Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет22/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50

87
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Үшінші сатыда материалыңызды да, бүкіл мультимедиасын да қағазға салыңыз. Қағазға. Қаламмен. 
Бір бет қағазға материалдың экранда қалай көрінетінін суреттеп алған соң, оны мультимедиалық 
сервистерге көшіру оңайырақ болады.
Ең  соңында  –  материалыңызды  экранға  шығарыңыз.  Қолданғыңыз  келетін  форматтың  ең  лайық 
деген  құралдарын  таңдаңыз.  Айталық,  карта  жасағыңыз  келсе,  Google  Fusion  немесе  Storymap 
дұрыс бола ма? Таймлайн болса, TikiToki мен Timeline JS екеуінің қайсысы лайық? 
Сонда  да,  қандай  форматты  пайдалансаңыз  да,  қандай  құралды  қолдансаңыз  да  –  инфографика 
болсын, фото, видео болсын – қызықты етіп, орнымен жасалмаса, жақсы идеяңыз дұрыс форматқа 
салынбай, лайық құрал қолданылмаса, одан ешқандай пайда жоқ екенін есте ұстаңыз.
 
тЕСт:
1. Ақпаратты визуалдау не үшін керек?
A.   Көрнекілік үшін.
B.   Аудиторияның қажеттіліктері үшін.
C.   Әдемі ғой.
D.   Ақпаратты жеткізудің тиімді тәсілі.
 
2. Визуалдау форматтары мен құралдарын таңдауда қандай принципті ұстанған жөн?
A.   Қалай жасағым келсе – солай жасаймын.
B.   Журналистиканың алты сұрағы принципі.
C.   неғұрлым көбірек болса – соғұрлым жақсы.
D.   Ешқандай принцип жоқ.
 
 
3. Цифрларды визуалдауға қандай формат лайық?
A.   Инфографика.
B.   Таймлайн.
C.   Карта.
D.   Видео.
 
4. Қандай да бір оқиғаның хронологиялық ретін қандай форматта айтуға болады?
A.   Картa.
B.   Таймлайн.
C.   Инфографика.
D.   Фото.
 
5. Картографиялық сервистер не үшін қолданылады?
A.   Оқиғаның қай жерде болғанын айту үшін..
B.   Оқиғаның қай кезде болғанын айту үшін.
C.   Деректерді визуалдау үшін.
D.   Әдемі ғой.
 
6. Контентті визуалдаудың екінші сатысында не істеу керек?
A.   Материалдың құрылымын реттеп, негізгі белгілерін анықтап алу.
B.   Идея табу.
C.   Материалдың суретін салу.
D.   Материалды жаузу.
 
Тесттің дұрыс жауаптарын кітаптың соңынан көре аласыз. 
 


88
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
88
ҚазаҚстандағы
 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Авторы   
асхат Еркімбай
Жұмыс орны, қызметі  
 “мінбер” Журналистерді қолдау 
                        орталығы, Жаңа медианы зерттеу 
                        тобының жетекшісі


89
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Дата ЖуРналИСтИКа: 
СанДаРмЕн ӘңГІмЕлЕСу
Ең әуелі келісіп алайық. Бұл мақалада «дата» деген сөздің орнына компьютер есептей алатын кез 
келген мәліметті қолданамыз. Ол сан, сөз, сурет немесе Facebook-тегі хабарлама да болуы мүмкін. 
Бастысы компьютер бағдарламасы арқылы оны сараптап, анализ жасай алуымыз керек. 
«Дата журналистика» деген ұғым соңғы елу жылдың көлемінде пайда болғанымен, негізгі бастауын 
«зерттеу  журналистикасынан»  алады.  Сондықтан  бұл  кейбіреулер  ойлағандай  журналистиканың 
жаңа  түрі  емес.  Бар  болғаны  –  интернеттегі  ауқымды  деректі  сараптап,  ішіндегі  оқиғаның  жай-
жапсарын  түсіндіру.  Бұған  дейін  инвестигейтив  (ағыл.  investigate,  зерттеу)  журналистер  құпия 
құжаттың астарына үңіліп, ішінен қоғам үшін маңызы бар дерек тауып, соны баяндайтын. Қазіргі 
дата журналист анализ жасаумен қатар, күрделі сандардың арасынан қызықты оқиғаны көре білуі 
керек. Ол үшін көбіне компьютер бағдарламаларының көмегіне сүйенеді. 
Дата  журналистика  –  кең  көлемдегі  мәліметті  жинақтап,  сараптап,  визуализация 
құралдары  арқылы  немесе  мақала  көмегімен  көпшілікке  баяндау.  Әрбір  мәліметтің 
кішкентай бөлшегінің мағынасын ашу. 
Соқыр журналистке бәрі «дата»
Интернет күл-қоқысқа толы. ішінде жүрген соң аңғара бермейміз. Көзіміз үйреніп кеткені сонша, 
кейбір  журналистер  деректің  анық-қанығына  үңілмейді.  Сондықтан  дата  журналист  аса  ұқыпты 
болуы тиіс. Дата жобаға деректерді жинастыру кездейсоқ бір ойдан басталса, кейде бір деректің 
соңынан екіншісі шығып, қызықты оқиғаға ұласып жатады. 
«Дата  жобамыздың»  фокусы  бір  тақырыпқа  тоғысуы  үшін  әдетте  массивті  деректі  сараптап,  бір 
сауалға  келген  жөн.  өйтпейінше,  үлкен  датаның  ішінде  адасып  кету  оңай.  Тіпті  кейбір  жағдайда 
журналист  өзінің  көргісі  келген  шындығына  көз  жеткізу  үшін  мақсатты  түрде  сондай  деректерді 
жинақтап,  өз  пайымына  өзі  разы  болып,  онысымен  оқырманды  жаңылдыратын  жағдайлар 
кездеседі. Бұл әдетте дата журналист жиналған дерегін толық түсінбеген жағдайда болады. 
Дата журналистер әдетте шағын топта жұмыс істейді. Бірі деректі тапса, екіншісі сұрыптайды, үшіншісі 
оны бір ізге келтіріп, ішінен қызықты оқиға іздейді, төртіншісі статистика формуласымен сандардың 
маңызын  есептейді,  бесіншісі  оқиғаны  визуализациялайды.  Аталған  қадамның  әрқайсысы  сәтті 
орындалған жағдайда дата жоба түсінікті, маңызды қалыпқа келеді.
Дата  жоба  сол  себепті  әдетте  үш  аптадан  бастап  үш  жылға  дейін  созылуы  мүмкін. 
Нәтижесінде майға қуырылып, суда қайнаған дерек ең соңында дәмді тамаққа айналып, 
оқырманға ұсынылады. 
Датаны қайдан табамыз?
Датаға қойылатын айрықша талап бар. Датаны компьютер бағдарламалары түсіне алуы тиіс. 
Көбіне  дата  журналистер  .xls,  .csv  немесе  .json  тәрізді  сандар  мен  кестелерге  толы  құжаттармен 
жұмыс істейді. Оны әдетте компьютердегі файлдың сипаттамасынан анықтайсыз. Мысалы, Google 
іздеу жүйесіне «мектеп .xls» деп жазсаңыз, интернеттен «мектеп» сөзі кездесетін Excel кестесіндегі 
файлдарды көресіз. 
Енді  тура  осы  сөзді  жазып,  соңына  .csv  деген  сөзді  қосып  көріңіз.  Файлдың  түрлері  деректерді 
сараптаудағы ерекшеліктері тұрғысынан ажыратылады. .xls кестелі деректермен жұмыс істесе, .csv 
үтір арқылы бөлінген мәліметтерді саралайды, ал .json интерактивке көбірек мән береді. 
Бұдан бөлек, журналистер датаны шартты түрде ашық, жабық, жүйеленген және жүйеленбеген деп 
бөледі. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау