АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
«Ақтөбе облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы»
Мемлекеттік Мекемесі
АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Государственное учреждение
«Управление природных ресурсов и
регулирования природопользования»
Актюбинской области
030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан данғылы 40,
: 8(7132) 55-09-30, факс: 8(7132) 55-09-34
e-mail: nedra2004@inbox.ru
030010, город Актобе, пр..Абилкайыр хана 40,
: 8(7132) 55-09-30, факс: 8(7132) 55-09-34
e-mail: nedra2004@inbox.ru
07.11.2016 г. № eco/D24-0375/16/6
«ПолисМунайҚұрылыс» ЖШС
«Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 41 разъезд, №236 «Г» мекенжайындағы
«ПолисМұнайҚұрылыс» ЖШС автомобильдерге газ отынын толтыру стансасының
құрылысы» жұмыс жобасына
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
«Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 41 разъезд, №236 «Г» мекенжайындағы
«ПолисМұнайҚұрылыс» ЖШС автомобильдерге газ отынын толтыру стансасының
құрылысы» жұмыс жобасын «ЕвроЭлитСтрой» ЖШС-мен әзірленген.
«Қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)» жобасын «Экависмут» ЖШС әзірлеген.
Жоба материалдарының тапсырушысы: «ПолисМұнайҚұрылыс» ЖШС.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарастыруына: «Ақтөбе облысы, Ақтөбе
қаласы, 41 разъезд, №236 «Г» мекенжайындағы «ПолисМұнайҚұрылыс» ЖШС
автомобильдерге газ отынын толтыру стансасының құрылысы» жұмыс жобасы
ұсынылды.
Жоба бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы;
Материалдар қарастыруға №7152 (D24-03/00732) хатпен 2016 жылы 24 тамызда
түсті.
Жалпы мағлұматтар
Жобада Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 41 разъезд, №236 «Г» мекенжайындағы
«ПолисМұнайҚұрылыс» ЖШС автомобильдерге газ отынын толтыру стансасының
құрылысы қарастырылған.
АГТС аумағында келесідей объектілер орналасқан:
-
Операторлық ғимарат;
-
1 орынға арналған аула дәретханасы;
-
Қалқа.
АГТС орнатылған негізгі жабдықтар:
-
отын құю колонкасы;
-
«СУГ-10.Н.1-УХЛ» модульді жер бетілік резервуар;
-
Сорғы агрегаты.
-
Әрекеттегі аула дәретханасы.
Оператор ғимараты – бір қабатты, ось аралығындағы өлшемдері 4.7х2.2м, жоспарда
тік төртбұрышты.
Бөлме биіктігі – 2,5м.
1 орынға арналған аула дәретханасының өлшемдері 1,5х1,2м, биіктігі 2,8м.
Қалқа өлшемдері 10,0х6,0м, биіктігі -5,0м.
Оператор ғимаратында АГТС үшін энергия сөндіргішімен және есептеуішімен бөлу
желісі құрылғысы, электр жабдықтар, автоматика, қорғау және БӨА (бақылау өлшеу
аспабы) қарастырылған.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Объектінің құрылыс кезіндегі атмосфералық ауаға ластаушы заттектер шығару
көздеріне – жер жұмыстары, шаңдану материалдарын қайта төгу, сырлау жұмыстары,
дәнекерлеу жұмыстары және арнайы техника жатады.
Объектіні пайдалану кезінде атмосфералық ауаға ластаушы заттектер шығару
көздеріне – автоцистерналардан резервуарларға отынды құйып алу, автомобиль
баллондарына құю және цистернадан құйып алу.
Құрылыс жұмыстары кезінде тұрақты көздерден атмосфералық ауаға 3 ластаушы
заттар, жылжымалы көздерден 6 ластаушы заттар бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары кезінде тұрақты көздерден атмосфералық ауаға бөлінетін
ластаушы заттардың шығарындылар мөлшері - 0.0486008 т/жыл, оның ішінде қатты:
0.0036008 т/жыл, газтәрізді, сұйық – 0,045 т/жыл құрайды.
Объектіні пайдалану кезінде атмосфералық ауаға бөлінетін ластаушы заттардың
шығарындылар мөлшері - 0.6692300383 т/жыл, оның ішінде қатты: 0,0 т/жыл, газтәрізді,
сұйық – 0.6692300383т/жыл құрайды.
2016 жылға арналған құрылыс жұмыстары кезінде атмосфералық ауаға
шығарылатын ластаушы заттардың нормативтері 1 қосымшада берілген (1 бетте).
2016-2025жж
арналған
құрылыс
жұмыстары
кезінде атмосфералық ауаға
шығарылатын ластаушы заттардың нормативтері 2 қосымшада берілген (1 бетте). Осы
МЭС қорытындысы аталған қосымшаларсыз жарамсыз.
Санитарлық ережелер мен нормаларға «Өндірістік нысандарды жоспарлауға
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №237 Бұйрығы) сәйкес, кәсіпорынның
санитарлық-қорғау аймағы 100м құрайды.
СҚА өлшемін түзету «ЭРА. V 1.7.». бағдарламалық кешенімен орындалған.
Шашырау есебі (максимальді жер бетілік концентрацияларды үлгілеу) «ЭРА. V
1.7.» бағдарламалық кешенімен орындалған.
Үлгілеу нәтижелерін саралаудан көретініміз, кәсіпорынның уақыт тәртібімен
жұмыс жасаған жағдайында ұсынылған СҚА шегінде атмосфералық ауаның экологиялық
сипаттамасы барлық ластаушы ингредиенттер бойынша қалыпты мөлшер шегінен
аспайды.
Жер асты және жер үсті суларына әсері
Жобаланған объектідегі су ресурстардың әсері, ағынды сулардың ластану дәрежесіне
байланысты және олардың жергілікті тазарту құрылыстарында тазартылуының
мүмкіндігі бойынша, су ресурстарын тиімді пайдалану бағасымен анықталады.
Шаруашылық-тұрмыстық, ауыз сумен қамтамасыз ету- тасымалданып әкелінеді. .
Құрылыс жұмыстары кезіндегі жұмысшылар саны – 5 адам, құрылыс ұзақтығы – 30
күн.
Құрылыс жұмыстары кезіндегі ауыз су шығыны – 3,75 м
3
/жыл.
Құрылыс кезіндегі ағынды су шығыны – 2,625 м
3
/жыл.
Объектіні пайдалану кезіндегі персонал саны – 3 адам.
Объектіні пайдалану кезіндегі су шығыны – 27,375 м
3
/жыл.
Объектіні пайдалану кезіндегі ағынды су шығыны – 19,1625 м
3
/жыл.
Тұрмыстық кәріз – әрекеттегі 1 орындық аула дәретханасы, су өтпейтін көлемі 5,7 м
3
шұңқыр.
Объектінің құрылысы мен пайдалануы кезінде жер асты, жер үсті суларының ластануы
күтілмейді.
Топыраққа, өсімдіктер және жануарлар әлеміне әсері
Жобаны жүзеге асыру барысында топырақ қабатына, өсімдіктер және жануарлар
әлеміне қайтарылмайтын кері әсерлер күтілмейді.
Қалдықтар
Құрылыс жұмыстары кезінде пайда болатын қалдықтар түріне жататындар: қатты
тұрмыстық қалдықтар, құрылыс қалдықтары, электрод тұқылдары және бояудан босаған
ыдыстар.
-
Қатты тұрмыстық қалдықтар – 0,108 тонна/кезең;
-
Құрылыс қалдықтары – 0,015 т/кезең;
-
Электрод тұқылдары – 0,0006 т/кезең;
-
Бояудан босаған ыдыстар – 0,0015 т/кезең.
Объектіні пайдалану кезінде түзілетін қалдықтар:
-
Қатты –тұрмыстық қалдықтар- 0,795 т/жыл;
Келтірілген есептерге сәйкес, құрылыс кезінде пайда болатын өндіріс және тұтыну
қалдықтарының көлемі 0,1251 т/кезең, объектіні пайдалану кезінде пайда болатын тұтыну
қалдықтарының көлемі 0,795 т/жыл құрайды.
Пайда болатын барлық қалдықтар әрі қарай жою үшін арнайы кәсіпорынға келісім
шарт бойынша жіберіледі. Тұрмыстық қатты қалдықтар контейнерлерге жиналып, ҚТҚ
полигондарына келісім-шартқа сай жіберіліп отырады. Бояудан босаған ыдыстар,
электрод тұқылдары және құрылыс қалдықтары уақытша арнайы алаңда жиналып, арнайы
кәсіпорынға тапсырылады.
Қорытынды
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы» ММ мемлекеттік экологиялық сараптамасы «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
41 разъезд, №236 «Г» мекенжайындағы «ПолисМұнайҚұрылыс» ЖШС автомобильдерге
газ отынын толтыру стансасының құрылысы» жұмыс жобасына келісімін береді.
Орын. Экологиялық сараптама және рұқсат
бөлімінің бас маманы М.Бердімағамбет, тел.55-26-28