83
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
мультИмЕДИалыҚ ҚұРалДаР ЖӘнЕ ОлаРДы
ҚОлДану ПРИнцИПтЕРІ
Көз – адамның сезім мүшелері арасындағы ең жылдамы және жақсы дамығаны. Ақпараттың 90%
адам естіп, иісін не дәмін сезіп емес, көріп алады. Одан бөлек, адамзатқа тіл біткенге дейін бір-
бірімен сурет арқылы қатынас жасағаны да белгілі. Тіпті, әңгіме айтып тұрып да қолымыз ілесе
қимылдайды, не болмаса, әлденені түсіндіру үшін тақтаға сурет саламыз.
Журналистік материалдарды визуалдау – тренд, қажеттілік, шарт дейсіз бе, қалай атасаңыз да,
қазір аса керек дүниеге айналғаны сөзсіз. Оның үстіне, қазір платформалардың көбі (бәрі дерлік)
графикалық болып кеткен. Instagram, Pinterest, YouTube, Vine, Snapchart – осы платформалардың
бәрі визуал контент жариялауға арналады.
Тіпті, Твиттер, Фейсбук және басқа да танымал әлеуметтік желілердің өзін осы топқа жатқызуға
болады, өйткені олардың интерфейсі ұзақ мәтіндік сипаттамаларды визуал контентпен – видео,
фото, өзге графика – ілестіре жариялауды көздейді. Қайткен күнде де, осы аталған ресурстардың
арасында графикалық контентке лайықталмаған бір де біреуін таба алмайсыз.
Жыл сайын интернетте жүргізілетін зерттеулер нәтижесі визуал материалдар аккаунт, топ және
блогтардың танымалдығын арттыруға ықпал ететінін көрсетеді. Визуал контентпен ілесе жүретін
материалдың танымалдығы артып келеді. Визуализация маңызды да қажет дүние екенін әр
журналист түсінеді. Келесі кезек – оны қалай, не үшін және қандай мақсатпен қолдану керек екенін
түсінуде.
Қазір көбінесе «деректерді визуалдау» ұғымы қолданылады. Бұл – Дата-журналистикаға қатысы бар
түсінік (келесі тарауды қараңыз), онда қолданылатын көптеген құралдар, ең алдымен –
инфографика,
есептемелерді көрнекі ету үшін пайдаланылатын бизнестен келген.
Алайда, бұл тарауда тұтас журналистік материалды мультимедиалық құралдар көмегімен визуалдау
туралы айтамыз. Бұл тақырыпқа тереңдей енсек, мультимедиалық сторителлингке қарай кетіп
қалуға болады, алайда, біздің мақсат ол емес.
Сонымен,
визуалдау құралдарын таңдауда қандай ұстанымды басшылыққа алу керек?
Визуалдау тәсілдері мен әдістері арасынан журналистиканың басты
Кім? не? Қайда? Қашан?
Қалай? неліктен?
деген сұрақтарына сай келетіндерін таңдаған дұрыс.
Кім? не?
– кейіпкер немесе оқиға айналасында құрылған баянды визуалдау үшін кез келген құрал
немесе әдісті қолдануға болады. Содан кейін барып, сол оқиға баянында не нәрсеге баса мән беріп,
нені алдыңғы қатарға шығарғыңыз келетінін шешесіз.
мысалы. Theopenasia.net порталындағы
«Бала тағдырын балталағандар» атты материалда,
педофил бейнесін жасау үшін мақала авторы инфографика тәсілін қолданған.
Әрине, бұл мәліметтің бәрін жай мәтін күйінде де беруге болар еді, алайда, осы күйінде оның
оқырманға әсері де, ақпараттық күші де артық болып тұр.
әңгіме болып отырған оқиға қайда болды?
бұл сұрақтың жауабын фото, видео, интерактив су-
рет, инфографика (интерактив және статикалық) және карта (интерактив және статикалық) түрінде
беруге болады.
Қашан болды?
Ақпаратты хронологиялық жағынан жүйелеп ұсыну үшін инфографикадан видео-
роликке дейінгі түрлі форматтарды қолдануға болады. Әйтсе де, бұл мақсатта керек фактілерді бай-
ланыстыра отырып уақыт шкаласын құру қызықты да ыңғайлы тәсіл болмақ.