ППТК, 2014ж.-11 ППТК) (31-кесте).



Жалпы, 116 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл облыс бойынша жалпы мектептер санының 27% (2012 ж. - 19%, 2013ж.- 27%) құрайды. Жоспарға сәйкес 2015 жылдың соңына дейін берілген көрсеткіш 30%-ға жетеді. 2014 жылы Ақтөбе қаласында № 4 ОМ базасында арнайы ұйым - Инклюзивті білім беру орталығы ашылды.
31-кесте – Инклюзивті білім беруді енгізетін мектептер бойынша мәлімет (2014 жыл)

Аудандар

инклюзивті білім беру ұйымдастырылған мектептер саны

инклюзивті білім берумен қамтылған балалар саны

инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған мектептер саны

Алға

18

109

8

с.і. Алға қ.

5

72

5

Әйтекеби

14

58

3

Байғанин

13

33

13

Ырғыз

13

50

1

Қобды

25

72

9

Қарғалы

12

58

5

Мартөк

14

37

1

Мұғалжар

16

80

7

о.і. Қандыағаш қ.

5

34

2

о.і. Ембі қ.

5

29

2

о.і. Жем қ.

1

3

1

Темір

18

83

9

о.і. Темір қ.

1

4

1

Ойыл

14

43

5

Хромтау

20

100

8

о.і. Хромтау қ.

6

75

6

Шалқар

19

71

9

о.і. Шалкар қ.

9

55

9

Ақтөбе қ.

38

114

38

ЖИЫНЫ

234 (54,7%)

908 (36,9%)

116 (27%)

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының білім басқармасы
Жыл сайын жетім балалар саны азаюының оң үрдісі байқалуда.

Облыста жыл сайын жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар саны қысқаруда және 2012 жылы 1738 баланы, 2013 жылы 1567 баланы, 2014 жылы 1435 баланы құрайды. 3 жыл ішінде облыс бойынша контингент 303 балаға дейін төмендеді, 2015 жылғы 1 шілдеде балалар контингенті 1342 құрады.

Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу Алға облыстық балалар үйінде, Қобды, Темір, Хромтау аудандарындағы отбасы типтес балалар үйлерінде, облыстық Жасөспірімдер үйінде, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 2015 жылғы 1 шілдеде жоғарыда аталған ұйымдардағы балалар контингенті 297 баланы құрады (2012 жылы балалар контингенті 435-ді, 2013 жылы-374, 2014 жылғы - 303 құрады).

Ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды орналастырудың ең жақсы нысандарының бірі бала асырау болып табылады, себебі бала өзі үшін ауыстыратын жанұя емес, нағыз жанұяны табады, сонымен бірге асырап алушылар мен асырап алынғанның арасында тек жақын туыстық қарым-қатынас қана емес, сол сияқты оны заңды түрде бекіту орын алады. Асырап алуға берілген балалр саны 2012 жылы 152 баланы, 2013 жылы 225 баланы, 2014 жылы 159 баланы, ал 2015 жылдың бірінші жартыжалдығында 62 баланы құрады.

1347 баланың, 273-інің бекітілген баспанасы бар, 1074 бала тұрғын үй алуға кезекке қойылған. 2015 жылғы 1 жарты жылдықта 24 адам тұрғын үй алды (2012-2014 жж. 112 пәтер алды).

Тәрбиеленушілерге "Тұрғынүйқұрылысбанкінде" шоттар ашу үшін қолданыстағы шоттарды толтыру үшін 12 тәрбиеленушіге 1 миллион теңгеге және 17 тәрбиеленушіге 100 мың теңгеге сертификаттар табыс етілді. Соңғы 3 жылда облыс әкімінің қолдауымен Жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерінің «Тұрғынүйқұрылысбанкіндегі» жеке шоттары 43,0 млн. теңгеге толықтырылды.




Кәсіби білім беру
Қазіргі уақытта облыста техникалық және кәсіби білім беру жүйесін контингенті 33003 студенті бар 42 колледж ұсынады, олардың 123 мамандық бойынша оқытылады.

Техникалық және кәсіптік біліммен қамту 19,3% құрады. (ҚР- 16,2%) (2012ж. -24,4% 2011ж. -24,2%).

2014 жылы облыста мемлекеттік тапсырыстың жаңа моделі құрылды, мұнда техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының басшылары және шағын, орта және ірі бизнестің 573 кәсіпорнымен әлеуметтік серіктестермен бірге кадрларға болжамды қажеттілік қаралды, ол техникалық және кәсіби білім беру мәселелері жөніндегі әлеуметтік серіктестердің Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.

Мемлекеттік тапсырыс кадрлар даярлаудың мынадай бағыттары бойынша бөлінген: техникалық және технологиялық - 56,1%, ауыл шаруашылығы - 19,8%, медициналық мамандықтар - 7,3%, білім беру - 6,0%, экономика және сервис - 4,8%, кен өндіруші өнеркәсіп - 4,2 %, өнер -1,8 %.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде колледждерде 12,2 мың адам оқиды, бұл жалпы контингенттің 37%-н құрайды. Студенттерді жұмысқа орналастыру 2014 жылы - 77,0% (2011 ж. - 84%, 2012 ж. - 86,0%, 2013 ж. - 88,0%).

2013-2014 оқу жылында ТжКБ оқу орындары 7245 студент шығарды, олардың 5553-і немесе 77% жұмысқа орналасты және өздігінен жұмыспен қамтылған (ЖООғ-на, колледждерге түсті, ҚР ҚК-де қызмет өткереді, бала күтімі бойынша демалыста) - 6368 адам немесе 87,9%.

Түлектерді жұмысқа орналастырудан облыс республика бойынша алғашқы бестікке кіреді.

Мамандар даярлау сапасы көрсеткіштерінің бірі кәсіптік даярланғандығы деңгейін бағалау болып табылады.

2014 жылы кәсіптік даярлау сапасын тәуелсіз бағалау 86,2% түлектің талап етілген біліктілік деңгейін растады, 2013 жылы бұл көрсеткіш 89% құрады (2011 ж.-45%, 2012ж.- 67,0%). 2015 жылы - 91% түлек бірінші рет өткізгенде-ақ сертификатталды.

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында облыста дуалды оқыту табысты енгізілуде.

Облыстың 6 жетекші колледжінде (Ақтөбе қаласы - Ақтөбе политехникалық колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі, Ақтөбе техникалық колледжі, Ақтөбе ауылшаруашылығы колледжі. Хромтау ауданында Хромтау тау-кен техникалық колледжі) ауылшаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнайгаз, химия және кен өңдеуші салалар үшін кадрлар даярлауда дуалды оқыту элеменеттері енгізілді.

Дуалды жүйені енгізу 2014 жылғы деректер бойынша кадрлар даярлауға 39 кәсіпорынды тартуға мүмкіндік берді. 25-тен артық мамандық бойынша өндірісте 60% тәжірибеден өтумен түбегейлі жаңа сызба бойынша кадрлар даярлау жүргізілді. Осылайша, кәсіпорын оқу орындарымен өзара тиімді серіктестік негізінде заманауи талаптар бойынша оқытылған мамандарды алады.

2015-2016 оқу жылдарында облыс колледждерінің 50 %-на дуалды оқыту жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Студенттер практикасын ұйымдастыру мен өткізу, қайта даярлау. біліктілікті арттыру және оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін машықтандыру, техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында Ақтөбе облысынің кәсіпкерлері палатасы мен Ақтөбе облысы білім басқармасы арасында техникалық және кәсіби білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Перспективалық жобаларды, білім беру бағдарламаларында өзара іс-қимылды, студенттер және оқытушылар алмасу, сондай-ақ инновациялық саладағы ынтымақтастықты іске асыру үшін Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының білім басқармалары арасында техникалық және кәсіби білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Техникалық және кәсіби білім беру жүйісінде кадрлар даярлауды 2454 адам жүзеге асырады, оның ішінде 72 %-ы мемлекеттік колледждерде жұмыс істейді.

Бүгінгі күні педагогтың қызметті 3 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты және түрлі бағыттағы 132 магистр жүзеге асырады. 1155 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың 64-і Институционалды даму бағдарламасы шеңберінде (Германия- 12 адам, Беларусь - 21 адам, Ресей - 25 адам, Ұлыбритания- 2 адам, Австрия- 2 адам), кәсіпорындар базасында 85 шебер және арнайы пәндердің оқытушылары машықтанудан өтті.


жүктеу 8,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау