Облыстың еңбек нарығындағы жағдай, жалдамалы тұрғындардың жоғары үлесі оң тенденциясымен және орташа республикалық мәнінен төмен жұмыссыздық деңгейімен сипатталады.
2012-2014 жж экономикалық белсенділіктің деңгейі 1,3 пайыздық пунктіге төмендеп 2014ж 71,1% құрады (2012ж. – 72,4%, 2013ж. 72,2%, 2014 ж. – 71,1%) (республика 81,6%). Қаралып отырған кезеңде жұмыспен қамту деңгейі 2012ж 95%, 2014ж 95,1%
Облыстағы өз бетінше қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі 2014 жылы 21,4% құрады (республика бойынша орташа 30,3%). Облыстағы экономикалық белсенді емес деңгейі 2013 жылы 27,8% құрады (республика бойынша орташа 28,3%).
2012-20014 жж. кезеңде жұмыссыздық деңгейі Ақтөбе облысында 5,0%-дан (21,4 мың адам) 4,9%-ға дейін (20,9 мың адам) қысқарды.
Облыстың аудандары бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жұмыссыздық деңгейі Ырғыз (5,3%), Ойыл (5,2%) және Байғанин (5,1%) аудандарында белгіленді.
Жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі Байғанин, Алға, Мұғалжар аудандарында және Ақтөбе қаласында байқалады.
Облыс бойынша тұрғындардың экономикалық белсенділігінің жоғары деңгейі Мұғалжар, Ырғыз, Байғанин және Хромтау аудандарында байқалады.
34 кесте – Ақтөбе облысының аудандары қимасында еңбек нарығының индикаторлары, 2014 ж.
|
Жұмыссыздық деңгейі, %
|
Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жаста), %
|
Экономикалық белсенді халық деңгейі, %
|
Ақтөбе облысы
|
4,9
|
3,1
|
71,1
|
Ақтөбе қ.ә.
|
5,0
|
3,8
|
69,5
|
Алға
|
4,6
|
3,9
|
68,0
|
Әйтеке би
|
4,6
|
2,7
|
72,7
|
Байғанин
|
5,1
|
4,2
|
74,9
|
Қарғалы
|
4,5
|
2,7
|
71,3
|
Қобда
|
4,5
|
1,5
|
72,4
|
Мартөк
|
4,5
|
0,8
|
65,2
|
Мұғалжар
|
4,6
|
3,9
|
79,8
|
Ойыл
|
5,2
|
1,9
|
73,3
|
Темір
|
5,0
|
1,2
|
74,2
|
Хромтау
|
4,2
|
1,8
|
74,8
|
Шалқар
|
5,0
|
1,1
|
70,3
|
Ырғыз
|
5,3
|
1,6
|
75,6
|
Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Облыста 2012-2014 жж. кезеңде табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен аз халық үлесі (2,4%-дан 1,8%-ға дейін), кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі (сәйкесінше 0,3 және 0,1) төмендеуде.
Халықтың жан басына шаққанда орташа таза ақшалай табысы 2012-2014 жж. сәйкесінше 52847 және 62108 теңгені құрады. халықтың орташа жан басына шаққандағы таза ақшалай табысының арақатынасы орташа республикалық деңгейден шамалы асып түседі.
Бір жұмысшының орташа айлық таза жалақысы 2014 ж. 105 670 теңгені құрады, бұл 2012 ж. орташа айлық таза жалақыдан 15429 теңге көп.
2014 ж. облыста 15725 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ұйымдарға жүгінген адамдар ішінде жұмысқа қабылданғандар үлесі 72,8% құрады.
Жыл сайын жұмысқа орналастырылған еңбекке қабілетті мүгедектер саны өсуде. 2012-2014 жж кезеңінде еңбекке қабілетті мүгедектер саны 5 есеге өсті.
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша 2012-2014 жж аралығында тұрғын үй жәрдемін алушылар 498 жанұяға азайып 3637 жанұяны құрады. Арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған тұлғалар үлес салмағы төмендеп облыс бойынша 99,6%, МАӘК алушылар саны 322 адамды (2013ж 304 адам, 2012 ж 469 адам), құрады. Ай сайын мемлекеттік пособия алатын 18 жасқа дейінгі балалар саны 1,2 есеге азайды. Облыстың 3637 жанұяға тұрғын үй жәрдемі үшін 55,5 млн. теңге.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында 19 аз қамтылған отбасылар бір жолғы тұрғын үй жәрдемі алушылар болып табылады. Оларға 405,4 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемі тағайындалды.
2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша құрамы 148 адам 30 жанұя арыз беріп «оралман» статусын алған.
Облыс бойынша мүгедектер және жалғыз басты қарттармен жұмыс жүргізілуде.
Облыста 01.01.2015ж жағдайы бойынша арнайы мемлекеттік пособия алатын 19656 мүгедектер тіркеуде тұр оның ішінде жастайынан мүгедектер 16 жасқа дейінгілер 2315 балалар.
2015 жылдың 1 қаңтарына 6219 мүгедектер мүгедектерді оңтайландырудың жеке бағдарламаларымен сәйкес 261,4 млн. теңгеге техникалық және гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді.
Облыстың әлеуметтік қорғау органдарымен ішкі еңбек нарығын қорғау бойынша шаралар қабылдануда. Осылайша 2014 жылы облыс аумағында орналасқан компаниялардан 1890 шетел мамандарын тартуға өтініштер түсті, оның ішінде 1610 шетел маманына еңбек қызметіне рұқсат берілді.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанында шетел қатысуымен 49 компаниямен 908 жұмыс орны құрылды. 114 қазақстандық мамандар (біліктілікті арттыру есебімен)оқытылды. шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар кәсіпорында қызмет ететін қазақстан тұрғындарының саны 20130 адамды құрайды.
Жергілікті атқарушы органдармен жұмыспен қамтуда көмектесу белсенді шаралар қабылдау есебінен жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда көмектесу бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 ауқымында шаралар қабылдануда.
Облыста 2012 – 2014 жылдар аралығында Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы 82 инфрақұрылымдық жобалар мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына 1157 адам жұмысқа орналасты, 3267,1 млн.теңге бөлінді, ол 2012 жылдың сомасынан 5,8 есе жоғары.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» 382 Бағдарлама қатысушыларына сомасы 654,2 млн.теңгеге шағын несие берілді. Оның ішінен өз ісін ашу үшін – 180 адам, бизнестер нығайтуға – 202 адам. Қосымша ашылған жұмыс орындарына 466 адам жұмысқа орналасты.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша 2014 жылы оқытуға (қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату) 418 адам бағытталды, ол 2012 жылға қарағанда 264 адамға төмен. Жастар жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында 1165 адам Жастар тәжірибесіне бағытталды, тәжірибе біткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына 1003 адам жұмысқа орналасты, ол 2012 жылға қарағанда 3,5 есе артық. Осы бағыт бойынша қаржыландыру 734,4 млн.теңге құрды.
Мәдениет
Ақтөбе облысы аумағында 486 мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелері жұмыс істейді. Мемлекетік меншіктегі мәдениет саласы ұйымдары – 474. Олардың 239-ы кітапхана, 203-і Мәдениет үйлері мен клубтық мекемелер, 19 мұражай (оның 3-і филиал), 2 мемориалды кешен, 1 аудандық, 1 облыстық Достық үйі, облыстық филармония, облыстық Планетарий, облыстық Халық шығармашылығы үйі, 2 кәсіби театр және т.б. Мәдениет пен өнер саласында қазіргі таңда 2880 штаттық бірлік бар. Соңғы үш жылда облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар мәдени іс-шаралардың көлемі 200 бірлікке ұлғайтылып, 2014 жылы 5200 бірлікті құрады. Келушілердің ең үлкен үлесі - мұражайларда, мұражайға келушілердің 1000 адамға шаққандағы орташа саны 2014 жылы 344,1 адамды құрады. (39-кесте).
39-кесте – Ақтөбе облысы бойынша мәдениет саласының көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлш. бірл.
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны
|
бірл.
|
5000
|
5100
|
5200
|
Мәдениет мекемелерінің желісі, барлығы
|
бірл.
|
482
|
484
|
486
|
соның ішінде мемлекеттік
|
бірл.
|
470
|
472
|
474
|
1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны
|
адам
|
|
|
|
кітапханалардың келушілері
|
|
289,7
|
286,4
|
284,6
|
театрлардың келушілері
|
|
176
|
170,7
|
146,1
|
концерттік ұйымдардың келушілері
|
|
222,2
|
247,3
|
243,1
|
мұражайлардың келушілері
|
|
339
|
340,7
|
344,1
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы
Облыс аумағында 13 мемлекеттік мұрағат (облыстық мұрағат, оның екі филиалы және 10 аудандық мұрағат) жұмыс істейді . Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының толықтырылуына, олардың сақталуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындауға басты назар аударылуда. 2015 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік сақтауда 983,1 мың сақтау бірлігі (с.б.) есепте тұр.
Облыста «Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру бойынша тарихи-мәдени зерттеулер жүргізілді. Зерттеу және практикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Табиғат ескерткіштерінің және тарихи-мәдени мұрасының жинағы басылды, монографиялар, ғылыми мақалалар шығарылды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша мәдениет үйлері/клуб түріндегі мекемелер арасында күрделі инвестицияларда қажеттілікті 40-кестеден қараңыз.
40-кесте – Ақтөбе облысының мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелерінің күрделі инвестицияларға қажеттілігі
|
Мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің жалпы саны, бірл.
|
Олардың ішінде жеке ғимараттары барлары
|
Жөндеуді қажетсінетін мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің саны, бірл.
|
Апаттық күйдегі мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің саны, бірл.
|
Ақтөбе облысы
|
203
|
161
|
49
|
4
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
Ақтөбе қ.
|
6
|
3
|
2
|
|
Алға
|
12
|
9
|
3
|
|
Әйтеке би
|
17
|
12
|
-
|
|
Байғанин
|
16
|
14
|
5
|
|
Ырғыз
|
14
|
13
|
5
|
2
|
Қарғалы
|
10
|
8
|
3
|
|
Қобда
|
26
|
17
|
2
|
|
Мартөк
|
22
|
17
|
8
|
|
Мұғалжар
|
20
|
18
|
7
|
|
Ойыл
|
18
|
17
|
6
|
1
|
Темір
|
14
|
12
|
1
|
|
Хромтау
|
16
|
11
|
2
|
1
|
Шалқар
|
12
|
10
|
5
|
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы
Дене шынықтыру және спорт
Бүгінгі күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқарманың құзіретіне 17 мемлекеттік мекеме-ұйым қатысты, атап айтқанда: 9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиядалық резервтің 4 мамандардырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спорт шеберлігінің жоғарғы мектебі, олимпиядалық резервті даярлау орталығы, спорттық ойын түрлері бойынша «Намыс» спорт клубы және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы.
Дене шынықтыру ұжымдарының саны және дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны Ақтөбе облысында жыл санап өсіп келеді (41-кесте).
41-кесте – Дене шынықтырудың және спорттың даму көрсеткіштері
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
Дене шынықтыру ұжымдарының саны, бірл.
|
1781
|
1781
|
1837
|
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны, адам
|
185460
|
199513
|
212700
|
оның ішінде ауылда
|
49098
|
72309
|
58736
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
2012 ж. бастап 2014 ж. дейінгі кезеңде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халықты қамту өсу үрдісіне ие (42-кесте).
42-кесте – Ақтөбе облысының аудандары қимасында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халықты қамту, 2012-2014 жж.
Аудандар
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Алға
|
24,8
|
25,0
|
22,41
|
Әйтеке би
|
18,08
|
19,5
|
19,54
|
Байғанин
|
15,8
|
15,8
|
16,98
|
Ырғыз
|
16,5
|
17,7
|
19,9
|
Қарғалы
|
21,7
|
22,0
|
21,72
|
Қобда
|
22,1
|
22,6
|
22,06
|
Мартөк
|
20,3
|
22,1
|
20,07
|
Мұғалжар
|
18,8
|
18,8
|
18,58
|
Темір
|
22,0
|
22,0
|
24,03
|
Ойыл
|
19,8
|
19,9
|
20,12
|
Хромтау
|
23,5
|
23,6
|
25,13
|
Шалқар
|
24,0
|
24,3
|
25,7
|
Ақтөбе
|
26,9
|
27,9
|
28,01
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі ұлғаюда. Соңғы екі жылда спорттың су түрлері бойынша көп бейінді облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, сондай-ақ спорт шеберлігінің жоғарғы мектебі ашылды (43-кесте)
43-кесте – Облыстың спорт объектілері
|
2012г
|
2013г
|
2014г
|
Спорттық құрылыстар саны, бірл.
|
1520
|
1567
|
1591
|
олардың ішінен ауылда, бірл.
|
873
|
878
|
885
|
Спорт объектілері жөнделді, бірл.
|
4
|
2
|
3
|
Спорт объектілері енгізілді, бірл.
|
27
|
1
|
24
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қазіргі уақытта облыста 62 спорт түрі дамыған олардың 42 ОБЖСМ. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыста 2014 ж. 2014 жылы 2153 спорттық-жаппай іс-шара (ауылда 1118) өткізілді, оған 400 мың адамнан астам қатысты (олардың 171 мыңы ауылда).
Жабық спорттық құрылыстарды тексеру талдауы көрсеткендей, бүгінгі күні спорт залдарына мұқтаждық Ырғыз, Мұғалжар аудандарында байқалып отыр. Қазіргі уақытта облыстың 9 ауданында (Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мартөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл) жүзе бассейндері бар типтік дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жоқ, бұл дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушыларды қамтуға ықпал етеді.
Облыста мүгедектер спортына ерекше назар аударылады. Мүгедек спортшылар ерекше назарда, спорт мектептерінде спортшыларға дене шынықтыру үшін, спортпен шұғылдану үшін спорт жарақтары ұсынылған және жаттығулар мен жарыстар өткізу үшін барлық жағдай жасалған.
Облыстың спорт мектептерінде 16126 бала мен жасөспірім айналысады, олардың ішінен ауылда - 35,7 % немесе 5765 адам (44-кесте).
44-кесте – Балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен спорт саласының даму көрсеткіштері
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны, адам
|
15748
|
16112
|
16126
|
олардың ішінен ауылда, %
|
37,3
|
36,9
|
35,7
|
Жаттықтырушы-оқытушылар саны, адам
|
620
|
632
|
522
|
олардың ішінен:
арнайы білімі бар, %
|
48
|
54
|
72
|
жоғары физикалық білім беру, %
|
211
|
366
|
341
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту ерекше назарды талап етеді. Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің желісі облыстың мектеп жасындағы 14 % балаларының спортпен шұғылдану мүмкіндігін ұсынады.
2014 ж. облыстың спорт ұйымдары 35 спорт шеберін және халықаралық сыныпты 9 спорт шеберін дайындады. ҚР ұлттық құрама командаларының құрамында әр түрлі спорт түрлері бойынша Ақтөбе облысының 16 спортшысы кірді, республикалық және халықаралық жарыстарда (ҚР/Азия/әлем) жеңіп алынған медальдар саны 126 медальды құрайды (45-кесте).
2014 ж. 2194 спортшы мен жаттықтырушы 207 республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты.
Ауылдық жерде ұлттық, көпшілік спорт түрлерін насихаттау мақсатында Хромтау ауданында облыстық ауылдық жасөспірімдер ойындары, Темір ауданында V Халық ойындары өткізілді, 12 спорт түрі бойынша 1200 мыңнан астам адам қатысты.
45-кесте – Дене шынықтыру және спорт саласының қызмет нәтижелері
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
Спорт мектептерінің саны, бірл.
|
27
|
27
|
27
|
Насихатталатын спорт түрлерінің саны (олимпиядалық/ олимпиядалық емес), бірл.
|
21/19
|
22/19
|
22/20
|
Дайындалды (СШК/СШ/ХССШ), адам
|
111-СШК,36- СШ, 2- ХССШ
|
5 ХССШ, 42 – СШ, 100- СШК
|
9 ХССШ, 35 СШ,122 чел СШК
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Туризм
Өңірдегі орналастыру жерлері арқылы келушілерге қызмет көрсетілген орындардың саны үшінші жыл қатарынан ұлғаюда. 2012-2014 жылдардағы даму динамикасында орналастыру орындарының саны 47 бірліктен 61 бірлікке дейін, қызмет көрсетілген келушілер саны 80,3 мың адамнан 85,0 мың адамға дейін артты.
2014 жылы Ақтөбе облысы орналастыру орны бойынша (61 бірлік) және орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны бойынша (85,0 мың адам) ҚР өңірлері арасында 13-орында тұр.
23-сурет – ҚР өңірлері қимасындағы орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны, мың. адам.
24-сурет - ҚР өңірлерінде орналастыру орындарының саны, бірлік.
Мәлімет көзі: ҰЭМ статистика жөніндегі комитеті
Осы аралықта орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі едәуір ұлғайды. Аталған көрсеткіш 2014 жылы 1395,7 млн. теңгеден 1697,8 млн. теңгеге дейін 1,2 есеге артты. Көрсетілген қызмет көлемі бойынша ҚР-да облыс 2014 жылы 8-орынды алды.
25-сурет – ҚР өңірлері қимасындағы орналастыру орындарында көрсетілген қызмет көлемі, млн. теңге.
Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
46-кесте – 2014 жылы Ақтөбе облысы қимасындағы туризімді дамытудың негізгі көрсеткіштері
|
Орналастыру орындарының саны, бірлік
|
Қызмет көрсетілген келушілер, адам.
|
Көрсетілген қызмет көлемі, мың теңге
|
резиденттер
|
резидент еместер
|
Облыс
|
61
|
75000
|
10017
|
1697800,0
|
Ақтөбе қаласы
|
33
|
61280
|
8922
|
1537829,6
|
Алға ауданы
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Мартөк ауданы
|
1
|
16
|
-
|
24,0
|
Әйтеке би ауданы
|
2
|
1790
|
178
|
6729,0
|
Байғанин ауданы
|
2
|
660
|
178
|
3727,0
|
Қарғалы ауданы
|
1
|
85
|
20
|
262,0
|
Қобды ауданы
|
2
|
674
|
-
|
1011,0
|
Мұғалжар ауданы
|
4
|
3296
|
-
|
10270,0
|
Ойыл ауданы
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Темір ауданы
|
1
|
190
|
-
|
2552,9
|
Хромтау ауданы
|
7
|
3183
|
941
|
96085,3
|
Шалқар ауданы
|
6
|
3693
|
-
|
39023,0
|
Ырғыз ауданы
|
2
|
89
|
-
|
254,0
|
Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Ақтөбе облысында туристер үшін қызығушылық танытатын қызықты көрнекі орындар, тарихи, табиғи және сәулеттік теңдесі жоқ ескерткіштер, діни объектілер бар. Мысалы, Батырлар отаны – Абат-Байтақ қорымы Алтын Орда кезеңінің ескерткіші, Қобды ауданындағы Қобыланды батыр кесенесі, Әйтеке би ауданындағы XIII ғасырдағы қолбасшы, билеуші және саясаткер ұлы Әбілхайыр ханның Хан моласы, Мұғалжар – көне жанартаулар өлкесі, Мұғалжар ауданындағы ақық және яшма алаптары, Айдарлыаша халықаралық қимасы – Хромтау ауданындағы карбон және пермь эталоны.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, кіші қорықтар, табиғи музейлер жұмыс істейді: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қоры – 2007 жылы құрылған, табиғи-ғылыми және технико-экономикалық негіздемесін құру экологиялық жолдарды, туристік бағыттарды және қонақ үйлерді, табиғи музейлерді ұйымдастыруды қарастырады; Торғай мемлекеттік табиғи қоры (зоологиялық) - Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорына берілген және Торғай қорының инфрақұрылымын құру мәселелері қор кешенінде шешілу қажет. Қорда бердвочинг – күлгін қоқиқазды және құстардың басқа түрлерін бақылау, жабайы жануарларды бақылау дамыған.
Саланы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының ресми сайтында «Туризм» бөлімі жұмыс істейді және жаңартылып отырады. Ішкі туризмді дамыту үшін күшті алғышарт «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің, соның ішінде жол бойындағы сервис объектілерін дамыту арқылы, жұмыс істеуі болып табылады.
Қазіргі таңда облыстың барлық аудандары бойынша туристік маршруттар құрастырылған, сондай-ақ негізгі туристік маршруттарға қолжетімділік проблемалары бойынша мәселе қарастырылуда.
Үш тілді дамыту
Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бағыттары бойынша жүйелік шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Облыс Әкімінің 03.03.2014 ж. № 59 қаулысымен Ақтөбе облысында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2014-2016 жж. арналған іс-шаралар жоспары бекітілді және 2014 жылға бөлінген 77 млн. 302 мың теңге мөлшерінде ақша қаражаттары толық игерілді.
Облыста Ұлттық тестілеу орталығымен бірге (2013-2014 жж.) мемлекеттік көрсетілетін қызметкерлер және халыққа қызмет көрсету аясында қызмет ететін жеке тұлғалар үшін Қазтест жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді игеру деңгейін бағалау тестілері ұйымдастырылды. В2, С1 мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері бойынша 2014 жыл көрсеткіштері (27,53%) 2013 жылмен салыстырғанда (15,86%) 11,67%-ға өсті.
Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы «Ақтөбе облысындағы тілдік жағдай: облыста тұратындардың тілдерді меңгеру деңгей» тақырыбында әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу жүргізу бастамасы көтерілді. Зерттеу нәтижелері бойынша оң үрдіс байқалуда:
- мемлекеттік тілді меңгерген ересек халық үлесінің ұлғаюы;
- үш тілді меңгерген халық үлесінің ұлғаюы (47 кесте).
47-кесте – Тілдік жағдай бойынша әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу нәтижелері
№
|
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек халық үлесі, %*
|
81,5
|
85
|
92,5
|
2
|
Үш тілді меңгерген халық үлесі, %
|
3,5
|
3,5
|
6,3
|
* көрсеткіштер сұрау нәтижелері бойынша анықталды
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Әкімдігінің деректері
2014 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек халық үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 11%-ға өсті, үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген халық үлесі 2,8%-ға өсті.
Мемлекеттік тілдегі шығыс корреспонденция үлесі 98% құрайды.
2013-2014 жж. кезеңде облыс мектептерінің 6502 түлегінен 4508-і ҰБТ-ге қатысты. Олардың ішінде 3313-і (73,5%) – қазақ мектептерінің түлектері, 1196-ы (26,5%) – орыс мектептерінің түлектері. Орыс мектептеріндегі қазақ тілінің орташа көрсеткіші орыс мектептерінде 19 ұпайды құрады, өткен 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 0,8 ұпайға өсті (2012 ж. – 19,4).
Мемлекеттік тілге оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияны енгізу мақсатында www.til-aktobe.kz сайтында бастауыш (А1) және базалық (А2) деңгей сабақтары, тілдерге үйрету бойынша мақалалар мен мәліметтер орналастырылған. Әрбір қалаған адам көрсетілген сайтта тіркеліп, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша тілді үйрене, дәрістер тыңдай алады. Сондай-ақ www.til.aktobe.gov.kz басқарма сайтында тілдерді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтер орналастырылады.
Ересектерді тегін мемлекеттік тілге оқыту облыстың оқыту орталығымен шектелмейді, қазақ тілін оқыту бірқатар аудандарда да жүргізіледі. Бүгінгі күні өкілдіктер Хромтау, Алға, Мартөк, Қобда, Қарғалы, Мұғалжар сияқты аудандарда жұмыс жүргізуде.
2012 жылы мемлекеттік тілді оқытумен 1605 адам, 2013 жылы – 1651 адам, 2014 жылы – 1280 адам қамтылды. Оқытумен қамтылғандар санаттарын талдау мемлекеттік көрсетілетін қызметшілер мен жеке тұлғалар үлесінің артқанын көрсетті. Тілдерді оқыту орталықтарының құрылған кезінен бастап мемлекеттік тілді оқыту курсында 8859 адам қамтылды. Мемлекеттік тілді оқыту курсында қамтылғандар үлесі 21-63 жастағы жан басына шаққанда 2% құрады.
Әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, облыста мемлекеттік және басқа тілдерді зерттеу үшін тиісінше жағдай құрылған (облысты тиісінше жағдай құрылған деп есептейтін адамдар үлесі 2012 ж. -87%, 2013 жылы - 88%, 2014 жылы - 93,5% құрады).
Жыл сайын облыстық бюджеттен ҮЕҰ жобаларын іске асыру үшін ақша қаражаттары бөлінеді. Олардың ішінен мемлекеттік тілді дәріптеуге бағытталған жобалар үшін 7309,0 теңге бөлінді, бұл облыстың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының 8,6%-ын (8 жоба) құрады.
Ақтөбе облысында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контент үлесі ұлғаюда, осылай 2012 жылы ол 57%, 2013 жылы - 58%, ал 2014 жылы – 58,2% құрады.
Электрондық БАҚ-нда («Қазақстан-Ақтөбе», «Рика-ТВ», «Ақтөбе Радио»), соның ішінде техникалық материалдар, бейнесюжеттер, мақалалар (облыстық - «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Керек-инфо», «Диапазон», «Эврика», республикалық - «Ана тілі» «Егемен Қазақстан») бойынша, телевизияда, соның ішінде әр түрлі жас топтары үшін (балалар, жастар) мемлекеттік тілді дәріптеу үлкен жұмыс жүргізілуде. Ұлтаралық келісім тілі ретінде мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында, іс жүргізу үшін сондай-ақ тұрақты негізде телевизиялық жобалар жүзеге асырылып жатыр (2012 ж. – 8 жоба, 2013 ж. – 6 жоба, 2014 ж. – 7 жоба).
Ақтөбе облысы бойынша ономастика саласындағы қызметте шешім қабылдау қызметінің ашықтық және талқылауға қоғамдық қолжетімділік қағидаттарынын сақтау мақсатында сәйкесінше тақырыптар бойынша ақпараттық, танымдық, ғылыми-зерттеу талдаулары жүргізіледі. Басқарма тарапынан жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес респонденттердің 63,1%-ы (немесе 73%) облыста жүргізілетін ономастикалық жұмыстарға оң нәтиже берді.
Мемлекеттік тілді білетін басқа ұлттардың үлесі, әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, 2012 және 2013 жылдары - 21,3%, 2014 жылы 33,1% құрады. Ағылшын тілін білетін халық үлесі (2014 жылға қарай - l0%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%).
Оқу орындары, жалпы, білім беру жүйесі өз кезегінен тілдерді және тіл мәдениетін дамытуды қалыптастыру негізі болып табылатын тіл саясатын іске асыру бойынша қызметтің маңызды салаларының бірі болып табылады. Қазақ тілінде тәрбие беретін бала бақшалар үлесі 2014-2015 оқу жылында 72 % құрады. Бала бақшаға баратын барлық балалардың 86 % ұлты қазақ, олардың 81 % қазақ тілінде тәрбиеленеді. Облыстың барлық мектептерінің 64 % - қазақ тілінде білім беретін мектептер, барлық балалардың 87 % ұлты қазақ, 76 % қазақ тілінде білім алады. Соңғы уақытта облыста енгізіліп жатқан оқыту-білім беру орындарының барлығы, білім беру ұйымдары қазақ тілінде білім және тәрбие береді.
Ішкі саясат
Ішкі саясат саласындағы басты бағыт - облыста қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, облыс тұрғындары арасында әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуға, облыста ақпараттық кеңістік бәсекелестігін көтеруге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу.
Наразылық тудыратын шараларды болжау және алдын алу бойынша қажетті басқару шешімдерін қабылдау мақсатында облыста қоғамдық-саяси ахуалға тұрақты түрде талдау жүргізіліп отырады.
Аналитикалық қызмет «Сана» және «Батыс-Мониторинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен бірлесе жүзеге асырылады.
Зерттеулердің аналитикалық есептері қажетті басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі органдарға беріледі.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері сұралған азаматтардың басым көпшілігінің (85-87 %) қоғамдық – саяси ахуалды тұрақты деп бағалайтынын байқатты (Соңғы бірнеше жылда бағалауда көп алшақтық байқалмайды).
Бүгінгі күні облыста қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты.
Келесі шиеленісті сұрақтар ерекше бақылауда: еңбекқатынастары, экологиялық проблемалар, қажетті заттарға баға, діни ахуал және т.б
Өңірде қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыруда барлық азаматтық қоғам институттарымен конструктивтік диалогты дамыту өз септігін тигізеді.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы диалог алаңдарының, консультативтік органдардың саны
Жылдар
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Құрылған және қызмет жасап жатырған диалог алаңдарының саны
|
19
|
28
|
28
|
Облыста 6 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс жасайды, олармен тығыз байланыс орнатылған.
2009 жылдан бастап Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы жанынан қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік келіспеушіліктің алдын алу мақсатында арнайы құрылған қоғамдық-саяси Кеңес жұмыс жасауда. Кеңес отырысы барысында облыстағы барлық саяси құрылымның пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, сонымен қатар туындаған проблемалы сұрақтарды дер кезінде шешудің жолдары қарастырылады.
Облыста 100-ге жуық үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды. Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың Кеңесі мен комиссия жұмысына белсене қатысып, әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізеді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асырады.
ҮЕҰ саны мен өсу деңгейі
Жылдар
|
Әділет органдарында тіркелген ҮЕҰ саны
|
Қызметтегі ҮЕҰ саны
|
2014 жыл
|
357
|
96
|
2015 жыл
|
360
|
102
| Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңесі жұмыс жасайды.
Мемлекеттік орган мен ҮЕҰ қарым-қатынасының негізгі формасы мемлекетік әлеуметтік тапысырысты жүзеге асыру болып табылады.
2015 жылы мемлекетік әлеуметтік тапысырысты жүзеге асыру мақсатында 125 448,0 тенге қаражат бөлінді, лоттар саны - 85.
Мемлекетік әлеуметтік тапысырысты орындауда салалық принципті кеңейту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Егер 2010 жылы әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырушы басқармалар саны 3 болса, бүгінгі күні - 8 басқарма (Ішкі саясат басқармасы, жастар мәселесі бойынша, Мәдениет, мұрағат және құжаттама, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, тілдерді дамыту бойынша, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, дін істері бойынша, денсаулық сақтау) сондай ақ Ақтөбе қаласы және аудан әкімдіктері үнемі ҮЕҰ қарым қатынас жасап және де мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асырады.
Басқарма тарапынан ауылдық жерлерде ҮЕҰ дамытуға ерекше көңіл аударылуда.
Ауылдық жерлерде ҮЕҰ дамыту
Жылдар
|
Тіркелген ауылдық ҮЕҰ саны
|
2013 жыл
|
25
|
2014 жыл
|
33
|
2015 жыл
|
45
|
Облыстың үкіметтік емес ұйымдары түрлі саладағы әлеуметтік проблемаларды және даулы сұрақтарды шешуде белсенділік танытуда.
2015 жылы Ақтөбе облысы аумағында 59 БАҚ тіркелген.
Облыста тіркелген БАҚ
|
№
|
Жылдар
|
2014
|
2015
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
58
|
59
|
|
газеттер
|
38
|
36
|
|
журналдар
|
12
|
14
|
|
Электрондық БАҚ: телевидение,
радио,
информагентство
|
8
5
3
-
|
9
5
3
1
|
Танымал БАҚ – тар мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға тартылған.
БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың көлемі
|
Жылдар
|
2014
|
2015
|
БАРЛЫҒЫ
|
276853,0
|
275843,0
|
газеттер
|
142000,0
|
127000,0
|
Телевидение,радио, информагентство
|
121000,0
|
129802,0
|
журналдар
|
10000,0
|
14000,0
|
Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басымдық танытатын бағыт - шалғайдағы елді мекендерді Ұлттық цифралық телехабар тарату қызметімен барынша қамту
«OTAU TV» абоненттерінің өсу динамикасы
(спутниктік ТВ)
(2011-2015 ж.)
Жылдар
|
Абоненттер саны
|
2011 жыл
|
7 785
|
2012 жыл
|
22 641
|
2013 жыл
|
42 214
|
2014 жыл
|
47372
|
2015 жыл
|
63817
|
ҚР Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауын, Елбасының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Реформалар бағыты мен мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын түсіндіру арнайы ақпараттық топтар арқылы жүргізіледі.
Жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қорытындылары аталған жұмыстың тиімділігін байқатты.
Жыл сайын ҚР Президентінің жылдағы Жолдау туралы ақпараттанған респонденттер санының өскенін көрсетеді. Егер 2014 жылы тұрғындардың 74% Жолдаумен таныс болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 89 % өсті.
2016 – 2020 жылдарға арналған міндеттер - Қоғамдық-саяси ахуалға талдауды жетілдіру; ауылдық жерлерде ҮЕҰ дамыту; ҮЕҰ арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру кезінде салалық принципті кеңейту; ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және қазақстандық сандық спутниктік телеарналарды тарату бойынша «OTAUTV» жұмыстарды белсенді түрде жүргізу.
Дін істері жөніндегі басқарма жанынан «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған, оның қызметі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және халықтың діни сауаттылығын көтеруге бағытталған. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында кешенді кең ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Жастар саясаты
Ақтөбе облысында 233,7 мың жастар өмір сүреді, олар облыс халқының 30%-ын құрайды. Олардың ішінде: қала жастары - 149,1 мың адам, ауыл жастары – 88,8 мың адам.
Жастардың қызығушылығын ілгерілетудің негізгі тетігі жастар қоғамдық бірлестіктері болып табылады. «Молодежь» ҒЗО деректері бойынша, 2014 жылдың басында облыста 39 жастар ұйымы (ЖҰ) қызмет етті, салыстырар болсақ, 2012 жылы 28 ЖҰ қызмет етті. 2012 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта ЖҰ-на қатысушы жастар үлесі 2 т.т. ұлғайды және 2014 жылы 29 % құрады. Жастар саясатын қаржыландыру көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 13,6 млн. теңгеге ұлғайтылды және 2014 жылы 197,3 млн. теңгені құрады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 27,2 млн. теңге қаржыландырылды, 35 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды, олардың ішінде 22 жоба облыс аудандарында жүзеге асырылды.
48-кесте – 2010-2014 жылдар үшін жергілікті жер типі бойынша жастар (15-28 жастағы) еңбегі нарығының негізгі индикаторлары, мың адам
Жыл
|
2012
|
2013
|
2014
|
Жергілікті жер ндикаторы/типі
|
Қала
|
Ауыл
|
Қала
|
Ауыл
|
Қала
|
Ауыл
|
Экономикалық беленді халық
|
59,4
|
37,7
|
72,9
|
35,4
|
69,5
|
43,6
|
Жұмыссыз халық
|
3,1
|
1,5
|
3,0
|
0,5
|
2,9
|
0,7
|
Жастар жұмыссыздығының деңгейі (%)
|
5,2
|
4,0
|
4,1
|
1,4
|
4,1
|
1,5
|
Экономикалық беленді емес халық
|
52,5
|
33,6
|
49,5
|
31,5
|
50,3
|
27,6
|
Мәлімет көзі: ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша
Жастар жұмыссыздығы бойынша талдау қолайлы бейнені көрсетеді(48-ші кесте). 2014 жылы жастар жұмыссыздығы облыста 3,2% құрады (орташа республикалық деңгей – 4,2%), сонымен бірге қалалық жердегі жұмыссыздық ауылдық жердегіге қарағанда айтарлықтай жоғары болды. Жалпы 2010 жылдан 2015 жылға дейін жастар жұмыссыздығының деңгейі төмендеді.
23-сурет – 2010-2014 жж. Ақтөбе облысындағы
NEET жастар үлесі (15-28 жас), %
Алайда 2013-2014 жылы оқудан өтпейтін және жұмысқа тұрмаған белсенді емес жастардың 8%-ға дейін өсуі байқалды (орташа республикалық деңгей - 8,8%). Әлемдік тәжірибеде ұзақ уақыт бойына жұмысқа тұрмаған белсенді емес жастар әлеуметтік шиенеліс көзі болып табылады. ЕО, Ұлыбритания және Канада елдері еңбек нарығында белсенді емес жатарды кіріктірудің әр түрлі бағдарламаларын ұсынады. Осылайша, Ұлыбританияда 2012 жылдан 2014 жылға дейін «Жастар келісімшарты» қызмет етті, онда жұмыс берушілер белсенді емес жас адамды жұмысқа тұрғызуға субсидия алды. Бағдарлама қорытындысы бойынша ертеректе белсенді емес 100 мыңнан астам жастар жұмысқа тұрғызылды.
Жастар ортасындағы көптеген тәуекелдер мен проблемалар мүдделі мемлекеттік органдардың белсенді қатысуымен кешенді түрде шешілуі тиіс. Жастармен атаулы жұмыс тетіктерін құру және оларды тұрғылықты жері, оқу және жұмыс орны бойынша жер-жерде қамту мақсатында барлық аудандарда және қалада жастар үшін ресурстық орталықтар құрылған. 2014 жылы ЖРО-на әр түрлі консультациялар үшін 4000-ға жуық жастар жүгінді. Олардың ішінде 474 жасқа психологиялық-педагогикалық, 2828 әлеуметтік-медициналық және 311 заң көмегі көрсетілді, 484 жас жұмысқа тұрғызылды.
Жастар саясатын қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғаяды. Бұл әлеуметтік маңызы бар жобаларлың көп бөлігін қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осыған байланысты жастар саясатын мемлекеттік қаржыландыруды жалғастыруды, сондай-ақ қаржыландыру көздерін әртараптандыруды көздеу қажет (жеке, ҮЕҰ, КЕҰ және басқалар).
Облыстың әлеуметтік саласын SWOT-талдау
Күшті жақтары (S)
|
Мүмкіндіктері (O)
|
- Мектепке дейінгі білім беру орындары педагогикалық қызметкерлер білімінің жоғары деңгейі.
- Жеке бала бақшаларда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс енгізу.
- Туылудың жыл сайын өсуі жағдайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын балалар санының тұрақтануы.
- Денсаулық сақтауға енгізілетін жоғары технологиялар, ең жаңа медициналық аппараттарды пайдалану, шетелде медицина мамандарын оқыту және даярлау, жаңа қаржыландыру жүйесіне ауысу және медициналық көмек көрсету салдарынан денсаулық сақтау саласында көрсеткіштердің айтарлықтай жасқаруына қол жеткізілді
- Жұмысқа орналасумен байланысты жағдайдың тұрақтылығы.
- Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын барлық жастағы халықтың қамтылуын арттыру.
- Жоғары рекреациялық және туристік әлеует
|
- Халықтың күтілетін өмір сүру жасының ұзақтығын арттыру.
- Қағазбен кертарпта жұмысты тоқтатуға алып келетін БАДЖ жүйесін енгізумен байланысты мәселені жылдам шешуде (компьютерлік бағдарламаларды жетілдіру және науқастың электрондық карточкасын енгізу) көрсетілетін медициналық көмек сапасы артып (кезекте тұру мәселесі шешіледі), көп сұрақтар жылдам шешілетін еді.
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жаңа түрлерін дамыту: балаларды дамыту орталықтары, отбасылық, жеке, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарынан шағын бала бақшаларды, балаларды дамытудың тереңдетілген бағыттарымен бала бақшаларды ашу және басқасы.
- Мүмкіндігі шектеулі, инклюзивтік біліммен қамтылған балалардың жұмыс орындарын арнайы жабдықпен жарақтау үшін қосымша бюджеттік қаражат бөлу.
- Әлеуметтік көмек алушылардың санын азайту.
- Мәдениет мекемелеріне республикалық бюджетен мәдениет объектілерін салуға және жөндеуге қосымша қаражат бөлу
- Жаттықтыру-оқыту кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау
- «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің жұмыс істеуі салдарынан туризмді дамыту
- Мемлекеттік тілдің коммуникативтік жұмысының деңгейін арттыру
|
Әлсіз жақтары (W)
|
Қауіптер (T)
|
- Соңғы алты жылда теріс көші-қон сальдосы сақталып келеді
- Ақтөбе қ. мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың орындармен қамтылуының төмендігі
- Жұмыс өтелімі 15 жыл және одан артық педагогикалық қызметкерлердің жоғары үлесі.
- Педагогикалық қызметкерлер біліктілігінің білім беру бағдарламаларының талаптарына жеткілікті дәрежеде сәйкес келмеуі
- Облыста апаттық жағдайдағы мектептердің және үш ауысымда оқитын мектептердің болу проблемасы аяғына дейін шешілмеген
- Денсаулық сақтау саласында облыс аумағының үлкендігі, шағын елді мекендердің аумақта шашыраңқылығы, олардың көпшілігіне жолдың болмауы (әсіресе, қысқы мезгілде) жұмысты қиындатады.
- Дәрігер кадрларының, әсіресе, шағын аудандарда тапшылығы
- Ауылдық жерлерде жұмыс орындарының болмауымен байланысты жұмыспен қамтудың қиындығы.
- Халықтың ақшалай табысының төмен деңгейі.
- Өңірдің мәдениет және өнер саласында материалдық-техникалық базаның әлсіз қамтамасыз етілуі
- Өңірдің мәдениет және өнер ұйымдарында кәсіби мамандардың кадрлық жетіспеушілігі.
- Ауылдық жерлерде спорт және дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттар желісі жеткіліксіз болып келеді, нашар жабдықталған, сапасы төмен.
- Туристік, көлік және сервис инфрақұрылымының төмен сапасы
- Көрнекі ақпаратта, халыққа қызмет көрсету салаларында, банктерде, көлікте, бизнесте және т.б. мемлекеттік тілдің талап етілу деңгейінің төмендігі
|
- Мүмкіндігі шектеулі және денсаулығы әлсіз балалар үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары желісінің жеткілікті дамымауы.
- Демографиялық және көші-қон процестері салдарынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орындардың жетіспеуі.
- Жұмысқа орналастырылмаған белсенді емес жастар санының өсуі қоғамда әлеуметтік шиеленісті тудыра алады
- Созылып кеткен әлемдік экономикалық дағдарыс, қуат тасушыларына бағалардың құлдырауы, Таяу Шығыста және Украинада созылып кеткен саяси даулар және басқа да көптеген жағдайлар «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін шешуге теріс әсер ете алады.
- Мекемелердің қаржыландырылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетінімен байланысты мәдениет объектілерінің жеке ғимараттармен қамтылудың төмендігі
- Инфрақұрылымның дамымағандығымен байланысты туристік тартымдылықтың төмендеуі.
|
«Әлеуметтік сала» бағыты бойынша проблемалар
Демографиялық әлеует проблемалар:
- соңғы алты жылда теріс көші-қон сальдосы сақталып келеді. Өңіраралық көші-қон төмен жалақы деңгейімен және өмір сүру үшін әлдеқайда қолайлы жағдайлармен, өңірден тыс жаңа мүмкіндіктермен негізделген. Көші-қон ағынында негізгі үлеске еңбекке жарамды жастағы халықтың көші-қоны ие.
- көші-қон шығындары нәтижесінде Ақтөбе облысының еңбек ресурстарының сандық құрамы ғана емес, «білікті кадрлардың кетуі» сандық құрамы да азаяды.
- облыстың кейбір аудандарында туылу көрсеткіштерінің төмендеуі.
Білім беру саласындағы проблемалар:
- Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда орындармен қамтылуының төмен деңгейі (облыс бойынша жалпы тапшылықтың 79%);
- Мектепке дейінгі жастаға балалардың барлығының бірдей мектепке дайындалуға тең бастапқы мүмкіндіктер жоқ (1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 36,6 пайызы МДҰ-ға бармайды).
- Ақтөбе қаласының балабақшаларында мектепалды топтардың нормативтік толықтырылуының асып кетуі.
- 3 жасқа дейінгі балалар үшін отбасылық тәрбиені қолдау бағдарламалары мен орталықтардың болмауы.
- Қызметтер көрсететін мемлекеттік емес балабақшалар желісі, жекеменшік-мемлекеттік серіктестік нысандар жеткіліксіз дамыған (әсіресе - концессия).
- Жұмыс өтілі 15 жыл және одан жоғары педагог кадрлардың жоғары үлесі.
- Педагог қызметкерлер біліктілігінің қазіргі заманғы білім беру бағдарламалары талаптарына жеткіліксіз сәйкестігі. Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысшыларына, әсіресе шағын орталықтардың жұмысшыларына төмен біліктілік талабы;
- облыста апаттық және үш ауысымды білім беру мектептерінің проблемасы соңына дейін жойылған жоқ.
- 10 ауданның және Ақтөбе қ. мүмкіндігі шектеулі балалары 11 психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету кабинеттерінде түзету қолдауын алады. Алайда бүгінгі күні Мартөк және Ырғыз аудандарында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жоқ.
- инклюзивті білім беру жүйесінің әлсіз материалдық-техникалық базасы, инклюзивті білім берумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыс орындарының арнайы жабдықтармен жеткіліксіз жабдықталуы (арнайы парталар, оқу жабдықтары, электрондық оқыту бағдарламалары және т.б.).
Денсаулық сақтау саласының проблемалары:
Біріншіден, облыс аумағының ауқымдығы (300,4 мың шаршы км), аймақ бойынша ұсақ елді мекендердің бытыраңқылығы, олардың көбінде жолдар болмауы (әсіресе, қыс кезінде) жұмысты қиындатады.
Мысалы, Шалқар ауданында Бозой және Қараторғай елді мекендері, Байғанин ауданында Оймауыт және Дияр елді мекендері 150-230 км орналасқан, Ырғыз ауданының Нұра және Құйылыс елді мекендері аудан орталығынан 100-130 км шалғай орналасқан, бұл ретте оларға жету үшін дұрыс жол жоқ.
Екіншіден, елдің басым бөлігінің менталитеті бірқатар жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырғанда байқалады (салауатты тамақтану, салауатты өмір салты). Сонымен бірге ортаазиялық республикалардан оралмандар ағыны, салафиттік түсініктегі исламды уағыздайтындар санының артуы профилактикалық екпелерден, бірінші кезекте балалар арасында, бас тартулар санын ұлғайтты.
Халық арасында үнемі профилактикалық және түсіндіру жұмысын жүргізгенге қарамастан, байқалып отырған әсер шамалы.
Үшіншіден, өңірде, әсіресе шалғай аудандарда, дәрігер кадрлардың тапшылығы орын алған. Соңғы деректер бойынша, облыста 94 дәрігер жетіспейді. Сонымен бірге қоса атқарушылық есебінен (кейбір аудандарда мөлшерлемелер мен жеке тұлға дәрігерлердің арақатынасы 1,5 коэффициенттен асады) жасырын кадр тапшылығы есепке алынбайды. Сондай-ақ бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің 20%-ы зейнеткерлер және 10-15% зейнеткерлік жас алдындағы дәрігерлер.
Бұдан басқа неше жылдан бері Облыстық 300 төсе-орындық туберкулезге қарсы диспансер ғимаратының, 60 төсек-орындық Офтальмологиялық аурухана (бөлімше), әрқайсысы 500 келушіге арналған 2 қалалық емхана (Ақтөбе-сити және Батыс-2 ықшам аудандарында), ауысымда 500 келушіге арналған Қалалық балалар стомотологиялық емханасы, Ақтөбе қ. 3-қосалқы станциясы, гаражы мен жөндеу базасы бар жедел жәрдем станциясы ның құрылысы шешімін таппай отыр.
Жалақы төлеу және жұмыспен қамту проблемалары:
экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы төлеу құрылымындағы сәйкессіздік, бұл еңбек нарығында белгілі бір мамандықтар тартымдылығының төмендеуіне алып келеді;
жұмыс орындарының болмауымен байланысты ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуда қиындықтар.
Мәдениет және мұрағат саланың проблемалары:
Бүгінгі күні саланы дамытуда ең өзекті проблема – мәдениет және өнер ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, оның ішінде ғимараттардың жетіспеушілігі, олардың өзіндік дербес ғимаратпен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі. Мысалы, облыстың 36 тіректі елді мекенінің 2 елді мекенінде – Мәртөк ауданы Хлебодаровка және Хромтау ауданы Көктау ауылдарындағы мәдениет нысандарына, облыстың жалғыз моноқаласы Хромтауда аудандық Мәдениет үйіне жарамды ғимараттар болмай отыр. Қобда және Әйтеке би аудандық кітапханаларының, Алға, Қобда, Хромтау, Мәртөк аудандық музейлерінің де өз алдына дербесғимараттары жоқ.
Қазіргі таңда облыстық тарихи- өлкетану музейі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, музей аумағында әкімшілік ғимаратын салу жоспарланған. Алайда мұның бәрі уақытша іс –шаралар, пайдалануға берілгеніне 45 жыл болған өте тар, ескірген музей ғимараты оның бүгінгі күн талабына сай жұмыс жасауына жағдай мен мүмкіндік бермей, өзекті де түйінді мәселеге айналуда. Сол себепті жуық арада Хромтау қаласында аудандық мәдениет Үйі, кітапхана, мұражай топтасқан мәдени-сауықтыру орталығы құрылысын және 400 мың адамнан артық халқы бар, еліміздің 4 мегаполисінің бірі болып есептелетін облыс орталығы – Ақтөбе қаласында 1500 және 800 адамдық 2 көрермен залы бар облыстық қазақ драма театры мен облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимараттарының құрылысын жүргізу қажет етіледі.
облыс бойынша, әсіресе, ауылдық жерде және аудан орталықтарында мәдениет объектілері кітапхана жүйесін жаңартуды және кітапхана қорын толықтыруды, ауылдық клубтардың және Мәдениет үйлерінің базасын жақсартуды қажетсінеді. Қазіргі уақытта облыс бойынша 239 мемлекеттік кітапханының 91-інде автоматтандырылған ақпараттық-кітапхана желісі (РАБИС) орнатылған, бұл 38% қамтуға сәйкес келеді. Ауылдық аудандардың РАБИС жүйесімен төмен қамтылуы Интернет желісіне қосылған телефондар мен компьютерлердің жетіспеушілігімен шартталған. Соңғы үш жылда орташа алғанда кітапхана қорын жаңарту тек 1,9-2%-ға өскен.
Облыс аудандарында кітапхана қорын толықтыру және қазақ тілінде жаңа кітаптар мен әдебиет сатып алу үшін қаржылай қаражат жеткіліксіз.
облыс бойынша, әсіресе елдікемендік, ауылдық клубтарда мәдениет мекемелерінің қажетті сцена жабдығымен, құралдармен және т.б. қамтамасыз етілуі төмен деңгейде. Барлық аудандық Мәдениет үйлері сапалы қуатты дыбыс аппаратурасымен және жеке автокөлікпен қамтамасыз етуді қажетсінеді.
Облыстың маңызды ұлттық республикадық тарихи-мәдени ескерткіштері республикалық бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіруді, консервілеуді және қорғауды қажет етеді. Мысалы, осы ескерткіштер бойынша қалпына келтіру шаралары соңғы үш жылда іске асырылмаған.
Өңірдің мәдениет және өнер ұйымдарында кәсіби мамандардың кадрлық жетіспеушілігі белгіленеді. Мысалы, облыстық драма театрына кәсіби актерлер мен режиссер және Г. Жұбанов атындағы облыстық филармонияға үрмелі құралдарда және скрипкада ойнайтын музыкант керек.
көптеген мұрағаттардың қоймалары толық жүктелген және ұйымдардан құжаттар қабылдауға қабілетсіз, бұл бағалы тарихи көздерді жоғалтуға әкелуі мүмкін. Мұрағат қоймаларының жүктелуі бүгінгі күні 86,8% құрайды. Облыстық мұрағат филиалдары және аудандық мұрағаттар бейімделген ғимараттарда және орынжайларда орналасқан. Олардың ішінде 2-і (облыстық мұрағаттың Қобда және Шалқар филиалдары) апаттық күйде. Бірқатар мұрағаттардың жүктелу дәрежесі сындарлы: «Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ - 107%, облыстық мұрағаттың Қобда филиалы - 100%, Шалқар филиалы - 100%, Алға ауданының аудандық мұрағаты - 123%, Қарғалы ауданы - 95%, Мартөк ауданы - 100%, Ойыл ауданы - 70%, Хромтау ауданы - 98%.
Ақтөбе қ. жеке құрам бойынша мемлекеттік мұрағат құру қажеттілігі. 1997 жойылған осы мұрағат құжаттары 98,3 мың сақтау бірлігі көлемінде облыстық мұрағат сақтауында. Осы мәселені шешу облыстық мұрағаттың мұрағат қоймаларының ауданын және оның жұмысшыларын елеусіз босатуға мүмкіндік берер еді, олар бүгінгі күні тек анықтамалық жұмыспен айналысуда, ал басқа қызмет түрлеріне (каталогтеу, құжат құндылығының сараптау, автоматтандыру, ерекше құнды құжаттарды бөліп шығару және т.б.) жұмыс уақыты жетіспейді.
Облыстың мұрағат мекемелерінің кадрлық қамтамасыз етілуі бүгінгі күні ерекше назарды талап етеді. Сақталатын мемлекеттік мұрағат құжаттарының өсіп келе жатқан көлемі мен мұрағат саласының қолданыстағы кадрлық әлеуеті арасында сәйкессіздік орын алған. Осы проблеманы шешу үшін облыстың мемлекеттік мұрағаттарының штаттарын мұрағаттанушылармен толықтыру қажет.
Дене шынықтыру және спортты дамыту проблемалары:
Ауылдық жердегі спорттық және дене-нышықтыру-сауықтыру ғимараттарының желісі жеткіліксіз көлемімен, нашар жарақтандырылуымен, төмен сапасымен сипатталады.
Теріс тұсына аудандарда халықтың бассейнмен әлсіз қамтамасыз етілуін жатқызуға болады, Алға, Хромтау аудандарынан басқа облыстың өзге аудандарында бассейндер жоқ.
Білікті мамандардың жетіспеушілігі жеңіл атлетикада, қысқы спорт түрлерінде, гимнастикада, жүзуде, үлкен теннисте, семсерлесуде байқалады.
Темір ауданының Кенқияқ ауылында, Әйтеке би ауданының Комсомол ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған дербес, тәуелсіз спорт мектебін ашу қажет.
Өңір үшін спорттың тапшы түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылар құрамының штаттық бірлігін ұлғайту талап етілуде (теннис, шорт-трек, конькимен сырғанау спорты, жүзу, велоспорт).
Спорт инвентарінің және жабдығының жетіспеушілігі сезіледі, әсіресе ауылдық жерде.
Ұлттық құрама құрамына Ақтөбе облысынан спортшылардың аз саны енеді.
Туризм саласыныі проблемалары:
- Ақтөбе облысындағы туристік саланы дамытудың негізі проблемасы туристік және көлік инфрақұрылымының сапасы болып табылады, әсіресе облыстың алшақ орналасқан аудандарында. Осылай 2014 жылы көрсетілген қызметтер көлемінің 90% астамы теңгеде Ақтөбе қаласына келеді. Облыстың қалған аудандарының туристік салаға үлесі шамалы. Бұл жолдардың нашар жағдайынан және бару жолдарының жоқ болуынан облыстың қорымдарының, кесенелерінің және өзге көрікті жерлерінің қол жетпестігіне ішінара байланысты. Сондай-ақ қонақ үйлер, жол бойындағы дәмханалар және басқа туристік инфрақұрылым объектілер санының және жоғары сапасының жеткіліксіздігі байқалады.
- ITFA туристік көрмесі Ақтөбе қаласына барлық Қазақстаннан және мүмкін басқа елдерден турбизнес өкілдерінің келуін болжайды, алайда бұл шаралар жағымды имиджін қалыптастыру мен өңірдің туристік әлеуетін насихаттау үшін жеткіліксіз, өңірдің ісіне қатысу және оны жарнамалау, облыс пен елдің шетінен тыс басқа көрмелерде тәжірибе алмасу және Қазақстанның делегациясымен бірлесіп инвесторларды іздестіру қажет.
Үш тілді дамыту проблемалары:
Көрнекі ақпаратта, халыққа қызмет көрсету салаларында, банктерде, көлікте, бизнесте және т.б. мемлекеттік тілдің талап етілуінің төмендеуі.
Әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу нәтижелері респонденттердің мемлекеттік тілдегі жарнама тіліне қанағаттануының төмендеуін көрсетеді (әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу нәтижелері бойынша сыртқы жарнамаға қанағаттанған респонденттер үлесі 52% құрады).
Ішкі саясат проблемалары:
Ішкі саясаттың маңызды бағыттары: өңірдегі ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, елде және облыста жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды идеологиялық қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты тиімді ақпараттық сүйемелдеу болып табылады.
Жастар саясаты проблемалары:
Облыстың жастар саясатының тәуекелдері мен проблемалары арасында келесіні көрсетуге болады:
сапалы білім алу, еңбекпен қамту, баспанамен қамту проблемалары;
жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа тұрғызу;
жас отбасылар мен жастарды баспанамен қамту қажеттілігі сақталуда;
аймақтағы жатақхана ЖОО-орындардың жетіспеушілігі (Ақтөбе қ. 9 студенттік жатақханасында 3909 студент тұрады (22%). Жұргізілген мониторинг барысында жалпы жатақхана қажет ететін студентердің ішінен 58%- ті).
Достарыңызбен бөлісу: |