466
9 компьютерлік тапсырмалар (КТ)
9 оқытылатын мазмұны
9 анықтамалық ақпарат
9 бақылау материалдары
ЭДМ жобалау этаптары:
1. Концептуалды жобалау
9 пəнге байланысты мазмұнды жəне əдістемені талдау
9 компьютерлік сабақтарды жоспарлау
9 сабақтағы ЭДМ орны.
9 ЭДМ сценариін жасау
2. Бағдарламалық құралдарды таңдау
3. ЭДМнің бағдарламалық іске асуы
4. ЭДМ экспертизасы, апробациясы жəне өңделуі
5. Оқу үрдісіне ЭДМ енгізу
6. ЭДМ жасау құралы ретіндегі қолданбалы бағдарламалар мен оқу-
дамыту орталары
Қолданбалы бағдарламаларға мəтіндік, графикалық, кестелік процессорлар
жатады. Олардың дидактикалық мүмкіндіктері сөзсіз жеткілікті.
9 шығармашылық жағдай жасау жəне шығармашылық қабілеттерді
дамыту
9 оқыту ортаның мүмкіндіктерін кеңейту
9 оқушылардың өзіндік қабілеттерін дамыту
9 ақпараттық өнімді жасау жəне нəтижелерін көрсету
9 ғылыми жұмысқа қатысу
9 əртүрлі ақпаратпен жұмыс істеу, интеграцияланған құжаттарды
жасау
Қорыта айтқанда бұл бағдарламалар арқылы ЭДМ жасауға болатыны да
сөзсіз. Өйткені олар: əртүрлі пəндер бойынша əртүрлі ақпараттық обьекттерді
жасауға, обьекттермен манипуляция жасауға, обьекттердің параметрлерін
өлшеуге, басқа бағдарламалардың обьекттерін кірістіруге, оқу материалын
бөлек блоктарға бөлуге жəне т.б. мүмкіндік береді. Сонымен қатар əртүрлі
қолданбалы бағдарламалардың өздерінің спецификалық ерекшеліктері бар.
Сондықтан қандай қолданбалы бағдарламаны таңдау керектігін педагогтың өзі
шешеді.
Қолданған əдебиеттер тізімі:
1.
http://studopedia.ru/5_109442_ponyatie-elektronniy-didakticheskiy-material.html
2.
http://refleader.ru/jgepolpolmerrna.html
Айтбенова А.А.
1
, ЕгембердиеваН.А.
2
1. Ғылыми жетекші, педагогика магистрі, аға оқытушы
2. «Информатика» мамандығының 3 курс студенті, информатика жəне
компьютерлік технологиялар кафедрасы
467
SONY VEGAS PRO БАҒДАРЛАМАСЫ КӨМЕГІМЕН
БЕЙНЕМОНТАЖ ЖАСАУ
Қазіргі кезде оқытуда ақпараттық технологияны қолдану – білімді
жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, педагогикалық іс-əрекетті өзгерту,
білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тəрбие үрдісінде білім алушының
жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру, ақпараттық технологияның
маңызын ашу үшін қолданылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін
қолданылатын арнайы тəсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық
жəне техникалық құралдар (кино, аудио жəне бейнеқұралдар, компьютерлер,
телекоммуникациялық желілер).
Бейне жасау, оны монтаждау үшін бейнередакторлар қолданылады.
Олардың көмегімен əр түрлі форматты бейнефильмдерден жеке клиптерді қиып
алып, пайда болған файлдарды DVD-ге жазуға болады, сонымен қатар мұндай
бағдарламаларда бейнеқұрастырудың көптеген функциялары бар.
Бейнередакторлар көмегімен мыналарды жасауғаболады:
-
Көріністер арасында ауысуларды, сондай-ақ пайда болатын мəтіндерді
қосуға; суреттер мен дыбыстарды өңдеуде болады – бағдарламалардың көбі
кейбір көріністерде суреттің «дірілдеуі» байқалса, түстерді реттеуге жəне шу
деңгейін төмендетуге болады, бұл мəселені суретті реттеу қызметі көмегімен
шешуге болады.
-
Бейнекамералардан жазбаларды алуға (мысалы Mini-DV-ден firewire
интерфейсіне қосылған кабель арқылы). Бағдарламалар арқылы
бейнекамераларды басқаруға болады: көрсетілімді тоқтатып, қайтадан басуға,
сондай-ақ жазбаларды алға жəне артқа айналдыруға. Ол таңдалынған
көріністерді компьютерге көшіруді жеңілдетеді. Бейнередакторда өңделгеннен
кейін дайын бейнефильмді қайтадан бейнекамераға жазуға болады, мысалы
таспаға жазу үшін.
-
Бейне үн жазбалардан немесе vhs-камералардан балама бейнелерді
қамтуға (ол үшін компьютерде балама бейне кіру орны болуы тиіс). Файлдар
mpeg-2 түрінде қатты дискіге сақталынады, ол оны əрі қарай DVD-ге жазуға
жақсы келеді [1].
Бейне (видео)- қозғалыстағы суреттер мен дыбыстарды жазатын əдіс.
Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын
қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тəсілі.
Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында
қолданылуы, ішкі ырғақ ескеріліп отырады. Монтаж - фильмнің идеялық-
көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі. Режиссер монтаж
арқылы өтіп жатқан оқиғаның əрбір эпизодтарындағы мазмұнды көрінісін
көрнекілендіріп отырады. Дыбыссыз кинодағы монтаждың рөлі зор. Ол көп
жағдайда дыбыс ролін атқарады. Кино өнерінде дыбыстың пайда болуына
байланысты монтаждау тəсілдері арқылы бейне мен сөздің, музыка мен шудың
468
үйлесімділігі сияқты жаңа проблемелар шешілетін болды. Монтаждық үлгіні
дамытып, оны жетілдіру саласында Д.Вертов, А.П. Довженко,Л.В. Кулешов,
В.И. Пудовкин, С.М. Эйзенштейн, С.И. Юткевич сынды кино қайраткерлерінің
шығармашылығы тəжірибесі үлкен роль атқарды. Қазақстан кине-
матографиясындағы монтаждың үлгілері Ш.Айманов
пен О.Əбішев, т.б.
шығармашылығынан көрініс тапты [2].
Бейнемонтаж деген түсірілген кез-келген бейнемағлұматты бейнежолақты
немесе бейнефильм ретінде көрсету. Ол үшін алдымен құрастыру керек, яғни
артық бөліктерін қиып алып, бөлінген бөліктерді бір бірімен келістіріп, керекті
жерлеріне əсерлерді, ауысуларды жəне титрларды қосу керек.
Қазіргі кездегі кең тараған бейнемонтаж жасайтын бағдарламалар:
-
Pinnacle Studio 15.
-
Sony Vegas Pro.
-
Camtasia Studio 8.
-
Videomaster.
-
Windows Movie Maker.
-
Adobe Premier Pro.
-
Movavi Video Editor.
-
Corel VideoStudio Pro X5.
Соның ішінде Sony Vegas Pro10 бағдарламасымен жəне оның
қондырғыларымен таныс боламыз.
Sony Vegas Pro – бұл мультимедиалық мəліметтермен жұмыс істеу үшін
қолданылатын кəсіби пакет болып табылады, ол көбінесе аудиожазбалармен,
бейнені өңдеу жəне монтаждау үшін қолданылады.
Көп функционалды бағдарлама редакторы Sony Vegas Pro əр түрлі
жобалармен жұмыстың əр түрлі профильдерімен міндеттерін жүзеге асыру
үшін қолданылады. Ол енгізілген бір мағлұматты бірнеше жобада бір уақытта
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бірнеше негізгі жұмыс
облыстарынан тұрады (Сурет-1):
1.
Монтажоблысы;
2.
Көрутерезесі;
3.
Негізгіоблыс (облыстарлыбекітутерезесі);
4.
Облыстыбасқаружолы;
5.
Облыстыбасқарудыжылдамдықпенойнату;
6.
Маркерлер мен аймақтардыңоблысы.
Сонымен қатар жоғары жағында бағдарламаның мəзірі жəне құралдар
тақтасы орналасқан. Негізгі облысында бетбелгілер бар, олардың əрқайсысы
бөлек терезе болып есептеледі. Жұмыс облысын реттеуге болады, олардың
мөлшері жəне басқа да параметрлерін өзгерту арқылы. Негізгі жұмыс саласы
монтаж облысы болып табылады, онда біздің барлық видео операциялар мен
аудио роликтеріміз өтеді. Егер сізде сол немесе өзге де жұмыс аймағы болмаса
оны əрқашан бетбелгі Түр (Вид (View)) меню арқылы шақыруға болады.Əрбір
жаңа клип құру, жаңа жоба құрудан басталады.
469
Сурет-1.
Сонымен, бейне қойындысы: шаблон тізімі (template) бізге дайын үлгі
өлшемі жəне кадрлар жиілігі, немесе енін (width), биіктігін (height) жəне
жиілігін (frame rate) таңдауға мүмкіндік береді. Өріс бағандарының тəртібі
(field order) құрылғы таңдауға мүмкіндік береді, онда дайын ролик қаралады:
none (progressive scan) - компьютерде немесе жк-теледидар, upper field first -
теледидарда, lower field first - басқа да сандық құрылғыларда.Пиксельдің
форматы (pixel format) файлды өңдеген кезде пиксельдің тереңдігінің
есептелуіне жауап береді: 8-bit - кіші тереңдігі есептеу (жылдам жұмыс істеіді),
32-bit - жоғары тереңдігі есептеу (жоғары сапалы бейне, бірақ өңдеу баяу).
Көбінесе 32-bit жоғары сапалы HD видео өңдеу үшін жиі пайдаланылады. Full-
resolution rendering qualiti (видео ролик түсіру кезінде өңдеу сапасы) - сапасы
жоғары болған сайын (мысалы best), біздің ролигіміз бағдарламадан баяу
сақталады. Motion blyr tupe (түр білдірмеу) - əдепкі gaussian (Гаусс қисығы).
Prerendered filies folder - сіздің бейне файлдарыңызды сақтауға арналған папка.
470
Сурет-2.
Аудио вкладкасы: Master bus mode (дыбыс ағыны) - стерео (əдепкі қалпы),
бəлкім, көлемді дыбысталу. Number of stereo busses - олардың саны автоматты
түрде анықталады. Samle rate - дыбыс жиілігі герц түрінде. Bit depth - дыбыс
тереңдігі, тереңдігі жоғары болған сайын, дыбыс сапасы жақсы болады.
Resample stretch and quality - дыбыс өңдеу сапасы.
Жобаны өз қалауы бойынша баптау үшін жалауша қоюға болады - барлық
жаңа жобаларды осы қондырғылармен бастаған жөн.Сондай-ақ дискетті
белгісін басу арқылы сіздің жаңа ғана енгізген қондырғылармен жаңа үлгі
жасауға болады. Сіздің назарыңызды тағы да Match media settings батырмасына
аударғым келіп тұр (1, скрин жоғарыда) дискеттің оң жағында, ол проектіні
автоматты түрде сіз таңдаған медиа файлға сəйкестендіреді. Sony Vegas-та
ыңғайлы жұмыс істеу үшін тағы бір ескертпе: бағдарлама қондырғысында
Dynamic RAM бағанында (Options/Preferences/Video бағана Dynamic RAM
Preview max) бағдарламаның тез жұмыс істеуі үшін сіздің оперативті жадының
жартысын қою керек (егер сізде RAM жады 1ГБ болса, онда 512 МБ қоя
аласыз).
Мысалы,
Sony
Vegas
Pro10
бағдарламасымен Қостанай қаласы туралы
жəне Информатика тобы туралы екі бейне құрылды.
Сурет-3.Қостанай қаласы туралы бейне файл.
471
Сурет-4.Информатика тобы туралы бейне файл.
Сурет-5. Бейненің титулдық беті.
Сонымен,
бейнефайлдарды
қолданған кезде бірнеше шарттарды ecкepу
қажет:
бейнематериалды көрсету кезінде оның нeгiзгiciн, маңыздысын айқын
белгілеп көрсету қажет;
құбылыстарды көрсету кезінде берілетін түсіндірулерді толық
ойластыру қажет;
көрсетілетін бейне материалдар мазмұнына сайболу қажет.
Жалпы айтқанда, Sony Vegas Pro10 бағдарламасы бейнені өңдеу,
монтаждау өте қызықты болып келеді.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
5.
Пташинский В., Видеомонтаж в SonyVegasPro 10. 2011 ж.
6.
Резников Ф.А., Видеомонтаж на персональном копьютере, Триумф, 2000ж.
7.
http://www.bestfree.ru/soft/media/video-montage.php
8.
http://www.orestov.com/vegas/
9.
http://1vm.ru/html/obuc4/sony_vegas_1.html
Даулетбаева Г.Б.¹Ертай А.Е.,²
3. Ғылыми жетекші, информатика жəне компьютерлік технологиялар
кафедрасының аға оқытушысы, ж.ғ.м.
4.
«Информатика» мамандығының 4 курс студенті, информатика жəне
компьютерлік технологиялар кафедрасы
BLENDER БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚҰМЫРА ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ
Blender бағдарламасы – үшөлшемді компьютерлік графиканы құруға
арналған еркін пакет. Оның құрамында модельдеу, анимация, рендринг,
видеоны постөңдеу жəне интерактивті ойын құру құралдары бар. Кəсіби
жасаушы пəрмендердің арқасында жəне жылдам əрі тұрақты дамуының
əсерінде бұл пакет қазіргі таңда тегін 3D редакторлары арасында айырықша
қолданысқа ие[1].
Мақаламызда Blender бағдарламасында құмыра жасау жолдарын
қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |