Қазақстан Республикасы
Ивестициялар және
даму министрiнiң
2017 жылғы «___» ___________
бұйрығына 1-қосымша
Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы
үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі
үлгілік нұсқаулық
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Осы Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгілік нұсқаулық (бұдан әрі - Үлгілік нұсқаулық) борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшін азаматтық авиация ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптардан тұрады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек үрдісінде денсаулығы мен жұмыс қабілетінің сақталуына бағытталады.
2. Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - бұл оқу, аттестациялау, дербес жұмысқа жіберілу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулау және кәсібі, және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін мерзімді тексеру бойынша өзіне арнайы талаптарды қосатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қосымша талаптар қойылатын кәсіп.
3. Жеке жұмысқа әуе кемесіне арнайы машиналардың келуін (кетуін) басқару құқына куәлігі (бұдан әрі - тасымалдаушының куәлігі) бар 18 жастан жас емес және мынадай:
1) алып өтілетін және тасымалданатын жүктердің атауларын;
2) борттық тамақты тиеудің технологиялық бір ізділігін;
3) борттық тамақты тиеу мен тасымалдау ережелерін;
4) борттық тамағы бар контейнерлерді салу тәсілдерін;
5) жүктерді қолмен алмастыруға жол берілген нормаларды;
6) ұшуларды қамтамасыз ету қызметтерімен (борттық тамақты тиеуге қатысты бөлігіне) өзара әрекеттесу технологиясын;
7) әуе кемелеріне коммерциялық қызмет көрсету кезінде арнайы машиналардың келу (кету) ережесін;
8) қабылдау-тапсыру мен жолдау құжаттарын ресімдеу тәртібін;
9) алғашқы көмекті көрсете және дәрігерлік дәріханашықты пайдалана алуды білетін тасымалдаушылар жіберіледі.
4. Тасымалдаушы біліктілігі мен жұмыс өтіліне қарамастан өз уақытында және толық көлемде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаулардың барлық түрлерінен:
1) тәжірибелі тасымалдаушының жетекшілігімен жұмыстың тәжірибелік дағдысын алу үшін жеке жұмысты бастардан алдын тағылымдамадан;
2) үш айда бір реттен артық емес - еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде қайта нұсқаулаудан;
3) егер еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың талаптары бұзылған жағдайда, және 30 күнтізбелік күннен астам жұмыстың үзілісі кезінде жоспардан тыс нұсқаулаудан өтуі тиіс.
Нұсқаулаудан өту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқу туралы тиісті жазба тасымалдаушы куәлігінде жасалынады.
5. Жұмысты қауіпсіз орындауда қанағаттандырмайтын білім мен дағдыны көрсеткен тұлға жеке жұмысқа жіберілмейді. Білімін қайта тексеру бір айдың ішінде жүргізіледі.
6. Тасымалдаушы тек белгіленген тәртіпте тапсырылған тапсырмаларды ғана орындайды; қауіпсіз қолданылуына оқу жүргізілмеген саймандарды, құрылғылар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салынады.
7. Осы кәсіпке тән емес жұмысқа (мысалға, аумақты жинауға) жіберілген жағдайда алда тұрған жұмысты қауіпсіз орындау бойынша мақсатты нұсқаулаудан алдын ала өту қамтамасыз етіледі.
8. Жұмыс уақытында тасымалдаушы куәлігі өзімен бірге болуы қажет.
9. Жұмысты орындау кезінде еңбек және өндірістік тәртіп, ішкі еңбек тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі сақталынуы қажет.
10. Жұмысты орындау кезінде мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:
1) қозғалыстағы әуе кемелері, арнайы авто көлік, электрлік- және авто арбалар;
2) ауаның жоғары шаңдануы мен газдануы;
3) ауаның жоғары немесе төменгі температурасы;
4) ауаның жоғары немесе төменгі ылғалдылығы;
5) ауаның жоғары қозғалмалығы;
6) авиақозғалтқыштардың өтелген газдарының сорғалап ағулары мен оларға түскен нәрселер;
7) тұрақта тұрған ұшақтар мен тік ұшақтардың айналудағы бұрандалары;
8) жылыту мен желдету газ ағызу машиналарының ауа-газды ағызулары;
9) электр магнитті сәулеленудің жоғары деңгейі;
10) шудың жоғары деңгейі;
11) жұмыс аумағының жеткіліксіз жарықтануы;
12) тасымалданудағы жабдықтардың құлауының мүмкіндігі;
13) авто лифтің алмасудағы кузовтары;
14) тасымалданудағы жабдықтардың өткір жиектері мен қабыршықтарынан жарақат алу мүмкіндігі;
15) жұмыс аумағының жермен салыстырғанда анағұрлым биікте орналасуы;
16) әуе кемелерінің есіктері мен люктерінің ойықтарының жеткіліксіз биіктігі;
17) арнайы машинаның эстакадасындағы, бөлігіндегі, әуе кемесінің тұрақ орнындағы мұздың, ылғалдың, майдың болуына байланысты жоғары тайғанақтық;
18) жұмыс аумағының қысылулығы;
19) қол күшіне түскен ауыртпалықтар.
11. Жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғау құралдары міндетті пайдаланылады.
Қолданыстағы нормаларға сәйкес және ұйым орналасқан климаттық ауданды ескере отырып осы кәсіп қызметкерлеріне берілетін арнайы киімдердің, арнайы аяқ киімдердің және басқа да жеке қорғау құралдарының нақты түрлерінің тізбесі Үлгілік нұсқаулықтың негізінде ұйым әзірлейтін тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.
12. Науқастану мүмкіндігін ескеру үшін жеке тазалық ережесі сақталуы тиіс, соның ішінде тамақты қабылдаудан, сондай-ақ темекі тартудан алдын қолын мұқият сабындап жууы қажет.
13. Егер қандайда бір қызметкерлердің бірінде оқыс жағдай болса, онда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуі қажет, ұйым басшысына болған оқиға туралы хабарлайды және оқиғаның жағдайын, егер ол айнала үшін қауіп төндірмесе, сақтайды.
14. Науқастану, нашар көңіл-күй, жеткіліксіз демалу жағдайында өзінің хал-ахуалы туралы тікелей басшысына хабарлауға және медициналық көмекке көрінуі қажет.
15. Өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін ескеру үшін өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс; темекі тарту тек осыған арнайы бөлінген орында рұқсат етіледі.
16. Жабдықтың, құрылғылар мен саймандардың ақаулығы жағдайында ұйым басшысына хабарлау қажет.
2. Жұмыстың басталуынан алдыңғы еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары
17. Жұмыстың басталуынан алдын және барлық жұмыс уақыты бойында тасымалдаушы арнайы киім мен арнайы аяқ киімде болуы тиіс.
18. Жеке қорғау құралдары мөлшері, бойы бойынша таңдалуы және таза болуы тиіс.
19. Жұмыстың басталуынан алдын эстакада және арнайы машинаның артқы алаңшасының жұмыс аумағын, соның ішінде жоғары тайғанақтықты тудыруы мүмкін немесе оқыс жағдайдың себебіне қызмет ететін мұздың, төгілген майдың және бөтен нәрселердің болуына қарау жүргізіледі.
20. Борттық тамақ даярлау цехынан арнайы машинаға контейнерлерді, су қайнатқыштар мен шөлмекті сепараторларды тиеуден алдын тұтқалардың түзеулігіне көз жеткізілуі және олардың ақаулығы жағдайында алмастыруды талап ету қажет.
21. Жұмыстың басталуынан алдын арнайы машина кузовының көтеру мен түсіруді басқару жүйесінің, артқы бөлігі мен аутригерлердің, алдыңғы бөлігінің шығару механизмі мен қоршаулардың түзеулігін жүргізушінің тексергендігіне көз жеткізген жөн, ол үшін кузов пен артқы бөлікті (жүксіз) көтеру мен түсірудің және алдыңғы бөлігі мен аутригерлерді жинау мен шығарудың үш байқауын жүргізу қажет; сонымен қатар дыбыстық сигнал беру мен арнайы машина кузовының жарық берілуінің тексерілуі тиіс.
22. Қашықтықта: қозғалтқыштан шығатын газдардың бағытынан 50 м кем; қозғалтқыштың ауа жинағышының алдында 10 м кем; тұрақта тұрған ұшақтардан олардың борттық радиолокациялық жұмысы кезінде 20 м кем; қозғалтқышы істеп тұрған тік ұшақтан 50 м кем тұру қауіпті.
23. Арнайы машинаның ақаулығы табылған жағдайда ол туралы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына хабарланады және ақаулықтар жойылғанға дейін жұмысты тоқтатылады.
24. Өндірістік санитарияның талаптары сақталуы, соның ішінде арнайы машина кузовының санитарлық жай-күйі тексерілуі және қажет болған жағдайда жүргізушіден оны жинауды талап ету қажет.
3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі мен
еңбекті қорғау талаптары
25. Борттық тамақты арнайы машинаға тиеу қабылданған технологияға сәйкес жүргізілуі тиіс.
26. Жұмыс уақытында жүктерді қолмен алмастырудың жол берілген нормаларын сақтау қажет.
Ер кісі үшін жүктің шекті салмағы 50 кг аспауы тиіс.
27. Арнайы машинаның эстакаданың тиеу алаңшасына келуді басқару кезінде арнайы машина мен эстакаданың арасында адамдардың жоқтығына көз жеткізілу және тек осыдан кейін ғана жүргізушінің қозғалысты бастауына пәрмен берілу керек.
28. Арнайы машинаның тоқтағанынан және артқы бөлігін көтеруден кейін артқы сол доңғалақтың астына тірегіш қалып орнатылады және арнайы машинаның артқы бөлігі эстакада деңгейінде болуына көз жеткізіледі.
29. Бұл операцияларды орындап арнайы машинаның артқы есігін ашық күйде бекітіледі және оған борттық тамақты тиеуге кірісіледі.
30. Әуе кемесінің тиеу аумағындағы жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында:
1) егер арнайы машина беті тегіс емес алаңшада (3 о жоғары еңістену) тұрса немесе ең болмағанда бір доңғалағы шинасының желі шығуы кезінде көтерілген кузовтағы жұмысты орындауға;
2) желдің жылдамдығы 15 м/с артық болған кезде авто лифтің көтерілген кузовында жұмыс істеуге;
3) аутригері түсірілмеген арнайы машинаның көтерілген кузовында жұмыс істеуге;
4) арнайы машинаның көтерілген кузовының астында сақтандырғыш тірегіштерсіз тұруға немесе жұмыстар орындауға;
5) кузовтың көтерілуі кезінде авто лифтің қоршаусыз жылжыған алдыңғы бөлігінде жұмыс істеуге тыйым салынады.
31. Әуе кемесінің тиеу аумағындағы жұмыс кезінде мынадай қауіпсіздік талаптары қойылады:
1) арнайы машинаның көтерілген кузовындағы жұмыс кезінде оның артқы есігі ілмекке жабылуы тиіс;
2) арнайы машина кузовын түсіру кезінде қызмет көрсетуші персонал мен басқа да тұлғалардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне көз жеткізілуі керек.
32. Әуе кемесіне борттық тамақты тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүргізушінің кабинасында болу керек.
33. Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыру уақытында темекі тартуға, ішуге және тамақ қабылдауға тыйым салынады.
34. Борттық тамағы бар контейнерлер, су қайнатқыштар мен шөлмекті сепараторлар кузовқа тиелуі және тек тік күйінде тасымалдануы тиіс.
35. Әуе кемесіне келіп жету бойынша арнайы машинаның әуе кемесіне келуді басқаруды тасымалдаушы жүзеге асырады.
36. Арнайы машинаның әуе кемесінің тиеу люгінің (есіктерінің) аумағына тоқтағаннан кейін арнайы машинаның өздігінен жылжып кетуін болдырмау үшін артқы сол доңғалағының астына тірегіш қалып орнатылады, осыдан кейін екі тасымалдаушы да кузовқа көтеріледі, есіктерді жабады және кузовты көтеру үшін жүргізушіге дыбыстық сигнал береді.
37. Кузовты көтергеннен кейін арнайы машинаның алдыңғы жылжымалы бөлігінің әуе кемесінің тиеу люгіне (есіктеріне) еденіне тура келуіне және жылжымалы қоршама қанатының жылжығандығына көз жеткізілуі керек, осыдан кейін қабылданған технологияға сәйкес арнайы машинадағы борттық тамақты әуе кемесіне қайта тиеуге кірісуі мүмкін.
38. Көтерілген кузов кезінде арнайы машинаның жылжымалы бөлігіндегі жүктермен жұмыс кезінде жоғары абайлықты сақтау қажет.
39. Жеткіліксіз абайлық және сақтық кезінде бірнеше метр биіктіктен құлау мүмкіндігін әрқашан есте ұстаған жөн.
40. Борттық тамақты ұшаққа тиеу уақытында абайлық сақталынады, өйткені әуе кемелерінің люктерінің (есіктерінің) биіктігі әдеттегідей тасымалдаушының бойынан төмен, және люк (есік) ойығының маңдайшасының жиегіне басты ұрып алу мүмкіндігі жоққа шығарылмаған.
41. Борттық тамағы бар контейнерлер мен су қайнатқыштар буфет-асхананың тиісті ұяшығына орнатылады және құлыптармен бекітіледі, бұл жағдайда әуе кемесінің жабдықтарының бөлшектеріне соқтығысу мен қысым кезінде жарақаттануды болдырмау үшін абайлылықты сақтаған жөн; қалған керек-жарақтар бортсеріктердің нұсқауы бойынша немесе тұрмыстық керек-жарақты орналастырудың бекітілген сұлбасына сәйкес әуе кемесіне орналастырылады.
42. Әуе кемесіне борттық тамақты тиеу аяқталғаннан кейін арнайы машинаның көтерілген кузовында бола тұрып есіктерді жабуы және кузовты түсіруге және жылжымалы бөлік пен қоршауларды жинауға жүргізушіге дыбыстық сигнал беру керек.
43. Арнайы машинаның кузовын түсіргеннен кейін перронға шығып және доңғалақтың астындағы тірегіш қалыпты алдын ала жинап алып әуе кемесінен арнайы машиналардың әкетілуі басқарылады.
44. Тасымалдаушы барлық жұмыс уақыты бойы арнайы киімде, арнайы аяқ киімде және басқа да жұмыс үшін қажетті қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерінен қорғаудың жеке құралдарында болады.
4. Апаттық жағдайдағы еңбек қауіпсіздігі мен
еңбекті қорғау талаптары
45. Авария, өрт туындаған кезде және өзге де қауіпті жағдайларда жақын жердегілер дабыл сигнал бойынша оқиға орнына дереу келуі және зардап шеккенге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге немесе туындаған авариялық жағдайды жоюға қатысуы керек.
46. Денсаулыққа немесе жеке қауіпсіздікке қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуларын тапқан жағдайда ұйым басшысына хабарланады және ақаулықтарды (бұзушылықтарды) жойғанға дейін жұмысты тоқтатуы және қауіпті аумақты тастап кеткені жөн.
47. Оқыс жағдай, кенеттен науқастану кездерінде мынадай әрекеттерді орындау:
1) зардап шегушіге жедел алғашқы көмек көрсетуі, дәрігерді шақыруы немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесуі, ал кейін болған жағдай туралы ұйым басшысына хабарлауы;
2) шеберге (бригадирге), авиакәсіпорынның басшысына дереу хабарлау;
3) айналасындағыларды хабарландыруы және қажет болғанда қауіпті аумақтан адамдарды шығаруы;
4) өртті немесе жану белгілерін (түтінденуі, күйіктің иісі, температураның көтерілуі) тапқан кезде 01 телефоны бойынша өрттің пайда болған орнын дәл көрсете отырып өрт қорғаушысына хабарлауы;
5) өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалана отырып өртті жоюға кірісуі;
6) өрт бөлімшесін қарсы алуды ұйымдастыруы;
7) зардап шегушіні денсаулық сақтау ұйымына жіберуі қажет.
48. Түйіскен желілерден қашықтықтығы 2 м аз тұрған ыстық нәрселерді тек көмірқышқылды, аэрозольдық немесе ұнтақ от сөндіргіштермен сөндіруге рұқсат етіледі.
5. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау талаптары
49. Жұмысты аяқталғанда пайдаланылған жабдықтарды қауіпсіз тоқтатуды, ажыратуды қамтамасыз ету қажет.
50. Өндіріс қалдықтары оларды кейін алып кетуді қамтамасыз ететін тиісті контейнерлерге салынуы тиіс.
51. Жұмысты аяқтағанда жұмыс орнын ретке келтірілуі және қажет болған жағдайда оның тапсырылуы қамтамасыз етілуі қажет.
52. Жұмыс уақытында пайдаланылған керек-жарақтар ретке келтірілуі және оған арнайы бөлінген орынға жиналғаны жөн.
53. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да заттары кірден тазалануы, ретке келтірілуі және гардеробтың шкафына жиналуы немесе сақтауға қоймаға салынуы тиіс.
Ластанған және жарамсыз арнайы киімді және аяқ киімді жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге, не - қауіпті заттармен ластанған жағдайда зарарсыздандыруды жүргізу үшін тапсырылады.
54. Жұмыс аяқталғанда қолды сабындап жылы сумен мұқият жуу қажет.
55. Жұмыс уақытында байқалған барлық ақаулар мен жеткіліксіздер, және оларды жою жөніндегі шаралар туралы шеберге (бригадирге) хабарлау және ұйымның басшысына хабарландыру қажет.
Қазақстан Республикасы
Ивестициялар және
даму министрiнiң
2017 жылғы «___» ___________
бұйрығына 2-қосымша
Әуе кемелерінің жуушылары үшін еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгілік нұсқаулық
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Осы Әуе кемелерінің жуушылары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгілік нұсқаулық (бұдан әрі - Үлгілік нұсқаулық) әуе кемелерінің жуушылары үшін азаматтық авиация ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптардан тұрады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек үдерісінде денсаулығы мен жұмыс қабілетінің сақталуына бағытталады.
2. Әуе кемелерінің жуушысы (бұдан әрі - жуушы) - бұл оқу, аттестациялау, дербес жұмысқа жіберілу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулау және кәсібі мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі білімін мерзімді тексеру бойынша өзіне арнайы талаптарды қосатын еңбек қауіпсіздігінің қосымша талаптары қойылатын кәсіп.
3. Жуушы кәсібі бойынша жұмыстарды орындауға жұмысқа түсу кезінде алдын ала дәрігерлік қараудан өткен, денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздығы жоқ, қажетті теориялық және тәжірибелік даярлығы бар, жұмыс орнында кіріспелік және бастапқы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаудан және арнайы бағдарлама бойынша оқудан өткен, біліктілік комиссиясымен аттестацияланған және жеке жұмысқа рұқсат алған 18 жастан жас емес тұлға жіберіледі.
4. Жуушыларға мерзімді дәрігерлік қараудан өту бойынша мынадай талаптар қойылады: сыртқы жууды, сондай-ақ әуе кемелері мен авиациялық-химиялық жұмыстан кейін аппараттарды тазарту, жуу және газсыздандыруларды орындаушылар үшін - жылына бір рет, ішкі жинауды орындаушылар үшін - екі жылда бір рет.
Жұмыс орнында:
1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі бастапқы нұсқаулаудан;
2) тағылымдамадан;
3) жабдықтарды құру мен пайдалану ережесін оқудан;
4) сынақ тапсыра отырып санитарлық-тазалық даярлығы курсынан;
5) электр қауіпсіздігі (жуу машинасын пайдалану кезінде), теориялық білімі мен жұмыстың қауіпсіз тәсілдерінің алған дағдылары бойынша І-топтағы көлемде білімдерін тексеруден өтуі тиіс.
6. Біліктілігі мен жұмыс өтіліне қарамастан өз уақытында және толық көлемде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаулардың барлық түрлері:
1) қолданыстағы жабдықтар бойынша әр 2 жылда, ал жаңа жабдық бойынша - оның авиакәсіпорынға түсуіне байланысты, бірақ осы жабдықты пайдалануға жіберуге дейінгі кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқудан;
2) әуе кемесі мен аппаратураларды авиациялық-химиялық жұмыстардан (қажет болғанда) кейін оған қатысты бөліктерінде арнайы сұйықтықтармен, тазалау, жуу және газсыздандыру бойынша технологиялық құжаттамалармен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қайта нұсқаулау, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары бойынша - үш айда бір реттен артық емес;
3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың талаптары бұзылған жағдайда, отыз күнтізбелік күннен астам жұмысының үзілісі кезінде олар жоспардан тыс нұсқаулаудан өтуі тиіс.
Нұсқаулаудан өту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқу туралы тиісті жазба жоғары қауіптіліктегі жұмысқа жіберу туралы куәлігінде жасалынады.
7. Әуе кемелерін жуу жөніндегі жұмысты қауіпсіз орындау бойынша қанағаттандырмайтын білім мен дағдыны көрсеткен тұлға жеке жұмысқа жіберілмейді. Жұмысшының білімін қайта тексеру бір айдың ішінде жүргізіледі.
Жеке жұмысқа мынадай:
1) қызмет көрсетілетін әуе кемелерінің үлгілерін;
2) олардың сыртқы және ішкі қаптауларын, соның ішінде төменгі температура жағдайында жуу мен тазалау технологиясын;
3) әуе кемелерінің қаптаулары мен басқа да бөліктеріндегі кірлерді, мұзды, майлы дақтарды кетіру тәсілдерін;
4) әуе кемелеріндегі олардың кірін жуу мен тазарту кезінде лак және бояулы жабындыларымен және ішкі әшекейлерімен жұмыс істеу ережелерін;
5) осы заманғы синтетикалық маталармен жуу ерекшеліктері мен технологиясын;
6) әуе кемелерінің кешенді жуу мен жинау үшін арнайы жабдықтардың құрылғылары мен пайдалану ережелерін, өндірістік шаң сорғыштарды, олармен жұмыс істеу ережесін;
7) жолаушылар салондарының, экипаж кабиналарының, жүк бөліктерінің, санузельдардың құрастыруларының жалпы мәліметтерін;
8) әуе кемесінің буфеттік-асханалық жабдықтардың конструкциясын, сондай-ақ канализация мен сумен қамтамасыз ету жүйелерін құрылымы мен ерекшеліктерін;
9) экипаж кабинасының, апаттық люктер мен сол сияқтылардың жауапты орындарын жуу мен жинау кезіндегі сақтандыру шараларын;
10) ерітінділердің (эмульсиялардың), жуу сұйықтықтарының құрамын (мөлшерін);
11) жуу құралдарын даярлау және олармен жұмыс істеу ережелерін;
12) қолданылатын ерітінділер мен еріткіштердің қасиеттерін;
13) әуе кемелерінің тұрақ орнында жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін;
14) алғашқы көмекті көрсете және дәрігерлік дәріханашықты пайдалана алуды білетін жуушы жіберіледі.
9. Осы кәсіпке тән емес жұмысқа жіберілген жағдайда алда тұрған жұмысты қауіпсіз орындау бойынша мақсатты нұсқаулаудан алдын ала өту қамтамасыз етіледі.
Авиациялық-химиялық жұмыстан кейін әуе кемесін тазалау мен жууды жуу машинасын пайдаланумен орындау кезінде оны пайдалану мен еңбек қауіпсіздігі шаралары бойынша тиісті нұсқаулауды алуы қажет.
10. Қауіпсіз жұмыс істеуге оқу жүргізілмеген саймандарды, құрылғыларды, жабдықтар мен материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
11. Жұмысты орындау кезінде еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі міндетті сақталынады.
12. Жұмысты орындау уақытында мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:
1) қозғалыстағы өзі жүретін және қолмен ауыстырылатын машиналар, механизмдер, жұмыстарды орындаудың қолайлылығын қамтамасыз ету құрылғылары, сондай-ақ олардың қозғалатын қорғалмайтын бөліктері;
2) әуе кемесінің конструкциясының шығып тұрған бөліктері мен ұшақ фюзеляжының ішкі элементтерінің - антенналардың, тұтқалардың, кронштейндердің және басқалардың өткір жиектері;
3) ұшақтың қозғалатын бөліктері - есіктер, люктердің қақпақшалары, траптар, люкшелер, панелдер, өрелер, экипаж мүшелерінің шалқаймалы отырғыштары және басқалар;
4) әуе кемелерінің сыртқы қабаты мен ұшақтың ішкі көлемдерін өңдеу кезіндегі газды және сулы, сондай-ақ аэрозоль сорғалауының динамикалық әсерлері;
5) жуу мен жинау жұмыстары уақытындағы сумен, жуу ерітінділерімен, химиялық сұйықтықтармен жұмыс кезінде арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдердің жоғарыланған ылғалдылығы;
6) сулардың және жуу ерітінділерінің сорғалаулары мен шашырандылары;
7) жуу ерітінділерінің жоғарғы температурасы, бұйымдарды кептіру үшін ыстық ауаның шашырандысы;
8) авиациялық-химиялық жұмыстардан кейінгі әуе кемелері мен аппаратураларының бетіндегі, сондай-ақ әуе кемелерін жуу мен ұшақтың ішкі бөлмелерін тазарту кезінде қолданылатын химиялық заттар;
9) ұшақ фюзеляжының ішіндегі жұмыс аумағының материалдармен, саймандармен және басқалармен ыбырсытулар;
10) кілем жабуларының тегіс еместігі мен қатпарлары;
11) өткір нәрселер (мысалға, экипаж креслосының қалтасындағы жүздер), қоқысты жинау кезіндегі сынған ыдыстың жиектері;
12) қысылған жағдай мен қолайсыз жағдайда жұмыстарды орындау кезіндегі қол күшіне түскен ауыртпалықтар;
13) биіктік бойынша қоршалмаған құламаларға жұмыс орындарының жақын орналасуы (мысалға, баспалдақтармен жұмыс кезінде, әуе кемесінің салонының еденіндегі ашық люктегі, шығу есігіндегі);
14) тірегіштер беттерінің, соның ішінде траптардың, баспалдақтардың, сатылардың (мұздану, ылғалдану мен майлану салдарынан) жоғары тайғанақтық;
15) деңгей артқан шулар;
16) жұмыс аумағының ауасы температурасының артуы немесе төмендеуі, ылғалдылығы мен қозғалмалылығы;
17) жұмыс аумағының жеткіліксіз жарықталғандығы.
13. Әуе кемелерінің сыртқы қабатының кірден, күйеден, майлы және өзгеде қыртыстарды арнайы жуу сұйықтықтарының көмегімен тазарту кезінде, сондай-ақ ұшақтардың санузелдарын жуу мен дезинфекциялау үшін құрал ретінде қолданылатын СТ-2 сұйықтығының қойыртпасымен жұмыс кезінде оның құрамына адамның денсаулығы үшін зиянды әртүрлі химиялық заттардың кіретінін есте алу қажет; сондықтан қолданылатын сұйықтықтардың улылық қасиеттерін білу міндетті, өйткені олардың булары зақымдалмаған тері арқылы қанға кіруі мүмкін нерв жүйелеріне әсерді көрсете отырып дерматиттер мен адам үшін басқа да жағымсыз салдарды тудыратын теріге түршігерлік әсер етеді.
14. Жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғау құралдары міндетті пайдаланылады.
Қолданыстағы нормаларға сәйкес және климаттық ауданды ескере отырып жуушыға берілетін арнайы киімдердің, арнайы аяқ киімдердің және басқа да жеке қорғау құралдарының нақты түрлерінің тізбесі осы Үлгілік нұсқаулықтың негізінде ұйым әзірлейтін жуушы үшін еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі. Авиациялық-химиялық жұмыстан кейінгі әуе кемелерін жуу кезінде қосымша тұмылдырықтарды, резеңкелі қолғаптарды, қорғаушы көзілдіріктерді, су өтпейтін матадан жасалған жеңғаптарды беруді қарастырған жөн.
15. Өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін ескеру үшін өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс; темекі тарту тек осыған арнайы бөлінген орында рұқсат етіледі.
16. Науқастану мүмкіндігін ескеру үшін жеке тазалық ережесі сақталуы тиіс, соның ішінде тамақты қабылдаудан, сондай-ақ темекі тартудан алдын қолын мұқият сабындап жууы қажет.
2. Жұмыстың басталуынан алдыңғы еңбек қауіпсіздігі
Достарыңызбен бөлісу: |