Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18



жүктеу 8,13 Mb.
бет6/21
Дата07.12.2017
өлшемі8,13 Mb.
#3484
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Агроөнеркәсіптік кешен

Аграрлық-өнеркәсіптік кешені облыс экономикасының ірі және әлеуметтік-маңызды секторларының бірі болып табылады. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында ауыл шаруашылығы үлесіне 5,0% тиесілі.

Елбасы аграрлық секторды біздің еліміздің экономикасы дамуының басымдығы ретінде айқындады. Ауыл шаруашылығын реформалау, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдаудың жаңа құралдарын дамыту және енгізу бойынша міндеттер «Агробизнес-2020» бағдарламасымен көзделген.

2012-2014 жылдары ішінде, қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, облыс ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 113,5 млрд. теңгеден 125,1 млрд. теңгеге дейін өскен (6-кесте).



6-кесте – Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

млн. теңге



Атауы/ жылдары

2012

2013

2014

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, барлығы

113 468,0

125376,4

125066,1

Оның ішінде:

 







өсімдік шаруашылығы өнімі

34842,7

45733,8

44569,3

мал шаруашылығы өнімі

78555,8

79381

80079,1

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі 7-кестеде көрсетілген.

Таблица 7 – Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі, %

Атауы/ жылдары

2012г.

2013г.

2014г.

НКИ, алдыңғы жылға қарағанда пайызда

93,4

101,8

102

Өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ

81,5

110,2

98,8

Мал шаруашылығы өнімінің НКИ

102,0

97,7

103,6


81-кесте – Ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі аудандардың меншікті салмағы, %

Аудандар

2012

2013

2014

Әйтеке би

9,5

10,8

10,0

Алға

9,9

8,3

9,5

Байғанин

6,3

6,4

6,2

Ырғыз

5,2

5,6

5,6

Қарғалы

6,5

7,2

6,6

Қобда

8,6

7,2

7,5

Мартөк

9,9

8,4

8,4

Мұғалжар

8,0

8,3

8,5

Ойыл

4,9

5,0

5,1

Темір

8,0

8,6

8,6

Хромтау

6,6

6,8

7,2

Шалқар

7,0

7,2

7,4

Ақтөбе қаласы

9,7

10,1

9,6

барлығы

100

100

100

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Статистика департаменті
2012-2014 жылдар ішіндегі ауыл шаруашылығы өнімінің облыстық көлеміндегі аудандардың үлесі айтарлықтай өзгерістерсіз қалуда, яғни кенет төмендеу немесе ұлғаю байқалмайды (8 - кесте).

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің ең үлкен көлемдері аудандардың өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің НКИ ұлғайту есебінен қол жетті (9,10 кестелер).


9-кесте – 2012-2014 жылдар ішіндегі аудандар қимасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі, өткен жылға қарағанда %

р/т

Аудандар

2012ж.

2013ж.

2014ж.

1

Әйтеке би

82,0

106,9

93,5

2

Алға

91,1

100,4

117

3

Байғанин

93,6

102,2

98,7

4

Ырғыз

101,5

104,8

102

5

Қарғалы

83,6

114,9

94,9

6

Мартөк

81,7

92,0

101

7

Мұғалжар

104,0

101,3

105

8

Темір

106,7

103,6

102

9

Ойыл

94,4

103,0

103

10

Қобда

104,3

82,4

107

11

Хромтау

87,2

100,1

107

12

Шалқар

100,7

100,9

102

13

Ақтөбе қаласы

98,3

114,8

97

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Статистика департаменті

10-кесте – 2012-2014 жылдар ішіндегі аудандар қимасында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі, алдыңғы кезеңге қарағанда %

Аудандар

өсімдік шаруашылығы

мал шаруашылығы

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

Әйтекеби

58,2

162,7

82,7

104,5

83,4

101,6

Алға

78,4

103,6

101,7

97,5

99,1

124,3

Байғанин

83,4

100,2

108,2

99,5

102,8

94,8

Ырғыз

100,2

99,3

100,9

102,5

107,8

102,6

Қарғалы

62,9

143,5

76,8

104,0

99,8

110,0

Мартөк

64,2

111,8

98,3

95,9

82,1

102,3

Мұғалжар

104,7

97,0

109,7

103,6

103,1

102,2

Темір

111,3

108,5

100,3

103,5

100,8

102,9

Ойыл

83,9

93,9

110,3

100,8

106,0

100,7

Қобды

97,3

72,3

125,8

108,1

85,9

100,0

Хромтау

68,1

95,9

115,6

101,8

101,3

103,4

Шалқар

99,3

99,6

104,3

101,8

101,4

100,7

Ақтөбе қаласы

90,1

119,5

92,6

105,1

112,4

99,8

Облыс бойынша

81,5

110,2

98,8

102,0

97,7

103,6

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Айта кету керек 2014 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ ең жоғары деңгейі Қобды – 125,8%, Хромтау – 115,6%, Мұғалжар – 109,7%, Байғанин – 108,2% аудандарында белгіленгенін атап көрсеткен жөн. Мал шаруашылығы саласында Алға – 124,4%, Қарғалы – 110,0%, Хромтау – 103,4% аудандары.

Жалпы, 2012-2014 жылдар ішіндегі ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы жиыны, дәнді-дақылдар мәдениетінің жиыны 151,4%-ға, бақша – 100,1%-ға, май мәдениеті 3,2 есе ұлғайды. Көкөніс пен картоп жиынының көлемі сәйкесінше 90,4%-ға және 92,5%-ға төмендеді.

2014 жылы қуаңшылыққа қарамастан облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарымен 143,4 мың тонна астық, 6,1 мың тонна май дақылдары, 83,7 мың тонна картоп, 72,1 мың тонна көкөніс бақша мәдениеті жиналды және 1762,7 мың тонна жем-шөп даярланды.Алынған өсімдік шаруашылығы өнімі жалпы облыс халқының тағам өнімдерінде қажеттілігін толық өтейді (11-кесте).

11-кесте – Өнімнің жалпы жиыны, мың тонна


 Өнімнің атауы

2012

2013

2014

2012 жылға қарағанда 2014 жылғы өсу қарқыны,%

Дәнді-дақылдар

94,7

212,6

143,36

151,4

Көкөніс

69,9

62,9

63,2

90,4

Бақша

7,81

7,21

7,82

100,1

Картоп

90,5

87

83,7

92,5

Май мәдениеті

2,8

8,1

9,1

3,2 есе

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы
Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы дамуының жағымды динамикасына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету есебінен қол жетті.

2014 жылы облыстың аграрлық секторын дамытуға 10,1 млрд. теңге бағытталды. Олардың ішінде субсидия бөлінгені – 5,9 млрд. теңге немесе өткен жылға қарағанда 2,0 есе көп, оның ішінде 827,7 млн. теңге өсімдік шаруашылығын дамытуға және 4458,3 млн. теңге – мал шаруашылығын дамытуға.





6-сурет– Аграрлық секторды қаржыландыру, млн. теңге

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы


АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдерінің бірі басым инвестициялық жобаларға арналған инвестициялық субсидиялар болып табылады. Бағдарламамен капитал сыйымдылығын және енгізілетін жобалардың өтемділік мерзімдерін төмендету көзделген. Аталған міндеттерді орындау үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге үлестірілген, республикалық бюджеттен 399,5 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ «Агробизнес-2020» бағдарламасы бағыттарының бірі мақсаты несие жүктемелерін төмендету және банкроттық тәуекелдерді барыншай азайту болып табылатын АӨК субъектілерін қаржылық оңалту болып табылады. 2014 жылы қаржылық оңалту 7 млрд. теңгеден астам сомаға 25 субъектіге жүргізілді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, егістік алаңдарының құрылымдарын әртараптандыру бойынша мақсаттылы бағытталған жұміс жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңдары құрылымында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2011 жылғы 71%-дан 2014 жылы 55,5%-ға дейін төмендеді және жем-шөп дақылдарының алаңдары 75,5 мың га бастап - 136,0 мың га дейін ұлғайды, яғни 1,8 есеге көп.





7-сурет2014 жылғы егістік алаңдар – 623,8 мың га

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы


Суарылатын жеп-шөп өндірісі дамып келеді. Егер 2013 жылы суарылатын жеп-шөп дақылдары 560 га аударға орналастырылған болса, онда осы жылы олар 1960 га дейін ұлғайтылды, ал 2015 жылы 2300 га дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл үшін қазір Мартөк ауданының «Айс» ЖШС, «Рад Агро» ЖШС және Ақтөбе қаласының «Рамазан» сияқты шаруашылықтары мемлекеттік бағдарламалар бойынша шетелдік өндірістің қазіргі заманғы жаңбырлату жабықтарын сатып алуда.

Дәнді дақылдарды өндірудің ылғал ресурстарын сақтаушы технологиясы 241,7 мың га ауданында және тамшылы суару технологиясы 59 гектарға енгізілген.

Мемлекеттік қолдау шаралары арқасында облыстық АШТӨ белсенді түрде минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалануды бастады. Осылайша, 2014 жылы олар 780 тонна минералды тыңайтқышты сатып алған, ол 10,4 мың га ауданға қолданылған. 153,0 мың га егінді арамшөпке қарсы өңдеу үшін 127,1 мың литр гербицид пайдаланылған, бұл 2013 жылдағы көрсеткіштен 27,2 мың га артық.

Ауыл шаруашылық дақылдар егістігін шегірткеден жергілікті бюджет қаражаты есебінен қорғау мақсатында 80,0 млн. теңге бөлінген, бұл қаражаттың арқасында 85,4 мың га өңделген.

2015 жылы өнім үшін 226,8 мың га жер дайындалған, оның ішінде 115,3 мың га – сүрі жер, 111,5 мың га – сүдігер.

Мал қыстағын аман-есен өткізу үшін жарты жылдық жем қоры дайындалған.





8-сурет – 2013 және 2014 жж. мал шаруашылығының өндіріс көлемі

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Статистика департаменті


2012-2014 жж. мал шаруашылығы өндірісі көлемінің өсуі байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда барлық шаруашылықтың санаттарында ет өндіру көлемі (тірі салмақта) 3,6%-ға артқан, таза ет салмағы - 3,5%-ға, бірақ шоғал және жұмыртқа бойынша өндіріс көлемі 8,2% және 6,7%-ға төмендеген.

Тірі салмақтағы ет өндірісі Алға (1,4 есе), Мұғалжар (108,7%), Хромтау (106,5%), Шалқар (103,6) аудандарында және Ақтөбе қаласында (108,4) артқан. Сүт өндірісінің едәуір төмендеуі Әйтеке би (77,7%), Алға (71,6%), Мартөк (86,7%), Қобда (82,2) аудандарында байқалған. Мартөк және Қобда аудандарында сүт өндірісінің төмендеуі 4,3 мың және сәйкесінше 5,1 мың басқа сиыр санының азаюымен байланысты. Алайда, Әйтеке би және Алға аудандарындағы сиыр саны, керісінше, 2,1 мың және 4,3 мың басқа артқан.



12-кесте – Мал шаруашылығы өндірісінің динамикасы

мың бас





2012 г.

2013 г.

2014 г.

% 2012 ж. қарай

ІҚМ

371,7

381

378,5

101,8

Қойлар мен ешкілер

974,7

991,2

1007,1

103,3

Түйелер

15,2

14,8

15,6

102,6

Жылқылар

73,2

78,2

86,6

118,3

Құстар

1291,7

1236,8

1131,0

87,5

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Статистика департаменті
2015 жылғы 01 қаңтарға статистика деректері бойынша ірі қара малдың 378,5 мың басы, қой мен ешкінің 1031,0 мың басы, жылқының 86,6 мың басы, түйенің 15,6 мың басы және құстың 1131,0 мың басы тіркелген. Ауыл шаруашылық құрылымдарында мал басының өсімі байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы шаруашылықтың осы санаттарында 1,8%-ға, қой және ешкі басы 3,3%-ға, жылқы басы 18,3%-ға, түйе басы 87,5%-ға артқан (12-кесте).

Облыста басты назар мал шаруашылығының дамуына аударылады, ірі инвестициялық жобалар базасында ІҚМ ет кластері құрылады.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаты есебінен құрылып, пайдалануға 2 репродуктор шаруашылығы енгізілген: 2013 жылы 3200 басқа «Молочные истории» ЖШС репродуктор-шаруашылығының 1 кезегі енгізілді, жоба қуаттылығы 6400 бас және «Байсейіт» ШҚ жоба қуаттылығы 500 бас.

2014 жылы 6000 басқа 2 ірі азық алаңы енгізілді. Қазіргі таңда облыста 75%-ға жүктелген 17 000 мал орнына азық алаңдары әрекет етеді.

Өнеркәсіптік негізге саланы көшіру мақсатында, өндірісті арттыру және өнім сапасын жақсарту үшін, сонымен қатар етті экспорттау потенциалын дамыту мақсатында облыста «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама бойынша 2011-2014 жж. облыстық 410 фермерлік шаруашылықпен ІҚМ 14,5 мың басы 2,0 млрд. теңге сомасына сатып алынған. Сонымен қатар 2014 жылы «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша 2597 қойдың басы және «Құлан» бағдарламасы бойынша 320 жылқы басы сатып алынған.

2014 жылы облыс шаруашылықтарымен асыл тұқымды мал сатып алынды: шетел селекциясының (РФ) 449 және отандық селекцияның 3 978 ІҚМ басы, 638 қой басы және 610 жылқы басы.

Бұдан басқа, облыстағы мал сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында ІҚМ қоғамдық табынды тұқымын қайта өсіру жобасы жүзеге асырылады.

Тұқымды қайта өсіру жұмысымен агроқұрылымдарда ІҚМ 48 773 төлдейтін мал басы және 125000 қой басы қамтылған.

Тұқымды қайта өсіру жұмысын жүргізу үшін 3 жазғы бағдарлама құрылған, облыстық бюджеттен мемлекеттік қолдаудың 1,0 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бағдарлама бойынша бұқаның 1500 астам басы сатып алынған және қоғамдық табындардағы ІҚМ төлдейтін малдың 40 000 астам басын өтеуге тапсырылған.

Асыл тұқымды бұқаның 1 000 басын сатып алу жоспарланып отыр, агроқұрылымдарда ІҚМ 56 100 басын және қойдың 130 000 басын қайта өсіру әрекетімен қамтылатын болады.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша 2 сүт-тауар фермасы құрылған: Қарғалы ауданының 100 бастық «Жаңа Тұрмыс» ШҚ, және Ақтөбе қ. 50 бастық «Анисан» ШҚ.

2015 жылы 4 СТФ іске қосылады: оның ішінде 1 СТФ 50 бас малға, 2 СТФ 100 бас малға және 1 СТФ 200 бас малға арналады. «Айс» ЖШС өз өндірісін кеңейту мақсатында, 1600 басқа сүт-тауарлық ферманы қосымша құруды жоспарлап отыр.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша отардағы жайылымдарды суландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2014 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен «КАМАЗ» автокөлігі базасында2 бұрғылау құрылғысы сатып алынған және 8 ұңғыма салынған.

2015 жылы 25 кем емес ұңғыма құрылысы жоспарланған.

«Агробизнес-2020» бағдарламасымен ұңғымаларды салу кезінде АӨК субъектісімен жұмсалған 80%-ға дейін шығынды өтеу қарастырылған. Аталған бағдарламаны облыс оңтүстік аудандарының шаруалары қолданып отыр. Бұдан басқа отарлық қой шаруашылығын дамытумен айналысатын шаруашылықтарына күн батареялары мен желгенераторлары сатып алынған және лизингке тапсырылған. 2 жыл ішінде 120 отарлық учаскеге ұқсас электр қуат көздері орнатылған.

Облыс бойынша барлық жоспарланған алдын алу және диагностикалық шаралар 2014 жыл ішінде толық орындалған. Облыс аумағында жоспарланған жануарлардан жұғатын аурулардың алдын алу шараларын уақытысында өткізу арқасында мал шаруашылығындағы аса қауіпті жануарлардан жұғатын ауруларға қатысты тұрақты жағдай сақталып отыр.

Ветеринарлық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 385,2 млн. теңге бөлініп игерілген, «Камаз» базасында 13 мал жеткізу бірлігі және Газ-33086 базасында жануарлар өлігі мен биологиялық қалдықтарды жағу үшін қозғалмалы инсинератордың 13 бірлігі сатып алынған.

Жабық жерде жеміс өндірісі белсенді дамып жатыр. Қазіргі таңда облыста 12,7 га алаңында, жылына 4120 тонна қуаттылығымен жылыжайлар бар. Әрекеттегі жылыжайлар 52,0%-ға маусымаралық кезеңде облыстың жеміс қажеттілігін қамсыздандырады. Ағымдағы жылда қуаттылығы 1150 тонна 4 га алаңындағы 2 жылыжайды салып, пайдалануға енгізу жоспарланып отыр («Ника-99» ЖШС – 3 га, қуаттылығы 750 тонна/жыл, Агрофирма «Көктем» ЖШС қуаттылығы 400 тонна 1 га). Аталған жобаларды пайдалануға енгізу 54,3%-ға нарықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді.



Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өндіру: Соңғы 3 жыл ішінде облыстық АӨК ауыл шаруашылық өнімін қайта өндіру бойынша 9 жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде құрылысын салу және қолданысқа енгізу: - Хромтау қ. макарондық фабрикасы, қуаттылығы 11,5 мың тонна («Ақтөбе нан өнімдерінің комбинаты» ЖШС); - Ақтөбе қ. нан өнімін өндіру бойынша кондитерлік цехы, қуаттылығы 5 т/тәулік («Рамазан» ЖШС); - ұлттық тағамдарды өндіру бойынша кішігірім цех (пісірілген, және сүрленген қазы, шұжық және т.б.), қуаттылығы 0,5 т/см («Шаруханов» ЖК) және т.б.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеумен 97 кәсіпорын айналысады, оның ішінде 12 диірмен, 53 наубайхана, 5 макаронды цех, 11 сүт өнімін қайта өңдеу цехы, 14 шұжық және тұшпараны өндіру цехы, 1 сұйық майды өндіру жөніндегі цех және т.б.

Тамақ өнеркәсібі өндірісінің көлемі осы жылдары 5,1% өсіп, 32,9 млрд. теңгені құрады.

Ет өнімін өндіру бойынша қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі - 27,4%, сүт өнімін қайта өңдеу және өндіру бойынша - 24,4%, май өнімі бойынша - 41,6%, дәнді дақылдарды қайта өңдеу бойынша - 48,4%-ды құрады.

«Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеудің басым бағыттары белгіленген, олар бірінші кезекте қолдау табатын болады, яғни іс-шараларды қаржыландырудың көздері, тетіктері мен көлемі, сонымен қатар соңғы мақсатты көрсеткіштері.

Шикізаттың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін сүт өнімін қайта өндіруші кәсіпорындарға арналып жеке қосалқы шаруашылықтарда сүт жинау үшін, сонымен қатар сүт тасымалдау көліктерін сатып алу үшін сүт жинау бойынша дайындық бекеттерін құруға субсидиялар бөлу қарастырылған. Етті қайта өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамсыздандыру үшін рефрижераторлар мен мал тасымалдаушы көліктерді сатып алуға шығындарды субсидиялау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар шикізаттың жоғары бағасымен мәселені шешу үшін қант (қант қызылшасынан), ірімшік, май, құрғақ сүтті өндіру үшін шикізатты сатып алуға қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығынын субсидиялаудың жаңа тетігі қарастырылады.

Ағымдағы жылда АӨК саласында облыста 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде мынадай ірі жобалар:

- екі ірі азық алаңын салу, «Ақбар» ШҚ, қуаттылығы ІҚМ 3000 басыжәне «Наурыз-Сим» ЖШС 3000 басы;

- жылына 11,0 мың литр сүт қуаттылығымен 1600 басқа «Айс» ЖШСсүт-тауарлық фермасы құрылысының екінші кезегі;

- айына 1000 тонна өнімін шығару қуаттылығымен «Жаңа-Әлжанмелькомбинаты» ЖШС макарондық фабрикасын салу және т.б.

ІҚМ етін экспорттау көлемі 2014 жыл үшін 942,2 тоннаны құрады, оның ішінде Қарғалы ауданының экспорты - 269,2 тонна (28,6%), Хромтау ауданы - 235,9 тонна (25,0%), Шалқар ауданы - 78,1 тонна (8,3%), басқа аудандарға ІҚМ етін экспорттаудың шамамен 40%-ы ғана тиесілі.

Негізгі экспорттаушылар - «Айс» ЖШС, «АкТеп» ЖШС, «Парижская коммуна XXI» ЖШС, «Савола Фудс Си Ай Эс» ЖШС. Бұған қоса, азық-түлік өнімін импорттаудың төмендеуі байқалады. Осылайша, мысалы, сүт өнімін импорттау 16,8%-ға, шұжық өнімі 24,5%-ға, макаронды өнім 17,4%-ға қысқарған.

Азық-түлік өнімін шығарушы 14 кәсіпорында сапаның халықаралық стандарттары әрекет етеді.

Жем өндірісі. Жеке шаруашылықта облыстың мал басының 90%-ға дейін артуымен байланысты жем шығару жұмысы ауылдық елді мекендерге жақын орналасқан табиғи шөп шабу жайылымдарынан қысқыға шөп дайындауға негізделген. Қазіргі күнде саны 104-ке жеткен ірі және орташа ауыл шаруашылық құрылымдарды салумен және құрумен байланысты далалық жем шығару жұмысы енді ғана жаңғыруда.

Мал шаруашылығы өнімін қайта өндіру. Мал шаруашылығы өнімін шығару және қайта өңдеу облыстың түпкілікті халқы үшін қызметтің дәстүрлі түрі болып табылады.

Облыста мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеуші 25 цех жұмыс істейді, оның ішінде сүт өнімін қайта өңдеуші 11 цех, шұжық өнімін шығару бойынша 9 цех, ет жартылай фабрикаттарын (тұшпара) өндіру жөніндегі 5 цех. Етті қайта өңдеуші кәсіпорындар көбінесе Ақтөбе қаласында (64,7%), сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындар Мартөк ауданында (40%) және Ақтөбе қаласында (30%) орналасқан. Бұған қоса облыста мал шаруашылығының өнімін қайта өңдеудің импорт үлесі артық.

Ветеринария. Ветеринарияның халықаралық стандарттарға көшіру мақсатында 2009 жылы Ақтөбе қаласында модульдік ветеринария зертханасы салынған, сәйкесінше облыстың аудандарында 5 модульдік ветеринариялық зертхана құрылысы тұрғызылған. Өндіріске алдын ала бруцеллез ауруын анықтау үшін иммуноферментті талдау жүргізу бойынша диагностикалық әдіс енгізілген.

Ветеринария облысында жануарлардан жұғатын аурулардың алдын алу мен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізілген. Аталған жұмыс ауыл шаруашылық малдың аса қауіпті жұғушы ауруларының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі. ІҚМ 293,7 мың басына, 574,5 мың қой және ешкі басына, 39,0 мың жылқы басына, 15,0 мың түйе басына, 2,6 мың шошқа басына Сібір мерезіне қарсы егу шаралары өткізілді, пастереллезге қарсы ІҚМ 67,2 мың басына, 14,8 мың қой және ешкі басына, 4 мың жылқы, 1,7 мың шошқа басына егу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, облыстағы ауыл шаруашылығы малының аса қауіпті жұғатын аурулары бойынша эпизоотикалық жағдай қазіргі таңда салыстырмалы тұрғыда тұрақты болып сақталуда.

Ветеринарлық және тағамдық қауіпсіздік жүйесінің дамуы бір қатар факторларды шектейді. Малдың ең үлкен бөлігі жеке қожалықтарда қалыптасқан, бұл өз алдына ветеринарлық бақылауға кедергі жасайды. Қазіргі күнде ақпараттық жүйелер өнімді «фермадан бастап үстелге дейін» бақылауды қамтамасыз етпейді, жануарлардан жұғатын ауруларды бақылай алмайды, мониторинг жүргізе алмайды және аурулардың өршуіне болжам жасай алмайды. Малды сәйкестендіру рәсімі бір қатар мәселелермен шектелген, мәселен, орталықтандырылмаған сатып алу, қосарланушылық, белгілерді жоғалту, белгілер бағасын иелермен өтемеуі, сонымен қатар сәйкестендірудің электронды жүйесіне ғаламтормен қамтамасыз етілмеген ауылдық мекендерде қолжетімділіктің жоқтығы.

Қолда бар инфрақұрылым ветеринарлық қауіпсіздікті тиісінше деңгейде қамтамасыз етпейді, ветеринарлық ұйымдар (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, облыстық және аудандық ветеринарлық зертханалар) тиісінше барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, күн сайын ветеринарлық-санитарлық сараптама жасау, мал шаруашылығын өнімін өндіру және қайта өңдеу нысандарында өндірістік бақылауды өткізу проблемалық мәселе болып қалып отыр. Ветеринарлық-санитарлық зертханалардың сауда нысандарының ішінде өндірістік бақылауды жүргізбейді. Сондықтан ветеринарлық-санитарлық зертханаларды мемлекет құзыретіне тапсыру ұсынылады.

Келешекте, аймақтарға бөлу мен ағымдық қағидасын сақтаумен серология, бактерология және тағамдық қауіпсіздік бөлімімен қарастырылған 1 диагностикалық зертханаға 250-300 м2 есебінен өндірістік алаңға деген нақты қажеттілікті есепке алумен аудандық ветзертханаларды салу бойынша жұмысты жүргізу қажет. Жоспарланған құрылыс аясында босатылған алаңдарды басқа ветеринарлық ұйымдарға ұсыну қажет. Әрбір аудандық ветеринарлық зертхана жанында тәжірибе жүргізілетін жануарларды ұстау үшін виварийлерді; ветеринарлық препараттарды сақтау қоймаларын салу қажет.

Ауыл шаруашылығын механизациялау. Ақтөбе облысында, қазіргі таңда, ауыл шаруашылық техниканың саны 29293 дананы құрады, оның ішінде техниканың 26 549 данасы 1995 жылға дейін сатып алынған. Техниканың тозуы 90,6%-ды құрайды. Тракторлар мен комбайндардың 80%-дан астамы шамамен 18-20 жыл қолданылып келеді, ал пайдалану нормативтері 8-10 жыл болуы қажет.

13 кестеден көрінетіндей, жаңартылу төменгі деңгейде, тракторларды жаңарту коэффициенті 1,5 (101 дана), комбайндар – 0,1 (2 дана), 0,4 (89 дана).

13-кесте – Ауыл шаруашылық техниканың жаңартылу көрсеткіштері




Техника атауы

Техника саны

(дана)


1995 жылға дейінгі техника

Износ,

%


Жаңартылу коэффициенті

Лизинг эәне жеке қаражат есебінен сатып алынған техника саны



















2012 г.

2013 г.

2014 г.

1

Тракторлар

6 680

5 444

81,5

1,5

109

134

171

2

Комбайндар

1 800

1 395

77,5

0,1

12

11

4

3

Басқа ауыл шаруашылық машиналар мен агрегаттар

20 813

19 710

94,7

0,4

85

152

186




Барлығы

29 293

26 549

90,6

0,8

214

309

361

Мәлімет көзі: Ақтөбе қаласының Ауылшаруашылық басқармасы
Сондықтан ауыл шаруашылық техниканы жаңартудың төменгі деңгейі, оларды сатып алудың төменгі қолжетімділігі өзекті мәселе болып табылады. Несиелік ресурстар мен лизинг пайызының жоғары мөлшерлемесі ауыл шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды шектейді.

АӨК инфрақұрылымының дамуы.

Өнім өндіруді арттыру мақсатында соңғы жылдарда 53 ауылдық тұтынушылық кооперативтер (АТК) – ауыл шаруашылық тауарды өндірушілер немесе республикадағы АТК төрт бөлігі құрылған.

13 сервистік-дайындау орталығы (СДО) құрылған, оның 5-еуі қызмет етеді, Мартөк, Мұғалжар, Уил, Шалқар аудандарында және Ақтөбе қаласында. Әйтеке би, Қарғалы, Қобда, Темір аудандарында СДО құрылмаған (14-кесте).

14-кесте – Ақтөбе облысының сервистік-дайындау орталықтары




п/п

СДО атауы

СДО қызмет түрі

Елді мекен атауы

Қызмет ету статусы

(әрекеттегі, әрекетсіз)

Ескертпе

1.

«Алға» СДО




Алға

әрекетсіз

Қаражат пен қажетті техниканың болмауы салдарынан

2.

«Байғаны» СДО




Байғаны

әрекетсіз

3.

«Ырғыз» СДО




Ырғыз

әрекетсіз

4.

«Мартөк» СДО

Сүтті дайындау және мал сою

Мартөк

әрекеттегі

5.

«Нұрай» СДО

Көкөністі дайындау/м

Мұғалжар

әрекеттегі


6.

«Күмістөбе» СДО

Шөп дайындау/м

7.

«Ойыл» СДО

Шөп дайындау

Уил

әрекеттегі

8.

«Хромтау» СДО




Хромтау

әрекетсіз

9.

«Талап» СДО

Мал сою

Шалқар


әрекеттегі

10.

«Шалқар» СДО




әрекетсіз

11.

«Қарғалы» СДО



Ақтөбе қ.



әрекетсіз

12.

«Тандем» СДО




әрекетсіз

13.

«АйсАгро» СДО

Сүт дайындау

әрекеттегі

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Ауылшаруашылығы басқармасы
Қайта өндіруші кәсіпорындарда СДО қайта бағыттау өзекті мәселе болып қалуда. СДО материалдық-техникалық базасын нығайту және қайта өндіруші кәсіпорындарға СДО қызметін қайта бағыттауға қосымша қаржы қажет, ал әкімдіктер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі - ӘКК) қаражаты жоқ.

Сондай-ақ СДО құру және дамытудың өзекті мәселесі қайта өңдеуші кәсіпорындар мен сату нарықтарынан тікелей өндірістің едәуір алшақтығы, несиелік ресурстарды алу үшін кепілдіктің немесе лизинг жағдайларындағы технологиялық құрал-жабдықтың жоқтығы болып отып.

Қазіргі таңда табынды мал шаруашылығын дамыту үшін құдықтарды қалпына келтіру және салу жөніндегі шаралар қабылданып жатыр. Аталған жұмыс үшін кәсіпорындар арасында меморандумға қой қойылған («БазисГрупп КЗ» ЖШС, «Ербол Эль» ЖШС, «ҚазТехноСервис» ЖШС).

Бүгінде 13 құдық ұңғыланған, оның ішінде 6 құдық Баған ауданында, Ырғыз ауданында 2 құдық, 1 құдықтан Әйтеке би, Темір, Уил, Хромтау және Шалқар аудандарында құрылған.



Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында, 2014 жылғы 14 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы қорытындысы бойынша, 2014 жылғы 23 мамырдағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығымен табиғи-климаттық жағдайларды, өңірлердің сату нарығының және даму потенциалының болуын есепке алумен, ауыл шаруашылық өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылық жерлерді толық пайдалану бойынша Өңірлердің мамандандырылу сызбасы бекітілген.

Аталған сызба агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік саясат тиімділігін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты, Сызбада ұсынылмаған ауыл шаруашылық өндірісін субсидиялауды кезеңдік тоқтату қажет.

Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді субсидиялауға кезеңдік көшу өңір аудандарының шегінде Сызбаға сәйкес 2017 жылдан бастап 2019 жылға шейін ауыл шаруашылық өндірісін субсидиялау 50%-ға Мамандандырылу сызбасына сәйкес келуін, ал 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылық өндірісін субсидиялау Өңірлердің мамандандырылу сызбасына толық сәйкес келуін қарастыратын болады.


жүктеу 8,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау