Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы


ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ ШАЙҚАСТАР



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет12/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

143

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ ШАЙҚАСТАР

Дарийдің сақтарға жорығы

Парсы патшасы Дарий І де біздің заманымыздан бұрынғы 519 жылы сақтарға жорық 

жасаған. Бұл жорықта Дарий І шошақ бөрікті сақтарды (тиграхаудаларды) жеңіп, 

олардың қолбасшысы Скунханы қолға түсіреді. Тиграхауда-сақтар бұл шайқасқа дейін 

парсыларға бағынышты болмаған. Сақтардың қажырлы қарсылық көрсетуінің арқасында 

Дарий І жеңіліске ұшырайды. Жортуылдардың бірінде Дарий патша сақтардан əрең 

құтылады. Ол жараланған жауынгерлері мен көліктерін тастап қашады. Дарийдің осы 

жорығы кезінде Ширак (Шырақ) деген бір сақ жауынгері өз денесін өзі жарақаттап, 

парсыларға қашып барады. Ол өзін тайпаластарының жазалап, тастап кеткенін айтып, 

олардан кек алу үшін парсы əскерін бастап апаруға уəде береді. Осылайша парсы 

əскерлерін алдап, шөл далаға адастырып əкетіп, сусыз далада қырғынға ұшыратады.

Пиньчен шайқасы

Біздің заманымыздан бұрынғы І мыңжылдықта қалыптасқан ғұндар 

(хунну) тайпасы біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдың соңына 

қарай бірігіп, қуатты əскері бар көшпелілер империясын құрған. Біздің 

заманымыздан бұрынғы 205 жылдан қаған тағына Мөде отырады. Мөде 

билік еткен тұста жауынгер ғұндар көршілеріне жиі шабуыл жасап, күйрете 

соққы беріп тұрады. Ғұндардан сескенген қытайлықтар шапқыншылыққа 

тойтарыс беру үшін Ұлы Қытай қорғанын салғызады. 

Ғұндарды Мөде тəңірқұт, ал Қытайды Хань əулетінен Гаоцзу 

билеген кезеңде Пиньчен қаласы тұсында ірі шайқас болады. Қытай 

билеушісі ғұндарға қарсы 320 мың əскерін аттандырады.

 Мөде қаған

Бірақ дарынды қолбасшы Мөде қытайларды алдап 

қақпанға түсіреді. Ұрыс кезінде Мөде əскерінің бір бөлігі 

қаша жөнеледі. Жеңіске сенімді болған қытайлықтар 

олардың іздеріне түседі. Бірақ Мөденің есепсіз əскері Бей 

Дин тауының етегінде оларды қоршап алады. Қоршауды 

бұза алмаған қытай əскері суық пен аштықтан өле бастайды. Өз əскерін құтқару үшін 

Гаоцзу Мөдемен татулық келісіміне қол қояды. Ол Мөдеге өз қызын қалыңдыққа 




144

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ ШАЙҚАСТАР

 Ұлы Қытай 

қорғанының 

ұзындығы 

8 мың 851 

километр жəне 800 

метр.

▲ Гаоцзу 



АТЛАХ-ТАЛАС ШАЙҚАСЫ

Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш 

қағандығы еді. Түргештер, негізінен, Жетісуды жайлаған. VIII ғасырдың ортасында 

Түргеш мемлекеті ыдырау кезеңін бастан кешірді. Алғашында осы сəтті қарлұқтар 

пайдаланды. Бірақ түргештер мен Жетісудағы өзге түркі тайпаларына қытайлар 

мен арабтар да айтарлықтай қатер төндірген еді. 751 жылы Жетісуға шығыстан 

Қытайдың Тан империясы əскері баса көктеп кірді. Олар Түргеш астаналарының 

бірі – Суябты басып алып, қиратты. Осы кезде оңтүстіктен арабтар да жорық 

бастады. Осылайша Жетісуда Қытай мен Араб халифатының мүдделері тоғысты. 

Қытай мен араб əскерлері Талас өзені алқабында түргештердің шағын қаласы 

Атлахтың маңында кездесті. Екі жақтан соғыс майданына 100 мыңнан жауынгер 

қатысты. Бес күнге созылған ұлы шайқастың тағдырын қарлұқтар шешті. Соғыстың 

шешуші кезеңінде олар көтеріліс жасап, қытайларға қарсы шықты. Қиян-кескі 

шайқаста арабтар жеңіске жетті.

Бұл тарихи жеңіс болды. Өйткені осы шайқастан соң талай жүз жылға дейін 

Қытай басып алмақ ойынан түңіле бас тартты. Арабтар бұл жерде ұзақ тұрақтай 

алмады. Шамалы уақыттан соң олар Жетісу жерінен кетіп, түрік тайпалары 

қайтадан осы жердің иесіне айналды.

беріп, жібек мата, азық-түлік, киім-кешек түрінде мол салық 

төлейді. Бұл қытайлықтар үшін қорлық еді. Осылайша, ғұндар 

Қытайды ойсырата жеңеді. 



145

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ ШАЙҚАСТАР

ЫРҒЫЗ ШАЙҚАСЫ

Бұл – Хорезм шахы Мұхаммед пен Шыңғыс хан əскерлерінің арасындағы күтпеген 

кездесуден туындаған шайқас. Шайқас Ырғыз өзенінің бойында өткен. 

Шыңғыс хан Жошы мен Сүбедей басқарған əскерін меркіттерге қарсы аттандырған 

болатын. Олар 1216 жылы ерте көктемде Ырғыз бойын жайлап жатқан меркіттерге 

шабуыл жасайды. Моңғолдар қашқан меркіттердің соңына түсіп келе жатып, жолда 

Сырдарияның батысында (қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты) Ырғыз 

өзені бойында қыпшақтарға қарсы жорықта жүрген Мұхаммед шахтың 60 мыңдық 

қолымен ұшырасып қалады. Жошы елші жіберіп, шайқасқысы келмейтінін айтады. 

Жошының шешіміне қарамастан, хорезмшах оны соғысуға мəжбүр етеді. Сөйтіп, 

тұтқиылдан жолыққан мықты қолмен аянбай шайқасуына тура келеді. Шайқас үстінде 

Мұхаммед хан қолға түсе жаздап, ұлы Жəлел-əд-Диннің ерлігінің арқасында əзер 

құтылады. Қақтығыс күні бойы жүріп, кеш түсе саябырлайды. Екі жақ келісіп, соғысты 

ертеңгі күнге қалдырады. Жошы əскері от жағып алдаусыратып, түн қараңғылығымен 

жасырын шығысқа қарай қайтып кетеді. Осылайша, бұл шайқаста ешкім жеңбеген. 

ОТЫРАР ҚОРҒАНЫСЫ

1218 жылы жазда Отырар қаласына Шыңғыс хан жіберген 500 түйе, 450 адамнан 

тұратын сауда керуені келеді. Қайыр хан саудагерлердің арасында тыңшылар бар деген 

күдікпен керуенді тонап, адамдарын өлтіреді. Керуен құрамынан тек бір адам аман 

қалып, Отырардағы қырғын туралы Шыңғыс ханға жеткізеді. Бұл Шыңғыс ханның 

Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Шыңғыс ханның Мұхаммед 

хорезмшахқа кінəлі адамды ұстап берсе бейбітшілік сақталатынын айтып жіберген 

елшілері де өлтіріледі. Осыдан кейін екі жақ та соғысқа əзірленеді. 

1219 жылы Шағатай мен Үгедей бірнеше түменмен Отырарды қоршауға алады. 

Қайыр хан ақырына дейін қорғануға бел буады. Қайыр ханның 20 мың əскері болған, 

Хорезм шахы оған 50 мың əскер қосады. Отырар бес ай бойы қорғанады. Алайда 

бесінші айдың соңында өзінің он мың əскерімен көмекке келген Қараша-хажиб қала 

қақпасын моңғолдарға ашып береді. Шағатай мен Үгедей оны алғашқыда жақсы қарсы 

алып, содан соң олардың өз билеушісіне істеген сатқындығы үшін əскерімен қосып 

түгел өлтіреді. Қайыр хан қалған əскерімен ішкі қамалға бекініп, тағы бір ай соғысады. 

Ақырында, моңғолдар ең соңғы жауынгері өліп, қарсыласатын қаруы да қалмаған 

Қайыр ханды көмейіне күміс құйып өлтірген. Отырарды жермен-жексен етіп қиратып, 

халқын соңғы адамына дейін қырған. 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау