156
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
оқиға туралы ой-пікірімен ғана өрбиді. Оқиғаға қатысушы екінші тараптың, мақаланың басынан
аяғына дейін кінәлап отырған ұйғыр этносы өкілдерінің пікірі ескерілмейді. Мақалада ұйғырларды
сепаратистер ретінде сипаттағанымен, ол әңгімесіне дәлел боларлықтай ешқандай дәлел
ұсынылмайды.
Демек, оқиғаға объективті баға беру үрдісі байқалмайды. Батыс журналистикасында ұлтаралық
кикілжіңді жазатын журналистер сол ұлттың өкілі болмауы тиіс, егер алда-жалда сол ұлттың өкілі
болатын болса, қай ұлттан екенін ұмыта тұрғаны абзал делінеді. Бірақ, өкінішке қарай, біздің
жағдайда ол мүмкін емес. Сол себепті де объективті ақпарат таратуға ұмтылу қажет. пікірлер
балансы міндетті түрде сақталғаны абзал.
Сізге ұсынылып отырған
https://www.youtube.com/watch?v=Xph0q90M3do сілтемеде объек-
тивтілік пен субъективтіліктің өзара айырмашылығы ұсынылып отыр. Онда объективтілік дегеніміз:
a) бейтарап пікір; b) объективті факт және математикалық есептеулер арқылы дәлелденуі тиіс; c)
объективті рационалды шешімдер қабылдау кезінде пайдалы болмақ; d) объективті тұжырымдарға
қол жеткізу оңай емес. Ол
терең зерттеудің нәтижесі; e) объективтілік шындықты айтады.
Субьективтілік дегеніміз: a) жазушы немесе пікір айтушының көзқарасы арқылы беріледі; b)
субьективтілік логикалық тұрғыдан тестілеуге келмейді; c) cубъективтілік қолмен ұстап, көзбен
көрер ештеңе болмаған кезде қолданылады; d) субъективті тұжырымдар көркем бейнелеу үшін
қолданылады; e) оқиғаға қатысты өз көзқарасын, пікірін білдіреді. яғни, журналистер объективті
пікір білдіру үшін оқиғаға қатысушы тараптардың барлығының пікіріне, сүйене отырып тұжырым
жасауы тиіс. Кез келген сәтте бейтарап болуға тырысқан абзал.
пайдалы
дереккөз:
https://www.youtube.com/watch?v=z8ycwOsyFa0
Журналистская
объективность: пути достижения и ограничения | Анна Смолярова | лекториум
Үшіншіден, журналистер оқиғаның бір елдің тұрғындары арасында болып жатқан кикілжің екеніне
қарамастан, оқиғаға қатысушының этникалық тегін тектеп, түсін түстеп жатады. Мәселен, 2007
жылғы Маятастағы күрдтер мен қазақтар арасындағы кикілжіңнің де ұлтаралық сипат алуына
ақпарат құралдарындағы мақалалар ықпал еткен. Соның салдарынан Маятастағы күрдтердің 90
пайызы туған ауылын тастап шығуға мәжбүр болған. Біз көрсетіп отырған оқиғалардың барлығына
да ресми билік тарапынан «тұрмыстық кикілжің» деген саяси баға берілгенімен, баспасөзде
ұлтаралық кикілжің ретінде астын сызып көрсету басымдыққа ие болды.
Дәл осындай оқиға 2015 жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық және
Ынтымақ ауылдарында, 2016 жылдың ақпан айында Жамбыл облысының Бурыл ауылында болды.
Аталған оқиғалардың барлығы да 2007 жылғы Маятастағы оқиғамен үндес. Арада 8-9 жыл өтсе
де, елдегі ұлттық саясаттың да, БАҚ-тың кәсіби деңгейінің өзгермегені байқалады. Біріншіден,
құқық қорғау органдарының баспасөз қызметтері тарататын мәліметтерде қылмыскердің аты-жөні
ғана айтылмайды, сонымен қоса, оның қай ұлт өкілі екені көрсетіледі. Бұл ретте, Қазақстан ұлттық
бірегейлену жолына қадам басудың орнына, елдегі этнос өкілдерін этникалық тәуелділігіне орай
атау арқылы жікке бөлуін тоқтатар емес. Ендеше, ақпаратты таратушы медиа өкілінің негізгі ұстанған
бағыты қандай болуы керек? Құқық қорғау органдарының ақпаратындағы ұлттық жікшілдікке
бастайтын мәліметке сәл түзету енгізіп, «Қ деген азамат Б деген азаматты зорлады» деген ақпар
таратқанда, екі этнос арасындағы кикілжіңдер бүгінгідей тым тереңдеп кетпесі анық. Осы орайда
журналистің ақпаратты беруде факті мен пікірді ажырата білуі аса маңызды. Егер журналист «Маятас
ауылының А деген бүлдіршінін Б деген жасөспірімді зорлады» десе, бұл тек қана факт. Егер: «Маятас
ауылының 4 жасар А деген қазақ баласын Б деген 16 жасар күрд жасөспірімі аяусыз зорлаған екен.
Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қазақтарды басынуды қашан қояды?» – десе, бұл пікірге айналады.
Журналист ақпаратты таратып қана отырған жоқ, сонымен қатар, өзінің оқиғаға деген көзқарасын
да білдіріп отыр. Алайда, журналистің жеке пікірі қылмыс жасаған адамның жеке басына ғана емес,
жалпы елдегі өзге ұлт өкілдеріне қатысты айшықталды.
Жалпы кез келген оқиғаға бүкіл-бүтін этносты кінәлау қаншалықты орынды? Қылмыстың аты –
қылмыс. Қылмыскердің ұлты да, жынысы да болмайды. Біз жауыздықты, қылмысты, аярлықтың
қандай түрін де ақтап алмауымыз керек. Оны кім жасаса да, мәселе оның қай ұлт өкілінен
екендігінде емес, мәселе оның қылмыскер екендігінде. Осы ретте біз, БАҚ өкілдері, оқиғаның
тереңдеуіне, оның этностық сипат алуына ықпал етіп отырмыз. Мәселен,
www.lenta.ru сайтындағы
157
ҚАзАҚСТАнДАғЫ
3.0
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА
прАКТИКАлЫҚ
нҰСҚАулЫҚ
«Джамбул освобожденный. почему в Казахстане отрицают межэтнические конфликты?» атты
мақалада Қазақстан билігінің елде этносаралық шиеленістердің бар екендігін мойындамай
отырғаны айтылады. «Как всегда в подобных случаях, власти разъяснили, что преступление носило
бытовой характер. А СМИ, за редким исключением, не упоминали о том, что подозреваемый
и жертва принадлежат к разным этническим группам», – делінген онда. Қылмыстық оқиғаға
қатысушылардың әртүрлі этностың өкілі болғаны не үшін маңызға ие болуы тиіс? Тура осы тұстан
этностардың өзара қырқысына жол бастап беріп отырғанымызды неге түсінбейміз? Оның үстіне
түрік отбасының қылмысы үшін бүкіл түрік диаспорасының кешірім сұрауына мәжбүрлеген құқық
қорғау органдарының да әрекеті түсініксіз. Сондай-ақ, аталған мақалада автор елдегі ішкі саясатты
сынай отырып, құқық қорғау органдарының «титулды ұлтты» жазаламайтынына маңыз береді:
«Они избегают демонстрации применения законной силы против «титульной нации» и фактически
запрещают указывать этническую составляющую как повод для конфликта», – делінген онда. Демек,
мақала авторының елдегі ұлттық саясатқа көңілі толмайды және осыған кінәлі «қазақтардың»
жазаланбайтынына назалы.
Әрине, ішкі саясаттың және құқық қорғау органдарының бұл істегі көзжұмбайлығы мен түсініксіз
әрекеттері мақалада сыналғаны орынды. Алайда, журналистің өз тарапынан пікір білдіріліп, елдегі
ұлттық саясаттан екінші біреулердің зардап шегіп жатқанын фактісіз, дәлел-дәйексіз дәлелдеуге
тырысуы журналистік этикаға қайшы. Оқиғаны сараптап, оқиғаға қатысушылардың, сарапшылардың
түрлі этнос өкілдерінің пікірі тыңдалғаннан кейін, елдегі ішкі саясаттың олқылықтарын да атап
өткен жөн. Қалған бағаны оқырман өзі бергені абзал. «Евразия» ақпараттық-сараптамалық
порталында жарияланған Саиф нуридің «роль СМИ в раздувании межэтнических конфликтов» атты
мақаласында: «Мысалға, АҚШ-ты алайық. Біздің либералды масс-медиа біртіндеп ондағы медиамен
теңесуге таяды. Америка азаматын, тегінің кім екеніне қарамастан (африкалық, латындық, ағылшын-
саксондық, еврей), оны БАҚ-та американдық ретінде көрсетеді әрі американдық ретінде соттайды.
ресейде, керісінше, егер қылмысты кавказдық, әсіресе, шешен, дағыстандық немесе ингуш жасаса,
БАҚ (интернет-ресурстар ма, мерзімді басылым ба, аймақтық немесе орталық деңгейдегі мерзімді
басылым ба, нТВ дәрежесіндегі телеарна ма, бәрібір) бұл қылмысты этникалық кикілжің ретінде
көрсетуді өз міндеттері санайды, сөйтіп бұның астарында ұлтаралық шиеленіс жатқанын және
бұқараның назарын қылмыскер мен жәбірленушінің ұлтына аударуды мақсат етеді», – деп жазады.
Дәл осы тенденция біздің ақпарат құралдарына да тән. Жоғарыда келтірген мысалдардан-ақ біздегі
этносаралық мәселелердің ушығуына БАҚ өз үлесін қосып отырғанын байқау қиын емес.
Төмендегі видеода факті мен пікірдің өзара айырмашылығы жайында қысқаша түсініктеме беріледі.
https://www.youtube.com/watch?v=kDVtvbRpE4M видео контентіне шағын түсініктеме берсек,
факт дегеніміз – нақты шынайы болған іс, оны дәлелдеуге болады. Ал пікір дегеніміз – оқиғаға орай
жеке адамның көзқарасы, пікірі. Ол шынайы фактіге негізделген болуы да мүмкін. Бірақ, сол факт
туралы біреудің пікірі ғана болып есептелінеді.
сОнЫМен, сІЗ ҮШІн Дерек кӨЗДерІ не БОлуЫ керек? Дерек Пен ДƏЙекке
не жатаДЫ?
• Бірінші, журналистің оқиға орнында болуы (егер оқиғаны репортаж түрінде тарату
көзделсе). яғни, журналистік бақылау мен баяндау. Онда сіз оқиғаны өз көзіңізбен көре
аласыз, сараптайсыз және өз ой елегінен өткізесіз. Сол арқылы оқиғамен танысуға әрі
жұртшылыққа таныс емес қырын ашуға талпынасыз. Сондай-ақ, бұл сіздің басты көзіріңіз
– дерегіңіз, оқырманды сендіре алатын құралыңыз. Сараптамалық журналистикада оқиға
орнында болуы шарт емес. Бірақ оқиға дерегін табуға ұмтылған жөн.
• Екіншіден, куәгерлердің куәлігі. Сіз сол оқиғаға қатысушы тараптарды сөзге тарта аласыз.
Олардың куәлігі сіз үшін дәлел бола алады. Куәгерлерден не оқиғаға қатысқан адамдардан
алынған құжаттар, журналистің түсірген суреті. Бұл ретте пікірлер балансын сақтау қажеттігін
ұмытпау керек.
• Осы оқиғаға орай жарияланған
ресми құжаттар мен мәліметтер, статистика.
• Балама ақпарат көздері. Бірақ, бұл ақпараттың шынайы екендігіне көз жеткізбей
жариялауға болмайды.