Б.Қ. Ахметжанова экономикалық ілімдер тарихы оқу-әдістемелік құрал


Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде



жүктеу 1,84 Mb.
бет2/15
Дата29.01.2018
өлшемі1,84 Mb.
#8059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде

Қоғамдық өндірістің қалыптасуы мен даму тарихын, сондай ақ адамзат қоғамының даму эволюциясының барысындағы экономикалық тұжырымдамалардың (идеялар мен ой, пікірі, көзқарастар) пайда болу, даму кезеңі мен алмасуының тарихи процесін зерттеу экономикалық ілімдер тарихының пәні болып саналады.

Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық процесстерге деген көзқарастар эволюциясын, экономикалық теориялар мен мектептердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді, оларға талдау жасайды, аса көрнекті экономистердің көзқарастарын жүйеге келтіріп және оны ашып береді. Бұл курс ғылым ретіңде идеялардың жалғастығы мен өзара байланысын, келістер (көзқарастар) мен қорытындылардың трансформациялануын бөліп көрсетеді.

Экономикалық ілімдер тарихы экономика ғылымының даму эволюциясының жалпы бағыттаушылығын, оның басты бағыттарының трансформациялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен, экономикалық саясаттың өзара байланусын түсінуге көмектеседі.

Қоғамдағы шаруашылық өмірінің өзіндегі өзгерістер мен қарама қайшылықтар, таптар мен әлеуметтік топтардың өзара байланысты іс - әрекетімен күресі, сондай-ақ экономика ғылымының өзінің ішіндегі және экономикалық теориялар арасындағы қарама қайшылықтар, экономикалық ілімдер тарихының сыннан өткен тұжырымдамаларына сәйкес, экономиалық идеялардың даму көздері болып саналады.

Оның тарихын ғылыми тұрғыдан негіздей отырып, кезең- кезеңге бөлу, экономикалық ілім прогресінің келісті (түзу) суретін жасаудың қажетті жағдайы болып саналады. Мұндай кезең – кезеңге бөлудің ғылыми негізі - әлеуметтік – экономикалық қатынастарды, қоғамның таптық құрылымдарын және бүкіл саяси қондырманы түбірінен жұлып, үзіп тастау арқылы, қоғамдық – экономиялық жүйені алмастыру (ауыстыру) туралы ілім болып табылады.

Әлем тарихының қандай бір уақыт үзігінде формациялардың қайсысы үстемдік етуші болып саналатындығына қатымысты. Тарихи дәуірлер бөлініп көрсетіледі, мысалы, кұлиелену дәуірі немесе капитализм дәуірі.

Қандай бір формациялар шегінде таптардың мүделері мен олардың идеаларының (ғылымдарының) экономикалық көзқарастары – қалыптасу, толысу немесе пайда болу сатыларына қатысты өзгеретін құбылыс (факті) экономикалық ілімді кезең – кезеңге бөлу айрықша маңызға ие болады. Таптар күресінің кең құлаш сермеуі мен бағыты, қоғам мүшелерінің мүдделерін қорғаудың прогрессивтілігі немесе керітарушылығы (реакционность), тура осыған қатысты болады.

Саяси экономияда классикалық мектептерінің пайда болуы, оның “жас” буржуазияның саяси үстемдігін жүргізу үшін феодализімнің ескілік қалдықтарына қарсы күресімен байланысты айрықша ғылым ретінде қалыптасуын аса құрметпен атап көрсетіледі.

Дәуірлер бойынша, қоғамдық – экономикалық формациялар мен олардың сатылары бойынша экономикалық ойларды кезең - кезеңге бөлу шеңберінде таптық бағыттарды (мысалы, буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық), ал олардың шеңберінде – теориялық ағымдарды, ілімдерді, жекелеген мектептерді бөліп көрсету қажет.

Қазіргі жағдайда ғылыми талдау жасаудың басты міндеттері әртүрлі экономикалық ағымдар мен мектептерді зерттеу, сынау, мүлде жоққа шығару емес, олардағы бөлініп көрінетін, тарихи тәжиребеге қарама-қайшы келетін және теріске шығаратын дәлелдер мен нақты аспектілерді ерекшелеп көрсететін ғылыми талдау болып саналады.

Көптеген елдердің үкіметтері реформаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ұсыныстарының белгілі бір тәжиребелік мәні, қазіргі батыстың экономикалық теориясында кезең - кезеңге жүйелі түрде бөлудің дұрыс, ұтымды элементтерінің бар екендінігінің айқын дәлелі болып саналады. Тура осы тәжиребелік мәнді, экономикалық теорияларды қазіргі дамыған мемлекеттерде пайдаланады. Белгілі бір шекте бұл ұтымды аспектілер, ұсыныстар ТМД – ның бүкіл елдері үшін қызығушылықтар туғызады. Әсіресе нарық проблемалары, банк - қаржы жүйесі, инвестиция мәселелері, интеграциялар және т,б,

ХХ ғасырдың 50-60 –шы жылдарынан бастап, біздің экономикалық әдебиеттерімізде қаншалықты географиялық қана емес, соншалықты әлеуметтік және идеологиялық мағыналарға ие болған “батыс экономика теориясы” түсінігі кең таралды.

Бұл “батыс экономика теориясы” түсінігі, мемлекеттік реттеуге сүйенбейтін, нарық пен жеке меншікке иелік етуге негізделген аралас экономикалық жүйелер тұжырымдамасының жиынтығын білдіреді. Олардың арасында терең алшақтық, айырмашылықтар болғанымен, бұл түсінікке бүкіл батыс экономистері қосылады. Кейбір экономистер тұтастай нарыққа сене отырып, мемлекеттік реттеуге қарсы болды, басқалары жеке меншік және мемлекеттік секторлардың әртүрлі үйлесіміндегі (жарастығындағы) мемлекеттік интервизионизімді күшейтуді жақтады.

Жоғарыда айталғандай тарихи экономикалық ғылым, әрбірі методолгиялар, әлеуметтік тұжырымдамалар, ақпарат пен тәжиребелік ұсыныстардың ерекшеліктерімен сипатталатын қазіргі батыс экономика теориясындағы бірнеше негізгі бағыттарды (кезеңдерді) бөліп көрсетеді.

Мәселен, өзінің дамуын ХІХ ғасырдағы маржиналисттік теоретиктерден (яғни Л. Вальрастан, А. Маршалдан), бастаған неоклассикалық бағыт методологиялық негізге индивидуализмді (микроэкономиканы) алды. Осы методологияға сәйкес, тұтынушының немесе өндірушінің жеке дара шаруашылығында тауарлар мен қызметтердің пайдалылығын бағалау идеясы туды. Еркін бәсекелестік осы элементерді нақты нарықтық бағаларға, табыстарға трансформациялайды. Экономикалық субъектілерге мұндай бағдарланыс шынайы (сенімді) шаруашылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндіктер береді.

Дәл осы неоклассиктер, “кәсіпкерлік еркіндік” доктринасының жақтастыры, монетаристер (М. Фридмен), ұсыныстар теориясының (М. Фельдстайн), ұтымдылықты күтушілік мектептерінің (Р. Лукас) өкілдері нарықтық экономика тұрақты динамикалы тепе – теңдіктің тұрақты ішкі тетіктеріне ие, мемлекет тарапынан көмекті қажетсінбейді деп болжам жасады. Егер үкімет ақша – несие және бюджет аясында ақпаратқа, инфляцияға қарсы қатаң бағыт жүргізетін болса, неоклассиктер айтқандай, қалған проблемаларды нарық дербестік жағдайда өзі шешеді.Тәжиребеде, неоклассиктердің тұжырымдамалары әлемнің көптеген елдерінің үкімет шеңберінде кең түрде қолдау табуда.

Мәселен, әлеуметтік мұқтаждарды бюджеттік қаржыландыруды ең жоғары көлемде қысқарту және шаруашылық жүргізудің мемлекеттік секторын қолдай отырып кейбір экономистер - неоклассиктердің оңшыл үкіметтерінің (М. Фримен – М. Тетчердің, Р. Рейганның және т.б.) кеңесшілеріне айналды.

Неолибералдардың неоклассиктерден өзгешелігі, олар нарықтық шаруашылықтың автоматизмДІ (А. Смиттің “көрінбейтін қолы”) ережелерін пайдалануды мүмкін емес деп санады. Себебі нарық, егер оны мемлекеттің көмегімен құрса, ол өзінен - өзі сол автомотизімге келеді. Мемлекет нарыққа өзін - өзі реттеуді беру керек деді.

Неолибералдар, сондай ақ ішкі нарықтық ауытқулармен белсенді күресіп, монополияға қарсы саясатты жақтады. Олар әлеуметтік (зейнеткерлерді, мүгедектерді, оқытушыларды және т.б.) қолдау саясаты үшін күресті.

Германиалық неолиберализм “Жалпыға бірдей байлық әкелуші мемлекет”, өзіндік үлгі (күшті және қуатты адамдар бәсекелестікте жоғары табыстарға қол жеткізеді, ал әлсіздер – мемлекеттен көмек алады) жобасы бойынша неоклассиктер мен кейнсиандықтар арасындағы аралық жағдайды қолдады. Кейнсиандық батыс экономика теориясы әлеуметтік мектептердің ортасында болды. Олардың пікірі бойынша капиталистік экономиканың негізгі проблемасы экономикалық сұраныстың тапшылығы, осыдан мемлекеттік бюджет шығыстары мен белсенді несие – ақша саясаты есебінен оны қолдау қажеттілігін шығарды.

Егер 40-70 – ші жылдары кейнсианизм батыс экономистері мен саясатшылар арасында үстемдік құрса кейінгі жылдары, ол рейгономиканың, тэтчеризмнің экономикалық саясатының негізін құраған, неоконсервативтік теориялар мен жарыста оған жол беруіне тура келді.

Бил Клинтон үкіметінің экономикалық саясаты экономикалық дамудың жаңа бұтағында (витки) өзіндік кейнсиандық - монетаристік синтезге сүйенетіндігін көрсетті.

Сонымен, экономикалық ілімдер тарихы экономикалық ғылымдардың даму эволюциясының жалпы бағытын, оның басты бағыттарының трансформа-циялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен экономикалық саясаттың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.



1.2 Методология және курсты кезең – кезеңге бөлу

Экономика ғылымдарының күрделі жүйесінде “Экономикалық ілімдер тарихы” оның әрбір түрінің жетістіктерін теориялық түрде ой елегінен өткізіп, оны қорытуда үлкен маңызды орын алды.

Диалектикалық материализм экономикалық ілімдер тарихын зерттеу методологиясының негізіне жатады. Идеологиялық процестердің салыстырмалы түрдегі дербестігі, тіпті, олардың базиске белсенді ықпал ету мүмкіндігін мойындай отырып, қоғамдағы идеялар мен теориялық ойлардың пайда болу, олардың әлеуметті – экономикалық дамуын анықтаушы рөліне жеке көңіл аударуға болады.

Жинақталған және өзара байланысты факторлар байланысы қоғамның ішкі логикасының экономикалық дамуының негізгі қарама-қайшылықтарын анықтайды және топтар мен таптар мүдделерінің қақтығысу бағыттарын зерттейді. Күрделігіне және қымбаттығына қарамастан, тұтастай экономикалық жүйенің және оның жекелей алғанда құрамды бөліктерінің тәртібін салыстырып және эксперименттік әдісті пайдалану экономикалық ілімдер тарихының зерттеу тәсілінің бірінші негізгі әдісі болып саналады.

Болжамның (гипотетиканың) екінші әдісі – микро және макроэкономикадағы жекелеген экономикалық процестер мен құбылыстардың талдауымен болжамдардың үйлесімдігін тексеру және оны алға жылжытуға негізделген дидуктивті әдіс.

Үшінші статистикалық – уақытша талдау әдісі – кейбір түбегейлі, ережелері бірыңғай, жаппай экономикалық құбылыстар мен объектілерді жиынтық түрде зерттеу.

Төртінші, тарихи – моралдық келіс – тарихи контексте қызметтік (функционалдық) тұрғыда қайталанатын, зерттелетін, үлгілер (моделдер) түріндегі экономикалық процесстермен танысу.

Бесінші, математикалық белгілер мен символдардың (айшықты белгілердің) көмегі мен экономкакалық құбылыстарды математикалық сипаттаудың әдісі.

Алтыншы, абстракциялау әдісі – экономикалық құбылыстарды зертеу негізінде, кездейсоқтық құбылыстарды жоққа шығару.

    1. Ежелгі әлемде экономикалық ойлардың пайда болуы

(Вавилон, Қытай, Индия)


Ежелгі әлемде экономикалық пайымдаулар ойшылардың еңбектерінде айтылды, ал жазбаларда, трактаттарда шаруашылықты жүргізу әдістері мен ұйымдастыру бойынша тәжиребелік ұсыныстар мен кеңестер жазылды. Алғашқы экономикалық трактаттардан біз Ертедегі Шығыста натуралды өндіріспен қатар тауарлы және ақша – несие қатынастарының жеткілікті түрде дамығандығын анықаттаймыз.

Моисейдің Библиясының өзінде – ақ Т-А-Т формасы бойынша қалыпты тауар - ақша қатынастары сипатталады. Ақша түрінде күміс қатысты, оған құлдарды, жерді, нанды және басқа тауарларды сатып алды.

Жаңа Вавилон патшалығындағы (VII-VI б.д.д. жылдар) құжаттарда жалгерлік контрактылар, көпес қол хаттары, жүк құжаттары, сонымен бірге сол уақыттағы бухгалтерлік есептер, векселдер кездеседі. Сол дәуірде монеттер болмасада құндылығын салмағымен өлшенетін, олардың рөлін күміс құймалар атқарды. Отты, дөңгелекті және банкті бейнелеуде айтылған үш жаңалық – адамзаттың ұлы жасампаздығы болып саналады деп рас айтылған.

Жаңа Вавилон – патшалығының өзінде, барлық банк операциялары жүргізілген; салымдар қабылдаған, несиелер берген, вексельдердің есебін, чектерді төлеуді жүзеге асырылған, аударымдар арқылы есеп айрысуды жүргізген, яғни нағыз банктер, “іскер үйлер” өмір сүрген.

Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 1780 жылдары жазылған патша Хаммурапидің (1792-1750 ж. б.д.д.) кодексінде, мемлекет, заң актілерінің көмегімен, ескі вавилон патшалығындағы өзбетімен, жеке өндірушілерді таратуды тоқтатуға тырысқан.

Хаммурапи кодексінің негізгі мазмұны – “күштілер әлсіздерді ығыстырмас үшін” жағдай жасау болып табылады. Мәселен, патша әскерлерімен және басқада шынайы берілген вавилондықтардың қарыздар үшін жер иеленуші бөлімдерін (неделдерін) сатуға, оқшаулауға тыйым салынған; борыштың сомасына қарамастан олардың арасында құлдық борышқа жол берілмеген, растовщиктік қанауға (20 % - ақшалай, 33% натуралды ссуданы) шектеу қойлған. Кодекс, жеке тұлғаны құқықтық қорғаумен қатар, құл иеленушілердің құлдарға жеке меншік құқын, патшаға қызмет етушілердің мүдделерін қорғауды кіргізді. Патша Хаммурапи кодексі, Вавилондағы тауарлы – ақша қатынастарын дамытудағы құқықтық нормалар жүйесінің көмегімен, ел экономикасын басқарудың алғашқы мысалдарының бірі еді.

Ертедегі Қытайдың (конфуциализм, легизм, даосизм) негізгі қоғамдық ойлары біздің дәуірімізге дейінгі VI-III ғасырларда ресімделеді. Конфуций немесе Кун-Цзы (біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 497 ж.) конфуциандық бағыттың негізін қалады. Оның басты еңбегі “Лунь-юй” – “Әңгімелесулер мен пайымдаулар” жинағы. Конфуций әлеуметтік идеяларды болашақтан емес, оны елдің өткен өмірінен көрді, яғни позициялық күштері шатқаяқтаған (пошатнувших) ру басшыларының мүдделерін қорғады.

Қытайдың әлеуметті – экономикалық құрылысын тұрақтандыру үшін, Конфуций адамды моральдық жетілдіру бағдарламасын ұсынды. Үлкендерге құрмет көрсету, оларға еш уақытта қарсы шықпау, Ұлы ойшының басты моральдық (адамгершілік) қасиеттері еді. Ол перзенттік парызын өтеу және ағайындармен дос болу – мемлекетті басқару дегеніміз осы деп үйретті, Мемлекетті үлкен үй, ал басқарушыны “халық әкесі” ретінде санады Байлықты неғұрлым теңдеп бөлуді, салықтарды жеңілдетуді ұсынды жалпы аграрлық реформаны жүргізді, қоғамдық мүдделерге шешу жолын, қауымдық жерге жеке белгілер жоспарын ұсынды.

Аса ірі конфуцианистер Мэн – Цзы мен, Сюнь – Цзы дің негізгі пікірлері- мемлекетті экономикалық күшейту саясаты: шығыстарды үнемдеу принципі; халықтың бәрін жеткілікті түрде қамтамасыз ету мен қор жинау саясаты болды.

Біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырларда конфуциандық идеологтардың аса ірі саяси қайраткерлер – Цзы – Чан мен Ли Куняниң есімдерімен байланысты опоненттер – логистер пайда болды. Олардың көзқарастары егіншіліктің дамуымен, мемлекеттің және тауар – ақша қатынастарының нығаюымен байланысты.

Ежелгі қытай идеалогиясының тарихында – даосизм, легизмнің негізін қалаған Конфуцийдың замандасы – Лао –Цзы ерекше орын алды. Ол тыйым салушы заңдарды жоюға кеңес берді, себебі қайшылықты, халықтың нашар өмір сүруіне бұл заңдардың өте көп әсері болды. Ол басқарудың табиғи формаларына қайтып оралуға шақырды. Бұл идея халықтың қарсылығын туғызды.

“Артхашастра” трактаты – Ертедегі Индияның (сөзбе- сөз айтқанда – “өмірге іс жүзінде пайда келтіру туралы ғылым”) қоғамдық ойларының аса ірі ескерткіші, бұл мемлекетті басқару мәселелері бойынша өсиеттердің жинағы. Патша Чандрагунттың кеңесшісі - Кауталье, трактаттың авторы болып саналады.

“Артхашастра” – елдің шаруашылық өмірінде ертедегі Индия мемлекетінің рөлін көрсетеді. Трактатта, айқын салық және саяси жүйесі бар ең жақсы мемлекет сипатталады. Материалдық өндірістің жетекші аясы – ауыл шаруашылығы, әсіресе егіншілік, мемлекеттің қарауындағы суландыру (арық) құрылыстары ерекше көрсетілген. Мемлекет, өнеркәсіптің дамуын, сауданы, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға тиісті болды. Трактат авторының пікір бойынша шығыстар мен кірістердің қатаң құжаттық есебін жүргізу, тіпті, шиновниктердің қазынаға қолсұғушылығын тоқтату мәселері қаралған.

Тұтастай алғанда, трактат қоғамдық қатынастар туралы, Ертедегі Индияның экономика және саяси институттары туралы мәліметтердің маңызды көздері болып саналады.




    1. жүктеу 1,84 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау