Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Құжаттану ғылымына жалпылама анықтама.
2.2.Құжаттану ғылымының әлеуметтік-гуманитарлық орны.
2.3.Құжаттанудың басқа ғылымдармен байланысы және оның ерекшеліктері.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыбы: Құжаттану әлеуметтік-гуманитарлық жүйесінде.
Мақсаты: Құжаттану пәнін оқу арқылы оның мәнін ашу,ғылыми тұрғыдан зерттеу.
Құжат (лат. documentum – куәлік, дәлелдеу)
1)Техникада – құрал-жабдықтың қысқаша сипаттамасы берілген техникалық төлқұжат. Құжатта құрал-жабдықтың белгісі, оның негізгі параметрлері көрсетіледі. Пішініне байланысты Құжат мәтіндік (кітаптар, қолжазбалар, т.б.), графиктік немесе кескіндемелік (сызбалар, сұлбалар, карталар, т.б.), аудио (грампластинка, т.б.), аудиовизуалдық (кинотаспалар), т.б. болып ажыратылады. Құжаттың мазмұны мен көлемі пайдаланылатын құрал-жабдықтың тегіне (арнаулы немесе әмбебап) байланысты жасалады. Құжат тұтынушыларға құрал-жабдықпен бірге беріледі. Технологияны жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шаралар Құжаттағы мәліметтерді, нұсқауларды дұрыс қолдануды талап етеді;
2) Компьютерде – қолданбалы бағдарламалар көмегімен пернелер арқылы енгізілген тілшелерді пайдаланып құрастырылған немесе дискіде сақталып тұрған, бұрын даярланған ақпараты бар, кез келген материалдық нысан. Қазіргі компьютерлер мен олардың желілерінде пайдаланылатын ақпараттардың ішкі мазмұнына байланысты мәтіндік, график., дыбыстық, бейнелік Құжаттар (word-құжаттар) болады. Интернет желісінде гипермәтіндік (web-құжат) Қ. кең тараған. Оның ішінде басқа Құжатқа сілтеме түрінде ерекшеленіп тұрған түйінді сөздер орналасады. Сол сөзді “тышқан қолтетігімен” қозғағанда экранда жаңа Құжат ашылады. Сілтеме сөздер көмегімен гипербайланыс жүзеге асырылып, интернетте орналасқан миллиондаған ақпараттарды кез келген тұтынушы іздеп тауып ала алады. Гипермәтіндік Құжаттар HTML (Hyper Text Markup Language) тілінде – мәтіндерді арнайы белгілеу тілінде жазылады. Интернеттегі осы HTML тілі элементтерін құрайтын ақпараттар: сілтемелер, тізімдер, суреттер, тақырыптар гипермәтіндік Құжаттардың негізгі бөлігі болып табылады;
3) заңда фактілер туралы мәліметтер, жазулар, рәміздер, таңбалар, суреттер арқылы тиянақталған ақпаратты материалдық нысан. Мазмұнына қарай ғылыми-техникалық (мақалалар, кітаптар, патенттер, сызбалар, т.б.), құқықтық (қаулылар, жарлықтар, шарттар, т.б.), басқарушылық (бұйрықтар, директивалар) Құжаттарға бөлінеді.
4) социологияда – фактілер туралы мәліметтер; эмпирик. мағлұмат жинауда қолданылатын ақпарат көзі. Құжат айналымы көптеген мекемелер мен әлеум. топтар арасындағы қарым-қатынас процестерінің сипатын айқындап, әлеум. процестердің нақтылы жай-күйі мен өзгерістерін көрсетеді.[1]
Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не?
Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат – ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.
Фабрика өнім шығаратыны секілді, әкімшілік басқармалары құжат шығарады. Мұның айырмасы фабрика үшін өнім шығару оның мақсаты болса, әкімшілік басқарудың мақсаты басқару қызметі болып табылады. Оны іске асыру үшін ол құжатпен ресімделуі керек.
«Құжат» ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т.б.) негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тәсілдерін ұсынады.
Құжат ұғымына берілген анықтамаларды көктей шолғанда, зерттеу нысанасы мен міндеттеріне қарай айырмашылықтардың да бар екендігін байқаймыз. Құжат ұғымын деректану саласы кең ауқымда түсіндіреді. Ол бойынша, құжат – объективті өмір шындығы мен адамның ой қызметіне қатысты ақпараттарды арнайы материалға кез келген тілде, кез келген тәсілмен бекіту құралы. Деректануда құжат –арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект.
Бұл ретте, біз құжаттың пайда болу тарихы мен эволюциясына көз жүгіртіп көрейік. «Құжат» ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceoалғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentumтүрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған.
Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы 17- ғасырда пайда болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі. «Хаттамаларға қол қою туралы» деген жарлық шығарған.
ХІХ ғасырда құжаттың басқару ісіндегі мәніне деген жаңа көзқарас пайда болды. Нысан бойынша белгіленіп, басқару процесін жүргізуге арналған ақпарат құжат деп саналды.
Төңкеріске дейінгі Қазақстан жағдайына келетін болсақ, XIX ғасырдың алғашқы жартысында Бөкей хандығында іс қағаздарын жүргізетін кеңсе болғандығы мәлім. Жәңгір хан ұйымдастырған бұл арнайы кеңсе екі бөлімшеден тұратын. Біріншісі ханның өз қол астындағы сұлтандармен, екіншісі – ресейлік шенеуніктермен қызметтік байланыстарын түркі-шағатай және орыс тілдерінде әзірленетін іс қағаздары арқылы жүргізіп отырды.
Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда да сақталған. Мәселен, С.И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде «құжат» ұғымына үш түрлі мәнде түсінік беріледі: 1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы. 2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т.с.с.). 3. Жазбаша куәлік.
Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде аздаған өзгешеліктер болғанымен, жалпы мағынасы жоғарыдағы анықтамаларға келіп саяды: 1. Жазбаша куәлік, айғақ – мысалы, оның тарихи құжаттық сипаты бар. 2. заң. заң жүзінде белгіленген тәртіппен жасалып, заңды фактіні куәландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең мағынасында – заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы кез келген жазбаша акт. 3. Төлқұжат, жеке куәлік.
«Мұрағат терминдерінің қысқаша сөздігінде» «құжатқа» берілген анықтама бойынша: «Құжат – шын мәніндегі объективті және адамның ой қызметі барысындағы фактілерді, оқиғаларды, нысаналарды, құбылыстарды жазу, кескіндеу, суретін салу, фотоға түсіру, дыбыстап жазу немесе басқа тәсілмен арнайы материал (папирус, пергамент, қағаз, фото үлдір және т.б.) арқылы көрсетудің нәтижесі».
Мұнда «құжатты» сипаттау объектісі ретінде, сондай-ақ оны жеткізуші негіздердің кейбір түрлерін ашып көрсетуге деген талпыныс айқын байқалады.
Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
1) әлеуметтік – құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады;
2) ақпараттық – құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы ретінде қызмет етеді;
3) қарым-қатынастық – құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді;
4) мәдени – құжат әлеумет тәжірибесі мен мәдени дәстүрлерді бекіту және оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді;
Құжаттың арнайы функцияларына мыналар жатады:
1) құқықтық– құжат қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық қарым-қатынастарды бекіту және өзгерту құралы ретінде қызмет етеді. Хабарланып отырған мәліметтерге, оқиғаларға баға беру арқылы құжат құқықтық сананың қалыптасуына, мінез-құлықтың әлеумет тарапынан қолдау тапқан үлгілерін әзірлеуге, моральдық-этикалық нормаларды игеруге ықпал етеді;
2) дәрістік – құжат жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді ой елегінен өткізе отырып, бұл жөніндегі білім қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге көмек береді, тұлғаның қалыптасу процесіне қатысады;
3) танымдық– құжат ой елегінен өткізіліп жазылған мәтін негізінде шындықтың неғұрлым ауқымды, абстрактылы, теориялық үлгісін жасауға мүмкіндік береді.
4) басқарушылық – құжат басқару құралы болып табылады, қоғам мүшелерінің ұжымдық қызметін мейлінше тиімді ұйымдастыру мақсатына сәйкес жоспарлау, үйлестіру және реттеу ісіне көмектеседі;
5) мемориальдық – құжат қоғамның, ондағы жекелеген құрылымдардың дамуы туралы және дербес тұлғалар жайлы тарихи дерек көзі ретінде көрінеді;
6) есептік– құжат өндірістік және шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде атқарылған жұмыс процестерін сүзгіден өткізіп отыратындықтан, оның нәтижелерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
7) эстетикалық – құжат өзінің материалдық негізі құрамына болмысты образды-көркем игеру нәтижелерін түсіру арқылы жинақтап қорытылған эстетикалық тәжірибелерді сақтайды және таратады;
8) релаксациялық (ойын-сауықтық, компенсаторлық) – құжаттардың бірқатар түрлерін эмоционалдық шиеленісті ширығуларды өзге нысандарға аудару арқылы түсіруге, сөйтіп артық ширығу деңгейін көздеген дәрежеге дейін азайтуға пайдалану;
Ұйымда құжаттарды түзу, қолжазбадан қайта басу, оқу, есепке алу, сұрыптау, сақтау, іздестіру, ақпараттарды ұқсату т.б. жөнінде қыруар жұмыстар атқарылады.
Ұйымның коммерциялық қызметі табысты жүргізілуі үшін ақпараттардың сақталу жағдайы ондағы мәліметтер құпиялылығы сенімді түрде қамтамасыз етілетіндей дәрежеде болуы шарт.
Терминдердің бірыңғайлығын бекітіп, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесінің республикадағы даму бағытын көрсететін бірқатар анықтамаларды келтіріп өтейік.
Төменде беріліп отырған негізгі терминдер мен анықтамалар Қазақстан республикасының «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» 1037-2001 Стандартына сәйкес, заңды тұлғалар қызметінде түзілетін құжаттаманың барлық түрлерінде, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісі бойынша шығарылатын ғылыми-әдістемелік, нормативтік-әдістемелік, анықтамалық және оқулық әдебиеттерде бір ізбен қолданылуы міндетті.
құжаттану жақын орналасқан көптеген, оның әлеуметтік ғылымдар циклі, тиесілі қарым-қатынас және өзара іс-қимыл. Бұл өзара іс-қимыл түрлі нысандарда көрініс және әсіресе объектінің деңгейі мен субъектіге, түрлі деңгейлерде орын ғылыми-зерттеу, концептуалдық, ғылыми-зерттеу әдістері.
Құжаттар ең тығыз тарих ғылымына байланысты. Айтылғандай, нысан Құжаттама құжаттың тарихи даму болып табылады. бір немесе пайда тікелей байланысты өзге де құжаттарды, туралы айтпағанның құжаттама жүйелері, қоғамның эволюциясы, оның кезеңдерінің белгілі бар. Сондықтан, операция құжаттар мен құжаттама жүйесін, жиналмалы күрделі құжаттар болуы мүмкін емес әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы туралы білім жоқ түсіндім, тарих мәдениет және т.б.
Екінші жағынан, құжат нысаны, салыстырмалы тәуелсіздік арқылы қатысуын сипатталады өз кезегінде бар дамуына өз заңдылықтары, әлеуметтік даму осы немесе басқа да аспектілері бойынша белгілі бір әсер. Сондықтан өткен зерттеу және құжат түрлерін генезисі білімін көздейді.
құжаттану объективті тарихи зерттеу көзі базасын қалыптастыруға ықпал етеді ең маңызды бірі - бұл оның мұқият деректану байланысты теориясы, әдістері мен тәсілдерін зерттейтін тарих ғылымының филиалдары тарихи көздері. Дерек көзі зерттеулер, сондай-ақ құжат құрылымын нысанын оқиды және олардың тарихи даму құжатталған ақпараттың қасиеттері. Деректану Іскерлік құжаттар әдетте анықталған жеке бөлім.
Құжаттану құжатты тарихи дамуы бойынша зерттейтін, оның құрылу заңдылықтарын, құру әдістерін, құжаттау және құжат жүйесін ұйымдастыру принциптерін зерттейтін ғылыми пән ретінде 1960 жылдың бас кезінен қалыптасып, қарқынды дамуды, сондықтан да ол салыстырмалы түрде жас ғылым саласы болып табылады. “Құжаттану” термині алғаш рет профессор К.Г. Митяевтің 1918 жылдың 1 маусымындағы Халық Комиссарлар Кеңесінің «Архивтік істі қайта құру және орталықтандыру туралы» Декретінің 25 жылдығына арналған конференциясында жасалған 25 жыл ішіндегі кеңестік архивтанудың дамуы” атты баяндамасында келтірілді. Баяндамада құжаттану архив ісі теориясы мен тәжірибесіне кіріспе болып табылатын және құжаттаудың әралуан түрлерінің даму тарихы мен жалпы классификациялаудың мәселелерін қозғайтын қалыптасқан мұрағаттанулық пән ретінде қарастырылды. Содан соң, дәлірек айтсақ, 1944 жылы бұл термин “Архив ісі теориясы мен тәжірибесі” атты курстың бағдарламасына енгізілді. Осылайша, құжаттану архив ісінің тәжірибелік, яғни сақтаулы тұрған құжаттардың құрылу барысын, ауқымын ғылыми ретке келтіру, мекемеде іс қағаздарды жүргізу және оның зерттеу қажеттіліктерінен туындады. Осы кезеңде құжаттану құжаттардың даму аспектілеріне, құжаттама жүйелеріне, іс жүргізу тарихына сүйенді. Құжаттарды дайындаудың және ресімдеудің белгілі бір талаптары XVIXVII ғасырларда жазбаға арналған әліппе-жазу үлгісі, трафарет-үлгі, құжаттағы дайын үлгідегі сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер құжаттардың бөлінбес этикеті түрінде шығарылды. Мысалы, патшаның толық лауызымын міндетті түрде көрсету, әрбір құжатты белгіленген сызбада құрастыру. XVIII ғасырда құжаттаудың заңнамалық, құқықтық, ең алдымен тұтастай мемлекеттік қызметтің негіздері қаланды. Бұл жағдайда басты орынды орынды 1720 жылғы I Петрдің «Бас регламент, немесе жарғы, сол бойынша мемлекеттік коллегиялар, сондайларға жатқызылатын кеңселер мен қызмет көрсету конторлары, ішкі және сыртқы мекемелер» және 1775 жылғы II Екатеринаның «Губернияларды басқаруға арналған мекемелер» атты заңдары басты рөл атқарады. Сонымен қатар осы уақытта типтік формуляры бойынша әр түрлі құжаттар типін құрастыру тәжірибесі дамыды. Мысалы, Бас регламентте «бас формулярлар» берілген, яғни, дипломдар мен патенттер үлгілері. Жарлықтар арқылы анықтамалардың, баяндамалардың, баян хаттардың, рапорттардың, ұсыныстардың формалары анықталды. Құжаттарды тіркеу және есеп беруді жүргізу 1726 жылғы нұсқау бойынша бекітілді. XVIII ғасырдан бастап хат үлгілері, яғни письмовниктер кеңінен таралды. Мысалы, Н.Кургановтің письмовниктері «әдістемелік және пайдалы-тартымды “вещеславиені”(аудармасы жоқ, көне сөз) қоса алғанда Ресей тілінің ғылымын қамтыған. Бұл жинақ XIX ғасырдың басына қарай тоғыз рет баспадан шығарылған. И.Сокольскийдің “Кабинеттік және көпестік хатшы” жинағы да танымал болды. XVIII ғасырдың соңынан XX ғ. басына түрлі мақсаттағы 100- ден аса письмовниктер белгілі болған. В.Ф.Янковая письмовниктердің үш түрін көрсетеді: “...бірінші деңгейдің мақсаты – құжаттардың үлгілерін беру; екінші деңгейдің мақсаты – іс жүргізу тәртібіне заңнамамен бекітілген іс жүргізу тәртібіне, іс жүргізу барысында құрастырылатын іс-қағаздарының формалары мен үлгілеріне сипаттама беру; үшініші деңгейдің мақсаты – құжаттау теориясын анықтау, жазу және сол теорияның негізінде біркелкі формадағы іскерлік қағаздардың жүргізу, сондай-ақ, іс-қағаздарын жүргізуді жеңілдету. Патшалық Ресейдің отарлық жүйесіне тартыла бастаған қазақ даласында іс жүргізудің империялық саясаттың ауқымында кеңее түсті. Олардың түрлері көбейіп, мазмұндары күрделенді. Іс қағаздарының кейбіреулер «Материалы по истории казахского ханства» деп аталатын құжаттар жинағынан орын алған. Іс-қағаздарын жүргізу үдерісін реттеу XIX ғасырдағы заңнамалық актілерінде көрінісін тапқан. ХІХ ғасырдың бас кезінде атқарушы немесе министрлік іс жүргізудің қалыптасуы қазақ даласындағы отарлау саясатының бағыттары мен тәсілдерінен анық көрінді. Бұл кезде орыс тіліндегі іс қағаздарымен қатар қазақ тіліндегі құжаттар қатары көбейді. Қазақша ресми іс қағаздарының өзіндік стилі болды. Патшалық Ресейдің әкімшілік орындарының қазақ жеріндегі отарлық саясатына қатысты ресми іс құжаттары қазақ тіліне аударылып, көпшілігі баспа түрінде жарияланып отырылды. Құжаттармен жұмыс жасаудың және рационализациялаудың үлкен тәжірибесі кеңестік кезеңде жинақталды. Осы бағытта әсіресе ЖШИХК (Жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссариаты) жанындағы 1926-1931 жылдар аралығындағы қызмет еткен басқару техникасы Институтының жетістіктері аса зор болды. Кез-келген ғылыми бағыттың дамуына түрткі уақыт талабы болып табылады. Ғылыми-техникалық төңкеріс ақпараттар көлемінің айтарлықтай көбеюіне алып келді, сөйтіп бұл жағдай ақпараттарды жедел әрі жылдам өңдеуді қиындатып жіберді. 1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың басына қарай басқару саласындағы еңбектің нысаны және нәтижесі саналатын және кез келген басқару шешімі үшін ақпарат тасымалдаушы қызметін атқаратын басқару ісінің даму үдерісінің артта қалуына байланысты, құжаттауға және құжаттармен жұмыс істеуге көңіл бөлуді талап етті. 1959 және 1963 жылдары үкімет қаулыларымен елде еңбекті басқарудың болашақ механизациясының алғышарттары мен базасы ретінде іс жүргізудің Біріңғай мемлекеттік жүйесін (ІЖБМЖ) қалыптастыру міндеті қойылды. ІЖБМЖ қалыптастыру осы уақытқа дейін жиналған тәжірибені зерттеу, талдау және қорыту дегенді білдірді. Мұның өзі жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етті. Бұл құжаттанудың ғылыми және оқу пәні ретінде дамуына мұрындық болды. Құжаттану қалыптасуынан бастап оның белгілі бір функция атқарғанға дейінгі құжатпен айналысады. Құжат сол атқаратын қызметі үшін жасалады, содан соң ол жедел жұмыс шеңберінен «шығарылады», ары қарай ретроспективті ақпаратты сақтаушы болып іске тігіліп, белгілі бір уақыттан кейін архивке сақтауға жөнелтіледі, ол жерде тарихшылар мен архивистердің зерттеу нысанына және қамқарлығына айналады. Құжаттың қоғамдық өмір фактілері мен көріністерін куәландыратын функцияларды атқаратындығы, әлеуметтік қатынастар үшін қажетті ақпараттың құнды дерегі болып табылатыны даусыз. Сондай-ақ құжаттар жеке адамдар мен мекемелер арасындағы ресми қатынастарды құжаттар ғана бекіте алады. Сондықтан да құжат белгілі бір ресми ақпаратты бекіте отырып, ол жөнінде материалдық тұрғыдан із қалдыратын әрі ақпаратты жеткізетін негізгі құрал болып табылады. Дегенмен құжаттану тек құжатты енжар зерттеумен шектелмейді. Құжат қалыптасу заңдылықтарын айқындай отырып, құжаттану құжаттау үдерісіне ықпал етеді, құжаттарды және құжаттама жүйесін біріздендіру, стандарттауды жүргізу арқылы оған ғылыми негіз береді. Құжаттанудың құжаттарды зерттеуінің өзіндік негіздері мен алғышарттары болды. Құжаттанушылар ең алдымен құжаттарды зерттеуді әлдеқашан бұрын жүргізген өзге құқық, тіл білімі және тарих ғылымдарының тәжірибесіне сүйенді. Тарих ғылымында құжаттың функциясын тарихи дерек ретінде зерттейтін арнайы тарихи пәндердің: палеография, сфрагистика, геральдика, хронология, метрология, дипломатика, деректанудың тұтас циклі қалыптасқан. Аталған арнайы пәндердің функцияларына қысқаша тоқталатын болсақ, онда мына төмендегілер туралы сөз қозғалады: Тарихи ғылымы адамзат қоғамының даму үдерісін және оны дамытуға түрткі болатын заңдар мен қозғаушы күштерді зерттейді. Өзінің шешімі мен қорытындысын тарих тарихи дерек көздеріне жинақтайды. Тарих ғылымының жетістіктері бойынша құжаттану құжаттармен жұмыс жасау тәсілдерін қалыптастырады. Мемлекеттік мекемелер тарихы мекеменің, ұйымның және кәсіпорынның пайда болған уақытынан осы күнге дейінгі жүйесі мен қызметін зерттейді. Бұл ғылыми сала әр түрлі мекеменің, олардың мақсаты, көлемі, қызметі және функциясына қарай пайда болған құжаттарды, құжаттама жүйелерін, олардың қорын анықтауға көмектеседі. Палеография тарихи дамудағы тарихи қолжазбалардың сыртқы белгілерін зерттейді және құжаттың уақытын, құрылған жерін, авторлығын анықтайды, сондай-ақ, көне құжаттардың оқылуын және түсіндірілуін зерттейді. Дипломатика әр түрлі ресми құжаттардың құрылымын және шығу тегін зерттейді. Және солардан қоғамдық даму процесі жайында мағлұматтарды алу тәсілін қарастырылады, құжаттың құрылған уақытын, түпнұсқалығын және авторлығын, т.б.анықтайды. Тарихи хронология тарихи жағдайлардың және құжаттардың уақытын (күнін), олардың даму тарихын, уақыт-есептеу жүйесін зерттейді. Тарихи метрология әр түрлі өлшем-ұзындық, аудан, көлем және салмақты зерттейді. Бұл саламен байланысты құжаттың мәтінін түсіну және оқуға, сондай-ақ, оның құрылу орны мен уақытын анықтап білуге көмектеседі. Сфрагистика (сиггилография латын тілінен «sigillum» аударғанда мөр дегенді білдіреді) негізгі зерттеу объектісі мөр (мемлекеттік, аумақтық, мекемелік, ата-тектік және жеке тұлғалық мөрлер) болып табылады. Құжаттардың түп-нұсқалығын, авторлығын және құрылу уақытын анықтауға көмектеседі. Геральдиканың негізгі объектісі елтаңба болып табылады. Елтаңбадағы көріністерді, елтаңбалардың тарихи және әлеуметтік-құқықтық мәнін анықтау, құжаттарды зерттеу барысында қосымша сфрагистикалық мағлұматтар береді. Сондай-ақ, эпиграфика, генеалогия, нумизматика, тарихи география секілді арнайы тарихи салалар да маңызды рөл атқарады. Құжаттанумен тығыз байланыстағы ғылым деректану болып табылады. Бұл сала деректерді анықтау тәсілдерімен, классификациялау, өңдеудің кешенді әдістемесін құрастыру, зерттеу және қолданумен айналысады. Деректану құжаттарды мемлекеттік сақтауға сараптап жіберу үшін, құжаттарды ішкі және сыртқы ерекшеліктері, классификациясы және сипаттамасы бойынша сараптама жүргізуге көмектеседі. Бұл пәндер құжатты жан-жақты талдаудың және оны зерттеудің әдістері бойынша қомақты тәжірибе жинақтаған. Арнайы тарихи пәндердің барлық жетістіктері жекелеген құжат түрлерінің формулярларын және құжаттама жүйелері мен құжаттаудың зерттеу ұстанымдарына негіз болды. Мысалы, приказдық іс жүргізуді зерттеу осы кезеңге жататын құжаттарды талдаған С.О.Шмидт еңбектерінен басталды. Құжаттанушы студенттердің көпшілігіне 1985 жылы жарияланған С.О.Шмидт, С.Е.Князьковтің «XVI-XVII ғасырлардағы Ресейдің үкіметтік мекемелерінің іс жүргізу құжаттары» атты оқу құралы жақсы таныс. (С.О.Шмидт – оқулықтың мәтінінің авторы, С.Е.Князьков құжаттардың үлгісін баспаға дайындаған).Құжаттарды біріздендіру төрт бағытта жүргізіледі: қағаздар пішімін (формасын) біріздендіру; құжаттар пішімін біріздендіру; мәтіндерді бір типке келтіру; жалпықазақстандық техника-экономикалық және әлеуметтік ақпараттар классификаторы базасындағы ұғымдық біріздендіру. Осы әрекеттердің барлығы мәліметтерді жинау және өңдеу үшін қолданыталын бағдарламалық әдістерді ұтымды қолдануға мүмкіндік береді.
БҚҚ (Басқару ұйымдарын құжатпен қамтамасыз ету) үдерісін ретке келтірудің үлкен мәселелерінің бірі – басқарушы қызметінің бағытын түбегейлі зерттеу, олардың қызметтерге, қосалқы атқарымдарға, мәселе, орындалу тәртібін, құжаттарды жиыстыруды анықтау және бекіту болып табылады. Сондай-ақ, белгілі бір қызметтің бағытын көрсететіндей ең оңтайлы құжаттау жүйесін жобалау мәселесі тұр. Мысалы, осындай жұмыстар бухгалтерлік, кадрлық құжаттарда атқарылып жүр. Үлкен көлемдегі ұйымдар үшін де осындай жұмыс атқаруға болады, мысалы, жоғары оқу орындары, мектеп, емхана және т.б. Ол үшін құжаттар жүйесін алдын-ала жобалау қажет. Осы орайда қазіргі уақытта мемлекеттік ресми құжаттарды әуелі қазақ тілінде жасау, іс қағаздарын барлық сала бойынша қазақ тілінде жүргізу, оларды бір жүйеге келтіру заманауи өмірлік талаптардың біріне айналып отыр. Себебі іс қағаздарын жүргізудің саяси, тарихи, құқықтық және экономикалық мәнінің орасандығымен қатар мемлекеттің, республиканың, қаланың, кәсіпорынның, ұйымның тарихын зерттеуде іс қағаздарының құнды мәліметтер беретіндігі әлемдік тәжірибеде дәлелденуде. Бұл жұмыстар тарихшы үшін зерттеулердің деректік базасын өзгертуді талап етеді. Компьютерлендіру құжаттардың құндылығына сараптайтын мәселені өзекті ете түседі, яғни оның алғашқы сатысына құжатты дайындау үдерісін жылжытты. Құжатты дайындалған сәттен бастап оның ары қарай сақталу мерзімі белгілі болу керек. Дәлірек айтқанда, оның компьютер жадындағы уақытша сақталатын құжаттар қайта жазылған дискіде, немесе тұрақты сақталатын құжаттар бір рет жазылып, құжаттың орны мен сақталу мерзімі, анықталады. Бұл мәселенің шешімі заманауи отандық тарихтың деректік базасына тікелей байланысты. Егер осы жұмысты атқаруға құжаттанушылар мен мұрағатшылардан бөлек деректанушылар да келіп қосылса, жұмыс анағұрлым жылдам, әрі ұтымды жүретін еді. Ғылыми конференциялар мен әдебиеттерде аталмыш мәселе белсенді түрде талқыланса, білікті құжаттанушы мен мұрағаттанушы мамандар талаптарға сәйкес дайындалса, отандық құжаттану ғылымы жетілер еді. Еілімізде қағаз бастылықты азайтып, белгілі бір жағдайға сәйкес жекелеген салада құжаттама жүргізу және оны дамыту кәсіби шебердің басты мақсаты болып табылады. Осыған орай құжаттама жүйесінде әлемнің Кіші Азия, Оңтүстік Корея, Жапония, Германия, Франция, Түркия сияқты елдердің озық тәжірибесіне сүйеніп, қазақстандық үлгіні қалыптастыру да мемлекеттік басымдықтардың бірі. Мұндай түйіткілді азаматтарды құжатпен қанағаттандыру, құжат қызметін дұрыс ұйымдастыру арқылы шешуге болады. Осы турасында ең алдымен құжаттанудың теориялық негіздерін меңгеру және пайдалану мәселелерін оқып-үйрену өзекті бола түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |