10.2. Факторингтік операциялар
Факторинг (ағылшыншадан аударғанда – агент, делдал дегенді білдіреді) клиенттің айналым капиталына несие берумен үйлесетін сауда-делдалдық (комиссиялық) операциялардың бір түрі болып саналады. Факторинг кез келген өзінің формасында тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде, яғни клиенттің дебиторлық берешегіне инкасса қою кезіндегі өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы туындайтын төленбеген есеп айырысу құжаттарымен (шот-фактуралармен) байланысты болады.
Банктің жабдықтаушыдан тиеп жөнелтілген есеп-құжаттарын (шот-фактурасын) сатып алуды және жабдықтаушының өнімдерді сатып алушыдан төлемдерді талап ету құқығын банкке беруі факторингтік (факторлық) операциялардың негізіне жатады. Сондықтан да факторингтік операцияларды сондай-ақ жабдықтаушылардың сатуына несие беру немесе жабдықтаушыға факторингтік несие беру деп атайды.
Факторинг алғашқы бетте мамандандырылған сауда делдалдарының операциясы ретінде пайда болып, одан кейінірек – сауда банктерінің операциясын білдіретін болды. Ол сондай-ақ XVI-XVII ғасырлардың өзінде-ақ белгілі болған еді. Бірақ, өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдары ғана факторлық операциялар коммерциялық несиені вексель формасына ауыстырды және өнімдерді өткізу процесінде қызмет көрсету үшін кең түрде қолданыла бастады. Бұл инфляциялық процестердің күшеюімен және бірсыпыра елдер экономикасының тұрақсыздығымен байланысты туындады. Мұндай жағдай өнімдерді неғұрлым тез өткізуді, яғни капиталды тауар формасынан ақшаға ауыстыруды талап етті.
Банктер олармен тығыз байланысты корпорациялар мен фирмаларға олардың контрагенттерінің несие төлеу қабілеттелігі туралы деректерді береді, есептерді (счеттарды) тездетіп төлеуге әсерін тигізеді, берешектерді өтеуге кепілдік береді, «банкпен достықтағы фирмалардың» арасындағы дауларда олардың талаптарын орындау үшін клиенттерге қысым көрсетеді. Соңғы екі он жылдықта кең даму алған факторинг немесе факторлық несие коммерциялық несиенің қазіргі заман талаптарына бейімделген өзіндік үлгідегі түріне айналды. Тауар сатушы үшін коммерциялық несиенің факторлық несиеден өзгешелігі, сатқан тауары үшін оның төлемді қол ақшалай түрде, ал сатушы несиеге сату кезінде тек вексель ғана алынатындығынан тұрады.
Коммерциялық банктер факторлық несиені дамыта отырып, өзінің операцияларын кеңейтуге, пайда көлемін ұлғайтуға және клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкіндіктер алады.
Факторингтің екі түрі өмір сүреді: конвенциялық (ашық) және конфиденциалдық (жабық).
Конвенциялық факторинг кезінде жабдықтаушы өзінің шоттарында (счетында) талаптың (требование) фактор фирмаға сатылғандығын көрсетеді. Конфиденциалдық факторинг кезінде жыбдықтаушы контрагенттердің ешқайсысы факторлық компания арқылы сатуға оған несие беру туралы хабардар етілмеген. Сондықтан да факторингтің конфиденциалдық операцияларының құны конвенциалыққа қарағанда жоғары және басқа банктік несиелерден маңызды түрде қымбат.
Факторлық операциялар өнімдерді экспорттау кезінде кең дамуға ие болды. Экспорттық факторинг жағдайында клиент өзінің есептері (счеттары) бойынша барлық төлемдерді алуға 100% кепілдікті пайдаланады.
Нарықтық экономикалы елдерде факторингтік операциялармен, негізінен, банктермен тығыз байланысты немесе олардың еншілес филиалдары болып саналатын арнайы факторлық компаниялар айналысады.
Батыс еуропа елдерінде жүзеге асырылатын классикалық факторинг, жеткізілген өнімдер үшін төлемдерді (30-дан 90 күнге дейін) кейінге шегеру түріндегі коммерциялық несиеге немесе ашық есеп (счет) ретінде сатушы мен сатып алушы арасындағы несие-есеп айырысу қатынастарының формасын қолдануға негізделеді. Мұндай жағдайда жабдықтаушы оның мекен-жайына реттеуші құжаттарды жөнелте отырып, өнімдерді сатып алушыға тиеп жөнелтеді, ал берешек сомасын сатып алушы атына ашылған дебет есепке (счетқа) апарады. Ашық есеп (счет) бойынша сатып алушы шартта белгіленген мерзімде (ай сайын, тоқсанына бір рет немесе жарты жылда) өзінің берешегін өтейді.
Сатып алушының ашық есеп (счет) бойынша жабдықтаушыға несие беруі және ашық есеп (счет) формасын да есеп айырысуларды жүргізу, жабдықтаушыға ешқандай борыштық міндеттемелер бермеген кездегі тауар құжаттарын алу кезінде өнімдерге уақытылы төлем жүргізбеумен немесе төлем жасамау тәуекелімен байланысты болады. Мұндай жағдайларда контрагенттер арасындағы қатынас бір жақ немесе екі жақ үшінде тәуекелге бару болып саналады. Бұл тәуекелді факторинг компания (фактор-компания) өзіне алады. Факторингтік қызмет көрсету берешектерге уақытылы инкасса қоюға және төлемдерді кешіктіруден болатын шығындарды азайтуға көмегін тигізеді; күдікті берешектердің пайда болуын жояды; несиені басқаруда кәсіпорындарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; кәсіпорынның айналым жасауына және пайда табуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін өндірістік қызметтің табысты болуы үшін қолайлы жағдай туғызады. Факторингтік компания төленбеген талаптардың меншік иесіне айнала отырып, оларды төлемеу тәуекелін өзіне алады. Жабдықтаушы фактор фирмадан төлемді белгіленген мерзімде ала отырып, соңғыдан оған белгілі бір мерзімде есепті (счета) төлеу кезінде жеңілдік (шегерім) алу арқылы, өзінің кредиторларымен есеп айырысуларды жоспарлауы мүмкін. Есеп (по счету) бойынша тез арада төлем жасағаны үшін (немесе «сконто») жеңілдік батыс елдерінің көпшілігінде 3%-ды құрайды.
Факторингті қолдану төлемдер жасауды жеделдетеді, берешектерді өтеуге кепілдік береді, шоттарды (счеттарды) жүргізу шығындарын төмендетеді және сатып алушыда уақытша қаржылық қиындықтар болған кезінде, төлемдердің жабдықтаушыларға уақытылы түсуін қамтамасыз етеді.
Біздің еліміздегі коммерциялық банктердің факторлық қызмет көрсетуі мынадай: факторинг бөліміне қажетті ресурстар меншікті және қарызға алған (заемдық) қаржылардан құрылуы мүмкін. Олардың арасындағы арақатынасты банк басқармасы белгілейді. Факторинг бөлімі меншікті қаржыны өзінің банкінен алады және алдағы уақыттағы оның өсімі жүргізілетін операциялардан алынатын пайдалар есебінен болады. Қарыз (заемдық) қаржылар кәсіпорындардың қаржыларын тарту жолымен, басқа банктердің депозиттерінен және өз банкісінің несиелерінен қалыптасады.
Клиенттерге факторлық қызмет көрсету шарттық бастаулар негізінде жүзеге асырылады. Факторлық бөлім шарт жасағанға дейін жабдықтаушының несие төлеу қабілеттілігіне талдау жасайды, оның алдында берешектердің қаржылық жағдайы туралы ақпараттар жинап, оны зерттейді. Жабдықтаушы факторлық бөлімнің позициясы тұрғысынан факторингтік операциялар бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
сұраныспен және жоғары сапамен пайдаланылатын өнімдер мен қызметтерді өндіру;
өндірістің тұрақты өсу қарқынына ие болу;
өндірілетін өнімдерді сатудың белгіленген тұрақты жағдайын қолдану.
Факторлық бөлім сондай-ақ жабдықтаушының борыштық талаптарының сапасы туралы ақпараттарды да зерттеуі тиіс. Осы мақсатпен акцептен бас тарту жағдайлары (өткізілетін өнімдердің жалпы көлемінің сомасы, жиілігі, себептері); факторлық бөлімге жол бере алмайтын талаптардың бөлігі; өткізу көлеміндегі маусымдық ауытқулар; соның негізінде талаптар (требования) жазылатын құжаттар талданады. Факторлық бөлім үшін қойылған тауарларды нақты тиеп жөнелту алдында қойылған талаптар көбірек тәуекел етуді білдіреді. Сондықтан да факторлық бөлім талаптардың өнімдерді тиеп жөнелтіп болғаннан кейін немесе қызметтер көрсетіліп болған соң жазылуын қатаң қадағалауы тиіс.
Жабдықтаушы факторингтік қызмет көрсетуге шарт жасау үшін факторлық бөлімге беретін төлем талаптары туралы ақпараттарды жөнелтуі қажет. Олар:
әрбір төлем жасаушының аты мен мекен-жайы және оларға өнімді сатудың жағдайы;
барлық жол беретін талаптардың жоспарланатын сомасы;
осыған дейін әрбір төлемшіде болған сомасы және олардың шоттарын (счеттарын) тексеру туралы деректер;
берешектерді өндіру бойынша сатып алушылар арасындағы есеп айырысулардың жағдайына баға беру үшін қажетті өзге де ақпараттар.
Факторингтік бөлім бұл ақпараттарға талдау жасап болғаннан кейін, төлем жасаушыларға, жабдықтаушылармен факторингтік шарт жасағандығы туралы хабардар ететін арнайы хат жібереді немесе егер, шарт толық қызмет көрсетуді қарамайтын болса, осындай хабарлама жасау туралы жабдықтаушы өтініш жасайды.
Факторингтік қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны. Факторинг бойынша көрсетілетін қызметтердің көлеміне қатысты факторингтік шарттың екі түрі жасалады:
толық қызмет көрсету туралы шарт;
талаптарды күн ілгері төлеу туралы шарт.
Факторлық бөлімнің жабдықтаушылармен жасаған шартында мыналар көрсетіледі:
талаптарға жол беретін сатып алушылар;
жол берілетін талаптардың бақылау сомасы;
аванстың шекті сомасы (әдетте есеп (счет)
сомасының 80%-ынан аспайды));
несие үшін пайыздық ставка;
шот-фактураны өндегені үшін делдалдық
(комиссиялық) алым пайызы;
егер талап одан аз сомаға түссе, делдалдық
(комиссиялық) алымның ең төменгі сомасы және
басқалар.
Жабдықтаушы аталмыш факторлық бөлімнің келісімінсіз басқа банктің факторлық бөлімімен шарт жасау құқығы жоқ екендігі айрықша ескертіледі.
Толық факторлық қызмет көрсету туралы шарт әдетте жабдықтаушы мен факторлық бөлім арасындағы тұрақты және ұзақ контрактылар кезінде жасалады.
Әлемдік банк тәжірибесінде әдетте факторинг бойынша шекті соманы белгілеудің үш әдісі пайдаланылады.
Әрбір төлемшіге несие берудің мерзімі қалпына келтірілетін лимиті белгіленеді. Мұндай жағдайда факторингтік бөлім оның шегінде ғана жауапкершілік көтереді. Егер төлемшінің берешек сомасы белгіленген лимит сомасынан асып кететін болса, онда факторингтік шартқа сәйкес, төлемші төлем қабілетсіз деп хабарланған кезде, жабдықтаушының берешегін өтеуге түсетін барлық төлемдер бірінші кезекте, оған жабдықтаушы аударған соманы толық қайтарғанға дейін факторингтік бөлімге түсетін болады.
Жабдықтаушыға, бір ай ішінде (жүктерді тиеудің ай сайынғы лимиті) бір сатып алушыға тиеп жөнелтетін жүктердің шекті сомасы белгіленеді. Мұндай шара, клиент берешегінің түпкілікті сомасына қатыссыз түрде, жабдықтаушыны күдікті дебиторлық берешектердің пайда болу тәуекелінен сақтандыруға мүмкіндік береді. Лимит ай сайын беріледі.
Егер жабдықтаушының өндірістік қызметінің ерекшелігі ірі сомаларға бірқатар жеке келісімдерді болжайтын болса, жекелеген келісімдер бойынша сақтандыру әдісі қолданылады. Мұндай жағдайда, белгілі бір кезең ішіндегі тауарларды жеткізуге арналған тапсырыстың бүкіл сомасы шекті сома саналады.
Факторингтік бөлімнің делдалдық (комиссиялық) сый ақысы екі элементтен қалыптасады:
1. Берілген несие үшін ақы. Оның көлемі факторлық бөлімнен төлем алу мен факторингтік бөлімдегі жабдықтаушының есебі (счеты) бойынша күн сайынғы дебет қалдығы (сальдосы) негізінде төлемшіден түсетін төлемнің түсу күні арасындағы кезеңмен анықталады.
2. Көтерілген қызмет үшін ақы. Ол, әдетте, шот-фактура сомасынан пайыз ретінде есептеліп шығарылады. Оның көлемі өндірістік қызметтің көлемі мен құрылымына және оның сатып алушыларының несие төлеу қабілеттілігіне, факторлық бөлімнің орындалатын жұмыстардың көп жұмысты қажет етушілігі мен тәуекелді бағалауына қатысты болады. Регресс құқығы болған кезде 0,2-0,5 пунктке жеңілдік жасалады.
10.3. Трасталық операциялар
Өнеркәсібі дамыған елдерде қаржы активтерінің көбеюімен коммерциялық банктер сенім (трасталық, ағылшынша trast - сенім) операцияларын ұлғайта түседі. Банктердің бұл қызмет көрсету түрлері сенім хаттар бойынша жасалатын қатынастармен байланысты болады. Траст – сенім білдірген тұлғалар құқығына клиенттердің тапсыруы бойынша әрекет ететін және негізінен меншікті басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерін көрсетуді орындайтын коммерциялық банктердің бөлімдері. Банктер және тұлғалар, кәсіпорындар мен фирмалар, қайырымдылық компаниялары (қорлар) мен өзге де мекемелер үшін сенім операцияларын орындайды. Сенім операцияларын үш түрге бөлуге болады: мұрагерлікті басқару; сенім хат бойынша қорғаншылыққа байланысты операцияларды орындау; агенттік қызметтері.
Жеке тұлғалардың келісімдері бойынша мұрагерлікке иелік ету трастты банктің траст бөлімі атқарушыларының бірсыпыра міндеттерін орындауын болжайды. Олардың негізгілері жазбаша аманатқа сәйкес немесе соттың өкімі бойынша мұраға қалдырушының активтерін жинап және оны қауіпсіздендіруден, әкімшілік шығындарды, берешектерді, салықтарды төлеуден, мұрагерлік арасында мүлікті бөлуден және отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсетулерден тұрады.
Траст бөлімдері кәмелетке толмаған, заңды әрекет етуге қабілетсіз тұлғалардың қорғаншылық (опекунских) қызметтерін орындау тәртібінде жекелеген тұлғалардың сенім хаттары бойынша мүлік басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асырады. Сенім негізінде меншікті басқарумен байланысты операциялар сенім хат бойынша неғұрлым кең таралған операциялар болып саналады. Олар сенім білдіруші мен сенім білдірген тұлғалар арасындағы келісімдер нәтижесінде туындайды және одан әрі оған иелік ететін, басқаратын сенген тұлғаға сенім білдірушінің мүдделері үшін мүлікті өткізіп берумен байланысты болады. Осыған орай банк келісім шарттарына сәйкес негізгі сома мен кірістерді басқара алады, инвестициялайды және мүлікті сақтай алады.
Агенттік қызмет көрсетулер агент қызметін қабылдай отырып, коммерциялық банктер бөлімдерінің трастын (сенімін) орындайды. Егер операциялар меншікпен байланысты болатын болса, онда меншік құқығы сақталады. Активтерді сақтау және оған иелік ету, меншікті басқару, заң қызметін көрсету және өзге де агенттік операцияларды орындау негізгі қызмет көрсетулер болып саналады.
Кәсіпорындар мен фирмалар әдетте, олар үшін алуан түрлі қызмет түрлерін орындайтын өз коммерциялық банктерінің траст бөлімдерінің қызметіне жүгінеді. Сенім операциялары өзіне сенім білдірген тұлғаға мүлікке иелік ету құқығын өткізіп берумен, қызметкерлерді займмен қамтамасыз етумен қоса қабаттасып жүретін облигациялық займмен қызмет көрсетуді енгізеді. Акционерлік компаниялар, оларға акциялар мен облигациялар бойынша меншік құқығына сенім білдіру, зейнетақы қорларын басқару, биржада шығарылатын акцияларды тіркеуді банкке тапсыру арқылы банк қызметтеріне жүгінеді. Фирмалар үшін банк: компаниялардың акционерлеріне дивидендтерді төлеу мерзімінің келуі бойынша купондар төлеу мен облигацияларды өтеу сияқты төлем қызметтерін жүзеге асырады. Траст бөлімдері депозитарий қызметін, яғни сол бойынша акционерлер дауыс беру құқығын өкілдерге беру арқылы (дауыс беруші траст деп аталады) акцияларды сақтау қызметін орындайды. Банк компаниялардың қайта құрылуы, таратылуы немесе банкроттығы жағдайында олардың ісін уақытша басқаруы мүмкін.
Коммерциялық банктер сенім операциялары бойынша делдалдық (комиссиялық) сыйақылар алады. Агенттік қызмет көрсеткені үшін делдалдық (комиссиялық) төлемдер көпшілік жағдайда шарттық бастаулар негізінде айқындалады. Өйткені жұмыс көлемі операциялардың түрлері бойынша әртүрлі. Делдалдық (комиссиялық) сыйақылар траст кірістерінің жыл сайынғы аударымдарынан, негізгі сомалардың жылсайынғы жарналарынан және бірқатар жағдайларда траст туралы келісім мерзімінің қолданылуы аяқталғандағы негізгі сомалардан тұрады. Сенім операцияларының көлемі осы операциялармен байланысты шығындарды ақтайтындай және банктің пайда табуын қамтамасыз ететін болуы тиіс.
10.4. Банктердің халықаралық операциялары
Коммерциялық банктердің халықаралық операцияларына мыналар кіреді: халықаралық саудаға қатысушы клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан қызмет түрлерін көрсету, ссудалық капиталдардың халықаралық нарығындағы инвестициялық қызмет; шет ел бағалы қағаздары, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкасса қою үшін чектерді, векселдерді, банк акцептерін қабылдау.
Банктердің халықаралық операциялардан алатын табыстарының басым бөлігі несие беруден түседі. Банк несиесін берудің халықаралық саудасы тауарларға, тауар құжаттарына кепілдікке ссудалар беру, вексельдік және акцептік несиелер, банк ссудалары формасында қатысады. Лизинг, факторинг, форфетинг сауданы несиелендірудегі өзгеше жаңа формалары болып саналады. Орта және ұзақ мерзімдік халықаралық банк несиелері сондай-ақ еуронесиелер формасында беріледі.
Банктердің халықаралық операциялары бір валютаны екінші валютаға айырбастаумен байланысты. Мұндай операциялар валюта операциялары деп аталады. Оларды жүргізудің қажеттілігі, халықаралық несие беру мен сыртқы сауда және қызметтер көрсету бойынша есеп айырысу кездерінде халықаралық айналым құралы түрінде пайдалануға болатындай біртұтас төлем құралдарының болмауынан туындайды.
Әртүрлі валюталық операциялардың жиынтығы ссудалық капиталдардың әлемдік нарығының бөлігі болып саналатын валюта нарығын құрайды. Валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс шоғырландырылады. Ұсыныс ең алдымен, сатылған тауарлар мен қызметтер үшін валюталық түсім алған экспорттаушылардан болады, ал сұранысты сатып алған тауарлар мен қызметтерді, капиталдар мен несиелерді төлеу үшін шетел валютасын қажетсінетін импорттаушылар туғызады.
Валюта нарығындағы операцияларды банктер, жекелеген компаниялар мен жеке тұлғалар жүзеге асырады. Биржалық және биржадан тыс валюталық нарықтарға ажыратылады. Бүкіл валюталық операциялардың басым көпшілігі биржадан тыс коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.
Банктер валюталық операцияларды (тікелей немесе делдалдар арқылы) банкаралық валюта нарығында бір-бірімен, өздерінің клиенттерімен жүргізеді, сондай-ақ биржаларда да операциялар жасайды. Валюталық келісімдердің негізгі бөлігін банкаралық валюта нарығында коммерциялық банктер бір-бірімен жүргізеді.
Валюталармен операцияларды банктер өз есебінен, сондай-ақ өз клиенттерінің (делдалдық бастаулар негізінде) есебінен жүзеге асырады. Шетел валютасымен көрсетілген аударымдар арқылы жасалатын төлем құралдары: банк депозиттері, чектер, вексель мен аударымдар, негізінен, валюталық келісім құралдары болып саналады. Қолма қол шетел валюталарымен (банкноттар, монеталар) жасалатын келісімдер көлемі соншалықты көп емес.
Валюта нарығындағы банктердің активтілігі банктің көлеміне, оның беделіне, бөлімшелері мен филиалдарының шетелдік жүйелерінің даму дәрежесіне, ЕЭЖ-дің, телефон және телеграфтық байланысының жарақтануына қатысты болады. Валюталық операциялардың негізгі үлесі аса ірі коммерциялық банктердің үлесіне тиеді. Олар тек қана сатып алып қоймайды, валюталарды сатады, халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асырады, сонымен бірге шетел валюталарының босалқы қорын (запасын) сақтайды, валюта бағамын айқындайды. Басқа банктер шетел валютасының бағамын (бәсін) белгілеу үшін оған өтініш жасайды және олардан өз клиенттері үшін валюта сатып алады.
10.5. Валюталық операциялар
«Валюталық операциялар» түсінігінің маңызы мен мазмұнын ашып көрсету үшін аталмыш тақырыптың негізгі, басты терминдеріне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл шетел валютасы болып табылады. Шетел валютасы өзіне, айналымдағы және тиісті мемлекеттегі заңды төлем құралы болып саналатын банкнот, қазынашылық билеттер, металдар түріндегі ақша белгілерін; шет мемлекеттердің ақша бірліктеріндегі және халықаралық немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаржыларды енгізеді.
Валюталық операциялар түрінде меншік құнының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операцияларды оның ішінде төлем құралы түрінде шетел валюталары мен шет ел төлем құжаттарын пайдаланумен; халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты операцияларды түсіну көзделеді.
Валюталық операциялар процесінде арақатынасы банктің валюталық позициясын айқындайтын шетел валютасына банктердің белгілі бір талаптары мен міндеттемелері пайда болады.
Егер талаптар мен міндеттемелер сәйкес келетін болса, онда валюталық позиция жабық болып саналады, егер талаптар мен міндеттемелердің теңсіздігі өмір сүретін болса, онда банкте ашық позиция пайда болады.
Егер валюта сату бойынша талап міндеттемеден артып кетсе ашық валюта позициясы ұзақ (ұзын) болып саналады және егер, міндеттеме талаптан артып кететін болса, онда қысқа болады. Ашық валюта позициясы валюта тәуекелімен байланысты және банктерге немесе фирмаларға қосымша пайда әкелумен қатар шығынға да батыруы мүмкін.
Қолма қол валюта операциялары, негізінен, «спот» жағдайында жүзеге асырылады. Бұл – келісім жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күніне жүзеге асырылатын есеп айырысуларға валюталарды тез арада жеткізу операциясы. Тез жеткізілетін («спот») валюта операциялары барлық валюталық келісімдердің шамамен 90%-ын құрайды. «Спот» жағдайындағы операцияларды жүргізу кезінде банк клиенттерінің шетел валютасына қажеттіліктерін қамтамасыз ету, капиталдың бір валютадан екінші валютаға құйылуы, пайда алу мақсатында арбитраждық (төрелік) келісімдер мен операцияларды жүргізу оның негізгі мақсаттары болып саналады.
Келісім жасаған күнгі бағам бойынша болашақта жеткізу және есеп айырысу арқылы валюталарды сатып алу-сату жедел (шұғыл) келісімдер деп аталады. Әдетте, олар бағамдардың (курстардың) өзгеруінен сақтандыру үшін немесе алыпсатарлықпен алынған пайданы болдырмау үшін қолданылады. Валюталық операциялардың келесі түрлері «форвард», «фъючерстік операциялар», «опцион», «своп», «арбитраж» жедел операцияларға жатады.
Жедел банкаралық келісімдер «форвард» атауын алған. Келісім жасау мезетінде валютаның бағамы, мерзімі және сомасы белгіленеді, сонымен бірге мерзімі келгенге дейін (әдетте – 1-6 ай) шоттар бойынша ешқандай сома өткізілмейді. Негізінен, банктердің көпшілігі олардың шоттарында әріптестерінің белгілі сомаларының болғандығын (ақшамен қамтамасыз ету талап етілмесе де және келісім (мәміле) кез келген көлемде болуы мүмкін болса да) артық көреді.
Жедел келісімдердің (мәмілелердің) ерекшеліктеріне мәміле жасау күні мен мәміле орындау арасындағы уақыт интервалының өмір сүретіндігін жатқызуға болады және осыған орай валюта бағамы келісім жасау күніне анықталады.
Жедел мәмілелерді (келісімдерді) – конверсиялық, сақтандыру және алыпсатарлыққа бөліп қарау қабылданған, сонымен бірге мұндай бөлу жеткілікті шекте шартты болып саналады. Бұл мәмілелердің әрбірінде дерлік алыпсатарлықтың элементтері бар деуге болады.
Контракт жасау кезінде ұлттық және шетел валюта бағамдарының, төлем валюталарының өзгеру мүмкіндіктері ескеріледі.
«Форвардтық» мәмілелер алыпсатарлық операцияларды жүргізу үшін ыңғайлы құрал болып саналады, өйткені мұндай операциялар үшін қандай да бір өтімді құралдарға ие болу міндетті болып саналмайды.
Жедел алыпсатарлық мәмілелер үлкен пайда да әкелуі мүмкін, сол сияқты үлкен шығынға да батыруы мүмкін, тіпті бірқатар жағдайларда банктерді немесе фирмаларды банкроттық жағдайларға да ұшыратады.
Валюталық фъючерстер қазіргі уақытта келесідей биржаларда: Сингапур Халықаралық ақша биржасында (SIME), Лондон Халықаралық қаржы фъючерстерінің биржасында (LIFFE) және Чикагодағы Халықаралық ақша рыногында (IMM) жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары фьючерлік мәміле көлемі айта қаларлықтай күрт өсті (әсіресе ММ-де), сонымен бірге олардың LIFFE биржасында енгізілгендігіне қарамастан, олар Еуропада аса кең көлемде даму ала қойған жоқ. Бұл бірінші кезекте, Еуропаға тән болып саналатын, «форвард» базасында жақсы дамыған, тиімді қызмет істейтін валюта саудасымен неғұрлым икемді жұмыс жасай білумен түсіндіріледі.
Валюталық фьючерс – бұл биржада жүзеге асырылатын мәмілелердің стандартталған көлемімен және төлем жасау күндері көрсетілген шетел валюталарымен жедел валюталық операциялар.
«Форвард» операцияларынан оның өзгешелігі қазіргі уақытта бірнеше валюта ғана фьючерлік мәмілелердің объектілері болып саналатындығы. LIFFE-де АҚШ долларына қарсы швейцарлық франк, неміс маркасы,йен мен фунт стерлингтер осындай валюталар болып саналады.
Форвардтық операциялардан оның тағы бір ерекшелігі сатып алушының немесе сатушының валюталық фьючерс контрактысы бойынша банкпен емес, қарсы (контр) әріптес түрінде қатысушы – биржалардың Клирингтік палатасымен өзараәрекет жасайтындығынан көрінеді. Клирингтік палата сатушылар мен сатып алушылар арасындағы операцияларды жүзеге асыруда делдал ретінде қатысады.
Валюталық фьючерстердің форвардтық операциялардан үшінші өзгешелігі, фьючерлік мәмілелер жасау кезінде клирингтік палатаға жасалған келісімді орындау кепілі түрінде қолма қол түрде кепілдік депозитін салудан тұрады. Бұл кепілдік депозит бағамының қолайсыз қозғалысынан туындайтын кез келген шығынды жабуды қамтамасыз етеді. Биржадағы әрбір мәміле үшін бастапқы кепілдік депозит пен оны ұстап тұру үшін депозит белгіленеді.
Жоғарыда келтірілген барлық операцияларда біз болжамдық баға берулерді есепке алғамыз жоқ. Әдетте қосымша үстемелер немесе шегерімдер (жеңілдіктер) контрагенттердің хабардар болу дәрежесіне қатысты болады және шарт предметі болып саналады. Осыған байланысты таңдау мәмілелеріне айрықша орын беріледі.
Опцион (латынша – «optio» - таңдау) күні бұрын келіскен күнге немесе келісілген уақыт кезеңі ішінде белгіленген баға бойынша белгілі бір активтерді сатып алу немесе сату құқығын (опцион сатып алушы үшін) беру туралы екі жақты шартты білдіреді.
Валюталық опцион келесідей формаға ие екі делдал (дилерлер) арасындағы шартты білдіреді:
Уақыт
|
Клиент нөмірі
|
Опцион
|
Қатысушы
|
Контрагент
|
Сатып алу
|
Сату
|
Контракт
|
Жеткізу мерзімі
|
Типі
|
«СТРАЙК-БАҒА»
|
Сыйақы
|
Саны
|
Аталмыш шарт бойынша опционды делдалдың (дилер) бірі жазып береді, ал екінші делдал оны сатып алады және опцион шартында қосымша ескертілген мерзім ішінде, опционды жазып берген (сатып алатын опцион) тұлғадан бағам бойынша валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алуға немесе бұл валютаны оған сатуға (сатуға опцион) құқық береді.
Сөйтіп, опцион сатушысы валютаны сатуға міндетті (немесе сатып алуға) болып саналады, ал опцион сатып алушысы мұны жасауға міндетті емес, яғни валютаны сатып алуы немесе сатып алмауы да мүмкін.
Бұдан көзделетіндей, опцион – сатып алушыны айырбас бағамының қосымша ескертілген «страйк» бағадан жоғары қолайсыз өзгеру тәуекелінен қорғайтын валюталық тәуекелдерді сақтандырудың формасы болып саналады және айырбас бағамы ол үшін қолайлы болып табылатын бағытта «страйк» бағадан жоғары деңгейде өзгеретін жағдайда оған кіріс алуға мүмкіндік береді.
Страйк бағамен салыстырғанда айырбас бағамының өсуі (яғни ағымдағы) «апсайд» (ағылшынша – «upside» - жоғары жағы) деп аталады. «Страйк» бағамен салыстырғанда айырбас бағамының (курсының) төмен түсуі «даунсайд» (ағылшынша – «downside» - төменгі жағы) деп аталады.
Опционның үш үлгісі (типі) бар:
Сатып алу опционы немесе опцион колл (ағылшынша «call»). Бұл опцион оның бағамы үшін валюталарды сатып алуға (міндетті болып саналмайды) опцион сатып алушысының құқығын білдіреді;
Қосанжарлы (двойной) опцион (ағылшынша «putcall option») немесе опцион стеллаж (немісше «stellage»). Опционның бұл үлгісі (типі) базистік баға бойынша валютаны сатып алу немесе сатуға (бірақ, сатып алмау және бір мезгілде сату) опцион сатып алушысының құқығын білдіреді. Опционда мерзімі көрсетіледі.
Опцион мерзімі – бұл оның мерзімі өткенде опционды пайдалануға келмейтін күн (немесе уақыт кезеңі).
Опционның екі стилі өмір сүреді:
а) еуропалық
б) американдық.
Еуропалық стиль опцион тек белгіленген күнге пайдаланылатындығын білдіреді.
Американдық стиль, опцион оның мерзімі ішінде кез келген сәтте пайдалануға болатындығын білдіреді.
СВОП. (ағылшынша «swap», «swop» - айырбас, ауыстыру). «Спот» жағдайында одан кейін сатып алумен ұлттық валютаға айырбасқа валюталар сатып алатын валюталық операцияны білдіреді. Бұдан көзделетіндей, СВОП – бұл ол бойынша әртүрлі күндері есеп айырысу жағдайында теңдей сомаға бір мезгілде валюталар сатып алу мен сату болып саналады. СВОП – бұл оны одан кейін сатуға кепілдік берумен уақытша сатып алу. Тәжірибеде СВОП сол бір мезгілде валюта айырбастау бойынша жеке екі контрактыға қол қоюды білдіреді. Бұл контрактылар қарсы бағыттарға және әртүрлі есеп айырысу күндеріне ие. Бір контракты бойынша бірінші валюта белгілі бір мерзімде жеткізіп бермеу екінші валютаға айырбасқа сатып алынатын болады. Екінші контракты бойынша бірінші валюта келесі басқа бір мерзімде жеткізіп берумен екінші валютаға айырбасқа сатылады.
СВОП-тың валюталық операцияларының басым көпшілік бөлігін банктер жүргізеді. Мұндай жағдайда белгілі бір мерзімге мәміле соңынан бастапқы беттегі валюталарын бір-біріне қайтарып берумен екі валюта арқылы екі банк арасында айырбас жүреді. Айырбас, әртүрлі жеткізіп беру мерзімдерімен бір мезгілде жасалатын екі қарама қарсы мәмілелер формасында жүргізіледі; СПОТ – бір мәміле бойынша және «форвард» - екінші мәміле бойынша. Нәтижесінде екі банк те жедел мәміле бойынша оны сатқанға дейінгі кезеңде «спотқа» сатып алынған валютаны өзінің иелік жасауына алады.
Валюталық арбитраж (төрелік) – бұл пайда табу мақсатында валюталарды сатып алу-сату бойынша жасалатын операция.
Арбитраждың (төрелік) екі түрі болады:
а) валюталық
б) пайыздық.
Валюталық арбитраж (французша «arbitrage») – бұл валюта бағамдарының айырбасынан пайда табу мақсатында, оны сатумен бір мезгілде валюталарды сатып алу.
Қарапайым валюталық арбитраж – бір шетел валютасымен және теңгемен немесе екі шетел валютасымен жүзеге асырылатын арбитраж.
Күрделі валюталық арбитраж – бұл валюталардың көп санымен жүзеге асырылатын арбитраж.
Уақытша валюталық арбитраж уақыт бойынша валюта бағамдарының айырмаларынан пайда табу мақсатымен жүргізілетін операцияны білдіреді. Оған келесідей операциялар кіреді:
«споттың» бірінші бағамы бойынша валюталарды сатып алу;
депозит ашу;
депозитте валюталар сақтау;
депозиттен валюталарды алу;
оны «споттың» екінші бағамы бойынша сату.
Кеңістіктік (пространственный) валюталық арбитраж – бұл әртүрлі валюта нарықтарындағы (әр түрлі биржалардағы) аталмыш валюталар бағамындағы айырма есебінен пайда алу мақсатымен жүргізілетін операция, яғни бір биржада валюталарды сатып алу жүргізіледі және осы валюталарды неғұрлым жоғары бағам бойынша бір мезгілде басқа бағада сату болып саналады.
Кеңістіктік валюталық арбитражға келесідей операциялар кіреді:
«Споттың» бірінші бағамы бойынша валюталар сатып алу;
сатып алынған валюталарды аудару;
«споттың» екінші бағамы бойынша валюталарды сату;
валюталарды сатудан алынған ақшаларды аудару.
Пайыздық арбитраж әртүрлі валюталар бойынша пайыздық ставкалардың айырмалары есебінен пайда алу мақсатымен өзінің қысқамерзімдік активтері мен пассивтерінің валюталық құрылымдарын шаруашылық субъектілерінің (яғни арбитражерлардың) реттеуге бағыттаған валюталық (конверсиялық) және депозиттік операцияларымен үйлесім табатын мәмілені білдіреді.
Валюталық алып сатарлық (латынша «speculatio» - сырттай қарау, аңдау). Бұл операция валюталық тәуекелді қабылдаумен байланысты әртүрлі нарықтарда немесе уақыт аралығындағы валюта бағамдарының өзгеруінен пайда алу мақсатымен жүргізілетін операция болып саналады.
Валюталық алып сатарлыққа, ең алдымен, теңгеге аударым арқылы еркін айналымдағы валюталарды сатып алу жүргізілетін, содан кейін қолма қол валютаға айналдырылып және теңгеге сатылатын кездегі аударым арқылы жасалатын және қолма қол валюталардың бағамдар айырмасындағы ойындар жатады.
10.6. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар
Акционерлік қоғам түрінде құрылған коммерциялық банк акцияларды шығару және орналастыру жолымен жарғылық қор құрады. Акция, оны тарату кезінде мүліктердің қалдықтары мен оның пайдаларын бөлуде акционердің қоғамды басқаруға қатысу құқығын бекітетін бағалы қағаздарды білдіреді.
Дивидендтер төлеуді есептеу тәртібінің ерекшеліктеріне қатысты банк жарғысы артықшылық берілген (привилегированные) акциялар шығаруды қарайды. Оны ұстаушы маңызды жеңілдікті – дивидендтер алуға басымдық құқығын пайдаланады.
Бағалы қағазда оның қожайынының аты көрсетілген бе, әлде жоқ па соған қатысты, банк атаулы акциялар шығарады.
Банктердің бағалы қағаздар шығару процедурасына мыналар кіреді: 1) шығару туралы шешім қабылдау; 2) шығару туралы барлық қажетті ақпараттардан тұратын проспекті дайындау; 3) орталық мемлекеттік (ұлттық) банк мекемесінде проспектіні тіркеуден өткізу; 4) проспектіні жариялау; 5) бағалы қағаздарды алдағы уақытта тарату туралы хабарламаны баспасөзде жариялау; 6) бағалы қағаздарды бөлуді ұйымдастыру; 7) шығару қорытындысын тіркеу; 8) шығару қорытындыларын жариялау.
Облигация қаралған мерзімде белгіленген пайызды төлеу арқылы қожайынға нақты құнын өтеуде оның эмитенті шығарған міндеттемені бекітетін бағалы қағаз болып саналады. Акционерлік қоғамдардың, оның ішінде банктердің барлық шығарылған акцияларды толық төлеп болғаннан кейін ғана жарғылық қордың 25% мөлшерінен аспайтын сомасында облигациялар шығаруға құқықтары бар.
Заемды шығарушы банк, оны өтеудің ыңғайлы формаларын да таңдай білуі тиіс. Облигацияларды өтеу берешекті бөліп-бөліп қайтаруды, сондай-ақ оны біржолғы сатып алуды білдіреді. Егер банк заемды ірі көлемде шығаратын болса, онда банктің төлем қабілеттілігін бұзбас үшін, оны өтеуді бөліп-бөліп жүзеге асыру дұрыс болып саналады. Банктің облигация заемдарының шарттары өзіне кредиторлар мүдделерін қорғаудың элементтерін енгізуі тиіс. Мұндай элементтер келесілер болуы мүмкін: а) займ бойынша басқа банктерге пайыздар төлеуге кепілдік беру; б) кеңесшілдік дауыспен жиналысқа бірігуге облигационерлерге құқық беру; в) облигацияларды ипотекалық жолмен жабу.
Банктің акционерлік қоғамның капиталына қатысуы несие беру мекемесіне салынған капиталдан дивидендтер алуға, сондай-ақ аталмыш қоғамның бірдей қожайыны саналуға мүмкіндік береді.
Банкке оларға берілетін несиелердің қайтымдылығын жақсарту үшін аталмыш несие мекемелерінің кәсіпорындары мен азаматтарын сақтандыруды қамтамасыз ететін акционерлік сақтандыру қоғамының басты құрылтайшысы болып қатысу аса пайдалы болып саналады.
Бағалы қағаздарға инвестициялар тарту процесінде банктің салымдарды көбейту ережелерін сақтауы көзделеді, яғни маңызды шығындар тәуекелін төмендетуі тиіс. Банк бұған әртүрлі бағалы қағаздардың көпшілік бөлігі арасындағы салымдарды бөлу кезінде қол жетізуі мүмкін.
Коммерциялық банктің активті операцияларына сондай-ақ векселдердің (дисконт) есебі де кіреді. Делдалдық (комиссиялық) бастаулар кезінде банк, оның клиенттері шығарған бағалы қағаздарды бірінші болып орналастыруға қатысады, мысалы қандай да бір болсын акционерлік қоғамдардың шығарған бағалы қағаздарын орналастырады. Банктің оған қатысуы, тараптардың құқықтары мен міндеттері белгіленетін эмиссиондық шарт негізінде жүзеге асырылады.
Банк бағалы қағаздар эмитентімен өзара қатынастарда ғана емес, сонымен бірге олардың сатып алушыларымен немесе сатушыларымен (бұрынғы инвестормен) де әріптес болып қатысады. Мұндай жағдайда тараптар мәміле жасау арқылы әрекет етеді. Банк мәміле бойынша өзіне келесідей қызметтерді орындауға міндеттеме алуы мүмкін:
соңғы сатуға ұсынатын, тапсырыс берушінің өтініші бойынша бағалы қағаздарға бағалау жүргізу;
тапсырыс берушінің атына және соның есебінен бағалы қағаздар сатып алу;
тапсырыс берушінің бағалы қағаздарын орналастыру;
бағалы қағаздар нарығындағы бағамдар мен мәмілелер туралы тапсырыс берушіні хабардар ету;
бағалы қағаздар нарығының ағымдағы және болжанатын жағдайымен тапсырыс берушіні хабардар ету (тұтастай ел бойынша, жекелеген республикалар, қалалар, бағалы қағаздар түрлері бойынша);
бағалы қағаздар нарығында тапсырыс берушімен бірлескен іс-қимылды жүзеге асыру;
бағалы қағаздар нарығындағы операциялармен байланысты кез келген сұрақтар бойынша тапсырыс берушіге ақыл-кеңестер беру.
Коммерциялық банк берілген қысқа мерзімдік ссудалар бойынша кепіл түрінде қарыз берушілерден бағалы қағаздар қабылдауы мүмкін. Кепілге қойылған мүлік құны нақтылы баға бойынша емес, бағалы қағаздардың нарықтық бағамы бойынша бағаланады. Шығындар тәуекелін төмендету үшін банктердің кепілдікке қойылған мүлік құнының 50-70%-ы көлемінде ссудалар беруі дұрыс болып саналады. Сонымен бірге мұндай абайлап әрекет ету кезінде банк кездейсоқ жағдайлардан сақтандырылмаған. Бұл кепілдің қаралып отырған формасының өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Өйткені аталмыш бағалы қағаздардың нарықтық бағамы төмен түскен кезде ол күтпеген жағдайда құнсыздануы мүмкін. Міне, коммерциялық банкке келесі ережелерді басшылыққа алудың не үшін қажет екендігі осыдан көрінеді.
Банк қарыз алушымен несие келісімін жасай отырып, салынған қағаздардың биржалық бағасының төмен түсуі жағдайындағы ережені қарауы дұрыс болып саналады. Егер клиент оны жүзеге асырғысы келмесе немесе оны жүзеге асыра алмаса, ол қарыздың қамтамасыз етілмеген бөлігін өтеуі немесе барлық ссуданы қайтаруы тиіс. Несие шарты бойынша мынаны атап өту көзделеді: банк клиенті міндеттемелерді орындамағанда, банктің талаптарын клиенттердің кешіктіруі пайда болған жағдайда, сондай-ақ кешіктірілген қарыздар пайда болғанда (клиентке ешқандай хабарламастан) банк салынған бағалы қағаздар мен ақшалай түсімдердің барлығын немесе бір бөлігін қамтамасыз етілмеген кешіктірілген қарыздарды өтеуге (жабуға) бағыттайды. Егер түсім сомасы көрсетілген қарыздан аз болатын болса, онда клиент банк алдында өзінің қалған барлық мүліктерімен жауап беруге міндетті.
Басқаша айтсақ, бағалы қағаздар кепілінің ерекшелігі, қарыз алушының жауапкершілігі кепіл құнымен сарқылмайтындығынан, қайта барлық мүлікке тарайтындығынан тұрады. Тек осындай келіс қана бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы несиелер беру кезінде банктердің коммерциялық мүдделерін қорғайды.
Түйін
1. Лизинг – бұл шарттың бүкіл мерзімі ішінде оған деген меншік құқығын жалға берушіде қалдыру жағдайында, оларды өнімді пайдалану мақсатымен жалға алушы үшін жалға беруші сатып алған машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімдік жалға беру немесе жалға беру шарты.
2. Лизингтік мәміленің негізін мыналар құрайды: мәміле объектісі; мәміле субъектілері; лизингтік шарт негізі; лизингтік төлемдер; лизинг бойынша берілетін қызметтер.
3. Лизингтік қызметтердің қазіргі заманғы нарығы: қаржылық, қайтымды, өтемақылық, қалпына келтірілетін лизингтердің алуан түрлі формаларымен сипатталады.
4. Факторинг – есеп айырысуларды ұйымдастыру саласындағы қызметтердің жаңа түрлері, клиенттің айналым капиталына несие беруімен ұласатын сауда-делдалдық (комиссиялық) операцияларының түрлері.
5. Факторингтің конвенциялық (ашық) және конфиденциалды (жабық) екі түрі өмір сүреді.
6. Факторингті қолдану төлемдер жасауды жеделдетеді, қарыздарды өтеуге кепілдік береді, шоттарды (есептерді) жүргізу шығындарын азайтады және жабдықтаушылардан төлемдердің уақытылы түсуін қамтамасыз етеді.
7. Трасталық операциялар – бұл сенім операциялары. Банктер сенген тұлғалар болып қатысады және клиенттер атынан әртүрлі операциялар жүргізеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: мұрагерлікті басқару, қорғаншылықпен байланысты сенім хат бойынша операцияларды орындау. Агенттік қызметтер.
8. Коммерциялық банктердің халықаралық операцияларына мыналар кіреді: халықаралық саудада, ссудалық капиталдардың халықаралық нарығында инвестициялық қызметке қатысатын клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан түрлі қызметтер; шетел бағалы қағаздарын, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкасса қою үшін чектерді, векселдерді, банкілік акцептерді қабылдау.
9. Валюталық операциялар түрінде меншік құқығы мен басқа да құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операцияларды түсіну көзделеді. Оның ішінде шетел валютасын төлем құралы түрінде және төлем құжаттарын шетел валютасы түрінде пайдаланумен байланысты операциялар; халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру және т.б. кіреді.
10. Жедел және қолма-қол-кассалық мәмілелердің ара жігі ажыратылады. Кассалық мәмілеге «СПОТ» валюталық операциясы, жедел операцияға – «форвард», фьючерстік операциялар, «опцион», «СВОП», «арбитраж» жатады.
11. Бағалы қағаздармен байланысты банктердің операциялары – бұл акцияларды, облигацияларды шығару және орналастыру.
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар
Құрал-жабдықтардың меншік иесі оны лизингтік фирмаға сата отырып, бірмезгілде аталмыш құрал жабдықтарды олардан жалға алатын лизинг түрі – бұл:
а) қалпына келтірілетін лизинг;
ә) қайтымды лизинг;
б) өтемақылық лизинг;
в) жабдықтаушыға берілетін лизинг;
г) қаржылық лизинг.
Факторинг – бұл:
а) қозғалмайтын мүлікке берілетін несие;
ә) бір қарыз алушыға бірнеше банктердің несие беруі;
б) ұсынушы вексельді коммерциялық банкке сататын операциялар;
в) банктің жабдықтаушының талаптарын сатып алуы;
г) мүлікті уақытша пайдалануға беру.
Трасталық операциялар – бұл:
а) мұрагерлікке иелік ету, агенттік қызметтер, қорғаншылықпен байланысты сенім хат бойынша операциялар;
ә) бағалы қағаздар бойынша пайыздар есептеу, агенттік қызметтер;
б) мүлікті уақытша пайдалануға беру;
в) қозғалмайтын мүлікке несие беру;
г) ғимарат бөлмелерін (орындарын) жалға беру.
Болашақта мәміле жасалған сәтте белгіленген баға бойынша валютаны сатып алу немесе сату құнының объектісі болып қатысатын мәміле түрі:
а) своп;
ә) спот;
б) опцион;
в) репорт;
г) депорт.
Бір жылдан артық мерзімдегі өтегенге дейінгі бағалы қағаздар:
а) банк кепілдіктері;
ә) банктің агенттік қызметтері;
б) эмиссиондық операциялар;
в) банк инвестициялары;
г) дұрыс жауабы жоқ.
11 - ТАРАУ. БАНК ІСІ» КУРСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫНА АХУАЛДЫҚ ЕСЕПТЕР
1 ахуал. Қазақстан Республикасындағы банктер балансының шоттар (счеттар) жоспарының 7 бөлімі бар.
Бөлімдердің атаулары мен шоттар нөмірлері берілген: міндеттемелер, активтер, меншікті капитал, шығыстар, банк балансына меморандум шоттары, шоттар мен болуы мүмкін талаптар мен міндеттемелер.
3000-3999, 1000-1999, 2000-2999, 5000-5999, 6000-6999, 4000-4999, 7000-7999.
Шоттар мен бөлімдер нөмірлерінің көрсетілуімен рет-ретімен жүйеге келтіру талап етіледі.
2 ахуал. Коммерциялық банктің ресурстармен байланысты жағдайы өте қиын. Осы сәтте, ол өзінің ресурстық әлеуетін қалай пайдалы тұрғыдан шешу керектігін шешуі тиіс.
Аймақтың басқа банкпен ҚР Ұлттық банкінің қайтақаржыландыру (рефинансирование) ставкасының 10 пунктінен жоғары ставка бойынша төлем жасау арқылы несие алу, 15% ставка бойынша 3 айға екі ірі клиенттің депозиттерін тарту, қайтақаржыландыру (рефинансирование) ставкасы бойынша несие үшін Ұлттық банкке несие қоржынын қайта қарауға және ссудаларды мерзімінен бұрын өндіруге өтініш білдіру мүмкіндігі бар.
Ескерту: а) банк несиесінің мерзімі 1 ай;
б) клиенттерге тек 3 ай мерзім қосымша ескертілген;
в) ссуда алушылар мен банк арасында өзара әріптестік туралы шарт бар.
Менеджмент позициясы тұрғысынан шешу қажет:
Банк қандай шешім қабылдайды.
Қандай шешім неғұрлым тиімді екендігін есептеп шығарыңыздар.
Депозиттер мен несиелер үшін ставкалар бойынша Қазақстан Банк жүйесінің қазіргі жай-күйі қандай?
3 ахуал. Төменде коммерциялық банк балансының баптары (статьялары) келтірілген:
Касса және оған теңестірілген қол ақшалар; Банк шоттарындағы ақшалар; ҚР Ұлттық банкінің резервтік шотындағы ақшалар; Қазақстан Үкіметінің бағалы қағаздары; Қарыз алушыларға қысқа мерзімдік ссудалар; Овердрафт бойынша несиелер; Басқа банктерден алынған қысқа мерзімдік несиелер; факторингтік операциялар; Лизингтік операциялар; Банктің ұзақ мерзімдік ссудалары; Банк ғимараты және өзге негізгі қорлары; Бөгде (өзге) активтер; Басқа банктерге берілетін несиелер; талап еткенге дейінгі салымдар.
Топтар бойынша активтер баптарының кестесін жасау.
4 ахуал. Банк жүйесінде сыйақы ставкаларының өзгеруі тұрақты түрде болады.
Берілген несиелер бойынша сыйақы ставкалары 8% және 12%-ға тең. Несие сомасы алғашқы бетте 1,2 млн. теңге және 0,9 млн. теңге болады. Осы операциялар бойынша банк табыс табады. Кірісті есептеу формулалары:
(R2-R1)* V2=Pr; (V2-V1)* R2=Prv
мұнда:
Р – банк кірісі;
R – пайыздық ставкалар деңгейі;
V – берілген несие көлемі;
1 және 2 – соған сәйкес оның алдындағы және ағымдағы кезеңдер.
Екі фактор бойынша кезеңдер кірістің орындалуы мына формуламен есептеледі (R2-R1)* (V2-V1)=Prv.
Анықтау: пайыздық ставкалардың өзгеру әсері (сыйақы ставкалары және берілген несиелер көлемінің өзгеруі).
5 ахуал. Назар аудару үшін берілген формула:
Пайда
|
=
|
Пайда
|
*
|
Барлық активтер
|
Акционерлік капитал
|
Барлық активтер
|
Акционерлік капитал
|
Мыналарды білу қажет:
Бұл формуламен не анықталады;
Банк балансын алу және мәндері бойынша деректерді анықтау;
Шартты түрде көрсеткіштің орта мәні 10,2%-ға тән. Шешімін салыстыру.
6 ахуал. Коммерциялық банктің несие қарыздарының негізгі параметрлері – бұл:
Мерзім, несие беруші сыйақысы, несие мақсаты, қамтамасыз ету, өтеу тәртібі.
1. белгілі бір жалғастықпен несие келісімдерінің негізгі жағдайларының параметрлерін орын-орнына қою;
2. егер сіз банк менеджері болсаңыз қалай болар еді дегеннің әрбір параметріне толық түсініктеме беру қажет болып саналады.
7 ахуал. Қазақстанның коммерциялық банктерінің келтірілген несие топтары бойынша несие тәуекелдерін талдау үшін келесідей деректер берілген:
|
Несие салымдарының
көлемі
|
Несие салымдарының жалпы көлеміндегі үлес салмақ
|
Ескерту
|
1. Нақты қажеттілік, несиенің жоспарлы көлемі шегінде мемелекеттік кәсіпорындарға несиелер беру жоғары сенімді кәсіпорындар
|
2150
|
|
|
2. Несиенің жоспарлы көлемін арттырушы басқару органдарының шешімі бойынша мемлекеттік кәсіпорындарға несиелер беру
|
1100
|
|
|
3. Сақтандыру полисі мен кепілдік берген жағдайда шарт негізінде бірлескен кәсіпорындарға несиелер беру
|
3050
|
|
|
4. Кепілдік берген жағдайда, несие шарты негізінде шағын кәсіпорындарға несиелер беру. Олар тиімді, берешектері жоқ.
|
1350
|
|
|
5. Шарт-контрактылар негізінде селолық жерлердегі кооперативтерге несиелер беру. кепілдіктер берілмеген.
|
900
|
|
|
6. Жеке еңбек қызметімен айналысатын жеке тұлғаларға несиелер беру. Жұмыс орнының тұрақтылығы және кірісі күдік туғызбайды.
|
1500
|
|
|
7. Ірі акционерлік қоғам атынан кепілдік берушінің болуы жағдайында ет өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын тұлғаларға беру.
|
1800
|
|
|
|
|
100%
|
|
Несиенің әрбір түрінің үлес салмағын анықтау;
Несиелердің қандай түрлері тәуекел несиелерге (тәуекелді емес, тәуекелді, өте тәуекелді) жататынын атап көрсету;
Несие қоржынының мазмұнын байыту бойынша қорытындылар жасау қажет болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |