112
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
3. Төменде аталғандардың қайсысы әдетте ақпараттың растығын арттыру жолы
болмайды?
A. Кем дегенде үш алдыңғы қатарлы ақпарат агенттігінің деректеріне сүйену
B. ресми тұлғалар ғана ұсынатын ақпаратпен шектелу
C. Ақпарат көздеріне сілтеме беру
D. Әлеуметтік желілерден алынған ақпаратты тек арнайы платформалар арқылы тексеріп беру
4. Мына аталғандардың қайсысы әдетте дұрыс?
A. Әлемдік оқиғалар әдетте қызықты, сол себептен оларды түсіндірудің маңызы азайып кетеді
B. Шетелдік жаңалықтар көбінесе үйдегі аудитория үшін тым алыс, сондықтан оларды
түсіндірудің
маңызы артады
C. ғаламдық тенденциялар көбінесе тым күрделі, сондықтан журналист оларды түсіндіру
міндетін арқалауы керек
D. Аудиторияға фактілер маңызды, оларды түсіндіру журналистің міндеті емес
5. Әдетте журналист әлеуметтік желілерден келетін ақпаратқа қалай қарауы керек?
A. Елемей, тек тексерілген ақпарат
көздерін пайдалануы керек
B. Тек Twitter-дегі тексерілген аккаунттарды пайдалануы керек
C. Тек өзінің дүниетанымын кеңейту үшін ғана пайдалануы керек
D. Тексергеннен кейін пайдалануы керек
6. Халықаралық журналист қарапайым азаматтардың мемлекет басшысына деген
сыни қатынасы туралы материал жазып жатыр. Қандай дәйексөзді күтпей-ақ қойса да
болады?
A. ниццадағы наубайдың Франция президентінің саясатын сынауы
B. Теннеси штатындағы Библияны зерттеушілер үйірмесінің АҚШ президентіне деген көзқарасы
C. Гренландияның солтүстігіндегі эскимос аралы тұрғындарының Дания королевасы жөніндегі
пікірі
D. паттайядағы жеміс сататындардың Тайланд королін сынап айтқандары
7. Мына аталған факторлардың қайсысын ақпарат агенттіктерінің басты
артықшылығы деуге болады (екі дұрыс жауап бар)?
A. Ақпаратты бас хабтар – лондон, париж және нью-йоркте тәжірибелі редакторлар іріктейді
B. Түрлі елдер мен оқиғалар туралы ақпарат ортақ, біртұтас стандарттарға сүйене отырып
жеткізіледі
C. Ақпарат ақылы, сондықтан әлеуметтік желі арқылы тарағаннан жылдамырақ келіп түседі
D. Ақпарат ақылы, сондықтан басымдық бүкіл дүниежүзіндегі клиенттерге сай келетін сапаға
беріледі
8. Шалғай бір елде жер сілкінгеннен кейін үш алдыңғы қатарлы ақпарат агенттігі
қаза тапқандар саны бойынша үш түрлі санды атады. Халықаралық журналист қалай
әрекет етуі керек (екі дұрыс жауабы бар)?
A. Қаза тапқандар санының ең азын атау
B. Қаза тапқандар
санының ең көбін атау
C. Қаза тапқандар санын атамау
D. Сол сандардың бәрін атау
9. Халықаралық журналист әдетте нені хабарлауға тиіс?
A. Тек маңызды оқиғаларды
B. Тек
қызықты оқиғаларды
114
ҚазаҚстандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Авторы
Шолпан Елеусізова
Жұмыс орны,
қызметі
КтК аҚ, жүргізуші-диктор, медиатренер
115
ҚАзАҚСТАнДАғЫ
3.0
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
ЖаңалыҚтаР ШығаРылымын ЖүРГІзуШІ:
«СөйлЕйтІн БаСҚа» айналмау
Ақпараттық шығарылымдардың «роботтандырылған» жүргізушілерінің дәуірі келмеске кеткен.
Көрермен ендігі жерде қағазға қарап жаңалық оқып отыратын қимылсыз қыздар мен жігіттерді
көргісі келмейді. Қазір бүкіл дүниежүзінде жүргізуші орындығына ақпарат айдынында жұмыс
істеген, кезінде өздері де микрофон ұстап жүгірген, жаңалық қалай жасалатынын жақсы білетін
бұрынғы тілшілер отырып жатыр.
Алайда, қазақстандық арналар эфиріне жүргізушілер әлі де сырт келбетіне және жасына қарай
таңдалатынын мойындауымыз керек. Айталық, журналистикада жұмыс тәжірибесі жоқ сіз де теле-
визияда диктор болуды армандайтын шығарсыз. Жаңалықтар шығарылымы аясында лайық көрініп,
көрерменнің сеніміне ие болу үшін не істеу керек?
РЕттЕу
Мен қызмет ететін республикалық арнада жаңалықтарды реттеу әдетте шығарылымға екі сағат
қалғанда жасалады. Оған жүргізушінің
қатысқаны жөн, бірақ міндетті емес.
Әйтсе де, қандай тақырып бірінші болып айтылуы керек, одан кейінгі кезек қай жаңалықтікі, он
жетінші тақырып неліктен хронометражға сыймай қалса да болатынын талқылау барысына қа-
тысқаныңыз жөн дер едім. Әрине, бас редактор мен шығарушы редактор және тілшілер желісінің
жетекшісі бәрін дұрыс реттейтініне күмән жоқ, алайда, жүргізуші де ұсыныс айта алады. Сөйтіп,
шығарылым қандай қисынға сүйеніп құрылғанын түсінесіз және әр сюжеттің қысқаша мазмұнын
біліп аласыз.
ПРаКтИКа
Мына тақырыптардан республикалық арнаның қорытынды
жаңалықтар шығарылымын жасап көріңіз:
1. Танымал кеңестік спортшы Алматыда үйсіз қаңғып жүр (Алматы, сюжет).
2. Салық төлеушілерге салынатын айыппұл сомасы екі есе артты – жақсы ма, жаман ба?
(Астана, КСТ+СнХ).
3. Ақтаудағы үлескерлер екі оттың ортасында қалды: үйіне кіре де алмайды, тіркеле де
алмайды (Ақтау, сюжет).
4. Алты баласын әжесіне қалдырып кеткен шеше ешкімді тастамадым дейді (Тараз, КСТ+СнХ).
5. нұрсұлтан назарбаев араб инвесторларын Астанаға шақырды (Астана, КСТ).
6. Qazaq Air мас ұшқышты штурвалға жолатпады (Атырау, сюжет).
7. Бішкек маңында жүк таситын ұшақ құлады (Бішкек, сюжет).
8. Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығына келген тағы бір кісі қайтыс болды (Алматы,
сюжет).
9. Шымкентте көлік қағып кеткен 4 жасар Кирилл жерленді (Шымкент, сюжет).
10. Алматылық полицейлер ерекше орыннан жезөкшелер үйін тапты (Алматы,
СнХ+КСТ+СнХ).
11. Ақтөбеде лотереяға байланысты жанжал шықты (Ақтөбе, СнХ+КСТ).
12. Оралдықтар испаниялық туристердің көлігін жөндеп, өздеріне қазы мен еттен ауыз
тигізді (Орал, СнХ+КСТ+СнХ).