Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет19/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50

79
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
мысал.  http://www.bbc.com/russian/media-39045217  әлиевтің  жұбайы  вице-президент 
болып тағайындалуы жөнінде Баку тұрғындарының пікірі. 
аРхИВ ВИДЕО.
 Қандай да бір мерейтой, оқиға немесе дәл сол оқиғамен байланыстыруға 
болатын қазіргі заманғы мәселеге қатысты орынды қолданылады. 
мысал. 
http://www.youtube.com/watch?v=t5n6G5KkXa4 
чернобыль 
атом 
электр 
станциясындағы апат, 1986 жыл.
КлаССИКалыҚ тЕлЕВИзИялыҚ ЖаңалыҚ СюЖЕт.  
Мультимедиалық 
сараптамада сирек қолданылады, өйткені ТВ журналистің кәсіби біліктілігін талап етеді және 
өндіріске көп уақыт жұмсалады.    
мысал.  http://www.bbc.com/russian/media-39030617  Анжелина  Джоли  отбасы  және  жаңа 
фильмі туралы айтады.  
2. ИнФОгРАФИКА (АҚПАРАттыҚ гРАФИКА)
Инфографика  күрделі,  көпвекторлы  ақпаратты  мәтіндік  сипаттамаға  қарағанда  жақсырақ  әрі 
жылдамырақ жеткізеді. 
нАзАР АУДАРыңыз! 
БаСты  ОРынДа  КөРКЕмДІК  ЕмЕС,  аҚПаРаттыҚ  СИПат  тұРуы  КЕРЕК. 
1-2 сөйлеммен жеткізуге болатын ақпаратты инфографикаға салудың қажеті жоқ. Инфографикада 
«барынша көп ақпаратты барынша аз уақытта жеткізу/қабылдау» ұстанымы басты орында тұрады. 
Оның үстіне, ақпарат жеткізудің визуал формасы оны жақсырақ қабылдауға ықпал етеді.  
Инфографиканы мыналарды көрсету үшін тиімді қолдануға болады:  

қандай да бір тенденция (перспективада немесе ретроспективада).

әлдеқандай бір жұмыстың алгоритмі.

оқиғаларды немесе құбылыстарды географиялық тұрғыдан (қала, облыс, ел) салыстыру.

жалпы, үлкен көлемді ақпаратты бір жүйеге келтіру үшін. 
Инфографикада  ілеспе  мақаласыз  да  түсінуге  болатын,  аяқталған  мағынасы  бар  толық  ақпарат 
қамтылуға тиіс. 
Инфографикада дерек көздерін міндетті түрде көрсету керек. Оны астыңғы жағына майда шрифтпен 
жазуға болады. 
Әрине,  инфографиканың  визуал  бөлімін  журналист  өзі  жасауға  міндетті  емес  (қарапайым 
диаграммалар  болмаса),  ол  дизайнердің  жұмысы.  Алайда,  журналист  бүкіл  ақпаратты  (сандар, 
деректер) жинап, жүйелеуге және, дұрысында, идея ұсынуға тиіс. 
мысал. http://ria.ru/infografika
3. ФОтО. ОҚИғАны БАянДАУ
ФОтОРЕПОРтаЖ, ОҚИға хРОнОлОГИяСы
 (нәдәуір кең тараған нұсқасы). 
мысал.  http://www.km.ru/fotopress/v-moskve-otmetili-kreshchenie-gospodne  Крещениеде 
суға түсу.
Фотоэссе, мәселенің эмоциялық құрамдас бөлігін жеткізу мүмкіндігі. 
мысал.  http://fishki.net/anti/63720-fotojesse-o-severnoj-koree-22-foto--tekst.html  солтүстік 


80
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
80
ҚазаҚстандағы
 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Корея жөнінде.
СалыСтыРмалы ФОтО. 
Қандай да бір мәселе немесе оқиға/құбылыс түрлі жерлерде – 
бір қаланың түрлі аудандарында, түрлі қалаларда, түрлі елдерде қалай көрінетінін жеткізу.
Қандай да бір оқиғаға қатысушылардың фотопортреттері, мәселені, шараны, оқиғаны соның ішінде 
жүрген адамдар эмоциялық тұрғыдан қалай қабылдағанын көрсету мүмкіндігі.   
аРхИВ ФОтО.
мысал.http://news.bigmir.net/world/741557-25-let-so-dnja-avgustovskogo-putcha-v-SSSR--
kak-eto-bylo  КСрО-дағы тамыз төңкерісінен 25 жыл өткен соң: оқиға қалай болды?
Контраст  фото.  Мысалы,  бір  құбылысты  немесе  оқиғаны  «дейін»  және  «кейін»  тұрғысынан 
салыстыру. 
мысал.  http://ria.ru/photolents/20131113/976533118_976524938.html  мадридтегі  аула 
сыпырушылар ереуілінің салдары.
4. АУДИО. сИРеК, әДетте, АҚПАРАтты вИДеО ФОРмАтынДА жетКізУ 
мүмКін БОлмАғАнДА ғАнА ҚОлДАнылАДы

өзге қаладағы/елдегі спикердің пікірін алу қажет болғанда;  

видеоға түсіру мүмкін болмаған конфликт жағдайында. 
5.  тАйм-лАйн.  Кез  Келген  (БіР  Күн,  БіР  жыл,  БіРнеше  жыл, 
тіПті  ғАсыРлАР  ішінДегі)  ОҚИғАны  ХРОнОлОгИялыҚ  тізБеКПен 
БАянДАП БеРУДің тАПтыРмАс тәсілі
1.  мысал. http://www.dipity.com/cqchoi/Chernobyl/ чернобыль атом электр станциясындағы 
апаттың хронологиясы.
2.  http://timeline.knightlab.com/examples/republican/ 2012 жылғы АҚш-тағы президенттікке 
үміткерлер жарысының хронологиясы.  
3.  ХРОнИКА  жАсАУғА  АРнАлғАн  5  сеРвИс        http://www.edutainme.ru/post/5-servisov-
dlya-sozdaniya-khronik/
сОнымен!
 Қандай да бір іс-шараға бармас бұрын, қолыңызда азғантай ғана бастапқы ақпарат 
болса да, өзіңіз үшін мультимедиалық алгоритм құрастырып алуыңыз керек. Бірнеше нұсқасын ойша 
дайындап алыңыз, сонда оқиға орнына немесе іс-шараға барғанда олардың қайсысы  неғұрлым 
тиімді жүзеге асатынын оңай анықтай аласыз.  
мультИмЕДИалыҚ алГОРИтм үлГІСІ
Мультимедиаша  ойлаудың  мәні  мультимедиа  формаларын  барынша  ескеруде.  Алайда,  жүзеге 
асыру кезінде олардың екі-үшеуімен ғана шектелуге болады (мысалы, мәтін-видео-инфографика; 
мәтін-видео-фото; мәтін-инфографика).


81
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Бастапқы ақпарат.
(анонс, релиз, жаңалық)
Oнлайн мақала.
Не туралы? Кеңейтілген бастапқы ақпарат.
Видео. 1-2 нұсқасын таңдау керек.
Мысалы, оқиға панорамасы және бобслей
Фото. 1-2 нұсқасын таңдау керек.
Мысалы, портреттер және фоторепортаж.
Инфографика.
Идеясын әзірлеу. Ақпарат жинау.
Аудио. 1-2 нұсқа (қажет болса)
Мысалы, өзге қаладағы немесе елдегі эксперт.
тЕСт
1. Мультимедиалық сараптаманың басты артықшылығы неде? 
А. Тұтынушы ақпаратты қабылдаудың өзіне ғана ыңғайлы ретін жасай алуы .
В. Ақпаратты визуалдау мүмкіндігі.
С. Бірнеше мультимедиа формасын қолдану мүмкіндігі. 
D. Тұтынушыға барынша объектив ақпарат ұсыну мүмкіндігі.
2. Мультимедиа тұрғысынан ойлаудың мәні неде?
 
А. Түрлі мультимедиа формаларын жасаудың техникалық машықтарын меңгеруде.
B. Тақырыпты немесе оқиғаны баяндауда ықтимал мультимедиа формаларының бәрін 
алдын ала есептеп ескере білуде.
C. Сараптама ақпаратты визуалдай алуда.
3.  Мына  оқиғалардың  қайсысын  баяндауда  панорамалық  видео  жасаған  орынды 
болады? 
   А. Гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық конференция.
В. Қр парламент мәжілісінің отырысы.
С. Шахматтан әлем чемпионаты.
D. Жыл сайын өтетін Алматы марафоны.
4. Бобслей деген не?
А. Қандай да бір мәселеге қатысты тұрғындар пікірін сұраған видео.
В. Оқиғаға қатысушылар немесе куәгерлердің пікірі.
С. Контраст видео.
D. Архив видео.
Тесттің дұрыс жауаптарын кітаптың соңынан көре аласыз. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау