Б.Қ. Ахметжанова экономикалық ілімдер тарихы оқу-әдістемелік құрал


Маркстік саяси экономияның қалыптасуы мен дамуы



жүктеу 1,84 Mb.
бет7/15
Дата29.01.2018
өлшемі1,84 Mb.
#8059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

5.1 Маркстік саяси экономияның қалыптасуы мен дамуы

5.2 К.Маркстің методологиясы және “Капиталды” жазуы

5.3 “Капиталдың” үш томының құрылымы

    1. Маркстік саяси экономияның қалыптасуы мен дамуы

Марксистік саяси экономияның ХІХ ғасырда пайда болуы, әлемдік экономика ойларында аса маңызды оқиға болды. Марксизмнің негізін салушылар экономикалық ойларды зерттеуге, оның пәні мен әдісін түсінуге, капитализмнің категорияларын, оның әлеуметтік табиғаты мен тарихи тағдырын түсіндіруде түбірлі революциялық төңкеріс жасады.

Марксизмнің қалыптасуы, соншалықты маңызды тарихи дамудың негізгі шарттарының бүкіл барысымен әзірленді. Ол шарттар алуан түрлі болды және әртүрлі факторлардың әсерімен пісіп-жетілді.

Федолизмнің күйреуі мен капитализмнің нығаюы ажырағысыз байланыстардын тарихи жағдайының зор маңызы болды. Марксизмнің негізін салушылар сол дәуірдің замандастары еді. ХІХ ғасырдың басында алғашқы бетте Англияда болған өнеркәсіп төңкерісі, машиналы өндірісті экономиканың негізіне айналуға әкелді. Машиналық өндірістің дамуы жұмысшы табының жағдайының нашарлауға, (Франциядағы (1831-1834) Лиондық тігіншілердің, Англиядағы - Чартистік қозғалыстың (30-40-ші жылдар); Германиядағы Силезия тоқманшылардың (1844) бас көтерулері), пролитарият пен буржуазия арасындағы қарама-қайшылықтардың, асқынуын туғызды. А. Смит пен Д.Рикардо уақытына қарағанда басқадай экономикалық ахуал пайда болды. Капитализмді терең және жан-жақты талдау үшін қажетті алғы шарттар қалыптасты.

ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған марксизм сол уақыттағы әлеуметтік – экономикалық қозғалыстардың тәжірибесін, теориялық жинақтап қорыту болып саналады.

Англияда өнеркәсіп төнкерісінің зардаптарына баға беру Маркс пен Энгельстің экономикалық зерттеулерінің маңызды тақырыбына айналды. Англияның фабрикалық жүйесі, өндіргіш күштердің бұрын болып көрмеген дамуын туғызды. Капитализмнің прогрестік рөлі шындыққа айналды, капиталистік қоғамды дамыту, ең алдымен өндірістік қатынастарды, сондай – ақ таптық құрылымдарды, саяси жүйені, идеологиялық қондырмаларды дамыту үшін өндіргіш күштердің маңызын айқындайтың көрсеткіштер пайда болды.

Капиталистік негіздегі экономикалық прогресс халықтың зардап шегулерімен төленетің өнеркәсіп төңкерестерінің әлеуметтік зардаптардың шыни тұрғыдан зерттеу, марксизмді қалыптастыру үшін айрықша маңызға ие болды. Капиталистік бәсекелестіктің ықпалы мен ұсақ буржуазия жаппай кедейшілікке ұшырауы байқалды. Қол өнершілер, шаруалар мен ұсақ саудагерлер, жұмыссыздар пауперлер қатарына қосылды

Техникалық прогресс еңбекті интенсивтендіруді және оған қатты бақылау жасауды күшейтті Осындай жағдайларда әйел және бала еңбегін қанау күшейе түсті. Еңбек күні ұзарып, еңбекақы төмендеді, фабрика жұмысшылары аяушылық жағдайда өмір сүрді.

1825 жылдан басталған экономикалық дағдарыстар капитализм экономикасына мерзімді сілкініс жасай отырып, жаппай жұмыссыздықты тудырды. Сондықтан да, капитализмді сынау, оның дамуының әлеуметтік зардаптарын көрсету марксизмнің маңызды міндеттеріне айналды.

Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуы, әдетте таптық күрестің жайшылықтағыдан тыс асқыну нәтижесінде туындайтын, революциялық төңкерістермен ілеспелі болатын. Капитализмнің пайда болу кезінде осындай тарихи даму жолы орын алды. Бұған ұлы француз революциясы айқын мысал. Бұл революция жалпы европалық маңызға ие болды, ол Франциядағы сеньордар тәртібін күйретіп қана қойған жоқ, сонымен бірге басқа елдерде де сілкініс туғызды, жұмысшылар саны аса тез қарқынмен өсті, өнеркәсіп төңкерістері барысында пролетариаттың қалыптасуы Марксизм генезисінің әлеуметтік базасы болып саналды. Оның ұлғая түсуі капиталистік қанау аясының кеңеюі фабриканттар мен зауытшылар пайдаларының екі еседен артық өсуіне әкелді. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі қала халқының тез өсуін туғызды. Өнеркәсіп төңкерістері уақытындағы азап пен кедейшілік жағдайында социализм үшін күрес бүкіл әлемдік тарихи маңызға ие болады. Осы маңызды ролді ашып көрсету марксизм үшін басты мақсат болды.

Марксизм философиясында социологияда, саяси экономияда тарихи зерттеулер пролетарлық бағыт ретінде қалыптасты. Пролетариаттың қалыптасуы мен марксизм генезисі арасында тығыз және тікелей байланыс болды. Пролетариат, буржуазияның таптық антогенизісі ретінде өнеркәсіп төңкерістері арқылы пайда болды. Оның міндеттері мен тарихи рөлін марксизм тамаша шеше білді.

Маркс пен Энгельстің алғашқы бірлесіп жазған еңбегі «Қасиетті тек немесе сыни сынға сын» (1844).

Философиядағы субъективтік иедализм позициясынан дәйекті түрде ұстанған жас гегельдіктердің көзқарастарын сыни тұрғыдан талқылады, әсіресе өзіндік тұлғадағы «сыни сын» тарихындағы жеке тұлғалардың маңызын асыра көрсетті.

Өндіріске деген меншік қатынасы кез келген экономикалық жүйенің іргетасының негізі болатын. Соған сәйкес өндіріс құралдарына меншік қатынасы кез келген экономикалық жүйенің басты мәселесінің негізіне жататын жайлардын бас ережелері болып саналады. Еңбек өнімі бөтеннің өнімі ретінде қатысады, пролетарит өз еңбегімен басқаның байлығын құрайды. Маркс пен Энгельс еңбек ақы мен пайда арасындағы кері тәуекелділікті түсіндірді. Пролетариат пен байлық тұтастықтың қарама-қарсы екі жағын құрайды, осыған орай капиталистер оны сақтауға мүдделі, пролетариат бұл тұтастықты жоюға еріксіз мүдделі. Пролетариат пен байлықтың тұтастығын жою Маркс пен Энгельстің пікірі бойынша жеке меншікті жоюды, сонымен бірге пролетариаттың өзін жоюды білдіреді.

«Қасиеттік тек» еңбегінде құн теоиясын жасау маңызды орын алады. Өндірістің үш факторлы теориясын сынай отырып, Маркс пен Энгельс бәсекелестікті назарға алмайтын болсақ деді, онда айырбас келістігінің пропорциясы біріншіден қандай да бір затты өндіруге жұмсалған шығындармен (өндіріс шығындарымен), екінші жағынан оның пайдалылығымен анықталады деп жазды.

Маркс пен Энгельстің келесі бірлесіп жазған еңбегі – «Неміс идеологиясы» (1845-1846 жылдары жазылған), негізінен «Қасиетті тек» кітабының жалғасы болып саналады. Бұл еңбек, сол кезеңде Германиядағы негізгі философиялық ағымдарды сыни тұрғыдан талдауды білдірді.

Мұнда марксизм саяси экономиясының одан әрі дамуына негіз болып саналатын, қалыптасқан тарихи материалдық түсінік көрсетілген.

«Неміс идеологиясының» негізгі тезисі материалдық өндіріс ірге тасы кез келген идеологиялық қондырманың базисін құрайтындығынан тұрады. Өндіріс дамуының деңгейі еңбек бөлінісі жүйесімен айқындалады. Еңбек бөлінісі жүйесін дамыту бірнеше кезеңдерден: алдымен өнеркәсіп пен сауданың егіншіліктен бөлінуі, одан әрі сауданың өнеркәсіптен бөлінуі, ең соңында ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі арқылы өтеді.

Еңбек бөлінісінің дамуы сауда мен мануфактураның, өз кезегінде, ірі буржуазияның пайда болуына әкеледі. Осыған орай капитализмнің дамуы мануфактуралық сатыда экономикалық саясаттағы протекционизіміне сәйкес келді. Машиналы өндірістің және әлімдік нарықтың дамуы, осылармен бірге капитализмнің ақша жүйесінде (ақшамен сауда жасаудың, банктердің пайда болуы) әмбебап үлгілі еркін бәсекелестігін туғызды.

Өндірісте, одан туындайтын барлық зардаптармен бірге, ірі өнеркәсіп капиталының үстемдік ету дәуірі басталады.

1847 жылы К. Маркстің «Философия жұтаңдығы» еңбегі жарық көрді, бұл П. Прудоның «Экономикалық қарама-қайшылықтар жүйесі немесе философияның жұтауы» еңбегіне пікірталас ретінде берілген жауап болатын. Онда философиялық және экономикалық ой-пікір, көзқарасқа сыни талдау берілген. Сондай-ақ, оның теориялық жүйесін құру әдісі – тауардың тұтыну құны молшылық пен ұсынысты, ал айырбас құны – сиректік пен сұранысты білдіреді. Оны өндіруге жұмсалатын жұмыс уақытының шығындарымен анықталатын яғни бір өнімді екіншісіне айырбастау пропорциясы Рикардоның осы екі қарама-қарсы құнының синтезі болып саналады деді. Осыған орай Прудон өнім құны мен еңбек ақыны теңестірді, жұмыс істеушінің еңбегі толық төленеді деп санады.

    1. К.Маркстің методологиясы және “Капиталды” жазуы

Карл Маркс (1818-1883 жж) неміс экономисі, философ, марксизмнің негізін қалаушы. Өзінің ғылымдағы жолын заңгер және философ болып бастады. Маркс экономикалық проблемалармен «Рейін газетінің» редакторы болып жүрген кезінде бетпе-бет кездесті және жерге жеке меншік мәселелерімен айналысты. 1842 жылы Маркс Фридрих Энгельспен (1820-1895 жж) танысты, оның Маркске қарағанда өзгешелігі арнайы экономикалық білімінің жоқтығы болды. Энгельс өздігінен білім алумен көп айналысты, әсіресе тарихи және философия саласы бойынша терең ізденді, сөйтіп уақыт өте келе тамаша экономист-теоретик болып шықты.

К. Маркстің бірінші саяси экономия бойынша еңбегі – «1844 жылғы экономика-философиялық қолжазбалары». Бірінші бөлімінде – кірістің негіздері: еңбек ақы, капиталға пайда, жер рентасын қарады. Маркс шын мәнісінде еңбек ақыны жұмысшының өмірі мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті байлықтар мен қызметтердің жиынтық құны түрінде түсінсе де, еңбек ақыны еңбек үшін ақы деп атайды. Оның анықтамасы бойынша капиталға пайда – жинақталған басқа біреудің еңбегі. Маркс жер рентасын ауыл шаруашылылығындағы басқаның төленбеген еңбегін пайдалану нәтижесі ретінде қарады.

Маркс бұл логикалық пайымдаудың тізбегінде, капитализм эволюциясының алғашқы сатыларында, капиталистік өндіріс қатынастарының дамуын көрсетті. Қазіргі заманғы капиталистік қатыстық, әлеуметтік кепілдіктерінің жеткілікті түрде дамыған жүйесін жасады. Алғашқы экономикалық еңбегінде Маркстің алдына қойған сұрақтары әлі күнге дейін актуалды, олар адамның өзін-өзі жатырқауын жою туралы сұрақ, бұл капиталистік өндіріс тәсілінің негізі мен тағдыры және өндіріс құралдарына меншік негізінде қоғамның болашағы мен дамуы туралы түсініктерінің тұтастай жүйесі. Ол теориялық жүйе ретінде үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады және оның ілімінің методологиялық негізін құрайды (Сурет 4 қараңыз).



Сурет 4 - К. Маркс ілімінің методологиясы


Сонымен, Маркс ілімі ХІХ ғасырда адамзаттың ең қымбат ойы неміс философиясының, ағылшын саяси экономиясының, францияның утопиялық социализмінің заңды жалғасы болып саналады. Бұл марксизмнің үш методологиялық негізі, XVII-XVIII ғасырдағы философтардың материалистік идеялары. Ол мұны неміс классикалық философиясымен, әсіресе, өз кезенде Фейрбахтың материализмінің негізіне құрған, Гегельдің диалектикалық жүйесімен байытты. Мұның ең маңызы – диалектика, яғни біржақтылықтан, неғұрлым толық, терең және еркін түрде дамуы туралы ілім, мәңгілік дамушы материяның көрінуін беретін, адам білімінің салыстырмалығы турал ілім. Философиялық материализмді тереңдете және дамыта отырып, Маркс оны аяғына дейін жеткізді, оның табиғат танымын адамзат қоғамының танымына таратты. «Капиталды» жазу кезінде методологияға айналған Маркстің тарихи материализмі ғылыми ойлардың аса ұлы жетістігі болды. Маркс, А. Смитпен Д. Рикардо негізін құрған еңбек құны теориясын дамытты, Маркс бұл теорияны капитализмді талдаудың негізгі теориясы етті (Сурет 5 қараңыз).

Марксизм классикалық саяси экономияның бірқатар ережелерін өзіне мұра етіп алды. К. Маркс «Капиталға» даярлық барысында, өзінің ізбасарларына қосымша құн теориясын түсіндіретін («Капиталдың» ІҮ томының негізі) тұтастай том жазды. Алайда, бұл оның алдындағы тұжырымдамаларды жанжақты сынаумен қосарлана жүрді. Сын Маркс пен Энгельстің теориялық сындары, олардың еңбектерінің негізгі элементі болды. Аса даналы зерттеу «Капиталдың» өзін Маркс капитализм мен буржуазиялық саяси экономиясы ретінде жазды.



Утопиялық социализм - негізгі дерек көздерінің бірі болды. Ұлы утопист – социалистер капитализмге өткір сын айтты, алайда ол теориялық шектеуліктен зардап шекті, өйткені ғылыми негізге ие болмады және басым түрде эмоциалдық сипатқа ауысты. Маркс пен Энгельс капитализм сынын ғылыми негіздеді, ішкі қайшылықтар мен капиталистік жүйенін экономикалық заңдарын ашып көрсетті. Сен-Симон мен Р. Оуэн социалистік жобаларды алға жылжыта отырып, болашақ қоғамның көптеген белгілеріне өз көзқарастарын білдірді. Алайда, олар пролетариаттың дамымаған, таптық күресінің пісіп-жетілмеген кезеңінде өмір сүрді. Ұлы социалист-утопистер пролетариаттың тарихи міндеттерін көрмеді, ал олардың социалистік жоспарлары, нақты өмірден алшақ, фантастикалық (қиял-ғажайып) болды. Маркс пен Энгельс олардың утопиялық идеяларын сынға алып ғылыми социализм теориясын жасады.


жүктеу 1,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау