Б.Қ. Ахметжанова экономикалық ілімдер тарихы оқу-әдістемелік құрал


d) “Саяси экономияның жаңа негіздері ”



жүктеу 1,84 Mb.
бет12/15
Дата29.01.2018
өлшемі1,84 Mb.
#8059
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

d) “Саяси экономияның жаңа негіздері ”


e) “Экономикалық кесте”

2. Пайда және жер рентаның пайда болуын Сисмонди немен түсіндірді?


a) Жұмысшылардың тонаумен


b) Өндірістік тұтынумен

c) Тауарлық қатынастардың дамуымен

d) Ақша айналымның дамуымен

e) Өндірітің шығындармен

3.Прудонның еңбегі болып табылады …

a) «Халық мекендеу заңы туралы тәжірибе»

b) “Саяси экономияның жаңа негіздері ”

c) «Саяси экономияның трактаты»

d) «Саяси экономияның толық курсы»

e) “ Экономикалық қайшылықтың жүйесі немесе қайыршылықтың пәлсәпасы.”


4.М. Веберге әлемдік атағын қандай зерттеулер әкелді?

a) «Ұлттық есептердің жүйесі»

b) “Қазіргінің және болашақтың саяси экономиясы ”

c) «Экономикалық қарсылықтарының жүйесі»

d) «Саяси экономияның принциптері»

e) “Протестандық этика және капитализмнің рухы” және “Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы”

5.Шмоллер, Вагнер және тарих мектептің басқа өкілдердің қатысуымен Германияда 1872 ж. қандай ұйым құрастырылған ?

a) “Саяси экономияның ұлттық жүйесі ”

b) “Жас тарих мектебі ”

c) “Социалисттер одағы ”


d) “Әлеуметтік саясаттың одағы ”


e) “Жұмысшылардың одағы ”

6.Экономикалық мәселелер қалай шешілуі мүмкін:

а) экономикалық үлгілер көмегімен

в) саяси мәселелердің есебімен

с) экономикалық ғылымдар көмегімен

d) әрбір адамның пікірінің ескеруімен

е) тура айтуға болмайды.


10. КЕҢЕС ЖӘНЕ ПОСТКЕҢЕС ОДАҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ,

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ РЕСЕЙДІҢ

ЭКОНОМИКА-ЛЫҚ ОЙЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ. ҚАЗАҚСТАНДА

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: XIX ғасырдан бастап қазіргі уақыттағы Қазақстанда және Ресейдегі экономикалық ойлардың даму процесін қарастыру.
Жоспар:

10.1 ХІХ ғасырдың аяғындағы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі экономикалық ой-пікірлер

10.2 Ресейдегі марксизмнің эконоимикалық идеяларының дамуы

10.3 Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері

10.4 ХІХ ғасырдағы Қазақ – демократтарының әлеуметтік –экономикалық көзқарастары

10.5 Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына өту кезендегі экономикалық ғылымның дамуы



10.1 ХІХ ғасырдың аяғындағы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі экономикалық ой-пікірлер

Ресейдегі феодалдық формацияның капиталистік құрылысқа жол беруі реформа кезеңдеріндегі буржуазиялық саяси экономиканың дамуына тарихи өзіндік іздер қалдырды.

1861 жылғы реформа капитализмнің дамуын жеделдеткенімен елдегі крепостнойлықтың сан-салалы қалдықтары Ресейдегі буржуазиялық үрдісдерді тежей түсті. Бұл орыс буржуазиясының патша мен крепостнойлы помещиктерге қарсы оппозиция тудыруға әкеп соқты. Ол кезде Ресейдегі еңбек пен капитал арасындағы келіспес қайшылық (антогонистік) ХІХ ғасырдың ортасындағы Батыс Еуропа тұрпайындай бужуазиялық саяси өктемдік жүргізу дәрежесіне жете қойған жоқ еді. Оның есесіне, 1861 жылғы реформадан кейін орыстың буржуазиялық саяси экономиясында ерекшелік туып, классикалық буржуазиялық саяси экономия идеяларына жақынырақ сыни (критика) көзқарастар пайда болды. Тіпті 1905 жылғы революцияға дейін орыс буржуазиялық саяси экономиясы жалпы алғанда тұрпайы-апологетикалық сипатқа ие болды. Тұрпайы элементтер іс жүзінде буржуазиялық саяси экономияның кез келген жүйесінде өзіне тән ерекшеліктерімен кездесетіні белгілі.

Орыстың сын мектебінің таңдаулы деген өкілдері (И. В. Вернадский, М. Бакунин, Н. А. Каблуков, О. Струве, А. Чупров, Ю. Япсон және басқалар) өздерінің еңбектерінде классикалық буржуазиялық саяси экономиканың жекелеген ережелерін және марксизмнің экономикалық теорияларының кейбір идеяларын пайдаланды. Бұл орыстың буржуазиялық саяси экономиясының крепостнойлыққа қарсы бағытталғаны және марксизм теориясындағы крепостнойлық тәртіпті сынау үшін маңызды идеялардың орын алғандығымен түсіндіріледі.

Негізінде, орыс оқымыстылары Маркске сыйластықпен қарап, оны ғылыми социализмді нақты баяндап бермесе де классикалық мектептің жолын қуушы деп санады. Орыс буржуазиялық әдебиеттерінде оның осы бағыттағы жақтастары мен қолдаушыларының көп екендігін А. Чупровтың Маркстің қазасына жазған қазанамазынан да (некролог) байқап білуге болады. Онда К. Маркс – еңбегі ғылым әлемінде әйгілі орын алған, экокномикалық ғылымның көрнекті өкілі екені айтылған.

Сөз жоқ, осы жоғарыда аталған экономистердің еңбек жолы саяси экономияның негізгі ерекшеліктерін көрсету арқылы қанағат алатындықтарынмен көріне білді.

Классикалық мектеп Ресейде математикалық экономияның қалыптасуына айтарлықтай әсер етті. Оның бастауын қоғамдық ғылымдар заңдылықтары мен табиғаттану заңдылықтарын теңдестіруге ұмтылған американдық экономист Д. Кэриді өткір сынға алған А. Чупров болатын.

Орыстың либералдық буржуазиясының идеологиясы ретінде «ресми марксизм» ХІХ ғасырдың аяғында Ресейде орын алған орыс буржуазиясының таптың әлеуметтік күштерінің өзіндік бір ережелерінің айнасы болды. Бұл әрине, халықшылдардың капитализмге қарсы уағызы орыс буржуазиясына сай келмеді. Сонымен қатар елде өрбіп, қанаты қатайып келе жатқан жұмысшылар қозғалысы мен марксизм идеяларының тез таралуы буржуазияның қауіптенуіне негіз болды.

Өздерінің «халықшылдарға» қарсы күресінде К. Маркстің тарихи материализмі мен экономикалық ілімінің негізгі жекелеген ережелеріне, феодализмге қарағанда капитализмнің тарихи үрдісі туралы қорытындыларына арқа сүйеніп П. Струве, М. Туган-Барановский С. Булгаков және басқа да «ресми марксистер» марксизмнің революциялық мазмұнының маңызын жоюға тырысты. Марксистік диалектиканы неокантиандықпен алмастырып, ал Маркстің революциялық тұжырымдары «ағымды» деп жарияланып және оны Р. Штамлердің, В. Зомбарттың, сондай-ақ ревизионизмнің негізін салушы Э. Бернштейннің буржуазиялық-апологеттік ережелерімен алмастырды. Эклектиздік көзқарас осы ағымның ерекше түрінің біріне айналды. Мәселен, П. Струве 1894 жылы әлі «ресми марксистер» марксизммен бүркемеленіп жүрген кезде ол өзінің «ешқандай ортодоксияға шалдықпағанын», өзін «қайсыбір доктриналарында әрпі мен кодексіне мойын ұсынбай» марксизмге тек «кейбір негізгі деген мәселелер бойынша» ғана қосылатындығын мәлімдеген болатын.

Әрине, «ресми марксистердің» халықшылдардың субъективті-идеалистік пікрлеріне қарсы күресі, олардың Ресейді капиталистік емес жолмен де дамытуға болады деген болжамдарына, сондай-ақ капитализмді нарықсыз-ақ дамытуға болады деген дәлелдеріне қарсы шығуы негізінен дұрыс еді. Осыған байланысты Ресейдегі революциялық марксистер белгілі бір мерзім аралығанда «ресми марксистердің» апологеттік ағымдарына сыни көзқарастарын сақтай отырып, олар мен қарым-қатынаста болу дұрыс деп санады.

Әлемдік экономиканың ой-пікірлеріне айырықша әсер еткен Ресей экономистері өкілдерінің бірі М. Туган-Барановский (1865-1919 жж) болып саналды. Ол Петербург университетін бітіріп, Киевте қызмет етті. Оны «ресми марксист» деп атаған. Оның еңбектерін белгілі бір мектеппен ғана байланыстырған дұрыс болмаған болар еді. Әсіресе, оның жан-жақтылығына, өрісінің кеңдігіне және экономикалық жүйедегі көзқарасының маңызына назар аударған жөн.

Оның «Саяси экономия негіздері» деген оқулығының мазмұнында экономикалық ғылымының ережелерін негізге алған терең трактовакалар аз емес.

Атап айтқанда, шектеулі пайда теориясы мен құнның еңбек теориясының өзара байланыстары туралы тұжырымды ережелерінің әдістемелік ерекше маңызың берді. Бұл екі теорияның, деп жазады ғалым, «қарама-қарсы екендігіне сөз жоқ бірақ ,мүлдем сондай қайшылық емес. Рикарда мен Менгер өздерінің басты назарларын белгілі бір үрдестің әрқилы жақтарына аудара білген. Рикардоның теориясы бағаның объективті факторларын атап өтсе, Менгердің теориясы бағаның субъективті факторларын қарастырады. Рикардоның теориясы шектеулі пайданы жоққа шығармай, қайта оны толықтыра түседі.

М. Туган-Барановский – негізінен қоғамдық еңбек өнімділігі мен әлеуметтік қатынастар жүйесі сияқты екі фактордан тұратын әлеуметтік бөлу теориясының авторы. Еңбек өнімділігінің артуына байланысты қоғамдық өнім мен табыстың жалпы сомасы өседі, «осыған байланысты қоғамдық табыстың бәрі бір мезгілде өндіріс құралдарын қысқаруы есебінен артуы мүмкін». Әртүрлі әлеуметтік топтардың тиісті табыстарының комбинацияларына келетін болсақ, олар қоғамдық еңбектің өнімділігіне; сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесіне байланысты болады.

Туган-Барановский циклдер мен дағдарыстар теориясына да айтарлықтай үлес қосқан ғалым. Циклдік даму, оның ойынша, толқын сияқты (секртпелі емес) сипатталып, бірде көтеріліп, бірде төмендеп отырады. Циклділіктің себептерін капитал қозғаласының ерекшелегінен, өндіргіш және ақша капиталы қорының динамикасының үзінділерінен іздестірген жөн. Ғалымның еңбектерінде циклдер теориясының инвестициялық трактовкасының алғашқы ережелері негізделген, кейіннен «мультипликация және акселерация» деген атаққа ие болған функционалдық өзара байланыстар қалыптастырылған.

Туган-Барановский халықшылдармен пікірталас сайысына қатыса отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының келешегі мен ерекшеліктерін айқындап беруге ұмтылыс жасады.

Өзінің еңбектерінде ол мемлекеттік социализм жүйесін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың бір нысаны ретінде көрсетіп, оның берік және осал жақтарын айырып бере білді. Оның айтуынша, әлеуметтік идеал, әлеуметтік бостандық, «адамзаттың тарихи прогресі» болып табылады.

Ресейдегі экономикалық көзқарастың дамуына өзге елдердегі ғылымының жаппай қозғаласы тығыз себеп болып қана қоймай, өмірдің өз тәжірибесінің маңызы үлкен әсеретті. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық ой-пікірлердің дамуы өндірістің даму деңгейінің тура және тікелей айнасы емес.

Белгілі ресейлік ғалымдардың еңбектері мен зерттеу-болжамдары әдетте маңызды олардың көпеген қорытындылары мен негіздемелері ұлттық қана емес, одан да кең, әлемдік мән-маңызға ие болып келеді.

Ресейдегі экономикалық ой-пікірлердің ерекшеліктерінің бірі – теориялық талдаулар мен шын мәніндегі өндіргіш күштерді дамытуды, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реформалаудың мейілінше келелі де өткір проблемалары арасындағы органикалық байланыстардың болуы. Бұл жөнінде И. Посошковтың (1652-1726 жж) «Тапшылық пен байлық туралы кітабы», П. Пестельдің (1793-1826 жж) «Революциялық қайта құру бағдарламасы», Н. Чернышевскийдің (1828-1889 жж) «Еңбекшілердің саяси экономия теориясы» ерекше орын алады.

Ұзақ уақыт бойы ресейлік экономистердің басты назарларында шаруалар мәселесі, аграрлық қайта құру проблемалары болды. Пікірталастар әсіресе, общиналық жер иеленушілік проблемалары, ауыл шаруашылығы жұмыстарының тиімділігін арттыру, селолық жерлерге нарықтық қатынас жүйесін енгізудің жолдары төңірегінде өрбіді. Крепоснойлық құқықты мүлдем жою туралы мәселе көтерген А.Радищевтің (1749-1802 жж) көзқарасы мен крепостнойлық тәуелділікті біраз жеңілдету жөніндегі М.Сперанскийдің (1772-1839 жж) ұсынысы арасындағы қарама-қайшылық. Қайта құрудың батыстық жолдарын қолдаушылар мен өз еліндегі төл тәжірибеге бас июшілер күресі, П.Столыпиннің (1862-1911 жж) аграрлық реформасын жақтаушылар мен қарсыластар арасындағы күрестер жаңа көзқарастар туғызды.

Жаңа идеялар мен ұсынуды негіздеуде кәсіби экономистер ғана белсене қатысып қойған жоқ, ғылымның өзге де салаларының өкілдері, публицистер, практиктер де белсене араласты. Экономикалық қайта құру жоспарын жасауда, ақша реформасын жүргізуде мемлекеттік қайраткерлер мен ғалымдар көріне білді. Солардың бірі С.Витте (1849-1915 жж) қаржы министрі ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге көптеген теориялық еңбектердің авторы бола білді. Ол экономикалық саясаттағы жаңалықтардың, рубльді «алтын» негізіне аударудың, шарап монополиясын енгізудің бастамашысы және алға апарушысы. Д. Менделеев (1834-1907 жж) өзінің «Құнды ойлар» деген еңбегінде алдағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, өзге де экономикалық өмір мен басқаруда біртіндеп өзгерістер болатындығы туралы жазды.

Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аралығында Ресейдегі буржуазиялық саяси экономия өзінің көрнекті өкілдері арқасында әлемдік ғылымның алғы шебінен көріне білді.



жүктеу 1,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау