Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет15/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

154

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ 

ТЫЛДАҒЫ ЕРЛІК

Қазақстандықтар майданда ғана шайқасып қойған жоқ. Тылдағы халық жеңісті 

жақындату үшін қолдан келгеннің бəрін істеді. Қазақстандық еңбекшілер «Бəрі де 

майдан үшін, бəрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен күн демей, түн демей, демалыссыз 

еңбек етті. Олардың əрқайсысы майданға неғұрлым көп өнім берсе, жауға берілетін 

соққы соғұрлым пəрменді болатынын, демек, көп күттірген жеңістің тезірек 

келетінін жақсы түсінді. Соғысқа кеткен ер-азаматтардың орнына колхоз егістіктері 

мен зауыттағы станоктарда əйелдер мен балалар жұмыс істеді. 

Қазақстан майданға керектінің бəрін берді: нан, ет, киім-кешек. Сонымен қоса 

əскерді қарумен, оқ-дəрімен, снарядтармен қамтамасыз етті. Жауға атылған 10 

оқтың 7-еуі Шымкент зауытында жасалды. Танктер мен ұшақтарға керекті жанармай 

Қазақстаннан жеткізілді. Майданға көмектесу үшін адамдар, тіпті қолдарындағы 

ақшалары мен құнды заттарын да берді.

XX ғасырдың басында əлем чемпионы атанған қазақтың атақты балуаны 

Қажымұқан Мұңайтпасов жинаған ақшасынан 100 мың рубльді өткізді. Осы ақшаға 

ұшақ жасалып, онымен қазақ ұшқышы соғысты. 




155

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ 

ҚАБЫЛОВ ТӨЛЕН

Ерліктің өшпес ізін қалдырған қазақстандық Кеңес Одағы батырларының бірі 

– Қабылов Төлен. Ол 1917 жылы Алматы облысы Шелек (қазіргі Еңбекшіқазақ) 

ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Əскер қатарына шақырылып, Сталинград 

шайқасына, Дон, Қырым, Украина, Белорусь, Литва жерлерін азат ету ұрыстарына 

қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», 3-дəрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. 1945 

жылы 10 сəуірде Кенигсберг қаласы түбінде Төлен басқарған бөлімше жау танкілеріне 

қарсы шайқасты. Осы ұрыста Төлен гранатаны кеудесіне қысқан бойы жау танкісінің 

астына жата қалып, өзімен бірге танкіні жарып жібереді. Осындай ерлігі үшін оған 

Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 



ЛУГАНСКИЙ СЕРГЕЙ ДАНИЛОВИЧ

Луганский Сергей Данилович (1918 – 1977) – Кеңес 

Одағының Батыры атағын екі мəрте алған қазақстандық 

ұшқыш. 1918 жылы 10 ақ 

панда Алматы қаласында 

дүниеге келген. Ол Орынбордағы ұшқыштар мектебінде, 

Мəс кеудегі əскери-əуе академиясында білім алған. 1939 – 

40 жылдар аралығында кеңес-фин соғысына қатысқан. 

ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский ұшу сапарына 

390 рет шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. Соғыстан 

кейінгі жылдары КСРО Қарулы Күштерінің Əскери-

əуе күштері саласында əр түрлі жоғарғы басшылық 

қызметтерде болды. 

НҰРКЕН ƏБДІРОВ

Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған 

қазақстандықтардың бірі – əскери ұшқыш Нұркен Əбдіров. Ол 

1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған. 

1942 жылы шабуылдаушы ұшқыш Нұркен Əбдіров майданға 

жіберіледі. Алғашқы əуе шайқасына 23 қазанда қатысып, екі айға 

жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет əскери-əуе жорығына араласты, 

жаудың 12 танкісін, 28 автомашинасын жəне т.б. техникаларын, 

50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды. 1942 жылы 19 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

▲ С. Д. Луганский 

▲ Н. Əбдіров



156

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ 

СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ 

Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысы 

Əулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылында туылған. 

1940 жылы əскер қатарына алынып, 1941 жылдың 

маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына аттанды. 

Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер 

бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-

Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның 

көзін жойды. Өзі де 4 рет жараланған. 1943 жылы 25 

шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып 

тұншықтырып, ерлікпен қаза тапты. 

1944 жылы 21 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі 

Төралқасының шешімімен Сұлтан Баймағамбетовке Кеңес 

Одағының Батыры атағы берілді. 



ПАВЛОВ ИВАН ФОМИЧ

желтоқсанда Ростов облысы Боков ауданындағы Коньков хуторына шоғырланған жау 

танкілері мен автомашиналарына жасалған шабуылға қатысты. Шабуыл кезінде Нұркен 

Əбдіровтің ұшағы отқа оранды. Осыдан кейін ол ұшағын бұрып əкеліп, жау танкілерінің 

шоғырына соғады. Нұркен Əбдіровке əскери міндетін атқару кезінде көрсеткен мұндай 

өшпес ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

Павлов Иван Фомич 1922 жылы Қостанай облысының 

Меңдіқара ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Чкалов 

атындағы əскери-əуе ұшқыштары мектебін, 1949 жылы М.В. 

Фрунзе атындағы Əскери академияны бітірді. 1942 жылдың 

желтоқсан айынан Ұлы Отан соғысына аттанды. Жауынгерлік 

ұшу сапарына 200-ден астам рет шығып, өзі жаудың 3 

ұшағын қиратты. 1944 жəне 1945 жылдары екі рет Кеңес 

Одағының Батыры атағын алды. Соғыстан кейін авиация 

полкін басқарды. Павлов 1950 жылы қызмет барысында қаза 

тапты. 2 рет «Ленин» орденімен, т.б. көптеген ордендермен 

жəне медальдармен марапатталды. Қостанай қаласының 

орталық алаңына Павловтың қола мүсіні орнатылған.



▲ С. Баймағамбетов

▲ И. Ф. Павлов 


157

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ 

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ 

Талғат Бигелдинов – Ұлы Отан соғысында екі мəрте 

Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық 

ұшқыштардың бірі. Ол 1922 жылы 5 тамызда Ақмола 

облысы Ақкөл ауданы Майбалық ауылында дүниеге келеді. 

Соғыс басталғаннан кейін Саратов, Чкалов қалаларындағы 

ұшқыштар мектептерінде оқиды. 1943 жылдың ақпанынан 

майданға жіберіліп, сол жылғы 7 наурызда «Ил-2» 

шабуылшы ұшағымен жаудың «Мессершмит-109» жойғыш 

ұшағын атып түсірді. Бұл ерлігі бұрын-соңды кездеспеген 

оқиға ретінде əлемдік авиация тарихына енді. Соғыс кезінде 

ол 305 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың 

жүздеген танктерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 

Əуе шайқастарында фашистердің 7 ұшағын атып түсірді. 

Соғыстан кейін əскери-əуе күштерінде қызмет істеді. 

Бигелдинов «305 рейдов», «Ил-ы атакуют», «Аспандағы 

айқас» атты естелік кітаптар жазды. 

БЕДА ЛЕОНИД ИГНАТЬЕВИЧ

Беда Леонид Игнатьевич 1920 жылы 16 шілдеде 

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Новопокровка 

ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры 

атағын екі мəрте иеленген. Жоғары ұшу-тактикалық 

мектебін, Əскери-əуе күштері академиясын жəне Бас штаб 

əскери академиясын бітірген. Беда Чкалов атындағы 1-ші 

(қазіргі Орынбор) əскери-авиация училищесін 1941 жылы 

жылдам ұшатын бомбалаушы ұшақ ұшқышы мамандығы 

бойынша бітіргеннен кейін «Ил-2» шабуылшы ұшағына 

мамандану үшін училищеде қалдырылады. 1942 жылы 

16 тамызда Сталинград майданында соғысқа кіреді. Ол 

соғыс кезінде 214 рет жауынгерлік тапсырма алған. Оның 

154-інде ұшақтарға өзі жетекшілік еткен. Соғыстан соң 

Беда əскери қызметтерде жұмыс атқарды. Көптеген орден, 

медальдармен марапатталған. 1976 жылы автомобиль 

апатынан қаза болған.

▲ Т. Бигельдинов

▲ Л. И. Беда 



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау