a) А. Смит;
b) У. Петти;
c) Д. Рикардо;
d) Ф. Энгельс;
e) К. Маркс
2. «Капитал» композициясын көрсет:
a) капиталтауарақша
b) тауар ақша икапитал
c) ақша капитал тауар
d) ақша тауар капитал
e) тауар капитал ақша
3. К. Маркс теориясындағы «Капитал» түсінігі:
ақша;
материалдық игіліктер;
таптық өндірістік қатынастардың көріну формасы;
капиталистер арасындағы өндірістік қатынас;
өндіріс құралдары.
4. «Капиталдың» төртінші томы зерттеуге арналған:
экономикалық теорияның даму тарихына;
капиталды жинақтау процесіне;
капиталдың айналым процесіне;
капиталистік өндіріс процесіне;
дұрыс жауабы жоқ.
5. Капиталды жинақтау процесі К. Маркстің қай еңбегінде зерттеледі:
«Капиталдың» 1 томында;
«Капиталдың» 2 томында;
«Капиталдың» 3 томында;
«Капиталдың» 4 томында;
мүлде зерттелмейді.
6. К. Маркс бойынша айналым капиталы бұл:
өндірістік цикл ішінде толық, нақты еңбекпен өз құнын тауарға ауыстыратын капиталдың құрамды элементтері;
бірнеше өндірістік циклдерге қатыса отырып, толықтай, нақты еңбекпен өз құнын тауарға ауыстыратын капиталдың құрамды элеметтері;
авансыланған капитал;
белгіленген капитал;
барлық жауаптар дұрыс.
7. К. Маркс методологиясының көздері болып:
классикалық саяси экономия, классикалық философия, утопиялық социализм;
классикалық саяси экономия, әдеби романтизм;
неміс классикалық философиясы. физиократизм;
утопиялық социализм, тарихи мектеп, лениндік экономикалық идеялар;
дұрыс жауабы жоқ.
8. К. Маркс методолгиясының дара ерекшелігі:
базис және қондырма идеяларын қолдану;
зерттеудің абстрактылық-логикалық әдісін қолдану;
зерттеудің нақты-тарихи әдісін қолдану;
ғылыми абстракция әдісін қолдану;
зерттеудің дедуктивтік әдісін қолдану.
6. МАРЖИНАЛИЗМНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ. МАРЖИНАЛИЗМНІҢ БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ЭТАПТАРЫ
Мақсаты: Маржинализмнің пайда болу процесіндегі ерекшеліктері.
Жоспар:
6.1 «Маржиналды революция» этаптары мен ерекшеліктері, мәні.
6.2 Маржинализмнің «Австриялық мектебі». К. Менгер, О. Бём-Баверк, Ф. Визер.
«Маржиналды революция» этаптары мен ерекшеліктері, мәні
Экономика ғылымындағы неоклассикалық бағыт ХІХ ғасырдың үшінші бөлігінде қалыптасты. Әйтсе де бұл бағыттың бастау алуы оан ертерек болды.
Нео(жаңа) тіркеуі экономикалық теорияда маржиналдық революцияның нәтижесінде пайда болды. Маржинал сөзі француз тілінен аударғанда шекті (қосымша) деген ұғымды білдіреді. Маржинализм мынадай жағдайлармен сипатталады: 1) экономикалық процестерге талдау жасауда шекті шамаларды пайдаланумен (шекті пайдалылық, шекті еңбек өнімділігі); экономикалық құбылыстардың сыртқы көріністерін ғана зерттеумен, олардың бастапқы зерттеулері адамның қажеттіліктерінен басталады; 3) шектеулерді ресурстарды тиімді пайдалануды зерттеуді экономика ғылымының пәніне жатқызумен.
Маржинализмнің қалыптасуы математик-экономистердің еңбектерімен тығыз байланысты. Олар экономика ғылымындағы математикалық мектептің алғы шебін құрады, сонымен қатар шекті шамаларды талаудың алғашқы пионерлері болды. Оларға жататындары:
Антуан Курно (1801-1877) – француз математигі, философ әрі экономист, математика профессоры. 1838 жылы ол «Байлық теориясының математикалық принциптерін зерттеу» еңбегін жариялады.
Иоганн Генрих фон Тюнен (1783-1850) – неміс помещигі, негізгі еңбегі «ауыл шаруашылығ мен ұлттық экономикаға қатысты оңашаланған мемлекет» (1828) деп аталады. Бұл еңбекте ол өндіргіш күштерді орналастыру теориясы мен шекті еңбек өнімділігі мәселесін зерттеудің негізін салды.
Герман Генрих Госсен (1810-1858) – неміс экономисі, білім бойынша заң қызметкері, еңбегі «Қоғамдық айырбас және одан туындайтын қоғамдық сауда тәртібі заңдылықтарының дамуы» деп аталады (1854).
Госсен ілімі – бұл шекті пайдалылық теориясының, субъективті құндылық теориясы жалпы негіздерінің негізгі принциптерінің математикалық өңдеулері.
Госсен мынадай екі заңды ойлап шығарды:
а) бірінші заң бойынша белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бір бірлігін тұтынудан қанағаттану шамасы үздіксіз төменддейді, қаныққан жағдайда – нөлге теңеледі.Бұл тұтынылған игілік бірлігіне қосымша тартылан қосымша пайдалылық шамасының, яғни шекті пайдалылықтың төмендеу принципі.
ә) екінші заң бойынша, қол жетерлік игіліктердің шектеулі мөлшеріндегі қажеттіліктерді қанағаттандырудың жоғарғы шегі әрбір игідікті тұтынуды аяқтаған немесе қанағаттану қарқындылығы теңелген, барлық игіліктер үшін бірдей нүктеде жетеді.
Маржиналдық революция екі кезеңнен өтті:
Бірінші кезең – ХІХ ғасырдың 70-ші жылдры, бұл математик – экономистердің еңбектерінің негіздерінде экономика ғылымында математикалық мектептің пайда болған кезеңі.
Маржинализмнің бұл кезеңінің өкілдеріне жататындары:
Уильям Стенли Джевонс (1835-1882) – ағылшынның Манчестер мн Лондондағы логика, философия, саяси экономия профессоры. Ол экономика ғылымында математика мектебінің және шекті пайдалылық теориясының негізін салушылыардың бірі.1871 жылы оның негзгі еңбегі «Саяси экономия теориясы» жарық көрді.
Карл Менгер (1840-1921) – австриялық, Вена университетінің профессоры, австрия мектебінің негізін салушы.
Леон Вальрас (1834-1910) – француз экономисі, Швейцарияның Лозанн университетінің профессоры, лозанн мектебінің негізін салушы.
Маржиналдық революцияның екінші кезеңі – ХІХ ғасырдың 90 жылдары кезеңінің өкілдері:
Альфред Маршалл (1842-1924) – ағылшын, Кембридж университетенің саяси экономия профессоры, кембридж мектебінің негізін салушы.
Джон Бейтс Кларк (1847-1938) – американдық экономист, Колумбия университетінің профессоры, американдық маржинализмнің лидері.
3. У.С. Джевонс және Л. Вальрастің «Математикалық мектебі»
Австрия мектебінің өкілдері
Маржинализм теоритиктері, ең алдымен австрия мектебі экономика ғылымы н зерттеу объектісі тұрғысында классикалық саяси экономикадан алшақтап кетті. «Құн» және «тауар» категорияларын маржиналистер «құндылық» және «экономикалық игілік» категорияларымен алмастырды.Құнның еңбектік теориясының назарында құн категориясы жатса, австриялық мектеп назарын тұтыну құны, пайдалылық категорияларына аударды. Сол сияқты классикалық мектеп үшін құнның қайнар көзі еңбек болса, маржиналистердің түсінігінде игіліктердің құнын жасауға өндірісітң тең құқылы үш факторы қатынасады.
Маржинализмдегі орталық орынды шекті пайдалылық теориясы алады. Бұл теорияның негізінде игіліктердің пайдалылығы жатыр. Пайдалылық – аса дара ұғым.
Ол игіліктердің мөлшеріне байланысты. Игіліктердің қоры артқан сайын олардың құндылығы азаяды. Жекелердің қажеттілігінен олардың мөлшері аз болған жағдайда ғана игілік құндылыққа ие болады. Міне осындай құндылықты маржиналистер экономикалық категорияға жатқызады. Су игілік түрі болғанымен, барлық жағдайда экономикалық игіліктің қатарына жатпайды.
6.2 Маржинализмнің «Австриялық мектебі». К. Менгер,
О. Бём-Баверк, Ф. Визер
Маржинализмнің австрия мектебінің қалыптасуы мен дамуы К.Менгер (1840-1921), Ф.Визер (1851-1926) және Е.Бем-Баверк (1851-1919) еңбектерімен тығыз байланысты. Аталған мектептің негізін салушы К.Менгер болып табылады.
1871 жылым К.Менгер «Саяси экономия негіздемелері» кітабын басып шығарды. Адам қажеттіліктерін зерттеуді ол өзіне мақсат қылып қойды.
К.Менгер сол сияқты экономика ғылымына «сұраныс бағасы», «ұсыныс бағасы» ұғымдарын кіргізді.
К.Менгердің көптеген идеяларын оның шәкірті Е.Бем-Баверк жалғастырды. Оның негізгі еңбегі «шаруашылық игіліктері құндылығының негзігі теориялары» деп аталады (1886).
Фридрих фон Визер еңбектерінде австрия мектебінің концепциялары толығырақ баяндалады. Ф.Визер 1914 жылы «Қоғамдық шаруашылық теориясы» деп аталатын өзінің негзгі еңбегін жариялады.
Визер сонымен атар «өндіріс шығындары заңын» анықтады, кейін бұл заң Визер деп аталды.
Австрия мектебіне жақын, бірақ одан мүлде дербес әрі тәуелсіз түрдегі идеяны ағылшын ғалымы Уильям Стенли Джевонс (1835-1882) дамытты. Оның «Саяси экономия теориясы» кітабы австрия мектебінің негізін салушы К.Менгоердің кітабымен бір уақытта 171 жылы басылып шықты. «Австриялық» мектеп өкілдері сияқты Джевонс та экономика ғылымының мақсатын адамынң қажеттліктермен қанағаттануының ең жоғарғы шегінде деп түсінді.
Бақылау сұрақтары:
1. Шеті пайдалылық теориясының негізгі мазұмны.
2. Экономикалық заңдарды зерттеу әдістері.
3. Маржинализмнің әртүрлі мектептері.
6 тақырыпқа арналған тест тапсырмалары
1. … - шекті көрсеткіш деп аударылады:
а) мерканте;
в) физис;
с) ойкос;
d) маржинал;
е) либерал.
2. У. Джевонс, К. Менгер, Э. Бем- Баверк, Ф. Визер – бұлар қай мектептік мүшелері:
а) меркантилизмның;
в) марксизмның;
с) классикалық саяси экономияның;
d) маржинализмның;
е) либерализмның.
3. Бұл мектептің өкілдерінің пікірі бойынша нарықтық экономикада ақша факторлары басты рөль атқарады:
а) монетаризм;
в) маржинализм;
с) меркантилизм;
d) марксизм;
е) социализм- құрғақ қиял.
4.Шексіз еркіндік, экономикалық процестерге мемлекеттің араласпауы принциптерін негіздейтін концепция:
a) маржинальдік концепция;
в) институционализмнің негізін қалаушы реформалардың концепциясы;
с) монетаризмнің концепциясы;
d) экономикалық либерализмнің концепциясы;
е) бәсекелестік социализмнің концепциясы.
5.Төмендегі қай экономикалық бағыттың өкілдерінің пікірі бойынша ҒТП әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және қоғамның конфлистсыз эволюциясына келтіреді:
а) әлеуметтік институционализм;
в) марксизмның;
с) классикалық саяси экономияның;
d) маржинализмның;
е) нелиберализмның.
6. Қай теоретиктің ілімінде өндірістік қатынастар сипаты мен өндіргіш күштердің даму деңгейінің сәйкес келу заңының қызмет ету объективтілігі, маңыздылығы және жалпылығы көрсетіледі:
a) А. Маршалл.
b) Дж. Кейнс.
c) Н.Д. Кондратьев.
d) К. Маркс.
e) Дж.С. Милл.
7. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДА НЕОКЛАССИКАЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Мақсаты: Экономикалық ғылымда неоклассикалық бағыттың пайда болуының мәнін ашу
Жоспар:
7.1 А. Маршаллдың экономикалық ілімі
7.2 Дж. Кларктың экономикалық ілімі
7.3 В. Паретоның жалпы экономикалық тепе-теңдік концепциясы.
7.1 А.Маршалдың тепе-теңділік мәселері
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі капиталистік кәсіпорындар, олардың монополияға айналуы пайда болды. Ірі бірлестіктер мен фирмалар үшін жаңа экономикалық саясат мәселесі туындады. Кембридж мектебінің туындауына осы жағдайлар, экономикалық теориядағы жаң а бөлім-микроэкономиканың пайда болуы әсер етті. Кембридж мектебінің көрнекті өкілдерінің қатарына А.маршалл, Ф.Эджуорт, А.Пигу секілді экономист ғалымдар жатады.
Кембридж мектебінің негзгі бағыттары оның негізін слушы Кембридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың (1845-1924) еңбектіренен көрінеді. 1890 жылы оның негзгі «Экономика ғылымның принциптері» деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалық бағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идечларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. «Эконмика ғылымының принциптері» еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңдігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі түрінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын –тауардың пайдалылығ анықтайды.
Маршалдың пікірінше, өндіріс шығындары мен шекті пайдалылық бағаны нақтылаушы тең құқылы факторлар болып табылады. Маршалдың пікірінше, құнжы жсауға екі фактор қатынасады: өндіргіш фактор (өндіріс шығындары) және субъективті фактор (пайдалылық).
Өндіріс шығындарының серпінін (динамикасын) Маршалл өндіріс көлемінің өзгерісімен байланыстырады. Ол мындай байланыстың үш түрін көрсетеді: өнім көлемінің өскен кезіндегі өнім бірлігіне келетін шығындарының тұрақты жағдайы (тұрақты қайтарым заңы); шығындардың төмендеуі (қайтарымның жоғарылау заңы); шығындардың өсуі (қайтарымның құлдырау заңы).
А.Маршал қайтыс болған соң кембридж мектебіне Артур Пигу (1877-1959) басшылық жасады.
Пигу – «экономикалық әл-ауқаттылық теориясын» жасаушы. Ол әл-ауқаттылықты ұлттық табыстың шамасына оның бір қалыпты бөлінісіне байланысты деп есептейді.
Пигу таза өнімді жеке және қоғамдық деп бөледі.Кәсіпкердің жеке іс-әрекеті оған таза өнім берсе, ал қоғамға ол пайда мен қатар шығындар да әкеледі.Пигу рыноктың қоғамдық әл-ауқаттылықты өздігінен қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. Сондықтан экономикаға үкіметтің араласуын қажет деп санайды.
Үкіметтің кейбір жағдайда бағаны реттеп отыруы пайдалы: бағаның төмендетілуі өнім шығаруды ұлғайтуға әсер етеді, демек халықтың әл-ауқатын арттырады.
7.2 Дж. Кларктың экономикалық ілімі
Шекті еңбек өнімділігі теориясы (Дж.Кларк)
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті. Солардың ішіндегі маңыздысы еңбек мәселесі болды. Осы кезеңдегі экономикалық мәселелерге байланысты ойлардың көрнекті өкілдерінің қатарына Колумбия университетінің профессоры, қоғам қайраткері Джон Бейтс Кларк (1847-1938) жатады. Ол сонымен қатар өткен ғасырдың соңындағы американдық маржинализмнің, неоклассикалық бағыттың лидері болып есептеледі. Ол Гремания мен Швейцарияда Гейдельберг және Цюрих университетінде оқып білім алды. Гейдельберг университетінде оған немістің тарихи мектебінің негізін салушылардың бірі Карл Книс жетекшілік жасады. Америкаға келгеннен кейін Кларк Карлтон колледжінде сабақ берді. Оның студенттерінің қатарында кейін атақта экономист әрі социолог болып шыққан Т.Веблен оқыды. 1895 жылдан 1923 жылдар аралығында ол Колумбия университетінде оқытушылық қызмет атқарды.
Дж. Б.Кларк бірнеше еңбектердің авторы, солардың ішіндегі негізгілері - «Байлық философиясы» (1886), «Байлықтың бөлінуі» (1888), «Трестерді бақылау» (1901), «Экономикалық теория очерктері» (1924). «байлықтың бөлінуі» туралы еңбегіне И.Шумпетр «ұлы ғылыми еңбек.... американдық теорияға жалғыз жол салып мектебін жасады» деген баға берді.
Кларктің пікірінше экономика ғылымы екі туралы заңның негізінде жұмыс жасайды. Кейбір заң адамзат пен табиғаттың арасындағы қатынастарға, келесісі – адамдардың бір-бірінің арасындағы қатынастарға байланыста болады. Алғашқысы – мәңгі, универсалды, ал екіншісі -тарихи өзгермелі, өтпелі.
Универсалды заңға Кларк шекті пайдалылық заңын жатқызады. Пайдалылықты австрия мектебінің ғалымдарына қарағанда Кларк басқаша талқылайды. Біріншіден, игіліктерді экономикалық бағалауды, оның пайдалылығын жеке адамдар емес сатып алушылар тобы береді Сатып алушылардың әрбір тобы белгілі бір игліктің бағасын қоғамдық байлықтың элементі ретінде реттейді. Тұтынушы өз ақшасын әуелі пайдалылығы көбірек игіліктерге жұмсайды да содан кейін барып пайдалылығы аз игіліктерді сатып алады.
Клартің пікірінше, шекті пайдалылық бұл сатып алушы белгілі топтың соңғы ақша бірлігіне сатып ал аалатын игілігінің пайдалылығы.
Экономикалық теорияда бұл жағдай «Кларк заңы» дегенді білдіреді: тауардың бағасы шекті пайдалылықтың құрамдас бөліктерінің сомаларына тең, және әрбір жеке тұтынушы тобына бөлек шекті пайдалылық сәйкес.
7.3 В. Паретоның жалпы экономикалық тепе-теңдік концепциясы
Лозанн мектебі алғашқы рет математикалық жолмен – теңдеу жүйесі түрінде жалпы экономикалық тепе-теңділіктің теориясын жасады. Лозанн мектебінің негізін салушы лар Швейцариядағы Лозанн университетінің профессоры Леон Мари Эспери Вальрас (1834-1910) және Вальфредо Парето (1848-1923) болды.
Вальрас Францияда туған 50-ші жылдары әйгілі экономист әкесінің ықпалымен экономикалық теорияны зерттеуді бастайды. 1870 жылы Швейцарияға келі, онда 1892 жылға дейін Лозанн университетінің саяси кафедрасында професссорлық қызметте болды.
Вальрастың есімін әйгілі қылған еңбектерінің ішіндегі «Таза экономикалық теорияның элементтері» (1874), «Ақша теориясы және «Биметаллизмнің математикалық теориясын» атауға болады.
Вальрас жалпы экономикалық тепе-теңділіктің тұйық математикалық моделін әзірлеген алғашқы экономист. Мұның негізіне ол өндіріс пен айырбас процесіне қатынасатындарды екі үлкен топқа бөлуді жатқызды: өндіргіш қызметтерді (жер, капитал, еңбек) немесе өндіріс факторларын иеленетіндер және осы әууетті өндіріс факторларын іске қосушы кәсіпкерлер.
Экономикадағы теп-теңділік мынадай үш шарттың мақталған жағдайында қамтамасыз етіледі: 1) өндіргіш қызметтерге деген тиімді сұраныс пен осы қызметтердің ұсынысы тең болған жағдайда; 2) рыноктағы өнімдер бағасы тұрақты болғанда; 3) өнімдердің сату бағасы оны өндіруге кеткен (өндіріс фаторларындағы) шығындарға тең болғанда. Математикалық моделдеу түрінде тепе-теңділіктің бұл шарттары төрт түрлі өзара байланысты теңдеу жүйесі арқылы көрінеді.
Бірінші жүйе өндіргіш қызметтердің ұсынысын сипаттайды. Қызметтердің әрбір түрінің ұсынысы сол қызметтердің және барлық дайын өнімдердің рыноктық бағасының функциясы болып табылады.
Екінші теңдеу жүйесі дайын өнімдерге деген сұранысты сипаттайды. Әрбір өнім түріне сұраныс барлық өндіргіш қызметтер мен өнім түрлері бағаларының функциясы.
Үшінші теңдеу жүйесі өндіргіш қызметтерді тұтынуды білдіреді. Барлық дайын өнімдерді өндіруге шығындалған әрбір өндіргіш қызметтердің сомасы осы қызмет түрлерінің жиынтық ұсынысына тең болуы тиіс.
Төртінші теңдеу жүйесі өндіргіш қызметтер мен дайын өнімдердің бағаларының қатынастарын көрсетеді. Әрбір дайын өнімнің бағасы оны дайындауға шығындалған барлық өндіргіш қызметтердің бағаларының қосындысына тең.
Бақылау сұрақтары:
1. А. Пигудің экономикалық теориясы.
2. А.Маршал эконмикалық теориядағы негізгі құндылықтар жөнінде
3. Б.Кларк және еңбектің шекті өнімділік теориясы.
7 тақырыпқа арналған тест тапсырмалары
Шекті пайдалылық тұжырымдамасының негізгі қағидаларына жатпайтындар:
Тұтыну сұранысын талдау;
Өндіріс құралдарының құндылығы еңбек шығындарымен анықталады;
Игіліктерді алмастыру «тепе-теңдік » приципі негізінде өтеді;
Екі жаққа да қолайлы баға шекті пайдалылық тепе-теңдігін көрсетеді;
А.Маршалл экономистердің күшін құнның жанындағы теориялық даудан мына проблемаларды зерттеуге аударды:
Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс қимылы;
Инвестициялар;
Ақша-несиелік қатынастар;
Ел экономикасындағы институттардың рөлі.
Л.Вальрас моделінің негізгі қорытындыларына мыналар жатпайды:
Барлық нарықтарда бағалардың өзара байланысы мен өзара келісуі бар;
Тең бағалар барлық нарықтарда өзара іс-қимыл нәтижесінде қалыптасады;
Тең бағалардың бір мезгілде барлық нарықтарда болу мүмкіндігі математикалық тұрғыда дәлелденеді;
Тұтыну тауарларына бағалар өндіріс факторларының бағаларына тәуелді.
Қоғамның экономикалық құрылымының эволюциясы қай ғалымның пікіріне сәйкес, биологиялық процестер сияқты табиғи таңдауға түседі?
Ф.Визер;
А.Маршалл;
Т.Веблен;
Дж.Кейнс;
М.Фридмен.
Кейнсиандыққа қарсы шығып, «еркін нарық » идеясын қуаттаушы, басты мәселені ақша теориясына аударатын бағыт қайсы?
Монетаризм;
Неоинституционализм;
Ұтымды күту теориясы;
Маржинализм.
Мына төмендегі келтіргендердің қайсысы дұрыс емес:
Баяғы институционалистер құқықпен саясаттан экономикаға қарай жылжыды;
Баяғы институционалистер дедуктивті әдісті қолданды;
Баяғы институционализм индивидтің мүддесін қорғау жөніндегі ұжым әрекетінен назар аударды;
Неоинституционалистер политологиялық құқықты, неоклассикалық экономика көмегімен, осы заманғы ойындар теориясын пайдаланып зерттеді.
8 . НЕОКЕЙНСИАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МОДЕЛДЕРІ
Мақсаты : Монополия және жетілмеген бәсеке теориясында Э. Чемберлин және Дж. Робинсонның концепциясы.
Жоспар:
Достарыңызбен бөлісу: |