Б.Қ. Ахметжанова экономикалық ілімдер тарихы оқу-әдістемелік құрал


У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы



жүктеу 1,84 Mb.
бет5/15
Дата29.01.2018
өлшемі1,84 Mb.
#8059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы

Уильям Петти (1623-1687 жж) – Англиядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның негізгі еңбектері: «Салықтар мен алымдар туралы трактат» (1662 ж); «Ирландияның саяси анатомиясы» (1672 ж). Өнеркәсіп революциясы кезеңіндегі Англияның экономикалық дамуының ерекшеліктерін сурет 1 қараңыз.


1 сурет - XVIIІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай


«Саяси арифметика» (1676 ж); «Ақша туралы бірнеше ауыз сөз» (1682 ж);

У. Петти саяси экономияға, жаңа әдіс кіргізіп - құбылыстың мәнін талдап, экономикадағы себепті қатынастар мен олардың заңды байланыстарын көрсетті.

Петтидің көзқарасы меркантилизмнен классикалық саяси экономияға баяу ауысу сипаттын білдірді. Оның ілімінде әлі бірегей және біртұтас теориялық көзқарастар жүйесі болмағанымен, өзі негізін салған еңбек құны теориясын пайдалана отырып, тауар бағасы, еңбек ақы, жер бағасы және т.б. сол сияқты экономикалық құбылыстарды түсіндіруге талпыныс жасады. Оның теориясы бойынша, құн-еңбек шығындарымен анықталады. Бірақ Петти еңбектің қосарлы сипатын білмеді, тұтыну құнын құнменен араластырды. У Петти сондай-ақ еңбекпен қатар, табиғатта құн көзі болып саналады деп болжады. «Еңбек-әке және байлықтың белсенді мақсаты, ал жер-оның анасы» деген нақал сөз дәл сол Петтиге жатады.

У. Петтидің еңбекақы туралы ілімі оның құн теориясымен байланысты. Өзінің ой тұжырымдарында ол жұмыс күші емес, еңбек - тауар болып саналады деді, ол сияқты классикалық саяси экономимияның бүкіл өкілдері де солай деп санады. Петти, еңбекақы - бұл еңбектің бағасы деді. Оның мөлшері – бұл жұмыскерлердің өмір сүруінің ең аз мөлшердегі қаржысы, яғни жұмыскерлерге төленетін ең аз мөлшердегі қаржы немесе олардың жасаған құнының бір бөлігі ғана, ал өндірісте жасалған құнның басқа бөлігін капитал иелері пайдаланады.

У. Петтидің рента туралы ілімі, сондай ақ, оның еңбек құны теориясына сүйенеді. Рента оның көзқарасынша, бұл өндіріс шығындарын алып тастағандағы егіншіліктен алынатын өнімдердің құны, яғни рента еңбекақының үстінде жасалған артық құн ретінде немесе қосымша еңбек өнімі. Петти іліміндегі дәл осы рента, қосымша құнның негізгі формасы ретінде қатысады. Петти рынокқа салыстырмалы түрде алғанда жердің әртүрлі орналасу жағдайымен байланысты дифференциалды рентаны еске салады. К. Маркс атап өткендей, “Петти А. Смитке қарағанда дифференциалды рентаға жақсы түсінік берді”.

У. Петти бойынша ссудалық процент - бұл жер рентасынан өндірілетін, және жердің бағасынан пайда болатын табыс. Бірақ бұл шынайы емес. Шын мәнісінде ссудалық процент жердің бағасына қатысты емес, керісінше, жердің бағасы ссудалық процент нормасына қатысты болады. Ссудалық процент нормасының өзі орта пайданың нормасынан туады және ссудалық капиталға сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

Пайданы экономикалық жүйеде дербес категория ретінде У. Петти қарастырмаған. Жердің бағасы туралы Петтидің ілімі, капиталданған (қорланған) жер рентасы, жердің баға түсінігі, оның осы категорияға неғұрлым жақын келгендігін көрсетеді. Бірақ жер бағасының проблемаларын дұрыс шеше алмады. Ол бар болғаны жер бағасының бірде - бір фактордан – жер рентасына тәуелді екендігін анықтады. Сондай ақ жер бағасы жер рентасы емес, ссудалық проценттің капиталданған деңгейі деді. Тұтастай алғанда, У. Петтидің ілімін бағалай отырып, сол кездегі барлық маңызды деген экономикалық еңбектер оның көзқарастарымен байланысты- дұрыс немесе қате деген түрде қабылданғанын атап өту керек.

Бақылау сұрақтары:


  1. Негізінде табиғи баға (құн) бар, еңбек құны теориясының бірінші авторы кім?

  2. Байлықтың құрылуы материалдық өндіріс аясында, ал оның еңбек арқылы пайда болады деген анықтаманы берген кім?

3. У. Петтиден тәуелді құндылықтың еңбек теориясына дәйектемесін кім берді?

4. Классикалық саяси экономиясына сай келетін ақша?


3 тақырыпқа арналған тест тапсырмалары


  1. «Дифференциалды жер рентасы» түсінігін бірінші болып енгізген кім?

  1. Француа Кенэ;

  2. Пьер Буагильбер;

  3. Адам Смит;

  4. Давид Рикардо;

  5. Карл Маркс;

  6. Уильям Петти;

      1. Классикалық саяси экономия ілімінің негізі:

  1. Еңбекақы;

  2. Ақша айналымы;

  3. Жалдамалы еңбекті пайдалану;

  4. Еңбек құн теориясы;

  5. Жер рентасы;

          1. Материалдық өндіріс өнімі ұлттық байлықтың негізі деген анықтаманы берген кім?

  1. Ф. Кенэ;

  2. П. Буагильбер;

  3. У. Петти;

  4. А. Смит;

  5. Д. Рикардо;

4. Еңбек құн теориясының бірінші авторы:

  1. П. Буагильбер;

  2. Ф. Кенэ;

  3. Ж. Б. Сэй;

  4. К. Маркс;

  5. У. Петти;

5. Төмендегі берілген еңбекақы анықтамасының қайсысы шынайы болып саналады?

  1. Бұл жалдамалы жұмысшының табысы;

  2. Бұл «еңбек өнімі»;

  3. Бұл «еңбекке ақы»;

  4. Бұл «еңбек үшін сыйлық»;

  5. Барлық жауаптар шынайы.

6. Экономия теориясын зерттеудің «модельдік әдісі» теориясының авторы кім?

  1. А. Смит;

  2. Ф. Кенэ;

  3. Д. Рикардо;

  4. Ж. Тюрго;

  5. К. Маркс.

4. КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ.А.СМИТ ЖӘНЕ Д.РИКАРДОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ



Мақсаты: А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде классикалық саяси экономияның дамуын зерттеу
Жоспар:

жүктеу 1,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау