Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет13/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

146

ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

НҰР ТОҚАЙ (КӨК ҚАШАН) ШАЙҚАСЫ

1457 жылы Əбілхайыр хан мен ойрат тайшысы Өзтемір əскерінің арасында болған 

шайқас Нұр Тоқай шайқасы немесе Көк Қашан шайқасы деген атпен аталып жүр. 

ХV ғасырдың бас кезінде пайда болған Ойрат хандығы бірден Моғолстанның шығыс 

шекараларына шапқыншылық жасай бастайды. Өйткені ойрат (қалмақ) шонжарларын 

өз жайылымдарын кеңейту мүмкіндігі қызықтырды. Содан да олар Жетісуға ғана емес, 

Орталық Азиядағы отырықшы аудандарға да көз тікті. ХV ғасырдың 50-ші жылдары 

ойраттар Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасады. Нұр Тоқай шайқасы Əбілхайыр 

хандығының астанасы – Сығанақ қаласына таяу жердегі жазықта өтті. Нұр Тоқай 

шайқасында ойраттар толық жеңіске жетіп, Əбілхайыр хан өз əскерінен қалған аздаған 

қолмен Сығанақ қаласына келіп тығылды. Қарсылыққа кезікпеген қалмақтар Түркістан, 

Ташкент пен Шахрух қалаларының төңірегін тонауға кірісті. Кетерінде Өзтемір тайшы 

Əбілхайыр ханмен аса ауыр бітім жасасты. Осы жеңілістен кейін Əбілхайыр хандығынан 

көшпелі тайпалар, соның ішінде Керей мен Жəнібек бөлініп кетті.



ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

1635 жылы Батыс Моңғолиядағы ойраттардың 

шорос, хошоут, дурвэд, хойт деген төрт тайпасы 

бірігіп, Жоңғар хандығын құрған. Бұл мемлекеттің 

негізін Батыр қонтайшы қалаған. Батырдан кейін 

Сенге, Қалдан Бошақты, Севан Рабдан, Қалдан Серен 

қонтайшылар билік жүргізген. Жоңғарлар өзімен 

көршілес мемлекеттерге, əсіресе, Қазақ мем лекетіне 

шабуыл жасап отырған.

Жоңғарларды қазақтың бай су қайнарлары, шұрайлы 

жайылымдары, Қытай мен Орта Азияны бай 

ла-


ныстыратын сауда жолдары қызықтырды.

«ШАҢДЫ ЖОРЫҚ»

Жоңғар хандығы талқандалғаннан кейін 1771 жылы 5 қаңтарда Еділ бойындағы 

қалмақтар атамекендері Жоңғарияға қайта көшуді бастады. Он бір мыңнан астам отбасы 

өзеннен өте алмай, Ресей жағында қалды. 180 мыңдайы қазақ жері арқылы Жоңғарияға 



▲ Жоңғарлардың əскери тұрағы. 

Қытай суреті

Қазақ халқы ойрат-жоңғар шапқыншылығына қарсы екі жүз жылдай күресті. Соңғы 

қонтайшы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғар хандығында таққа талас 

басталды. Цин империясы осыны пайдаланып, 1755 – 57 жылдары жоңғарларға бірнеше 

рет шабуыл жасап, хандықты жойып жіберді. 



147

ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

 Тұтқындалған қалмақтар. 



Суретші Р. Қожағұлова


148

ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

XVII ғасырда Қазақстан жеріне күш-қуаты мол Жоңғар хандығы жиі-жиі шабуыл 

жасап тұрды. Қазақтар өз жерін таңғажайып табандылықпен, ерлікпен қорғады. Əскери 

тарихта осындай ұрыстардың бірі – Орбұлақ шайқасы ерекше орынға ие болды.

1643 жылы жоңғар билеушісі Батыр қонтайшы Іле – Талас алқабына 50 мыңдық əскер 

жібереді. Осы кезде шамаман 10 мың қырғыз Батырдың үстемдігін мойындаған еді. Мұны 

естіген қазақ сұлтаны Жəңгір жоңғарларға соққы беруге асығады. Қысқа уақыт ішінде 

оның туының астына 600 адам жиналады. Осы ұрыста топ бастаған арғын Ағынтай, алшын 

Жиенбет, қаңлы Сарбұқа, найман Көксерек, дулат Жақсығұл, шапырашты Қарасай, Суан 

Елтінді есімді батырлар халық жадында мəңгілік сақталып қалды.

Бар-жоғы 600 жауынгермен 50 мыңдық əскерге тойтарыс беру өте қиын. Сондықтан 

Жəңгір көмек сұрап, Самарқанд билеушісі Кіші жүзден шыққан Жалаңтөске шабарман 

жібереді. Өзі жоңғарлардың алдын алу үшін Жетісуға аттанады. Орбұлақ жерінде 

торуыл құрып жатқан Жəңгір жер жағдайын ескеріп, тау шатқалына өз батырларын 

оңтайлы орналастырып жасырып қояды. Қаймықпай ішкерілей енген жоңғарларға 

Жəңгір сұлтан ту сыртынан лап қояды. Садақ пен білтелі мылтықтарынан оқ жаудырып, 

бірнеше мың жауынгердің көзін жояды. Осы сəтте Жалаңтөс батырдың 20 мыңдық 

əскері дер кезінде жетіп үлгереді. Олар бірігіп, жауды талқандайды. Сөйтіп, жоңғарлар 

қазақ жерінен кетуге мəжбүр болады.

ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ

қарай жолға шығады. Қалмақтар маусым айының аяғында Мойынты өзеніне жеткенде, 

Абылай хан бастаған елу мыңдық қазақ əскері оларды қоршап алады. Қоршауда қалған 

қалмақтар үшінші тəулікте түнде қоршауды бұзып, қашып кетеді. Қазақ жасақтары 

жаудың соңынан қуады, тірі қалғандарын тұтқындайды. Қалмақтардың аман қалған 

шағын тобы ғана Қастек, Қаскелең, Кеген жəне Нарынқол жерлері арқылы Жоңғарияға 

жетеді. Қалмақтардың екінші тобы Балқаштың солтүстік жағалауы арқылы өтіп, Ілеге 

жете бергенде қазақ жауынгерлерінің соққысына ұшырайды. Осылайша қазақ жерін 

алты айда кесіп өткен 10 – 15 мыңдай қалмақтар Іленің жоғарғы жағалауына қарай 

қашып, Қытайға өтіп кетеді. 

300 жылдық жоңғар-қазақ соғысының ең соңғы кезеңі тарихта «Шаңды жорық» 

деген атпен қалды. Мұнда «Шаңды жорық» деп аспанға бұрқыратып шаң көтерген 

жорық деген мағынаны емес, қалмақтармен соғыстың ең соңғы ірі, аяусыз өткен кезеңін 

бейнелеп отыр.



▼ Орбұлақ шайқасы. Суретші Т. Асықов


149

ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

«АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ, АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА» 

1723 жылы көктемде жоң-

ғарлардың қалың қолы қазақ 

даласына 7 түмен əскермен 

басып кіреді. Шапқыншылар 

бейбіт елді қырып-жойып, жері 

мен мал-мүлкін тартып алуды 

көздеген еді. Қыстаулары бір-

бірінен алшақ ор 

наласқан, 

қыстан жүдеп шыққан қазақтар 

қапыда қалып, қырғынға 

ұшырайды. Ұлы жүз бен Орта жүз 

Сырдариядан өтіп, Ходжентке, ал 

Орта жүз руларының көпшілігі 

Са марқандқа көшеді. Кіші жүз 

Хиуа мен Бұхараға жылжиды. 

Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, 

Қарақұмға өтеді. 

ҚАРАҚҰМДАҒЫ ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ

XV ғасырдың 50-ші жылдары басталған ойраттардың қазақ даласына шабуылы 

бірде күшейіп, бірде бəсеңсіп отырған. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы 

басталып, қазақтарды Ташкентке қарай ығыстырды. Мұндай жойқын жорыққа қарсы 

күрес ұйымдастыру үшін 1710 жылы қазақ халқының игі жақсылары жиналып, Арал 

маңындағы Қарақұм деген жерде құрылтай өткізеді. Құрылтайдың өтуіне сол кездегі 

қазақ ханы Тəуке ықпал жасайды. Жиынға қатысушылардың бір бөлігі жоңғарларға 

бодан болуды қаласа, екінші бөлігі қолайлы сəтті күтуді жөн көреді. Бірақ Қанжығалы 

Бөгенбай батыр халықты жоңғарларға қарсы шабуылға шығуға көндіреді. 

Бұл бас қосуда Əбілқайыр хан үш жүздің біріккен əскерінің басшысы, ал Бөгенбай 

батыр бас қолбасшысы болып сайланады. 

▲ Ақтабан шұбырынды. Суретші М. Қаспақ

Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. 

Шапқыншылықтан, аштықтан қазақ халқы үштен екі бөлігінен айырылды. Осы 

кезеңдегі халықтың тартқан қасіретінен «Елім-ай» əні өмірге келген.

1726 жылы қазақтың үш жүзінің өкілдері Ордабасы тауында бас қосады. Құрылтайда 

əр рудың билері, даңқты қолбасшылары мен батырлары жауға бірлесіп соққы беруге 

шешім қабылдайды. Сөйтіп, қазақтар келесі жылы жоңғарларға қарсы шабуыл жасап, 

оларды қазақ жерінен ығыстыра бастайды. 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау