Сенбі Суббота 9 маусым июня 2018 жыл года



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата19.11.2018
өлшемі3,61 Mb.
#20874
  1   2   3   4   5   6   7   8


Сенбі

Суббота

9

маусым

июня

2018

жыл

года

44 (5759)

Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары 

– Астана қаласы өзінің мерейлі 20 жылдығын атап өткелі 

отыр.  Байтақ  еліміздің  жүрегі  саналатын  шырайлы 

шаһардың туған күніне дайындық жұмыстары бүгінде 

басталып та кетті. Бұл түсінікті де, өйткені, Астана күні 

әлдеқашан жалпыұлттық мерекеге айналған.

Еліміз  егемендігін  алған  кезде,  сонау  90-шы 

жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тың 

идея ұсынды. Осылайша, 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы 

Кеңес  депутаттары  астананы  Ақмолаға  ауыстыруға 

шешім  қабылдады.  Артынша  Мемлекет  басшысының 

республика  астанасын  Ақмолаға  көшіру  жөніндегі 

Жарлығы шығып, 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола 

ресми түрде астана болып белгіленді.

Ал, 1998 жылы Президент 

Ақмола  қаласын  Астана 

қаласы  деп  атауға  Жарлық 

шығарып,  осы  жылы  10 

маусым күні жаңа Астананың 

тұсаукесерін өткізген болатын. 

С од а н   б е р і   2 0   ж ы л д ы 

тарих  қойнауына  жіберген 

Астана  адам  танымастай 

алып  шаһарға  айналды. 

Жас  қалаға  жастар  қоныс 

теуіп,  олардың  өмір  сүруіне 

мүмкіндіктер  молайды. 

Жаңа  жұмыс  орындары 

мен  білікті  мамандардың 

басын  біріктірген  жоғары 

оқу  орындары  ашылды. 

Тәуелсіздіктің  мәуелі  жемісі 

саналған  Астана  қаласы  күн 

сайын жаңарып, әлем назарын 

өзіне аудартты. Аз уақыттың ішінде ажарлы келбетімен 

айшықталған Елордаға шет мемлекеттер қызыға қарайды. 

Себебі, бір кездегі шағын ғана қала бүгін көлемді, қуатты 

мегаполистердің қатарына енді.

Елорданы  одан  әрі  дамыту  мәселелері  жөніндегі 

Мәжілісте  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Астана 

бейбітшілік  пен  келісімнің  қаласына  айналды»  –  деп 

атап көрсетті. 

Президентіміз айтқандай, Есіл жағасындағы еңселі 

Елорда бүгінде бейбітшіліктің алтын тұғырына айналды.

Мөлдір Құлжанова,

аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің бас маманы.

Еліміз  егемендігін 

алған  ширек  ғасырдан 

астам  уақыттан  бері  қыруар  жетістікке 

жетті.  Спорт,  мәдениет,  экономика,  тағы 

қандай сала болмасын татулық пен салиқалы 

саясаттың арқасында қазақ алмаған қамал 

жоқ. Ширек ғасырдан бері дамудың даңғыл 

жолына  түскен  қазақ  елінің  жаңғыратын 

уақыты келді. Сол үшін де Елбасы өзінің 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 

мақаласын жариялады. Бұл мақала барша 

қазақстандықтың  жүрегіне  жетіп,  рухын 

оятты. 


Бүгінгідей  әлем  сан  құбылып  жатқан 

тұста  бәсекеге  қабілеттілікті  сақтаудың  маңызы  зор  екені  айқын. 

«Қазіргі  таңда  жеке  адам  ғана  емес,  тұтас  халықтың  өзі  бәсекелік 

қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады», – деп Елбасы 

мақаласында шегелеп айтты. Жер-жаһан атомдық жылдамдықпен дамып, 

саясат күнде құбылып жатқан алмағайып кезеңде бәсекеге барынша 

қабілетті  болу  қасиеті  ауадай  қажет.  Осы  мақсатта  қолға  алынып 

жатқан «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және 

конфессияаралық келісім» секілді ауқымды бағдарламалар дер кезінде 

қабылданған шешім деп санаймын. Бәсекелік қабілеттен бөлек, ұлттық 

бірегейлікті сақтау мен прагматизмде елдің дамуына серпін беретіні 

сөзсіз. 


Болашағының  жарқын  болуын  көксейтін  ел  білімге  талпынады. 

Бұл  –  жазылмаған  заңдылық.  Білімнің  салтанат  құруы  Елбасы 

мақаласынан да тыс қалған жоқ. Рас, бүгінде еліміздің білім жүйесі 

өзгелердікінен бір мысқал да кем емес. Әлемдік небір оқу орындарымен 

иық тірестіре алатын университеттеріміз, сапалы білім беріп, саналы 

ұрпақ тәрбиелейтін зияткерлік мектептеріміз бар. Білім алып, Отаныма 

қызмет етемін деген әрбір жас «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетел 

асуда. Сондағы еңселі оқу ордаларын үздік тәмамдап, мемлекетіміздің 

дамуы жолында аянбай еңбек етуде. Мұның барлығы елімізде білімнің 

барынша салтанат құрғанын айқындап тұр. Мақалада сөз етілген тағы 

бір  ауқымды  мәселе  –  латын  графикасына  көшу  жайы.  Мемлекет 

басшысының  тапсырмасымен  арнайы  комиссия  құрылып,  латын 

әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді. Латын әліпбиі шошынарлық дүние 

емес. Себебі, халқымыз өткен ғасырдың 20-40 жылдары осы графиканы 

қолданғаны тарихтан белгілі. Ендеше, осы әліпбиді барынша меңгеріп 

алуымыз керек. 

Әлімсақтан бері халқымыз туған жерін қастерлеп, аялай білген. Сол 

себепті, «Туған жерге туыңды тік» деп аталы сөз қалдырған. Туған жерге 

деген сүйіспеншілік туған елге деген патриоттық сезімге ұласатынын 

Елбасы мақаласында да атап өтті. Бүгінде көптеген қалталы азаматтар 

өз туған жерінің дамуына серпін беріп, қолдан келгенше жәрдемдесуде. 

Егер барша адам өзі туған мекенге жақсылық нұрын құйса, онда еліміздің 

де қарыштап дамитыны анық. 

«Ерім  дейтін  ел  болмаса,  елім  дейтін  ер  қайдан  шықсын»  деген 

екен дана халқымыз. Елдің атын ер шығаратыны баршаға аян. Қазақ 

халқы таланттарға кенде болып көрген емес. Бұл сөзімізді өткен уақыт 

әлдеқашан шындыққа айналдырған. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен 

беріде  өнерде,  спортта  жеткен  жетістіктеріміздің  өзі  бір  атанға  жүк 

болардай-ақ. Ұлт көшбасшысы ұсынған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» 

жобасы талай бұлақтың көзін ашты. Сәтімен жүзеге асқан бұл жоба талай 

үкілі үміттердің елге танылуына сеп болды. Әрине, еліміздің дарынды 

ұл-қыздары тек осымен шектеледі деп ойлау қателік. Ондай таланттар 

мыңдап саналады. Тек солардың шырағын жағып, дер кезінде таныта 

білсек болғаны.

Рухани  жаңғырудың  көзі  –  ұлттық  код.  Ана  тіліміз,  ата  дініміз, 

салт-дәстүріміз,  ұлттық  ойындарымыз,  киімдеріміз,  ұлтымыздың 

брендіне айналған ғұламаларымыз – осылардың барлығы ұлттық код 

деген  ұғымға  саяды.  Ұлттық  кодты  сақтау  арқылы  рухани  жағынан 

жаңғырып, жаңаратынымыз хақ. Ендеше, жаңғыру тек жаңғырық болып 

қалмасын десек, жұдырықтай жұмылып, осы бағдарламаның іске асуына 

атсалысқанымыз жөн.

Рамазан аШИРов,

аудандық мәслихаттың депутаты.

Ауыл  шаруашылығын  дамыту, 

кәсіпкерлікті  өркендету  бүгінгі 

күннің  өзекті  мәселелерінің  біріне 

айналған.  Сол  мәселелердің  оң 

шешілуіне Елбасынан бастап Үкімет, 

облыс,  аудан  басшылары  қолдау 

көрсетіп, айрықша көңіл бөліп отыр. 

Осы  жолда  түрлі  бағдарламалар 

өмірге келіп, қолға алынған істің аясы 

мейлінше кеңіп келеді. Әсіресе, ет, 

сүт бағыттары бойынша ел аумағында 

толымды тірліктер тиянақталуда.

Осындай  игі  істер  біздің 

ауданымызда  да  қолға  алынған. 

Оған аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, 

аудан  әкімінің  кеңесшісі  Аманалы 

Құрбанов,  аудан  әкімдігі  ауыл 

ш а р у а ш ы л ы ғ ы   б ө л і м і н і ң 

басшысы  Еркебай  Рсалиев  және 

осы  бөлімнің  сектор  меңгерушісі 

Зағипа Әуелбековамен бірге жұмыс 

сапарымен шыққанда көзіміз жеткен.

Жол  демекші,  «Батыс  Еуропа-

Батыс  Қытай»  автожолы  бойынан 

орын  тепкен  фазенда лардан 

көз  сүрінеді.  Мұнда  мал  өсіріп, 

диқаншылықпен  айналысуға  толық 

мүмкіндік бар.

Осы мүмкіндікті тиімді пайдалана 

білген  «Фарм-менеджмент»  ЖШС-

нің  жетекшісі  Абылай  Оспановтың 

айтуынша,  шаруашылық  мал 

бордақылаумен айналысады екен.

–  Мал  бордақылау  алаңында 

қазіргі күнге 560 бас бұқа бар. Жемшөп 

жеткілікті. Негізі, бір мезгілде 1000 

басқа дейін бұқаларды байлауымыз 

керек. Алдағы уақытта осы межені 

бағындырамыз деген ойдамыз. Оған 

мүмкіндігіміз бар. Осында жергілікті 

жердің  жастары  жұмыс  атқаруда. 

Келешекте мал бордақылау алаңын 

кеңейтуді мақсат етіп отырмыз, – деді 

ол бізбен әңгімесінде.

Ш а р у а ш ы л ы қ   ж е т е к ш і с і 

айтқандай-ақ, мұнда оң өзгерістерді 

байқау  қиын  емес.  Бір  гектарға 

орналасқан  алаңда  бөлек-бөлек 

ашық  қорада  тұрған  бұқалардың 

қоңы  жақсы.  Ресейден  әкелінген 

айналмалы  ұсақтағыш  (дробилка) 

ДКР-мен  жем  дайындап,  күтіп-

баптауда  екен.  Жем  ұсақтағышта 

жұмыс  істеп  тұрған  жұмысшыны 

сөзге  тартқанымызда  ол:  «1  сиыр 

күніне 11 келі жем жейді. Оған шөпті 

қосыңыз.  Дер  кезінде  су  беріліп 

тұрады.  Түлік  мал  дәрігерлерінің 

тұрақты бақылауында», – деді.

Айшабибі  ауылдық  округінің 

аумағына  орна ласқан  фарм-

менеджменттіктердің  жұмысына 

көңіліміз  толған  біз  сапарымызды 

одан  әрі  жалғастырып,  Қарой 

ауылдық округіне тән Жамбыл мен 

Жуалы  аудандарының  шекарасы 

тұсында,  яғни  Күйік  асуынан  алыс 

емес  жерге  қоныстанған  «Айша» 

шаруа  қожалығына  ат  басын 

тірегенбіз. Мұнда да ілгерілеушілік 

аңғарылады.  Айшалықтардың 

жұмысы сүт бағытына негізделген. 

Шаруашылық  жетекшісі  Эльмира 

Үрпекованың  орынбасары  Нұржан 

Мырзабаев:

–  Біз  сүт  бағытында  жұмыс 

ат қ а р уд а м ы з .   Б а ғ ы м ы м ы зд а 

асыл  тұқымды  68  бас  сиыр,  20 

бас  жылқымыз  бар.  Мақсатымыз  – 

мүйізді ірі қараны 200 басқа жеткізу. 

Осылайша  сүт,  қымыз  өндіруді 

көздеп отырмыз. Оған жағдайымыз 

жетеді.  Көріп  тұрғандарыңыздай, 

таулы аймақта малдың өсіп-жетілуіне 

жер-ананың өзі мүмкіндік беріп отыр. 

Жан-жағымыздан  бұлақтан  аққан 

салқын су, шүйгін шөп әлі-ақ сүтті 

селдететінімізге  кепіл  бола  алады, 

– деді.


Расында,  айша лықт ардың 

айтуындай-ақ  бар.  Қора-қопсысы 

бүтін,  жемшөбі  жеткілікті  жерде 

табыстың  тайқазаны  қайнайтыны 

анық.

Дүйсенбек оРМанов,

«Шұғыла».

жамбыл аудандық “Шұғыла-Радуга” газетіне 

2018 жылдың екінші жартысына жазылу жүріп 

жатыр. Индексі 68991. «Қазпошта» байланыс 

бөлімшесінде газетке жазылу құны:

6 айға – 1814,52 теңге.

“Шұғылаға” газет редакциясында да жазылуға 

мүмкіндік бар. жазылу құны: 6 айға – 900 теңге. 

Редакция арқылы жазылушылар газеттің әрбір 

санын газет редакциясынан өздері келіп алып 

тұратын болады.

Жазылым-2018

Жаңғыратын уақыт келді



«ҚазаҚстан-2050» стратегиясы: азыҚ-түлік Қауіпсіздігі

Ет, сүт бағыттарында жұмыс бар

Есіл жағасындағы ЕңсЕлі Елорда



жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау