161
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
бастап, қалай аяқтауды Саратовтағы əскери ұшқыштар училищесінде оқып үйренеді,
өзінің ұстазы саналатын атақты Марина Михайловна Раскованың мол тəжірибесімен
машықтанады.
Соғыс жылдары əйгілі 588-ші түнгі бомбалаушы полкінің құрамында соғысқан. Осы
полктің əйел ұшқыштарының батырлығы үшін немістер оларға “Түнгі мыстандар” де-
ген ат қойған. Хиуаз Наталья Меклина, Раиса Аронова, Александра Хорошилова, Евге-
ния Жигуленко атты əріптестерімен бірге жауынгерлік тапсырмамен 300-ден астам рет
аспанға көтеріліп, жаудың төбесіне жасын ойнатқан.
Ерлігі үшін Хиуаз Доспанова Қызыл Жұлдыз, Отан соғысының 2 дəрежесі, Қызыл
Жалау ордендері жəне көптеген медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін Хиуаз
Доспанова қоғамдық, партиялық органдарда қызмет жасады.
Жеңістің 60 жылдығында Қазақстан Президентінің Қаулысымен оған «Халық
Қаһарманы» атағы берілді.
Даңқты жерлесіміздің орыс тілінде «Под командованием Расковой», қазақ тілінде
«Халқым үшін» деген өзінің жазған кітаптары жарық көрген.
▼ Ə. Молдағұлова мен М. Мəметова ескерткіші
162
ҒАРЫШТЫ ИГЕРУ
50-ші жылдары Қазақстанда тағы бір маңызды оқиға болды. 1955 жылы қазақ
даласында Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы басталды.
Бір қызығы, XIX ғасырда осы жерді адамды опат қылатын орын санап, патша
билігіне қажетсіз жандарды осында жер аударған.
1957 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан бірінші жасанды Жер серігі ұшырылды.
Ол бүкіл əлемге қазақтың Байқоңыры Жер планетасындағы алғашқы ғарыш айлағы
екендігін əйгіледі.
1961 жылы Байқоңырдан дүние жүзінде алғаш рет бортында адам бар зымыран
ұшырылды. Ол бірінші ғарышкер Юрий Александрович Гагарин болатын.
Бүгінгі күні Байқоңырдан ғарыш кеңістігіне жаңа экипаждар ұшырылуда. Жерді
ғарыштан алғашқы қазақ ғарышкерлері Тоқтар Əубəкіров пен Талғат Мұсабаев
бақылады.
ТОҚТАР ƏУБƏКІРОВ
Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұң ғыш
ғарышкері, Т. Əубəкіров – техника ғылымдарының док-
торы (1998), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек
сіңірген ұшқыш-сынақшысы (1990), авиация генерал-
майоры (1992), Кеңес Одағының Батыры (1988), Қа-
зақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995),
Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (1995).
Тоқтар Əубəкіров 1946 жылы Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы «Бірінші май» ауылында туылған.
1969 жылы ол Ресей Федерациясындағы Армавир
жоғары əскери ұшқыштар училищесін бітіреді. 1976
жылы Мəскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін, 1979
жылы Мəскеу авиация институтын тəмамдап, 1976 –
92 жылдар аралығында Мəскеудегі А.И. Микоян атын-
дағы тəжірибелік-конструкторлық бюроның ұш
қыш-
сынақшысы болып қызмет істейді. 1991 жылы 2 қа занда
Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшып (1991 жылы 10 қазанда Жерге
оралады), «Мир» орбиталық кешенімен түйіседі. Онда ол өзге ғарышкерлермен
бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары жəне Арал теңізі аймағы
бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы
атмосфераны жəне жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау
жұмыстарын да ойдағыдай өткізеді.
1992 – 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-і орынбасары,
1993 – 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің
▲ Тұңғыш ғарышкер – Т. Əубəкіров
163
ҒАРЫШТЫ ИГЕРУ
ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ
Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы – Қазақстан Рес пуб-
ликасының жəне Ресей Федерациясының ұш қыш-ға-
рышкері. Мұсабаев 1951 жылы Алматы облысы Жам-
был ауданы Қарғалы ауылында туылған. Ол 1974 жы лы
Рига азаматтық авиация инженерлері институ тын жəне
1993 жылы Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар учили ще сін
бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация əуе
қатынастарының Боралдай авиатобында инженер бо лып
еңбек етті. 1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-і ұшқышы,
командирі болды. 1989 жылы Ульяновск (қазіргі
Тольятти қаласы) қаласындағы ұшқыштар, диспетчер -
лер жəне инженер-техник кадрларын дайындау
орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиатобының 1-і
ұшу тобында ТУ-134 ұшағының 2-і ұшқышы болды.
1990 жылы Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа
ұшу дайындығына кірісті. 1991 жылы Мұсабаевқа «Ғарышкер-сынақшы» біліктілігі
берілді. 1994 жылы 1 маусымнан 4 қарашаға дейін (ұзақтығы – 127 тəулік) «Союз-
ТМ» ғарыш кемесінде борт-инженер ретінде ғарышта болып, ашық ғарыш кеңістігіне
(жалпы ұзақтығы – 11 сағ 06 мин) шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми-зерттеу
жұмыстарының 2-і бағдарламасын орындады. 1998 жылы 29 қаңтар мен 25 тамыз
аралығында (ұзақтығы – 208 тəулік) «Союз-ТМ-27» жəне «Мир» ғарыш кемелерінің
кеме командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде 5 рет (жалпы ұзақтығы – 30 сағ 08
мин) ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда ғылыми-зерттеулер мен тəжірибелердің
қазақстандық 3-і бағдарламасын орындады. 2001 жылы 28 сəуір мен 6 маусым
аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық станциясына
барған бірінші экспедицияның экипаж командирі болды. Бұл ұшу кезінде ғылыми-
зерттеулер мен тəжірибелердің қазақстандық 4-і бағдарламасын орындады. Мұсабаевқа
Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» жəне Ресей Федерациясының
Батыры атақтары берілді.
бас директоры, Ғылым жəне жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95
жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қорғаныс жəне
қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1996 – 2000 жылдары ҚР Президентінің
кеңесшісі, 2002 жылдан «Испат-Кармет» ААҚ-ның корпоративтік істер жөніндегі
директоры қызметтерін атқарды. 2004 жылдан ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты.
Авияция саласындағы, ғарышты игерудегі ерен еңбегі үшін Ленин Орденімен жəне
көптеген медальдармен марапатталған.
▲ Т. Мұсабаев