Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет11/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

138

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРДЕНДЕРІ 

МЕН МЕДАЛЬДАРЫ

«Барыс» ордені бейбітшілікті, еліміздің егемендігі мен 

халықтар арасындағы достық қатынастарды, ұлтаралық 

ынтымақтастықты нығайтуға ерекше ат салысқан адамдарға 

беріледі. Ол 3 дəрежеден тұрады. І дəреже – орденнің ең 

жоғарғы дəрежесі. Дəрежелер ІІІ, ІІ, І ретімен беріледі. 

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен ерекше 

көзге түскен азаматтар үшін реттілік сақталмауы да мүмкін.

▼ «Даңқ» ордені 2 дəрежеден тұрады. І дəрежесі – жоғарғы дəреже. «Даңқ» 

орденімен Қарулы Күш, Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер органдарының 

басшы құрамдағы офицерлері марапатталады. «Даңқ» орденін иемдену үшін əскерлерге 

басшылық жасап жəне осы басқару ісінде табыстарға қол жеткізу, сондай-ақ əскердің 

жоғары жауынгерлік даярлығы мен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету қажет. 

Сонымен қатар, бұл орден əскери, шекаралық, ішкі қызметті үздік ұйымдастырған, 

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен, заңдылық пен қоғамдық тəртіпті сақтауды 

нығайтқан азаматтарға да тапсырылады.




139

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРДЕНДЕРІ 

МЕН МЕДАЛЬДАРЫ

► «Айбын» орденімен əскери 

қызметшілер, Прокуратура, Ұлттық 

қауіпсіздік, Ішкі істер органдарының 

қызметкерлері марапатталады. 

Бұл орденнің иегері атану үшін 

жауынгерлік əзірлікте, əскерлерді 

жоғары жауынгерлік даярлықта 

ұстауда, заңдылықты, қоғамдық 

тəртіпті қамтамасыз етуде табыстарға 

қол жеткізу қажет. Сондай-ақ «Айбын» 

ордені əскери жəне қызметтік 

борышын атқару кезінде батылдық пен 

жанқиярлық көрсеткен азаматтарға, 

мемлекет мүддесін қорғауда ерлік 

көрсеткендерге беріледі. Ол 3 дəрежеден 

тұрады. Ең жоғарысы – І дəреже. І жəне 

ІІ дəрежелі «Айбын» ордендерімен 

офицерлер, ІІІ дəрежесімен – сарбаздар, 

матростар, сержанттар, старшиналар 

жəне мичмандар марапатталады. 



► «Парасат» орденімен ақын-жазушылар, 

мəдениет пен өнер саласында (артистер, 

əншілер, режиссерлар, т.б.) еңбек ететіндер, 

ғалымдар, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері 

халықтың рухани өмірін жақсартуға қосқан 

табысты еңбектері үшін марапатталады.




140

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРДЕНДЕРІ 

МЕН МЕДАЛЬДАРЫ

«Достық» орденімен қоғамдағы өзара татулықты, 

халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен 

ынтымақтастықты сақтауға көп үлес қосқан 

азаматтар марапатталады. «Достық» ордені 2 

дəрежеден тұрады. Кейбір айрықша жағдайларда 

реттілік дəрежесі ескерілмеуі де мүмкін.

◄ «Құрмет» орденімен экономика жəне 

əлеуметтік сала қызметкерлері, сондай-ақ 

ғылым мен мəдениет, білім беру ісін дамытуға 

зор үлес қосқан азаматтар марапатталады. 

Сонымен қатар бұл орден мемлекеттік 

органдарда мінсіз қызмет атқарған, белсенді 

қызмет көрсеткен тұлғаларға да беріледі. 



141

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРДЕНДЕРІ 

МЕН МЕДАЛЬДАРЫ

Медальдар

► «Жауынгерлік ерлігі үшін» 

медалі үнемі жауынгерлік 

сапта жүрген қызметкерлерге 

тапсырылады. Бұл медаль 

Қарулы Күштер, Республикалық 

ұлан, Президенттің Күзет 

қызметі, Ішкі жəне Шекара 

əскерлері əскери қызметшілері, 

сонымен бірге Прокуратура, 

Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер 

органдарының қызметкерлерін 

батыл жəне жемісті əрекеттері, 

мемлекеттік шекараны 

қорғауда ерлік пен жанқиярлық 

танытқандары үшін 

марапаттауға арналған. 



► «Ерлігі үшін» медалімен 

қиын-қыстау кезде адам өмірін 

сақтап қалған азаматтар 

марапатталады. 

Суға кеткендерді құтқарған, 

адамдарды өрттен аман алып 

қалған, дүлей апаттар кезінде 

адамдарға жəрдем көрсеткен, 

сондай-ақ қылмысқа қарсы 

күресте ержүректілік пен 

жанқиярлық көрсеткен 

азаматтарға «Ерлігі үшін» медалі 

тапсырылады. 

► «Ерен еңбегі үшін» 

медалімен экономикалық, 

əлеуметтік салаларда, 

ғылымда, мəдениет пен 

мемлекеттік қызметте үздік 

еңбек еткен азаматтар 

марапатталынады.

► «Шапағат» 

медалімен қайырымдылық 

қызмет пен мейір-

шапағаттың нағыз үлгісін 

көрсеткен азаматтар 

марапатталады.




142

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ ШАЙҚАСТАР

ҚАЗАҚ  ДАЛАСЫНДАҒЫ  ІРІ  ШАЙҚАСТАР

Кир патшаның сақтарға жорығы

Ертеде біздің жерімізде еркіндік сүйгіш сақтар өмір сүрген. Шамамен екі жарым 

мың жыл бұрын құдіретті парсы патшасы Кир оларды бағындыруды ойлайды. Оның 

əскерінің тегеурініне ешкім төтеп бере алмайтын. Кирдің жеңімпаздығы туралы 

дақпырт əлемді шарлап кеткен. Алайда сақтарды бағындырамын деген ойы іске аспай, 

керісінше, бүкіл əлемге масқарасы шығады. Оқиға былай болған екен.

Кир жақсы қаруланған əскерін сақ-массагеттерді бағындыруға аттандырады. Сақ-

массагеттердің падишасы ер жүрек Томирис еді. Кир оған елшісін жіберіп «Маған 

тұрмысқа шықсын» деген ұсыныс жасайды. Падиша Кирдің ойы өзінде емес, 

патшалықты иелену екенін түсініп, оң қабақ танытпайды. Ол Кир əскерінің өзеннің арғы 

бетінде – шекарада тұрғанын білгендіктен, елші жіберіп, кері қайтуын ұсынады. Алайда 

парсылар өзеннен өтіп, массагеттердің тобына жауыздықпен шабуыл жасайды. 

Олар Томиристің ұлы Спаргаписті тұтқынға алады. Падиша тағы да Кирден жерінен 

кетіп, Спаргаписті азат етуді талап етеді. Бірақ Кир шабуылын жалғастыра береді. Осы 

кезде бұғаудан құтылған Спаргапис өзіне қол жұмсайды. Ызаға булыққан Томирис Кир 

əскерін толық талқандайды. Осы шайқаста парсы патшасы Кир өліп, оның 200 мың 

жауынгері жер жастанады. Падиша Томирис «Іздегенің қан еді, ал іш, ендеше!» деп 

оның басын қан толтырылған меске батырады.

Парсылар сақтардың еркіндік үшін өз өмірін қиюға əзір екенін түсініп, басқыншылық 

жорықтарын тоқтатады.




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау