5 сынып 21-сабақ Сабақтың тақырыбы: Шығыс халықтарының музыкалық дәстүрі (жалғасы)
Музыка пәні мұғалімі:
Дуйсенбаева Айнур Төлеубековна
Бүгінгі сабақта: - Үнді халқының музыкалық дәстүрі және
би өнерімен танысасың. - «Үнді », «Қытай », «Жапон » билерінен үзінділер көріп,
бірнеше қимылдарды үйренесің. Қытай, Корея жəне Жапония елдерінің мысалында Шығыс Азия халықтарының би мəдениеті туралы қысқаша мəлімет Қазіргі уақытта бұл елдердің тұрғылықты халқы көп жағынан заманауи сахналық шығыс биінің даму жолдарын белгілейтін хореографиялық дəстүрге бай өте құнды би мұрасына ие. Бұл елдердің би мəдениетінде жалпы жəне тарихи тағдырының ерекшеліктеріне байланысты өзіне тəн өзгешіліктер бар. Шығыс Азия елдерінің ежелде діни салт жораларының элементі түрінде пайда болған би дəстүрі, осы елдер территориясында тұратын халықтардың қоршаған ортасы мен өмір жағдайы, тұрмыс-тіршілігінің əсері арқылы қалыптасқан. Сондықтан, Қытай, Корея жəне Жапонияның би өнерінде буддизм, конфуциандықтың діни дəстүрлерінің орны маңызды болып қана қалмай бүгінге дейін сақталған. Үнді биі – екі мың жылдан астам тарихы бар өте көне өнер. Үнді мифологиясы бойынша, ең алғашқы биші Шива құдай болды деп саналады. Осы аңызда Шива өзінің әртүрлі қимылдардан құралған биімен түпсіз тұңғиықтан мына жарық әлемді жаратты делінеді. Негізі, үнді биі классикалық, тайпалық және халық билері болып үш топқа бөлінеді. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі «Натьяшастра» (II ғасыр) трактатында би негізгі бөлім ретінде ерекше қарастырылады. Осы еңбекте бидің бүкіл қағидалары, қимылдары, кейіпкерлері, тіпті, костюмдеріне дейін қандай болу керек екендігі жазылған. Үнді классикалық биінің 8 стилі бар. Олар: Тамилнаду штатында – Бхаратанатьям, Уттар - Прадеш, Раджастан штаттарында – Катхак, Керала штатында – Катхакали (ерлер биі) және Мохини - аттам (әйелдер биі), Андхра - Прадеш штатында – Кучипуди, Манипур штатында – Манипури, Орисса штатында – Одисси, Ассам штатында – сатрия билері. Бұлардың барлығының орындалу техникасы түрліше болғанымен, философиялық мәні бірдей. Әр стилдің өзінің терең тарихы, өзіндік заңдылықтары бар. Идеялар мен материалдар жина. «Қай халықтың музыкасы?» (музыкалық викторина) Ойын шарты. Оқушылар алдыңғы сабақта танысқан музыкалық үзінділерді жаңадан тыңдап, таныстырылым слайдын немесе бейнежазбаларды қарап, келесі тапсырмаларды орындайды: – әр шығарманың көңіл күйін анықтайды; – шығарма қандай ұлттық аспапта орындалғанын анықтайды; – орындаған аспапты қандай аспаптар тобына (классификация бойынша) жатқызуға болатынын айтқызады; – танысқан шығыс халықтарының аспаптары қазақтың қандай ұлттық аспаптарына ұқсайтынын айтады; – әр оқушы халық аспаптар оркестрін құрамын деп қиялдап, қандай аспаптарды таңдап алуға болатынын айтады. Шығармашылық жұмыс (102-бет). «Шығыс биін үйренейік» Шарты. Оқушылар шығыс халықтардың би бейнежазбаларын көріп, «Үнді биі», «Қытай биі», «Жапон биі» деген топтарға бөлініп, бірнеше қимылдарды үйренеді. Тапсырманы орындап болған соң сыныптастарына: – таныстырылым жасайды; – дайындаған бидің орындалу сапасын өзара бағалайды; – әр оқушы билеу кезінде жасаған сапалық үлесін өзі бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |