«Терапиялық стоматологиядан фантомды курс» Пән - Фантомды курс - Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулі
- Курс - екінші.
- Семестр – төртінші.
Пән - Фантомды курс - Оқу сағатының көлемі– 36.
- Дәрістер -қарастырылмаған.
- Тәжірибелік сабақтар – 24 сағат
- Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 12 сағат
- Бақылау түрі: емтихан
Фантомды курс - Фантомды курс терапиялық стоматологияның клиникаға кіріспе бөлімі болып саналады және стоматологиялық профильдегі маманды дайындағанда оқу пәндердің ішінде ең маңыздысы болып саналады
Пәннің мақсаты: - Терапиялық профильді стоматологиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру, стоматологиялық жабдықтар және аспаптар, тістердің анатомо-топографиялық құрылысы, тісжегі қуыстарды егеп тазалау кезеңдері және қағидалары, пломбылық материалдардың құрамдары, қасиеттері, оларды таңдау және дайындау технологиясы сұрақтары бойынша студенттерге кәзіргі көзқарасты қалыптастыру.
Оқудың міндеттері: - дәрігер-стоматологты дайындағанда фантомды (клиникаға кіріспе) курстың мағынасы туралы түсінік құрыстыру;
Оқудың міндеттері (2): - терапиялық профильды стоматологиялық көмегін ұйымдастыру негіздері, терапиялық стоматология кабинетін құралдандыру және жабдықтау, стоматологиялық жабдықтармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы, стоматологиялық кабинеттің медициналық қызметкерлердің міндеттері туралы түсінік беру;
Оқудың міндеттері (3): - әр түрлі тіс тобындағы тістердің анатомиялық құрамын және қызметтерін оқу;
Оқудың міндеттері (4): - тістердің тісжегі, тісжегінің жүйесі, қағидалары, тісжегі қуыстарды егеп тазалау кезеңдері және техникасы туралы түсінік;
Оқудың міндеттері (5): - пломбылық материалдардың түрлерін, құрамдарын, қасиеттерін, қолдану көрсеткіштерін және қарсы көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістерін оқып білу.
Пәннің қысқаша мазмұны: - стоматологиялық кабинеттің жабдықтары мен жарықтануы, стоматологиялық қондырғымен жұмыс істегендегі техникалық қауіпсіздік.
- Дәрігердің, мед.бикенің, стоматолог ассистентінің, стоматологиялық емдеу кабинетінің санитаркасының міндеттері.
- Тістерді тексеруге, емдеуге және пломбылауға арналған стоматологиялық аспаптар; сақтау, күту және залалсыздандыру ережелері.
- Тістердің жалпы анатомиясы. Әр-түрлі тістердің анатомо-топографиялық ерекшелері.
Пәннің қысқаша мазмұны (2): - Тістердің ерекшелік белгілері мен ажырату белгісі.
- Тісжегі туралы түсінік. Блэк бойынша тісжегі қуыстарының жіктелуі.
- Тісжегі қуыстарын егеп тазалау қағидалары, кезеңдері және техникасы.
- Ауыру сезімін төмендету үшін оптимальды жағдайлары.
Пәннің қысқаша мазмұны:(3): - Пломбылық материалдардың түрлері.
- Әр-түрлі пломбылық материалдардың құрамы, қасиеттері, көрсеткіштері, дайындау және пломбылау әдістері.
- Өзіндік қатаятың және сәулемен қатаятын композиттермен тісжегі қуыстарды пломбылау кезеңдері.
- Түйісу орнының мағынасы және қалпына келтіру әдістері
- Пломбыларды өңдеудің маңызы, әдістері.
- Тістердің сауыттарын қалпына келтіру әдістері.
Пререквизиттер: - химия,
- биология және генетика,
- медициналық биофизика,
- анатомия,
- гистология,
- қалыпты физиология
Постреквизиттер: СӨЖ ұйымдастыру түрлері: - СӨЖ-дегі сұрақтарды білу үшін әдебиеттермен жұмыс істеу керек;
- рефераттарды, презентацияларды, кестелерді, микрокестелерді, схемаларды, көрнекті жабдықтарды дайындау
Оқытушылар туралы мәлімет: -
- 1. Баяхметова Алия Алдашевна - Профессор, м.ғ.д., модульдің жетекшісі
- 2. Баскакова Ирина Валентиновна – Доцент, м.ғ.к.
- 3. Кунанбаева Тамара Сулейменовна – Доцент, м.ғ.к.
- 4. Сагатбаева Анар Джамбуловна – Доцент, м.ғ.к.
- 5. Смагулова Ельмира Ниязовна - Доцент, м.ғ.к.
- 6. Мангытаева Батима Бекдаировна – Ассистент
- 7. Уразбаева Бахыт Мырзашевна – Ассистент
- 8. Долгих Валерия Робертовна – стажер-преподаватель
Байланыс ақпарат: - Кафедраның орналасқан жері: Алматы қ., Толе би көш, 92; оқу корпусі №3 ҚазҰМУ, 3 этаж.
- Телефон: 292-50-25 (ішкі. 208)
- Кафедраның электронды адресі: ter.stomkaznmu@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |