Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18



жүктеу 8,13 Mb.
бет1/21
Дата07.12.2017
өлшемі8,13 Mb.
#3484
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Жоба

Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған

аумақты дамыту бағдарламасы

Ақтөбе, 2015



Мазмұны

Өнеркәсіп 11

Агроөнеркәсіптік кешен 18

Шағын және орта бизнес, сауда 29

Өңіраралық ынтымақтастық 32

Инвестициялар және инновациялар 37

Сыртқы сауда 42

Аумақтық-кеңістіктік дамыту 45

«Экономика» бағыты бойынша проблемалар 52

БАҒЫТЫ: Әлеуметтік сала 58

Демографиялық әлеует 58

Білім беру 59

Денсаулық сақтау 66

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 71

Дене шынықтыру және спорт 75

Туризм 77

Үш тілді дамыту 80

Жастар саясаты 86

«Әлеуметтік сала» бағыты бойынша проблемалар 88

БАҒЫТ: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп 93

БАҒЫТ: Инфрақұрылым 102

Байланыс және коммуникациялар 102

Сәулет және қала құрылысы 103

Құрылыс 104

Жолдар және көлік 107

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 112

«Инфраструктура» бағыты бойынша проблемалар: 120

БАҒЫТЫ: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 126

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша проблемалар: 134





  1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ




Атауы

Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз


«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамалары



Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың аумағы 300,6 мың ш.м., бұл мемлекет аумағының 11%-ын құрайды. Облыс бойынша халықтың тығыздығы орташа есеппен аумақтың 1 км2-ге 2,7 адамды құрайды. Қазақстанның алты облысымен (Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары), сонымен қатар солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономиялық облысымен шектеседі. Облыс халқы 822,5 мың адамды санайды (2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша).

Ақтөбе облысы Қазақстанның индустриялық дамыған өңірі болып табылады. Өңір экономикасының негізгі бағыты – өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі.



Бағыттары

- Экономика

- Әлеуметтік сала

- Қоғамдық құрлым және құқықтық тәртіп

- Инфрақұрылым

- Экология және жер ресурстары

- Мемлекеттік қызметтер



Бағдарлама мақсаттары

  • Жалпы өңірлік өнім деңгейін жоғарлату және экономиканың базалық секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Өңдеу өнеркәсібінің өнім шығарылымын арттыру және саланың еңбек өнімділігін арттыру;

  • Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту;

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;

  • Өңіраралық қарымқатынастық байланыстың белсенділігін арттыру және басқа өңірлерге жөнелтілген өнеркәсіп өнімі көлемін арттыру;

  • Өңірде инвестициялық климатты жақсарту, капитал салуға жағдай жасау;

  • Білім беру сапасын, қолжетімділігін жақсарту және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту;

  • Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету;

  • Мәдениет және өнер саласының таралуын арттыру;

  • Халықтың физикалық белсенділігін қалыптастыру;

  • Ақтөбе облысының туристік әлеуетін іске асыру;

  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген ересек халық үлесін арттыру;

  • Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Байланыс инфрақұрылымын дамыту және халықтың цифрлық сауатылығын арттыру;

  • Құрылыс саласының тиімді дамуына ықпал ету және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;

  • Көліктік инфрақұрылымды дамыту;

  • Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету;

  • Экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

  • Ауыл шаруашылық айналымға тартылған жерлер үлесін арттыру үшін қажетті жағдай жасау;

  • Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Нысаналы индикаторлар

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі.

Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі .

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі.

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі.

Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі.

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі.

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі.

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту.

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны.

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту.

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training)

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі.

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету.

1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін төмендету.

Жұмыссыздық деңгейі.

Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға оқиғалардың жиілік коэффициенті.

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны; кітапханаға келушілер,театрға келушілер, концерттік ұйымдарға келушілер, мұражайларға келушілер.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер)

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі.

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы.

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету.

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі.

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі.

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету.

Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі.

Пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту.

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру (БК бойынша барлығы 83).



Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаттары, қарыз қаражаттары.

Қаржыландыру көлемдері:

2016 жыл –млн. теңге

2017 жыл –млн. теңге

2018 жыл –млн. теңге

2019 жыл –млн. теңге

2020 жыл –млн. теңге

Барлығы: млн. теңге


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Ақтөбе облысы Қазақстанның индустриялық дамыған өңірі болып табылады. Ақтөбе облысының жер қойнауында пайдалы қазбалардың мол қоры орналасқан, оның салдарынан өңірде тау-кен өндірісі, өңдеу, химия өнеркәсіптері, ферроқорытпа өндірісі және т.с.с. дамуын тапты.

Аумағы және халқы. Ақтөбе облысы Қазақстанның облыс аумағының көлемі бойынша екінші болып табылады. Өңір әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша 12 ауданға, 142 ауылдық округке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала орналасқан, олардың ішінде: 7 шағын қала (Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі) және Ақтөбе қаласы, сондай-ақ 372 ауылдық елді мекен.

Облыс халқының саны 2015 жылдың 1 қазанына ҚР Статистика комитетінің деректері бойынша 831,3 мың адамды құрды.



Ақтөбе облысының экономикалық әлеуеті.

Облыс Батыс Қазақстан және Атырау облыстарымен шектеседі. Осы облыстардың мамандануы тау-кен өндіру өнеркәсібі болып табылатындығын ескере отырып, мұнай-газ саласы үшін мұнай өнімдерін, химия өнеркәсібі, машина жасау жабдықтарын тасымалдауда ынтымақтасу перспективалары аясында мұнай-химия кластерін жасау әлеуеті жоғары;



  • машина жасауда «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ мұнай өңдеуші өңірлерге өзінің мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарын жеткізіп отырады: Оңтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы, «Актюбрентген» АҚ еліміздің барлық өңірлерін медициналық техникамен жабдықтайды;

  • басқа да металл емес минералдық өнімдер өндірісінде өндірістік қызметті жүзеге асырады: «Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты» АҚ – құбыр өнімдері, «Стройдеталь» ЖШС – бетоннан жасалатын құрылыс конструкциялары, силикат және қыш кірпіш өндіретін кірпіш зауыттары, кеуекті бетоннан жасалатын блоктар: өнімдері көршеліс облыстарға да, еліміздің басқа да өңірлеріне жеткізілетін «Силикат-А» ЖШС, «Базальт» ЖШС, «Экотон-Батыс» ЖШС, «Ситал-2» ЖШС.

  • облыста майлы дақылдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар бар. «Туркуаз Эдибле Ойл Индастриес» ЖШС-те (қазіргі уақытта «Savola foоds CIS» ЖШС) өсімдік майларын тазартатын жаңа цех пайдалануға енгізілген, қазір осы зауыт жылына 80 мың тоннаға дейін өсімдік майын шығара алады, бұл облыстың және өзге де өңірлердің барлық халқының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

  • мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін 27 цех, оның ішінде сүт өңдейтін 12 цех, шұжық өнімдерін өндіретін 10 цех және жартылай дайын ет өнімдерін (тұшпаралар) өндіретін 5 цех жұмыс істейді. Шығарылатын өнімдер облыс ішінде, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына іске асырылады.

Көліктік-транзиттік әлеует:

  • Қазақстан Республикасының алты облысымен шектеседі (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары). Сондай-ақ солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономиялық облысымен шектеседі, осылайша транзиттік әлеуетті дамытады және Қазақстанның басқа да облыстары үшін ресейлік және өзбекстандық нарықтарға шығатын жолды ашады;

  • облыс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық инвестициялық мегажобаны іске асыруға қатысады. Дәліздің жалпы ұзақтығы 8445 км құрайды, оның ішінде Қазақстанның аумағы бойынша - 2787 км. Олардың ішінде, Ақтөбе облысы бойынша 621 километр көлік дәлізі салынатын болады. Осының барлығы облыстың көліктік әлеуетіне оң әсер етеді;

  • өңір аумағында халықаралық маңызы бар 1 әуежай орналасқан. Облыста әуе тасымалдары саласында әуе тасымалдарын және әуе-химия жұмыстарын орындайтын «Еуро-Азия Эйр» АҚ, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ, «Казаэронавигация» РМК, «Эйр-Астана» АҚ, «Рус-Лайн», «СКАТ» авиокомпанияларының филиалдары, сондай-ақ «Аэро» ЖШС әуе кәсіпорындары жұмыс істейді;

  • облыс аумағы бойынша халықаралық маңызы бар 4 жол өтеді: Самараға шығатын М-32, Орынборға шығатын А-24, Орскіге шығатын А-25 және Астраханьға шығатын А-27;

  • дамыған көлік инфрақұрылымы көлік-логистика қызметтерінің даумына мүмкіндік жасайды (жүкті ауыстырып тиейтін терминалдар, қойма қуаттары).

БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА

Өңірлік макроэкономика

2014 жылғы тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемін талдау Қазақстанның барынша және азырақ дамыған облыстары – өңірлері арасындағы айырманың күшейгендігін көрсетеді.

Ақтөбе облысын талдау нәтижелері бойынша орташа дамыған өңірге жатқызуға болады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2012 жылы 1674,7 млрд. теңгені құрған, ал 2014 жылы ЖӨӨ көлемі 1 849,1 млрд. теңгеге дейін өскен. Жалпы, өңірдің ЖӨӨ меншікті салмағы 2012 және 2013 жылдары сәйкесінше 5,5% және 5,3%. 2014 жылы меншікті салмақ 4,8%-ды құрады. Аталған төмендеу республиканың ЖІӨ өңірде орын алды. Ақтөбе облысы Қазақстанның өңірлері арасында 9-орын алады.





РК - 2258,1


1-сурет – Республикалық деңгеймен салыстырғанда Ақтөбе облысындағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті




жүктеу 8,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау