154
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
жылы
ОҚИғА
ҚАйДА?
1991
Орал қазақтары мен казактар арасында
Батыс Қазақстан облысы
1992
Қазақтар мен шешендер
өскемен, Шығыс Қазақстан облысы
2006
Қазақтар мен ұйғырлар
Шелек, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ
ауданы
2006
Қазақтар мен түріктер (жұмысшылар)
Атырау облысы
2006
Қазақтар мен шешендер/ әзербайжандар Ақтау, Маңғыстау облысы
2007
Қазақтар мен шешендер
Алматы облысы, Маловодное, Қазатом
ауылдары
2007
Қазақтар мен күрдтер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Маятас
ауылы
2012
Қазақтар мен қытайлар (жұмысшылар)
Атырау облысы
2013
Қазақтар мен шешендер
Алматы облысы, Шеңгелді
2014
Қазақтар мен өзбектер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарамұрт
ауылы
2015
Қазақтар мен тәжіктер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бостандық,
Ынтымақ ауылдары
2016
Қазақтар мен түріктер
Жамбыл облысы, Бурыл ауылы
Жоғарыдағы принциптерге бағынар болсақ, бұл кикілжіңдердің алғашқы мақсаты ұлтқа немесе
этносқа деген жеккөрушіліктен туындаған кикілжің бе, жоқ тұрмыстық қақтығыс па? Тізімге көз
салар болсаңыз, аталған қақтығыстардың тек екеуі ғана – 2006 жылғы Атыраудағы қазақтар мен
түріктер арасындағы кикілжің мен 2012 жылғы тағы да Атырау облысындағы қазақтар мен қытайлар
арасындағы кикілжің ғана шетелдік жұмысшылардың араласуымен жүзеге асып отыр. Қалған
жағдайларда оқиға бір мемлекет тұрғындарының арасында туындаған. Демек, осы аталған екі
оқиға екі ұлттың бір-біріне деген жеккөрушілігі салдарынан туындауы мүмкін. Дәл осы оқиғаларда
ұлт өкілдерінің аты аталып, түсі түстелсе, ол этикаға да, заңға да қайшы келмесі анық. Ал басқа
жағдаяттарда негізінен бұл оқиғаларға этностық сипат, ұлтаралық қарым-қатынас астарын бермеу
қажет болатын. өкінішке қарай, жоғарыда аталған оқиғалардың барлығына ресми билік тарапынан
«тұрмыстық кикілжің» деген саяси баға берілгенімен, баспасөзде ұлтаралық кикілжің ретінде астын
сызып көрсету басымдыққа ие болды. Бұл кикілжіңдер туралы қазақтілді басылымда жүзден астам
мақала жарияланған.
Осы мақалаларда кездескен басты қателіктерді санамаласақ, біріншіден, журналистер ақпаратты
тексеруді қажет деп таппайды. Кейде бұның соңы ұлтараздығына ұласатын жағдайлар да
кездесіп жатады. Мәселен, алысқа бармай-ақ, жақында ғана польшадағы Қазақстан елшісі Алтай