Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген.
Жалпыұлттық жоспардың 30-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық спорттық объектілерге тексеру жүргізу және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы тапсырма берілген.
Халықты жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, саламатты өмірді насихаттауға тарту үшін қолданыстағы спорт объектілерін барынша пайдалану, оларға барлық бұқара топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен түбегейлі шараларды қабылдау қажет.
Агенттік тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жол картасы) бекітті. Жол картасының іс-шаралары ел халқының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерiне қажеттiлігiн мониторингілеуге; дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін іс-шараларды ұйымдастыруға; халықпен, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыруға; бiлiм беру мекемелерiмен дене шынықтыру және сауықтыру жұмысы мәселелері бойынша өзара әрекеттесуге бағытталған.
2012 жылдың ақпан-мамыр айлары арасында Жол картасы шеңберінде мынадай жұмыс атқарылды:
- спорттық инфрақұрылымға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды, оның құрамындағы мүшелер спорттық инфрақұрылымды және спорттық ғимараттарын тексеру (түгендеу) мақсатында бекітілген кестеге сәйкес өңірлерге барды;
- сонымен қатар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарында қолданыстағы спорттық объектілерге тексеру (түгендеу) жүргізу және оларға келетін адамдардың көптігі, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтің қолжетімділігі, құны мен сапасы тұрғысынан мониторингілеу комиссиялары құрылды;
- дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оның отырыстарында дене шынықтыру және спорт объектілерін кешкі уақыттарда тиімді пайдалануға, сабақтан тыс уақытта спорт секцияларының қызметін ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы төлеу, сонымен қатар оқушы жастар, студенттер арасында бұқаралық спорт түрлерін және дене шынықтыруды дамыту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты жандандыруға қатысты проблемалық мәселелер көтерілді;
- Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасы дайындалып, Үкіметтің қарауына енгізілді.
Спорт объектілеріне жүргізілген тексеру (түгендеу) қорытындыларын талдау барысында спорт инфрақұрылымының және жалпы ел бойынша спортпен шұғылданатындар санының өсу динамикасы байқалуда, оны мына мәліметтерден көруге болады:
2009 жылы – ғимарат саны 30 мың 330 (483 бірлікке өскен), шұғылданушылар саны – 16% болса;
2010 жылы – 31 мың 266 ғимарат (936 бірлікке өскен) жұмыс істеп, шұғылданушылар саны – 17,7%-ға жеткен;
2011 жылы – 32 мың 614 ғимарат (1348 бірлікке өскен) қолданылып, шұғылданушылар саны – 20%-ды көрсетіп отыр.
Тек 2011 жылдың өзінде 1 Спорт сарайы, 20 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 199 спорт залы, 100 хоккей корты, 40 теннис корты, 12 жүзу бассейні, 10 шаңғы базасы, 2 оқу-жаттығу орталығы, сондай-ақ 1000-нан астам жазықтықты спорт құрылысы пайдаолануға берілген. Пайдалануға берілген спорт объектілерінің басым көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқан, объектілердің бір бөлігі жеке инвесторлардың қаражатына салынған.
Еліміздегі барлығы 32 614 спорт ғимаратының 21268 бірлігі ауылдық өңірлерге тиесілі, 26 207 объекті спорт мектептерін қоса алғанда білім беру мекемелеріне жатады, тек 6 407 объекті ғана дене шынықтыру-спорттық сипаттағы объектілерге жатады.
Елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 3,3 млн адам шұғылданады, бұл жалпы тұрғындар санының 20%-ын құрайды, еліміздің спорт мектептерінде 6-18 жас аралығындағы 261 852 мың бала мен жасөспірім шынығады (10,6%).
Талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, дене шынықтыру және спортпен айналысатындар санының басым бөлігі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында анықталды, ал спортпен шұғылданушылардың ең аз бөлігі – Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында болып отыр.
Алайда, бұл динамика спорт объектілері құрылысының өсуімен байланысты емес екендігін атап өткен жөн, себебі бұл тұрғыдан алғашқы бестікке Алматы, Қызылорда, Атырау, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары еніп отыр. Спортқұрылыстары Палодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында аз салынуда.
Бұған қоса, тексеру қорытындыларын талдау көрсеткендей, бүкіл ел ішіндегі спорт объектілеріне спортпен шұғылданғысы келетін барлық азаматтардың қолы жете бермейді, себебі бұл объектілердің қабылдау қабілеті 1 млн. 143 мың адамды немесе 7,19%-ды ғана құрайды.
Осыған орай, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану және барлық жіктегі және жастағы тұрғындардың арасында спортты жаппай дәріптеу мақсатында спорт объектілерінің қызмет көрсету бойынша баға саясатына талдау жүргізілді.
Мемлекеттік спорт мектептерінің барлығында дерлік сабақтан тыс уақытта стадиондарда және спорт залдарында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жетекшілігімен мектеп жасындағы балаларға ақысыз оқыту-жаттықтыру процестері мен секциялық сабақтар өткізіледі.
Талдау нәтижесінде, орта есеппен алғанда ел бойынша облыстарда жүзу бассейндеріне бір рет бару құны сағатына 300 теңгеден 500 теңгеге дейін, жаттығу залдарына – 400-ден 600 теңгеге дейін, Спорт сарайларындағы және спорт кешендеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру топтарына бір рет қатысу 200-ден 400 теңгеге дейін (12 рет қатысу абонементі 2000-нан 4000 теңгеге дейін) екені анықталды. Фитнес-орталықтарына қатысуға арналған абонемент төлемдері 9000 теңгеден 11 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Алайда, коммуналдық қызметтер тарифінің, нұсқаушылар жалақысының және спорт құрылыстарын жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықтау шығындарының артуына байланысты, өңірлерде аталған абонементтер бағасының артып отырғаны байқалады.
Елдегi саны 450 мың адамнан артық болатын мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға ерекше көңіл бөлінеді, олардың iшiнен 200 мың адам, немесе 45%, бұл зияткерлiк мүмкiндiктерi шектеулі, тiрек-қимыл аппараты, көз және есту қабілеттері төмен адамдар.
Соңғы үш жылда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын мүгедектер санының ұдайы өсіп отырғаны байқалады, айталық, бұл көрсеткiш 2009 жылғы 12 мың адамнан немесе 6,0%-дан 2011 жылдың қорытындылары бойынша 15 мың 505 адамға немесе 7,7%-ға дейiн өсті.
Бүгінгі таңда республикада мүгедектер спорты бойынша Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстарында және Астана, Алматы қалаларында 5 спорт клубы, Оңтүстiк Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 мамандандырылған спорт мектебі, сонымен қатар Петропавл және Қызылорда қалаларында 2 бөлiмше, барлығы 9 спорттық ұйым жұмыс iстейдi.
2012 жылы Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында денсаулығының мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн спорт клубтарын ашу жоспарланып отыр.
Талдау нәтижесі жеке меншік спорт объектілерінде мүгедектер үшiн жеңiлдiктi бағалар және 20%-дан 100%-ға дейін жеңiлдiктер белгіленгенін көрсетті.
Сонымен қатар, кеңес заманында салынған спорт ғимараттарында оларға кіретін пандустардың жоқтығы мүгедектер үшiн негiзгi проблема болып отырғаны анықталды. Қазiргi заманғы спорт объектілерінде «Қоғамдық ғимараттар және құрылыстар» құрылыс нормалары және ережелерінің «Аз қимылдайтын келушiлер үшiн қолжетімділікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» атты 4-бөліміне сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергiсiз және ыңғайлы қимылдап-қозғалуы үшін жағдайлар жасалған.
Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері халық арасындағы аз қимылдайтын топтар үшін кедергiсiз және ыңғайлы қимылдап-қозғалу үшін жағдайлар жасау мақсатында спорт ғимараттарының аумағындағы учаскелерді арнайы бейімдеуге қаражат бөлуде.
Осы іспеттес шаралардың қабылдануына қарамастан, мүмкiндiктерi шектеулі адамдар үшін қолжетімді спорт объектілері жеткiлiксiз болып отыр.
Бүгінгі таңда өңірлерде спорт инфрақұрылымы объектілерін салу және қайта жаңарту, сондай-ақ кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу, соның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда.
Соңғы үш жылда ұлттық спорт түрлерімен шүғылданушылар санының 2009 жылғы 122 мың адамнан 2011 жылы 208 мыңға дейін едәуір артқаны байқалады.
Республиканың Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында ұлттық спорт түрлері бойынша 12 спорт клубы немесе спорт мектебі жұмыс істейді.
Ауылдық аймақтарда дене шынықтыру мен спортты дамыту және насихаттау мәселелерімен айналысатын «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорттық қоғамы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Жыл сайын ұлттық спорт түрлерінен 40 000-на астам спортпен шұғылданушылардың қатысуымен 80-нен аса республикалық чемпионаттар мен турнирлер өткізіледі, және халықаралық жарыстарға қатысу қамтамасыз етіледі.
Солардың арасында мыналарды атап өткен жөн: тоғызқұмалақтан І Әлем чемпионаты, Қазақстан Республикасының І жасөспірімдік ауыл спорты ойындары, қазақ күресінен үш Әлем чемпионаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделеріне Халық спорты ойындары, «Ақ Бидай» республикалық ауыл спорты ойындары, Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы, А. Асқаровты еске алуға арналған көкпардан Халықаралық турнир.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының шеңберінде, 2011 жылы бұдан кейін жыл сайын өткізу жоспарланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне «Қазақстан Барысы» атты қазақ күресінен республикалық турнир және ұлттық спорт түрлерінің ІІІ республикалық фестивалі өткізілді.
Еліміздің спорт мекемелерінде ұлттық спорт түрлерінен 357 бөлім бар, олар - 19 спорттық-сауықтыру тобы, 1 227 алғашқы дайындық тобы, 861 оқыту-жаттығу тобы, 45 спорттық жетілдіру тобы, 7 жоғарғы спорт шеберлігі тобы, 14 адам арнайы сыныптарда жаттығады.
Спортпен шұғылданушыларды тәрбиелеу және даярлау мәселелерімен ұлттық спорт түрлерінен 1 049 жаттықтырушы айналысады, олардың штаттағы саны 617 адам, 377 адамның жоғары дене шынықтыру мамандығы бар, 447 жаттықтырушының дене шынықтыру мамандығы бар, жоғары жаттықтырушы санатына 35 адам ие, 1 санатқа – 99, 2 санатқа – 105 жаттықтырушы ие.
Ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту және насихаттау үшін төмендегідей негізгі мәселелер шешімін табуды талап етеді:
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ұлттық және атты спорт түрлері орталығы» РМҚК құру және ашу;
Қостанай, Маңғыстау, Атырау облыстарында және Алматы қаласында ұлттық спорт түрлерінен клубтар немесе спорт мектептерін құру жөнінде шаралар қабылдау.
Аталған шаралар дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындар санының артуына, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді жаппай спортқа тартуға ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, әр түрлі санаттағы және топтағы тұрғындармен дене шынықтыру және спорт жұмыстарын жүзеге асыратын спорт саласының білікті мамандары санының өсу динамикасы байқалады, айталық олардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 3 мың 287 бірлікке артып, бүгінде 39,5 мың адамды құрап отыр (жаттықтырушылар және жаттықтырушы-оқытушылар), оның ішінде – 18 мың 304 адам ауылдық жерде.
Сондай-ақ, ауылдық округтерді спорттан нұсқаушы-әдіскерлермен қамтамасыз ету - өңірлерде бұқаралық спорты дамытудағы неғұрлым өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр.
Осы бағыт бойынша Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарында атқарылып отырған жұмыстар жеткіліксіз екенін атап өту қажет.
Дегенмен, кей өңірлерде спорттан нұсқаушы-әдіскерлердің бірліктерін сақтап қалуға мүмкіндік жасалып отыр, әсіресе ауылдық жерлерде, айталық:
Павлодар облысында барлығы 359, оның ішінде ауылдық жерлерде – 227 нұсқаушы-әдіскер;
Қызылорда облысында – 218, Ақтөбе облысында – 210, Қостанай облысында – 163 нұсқаушы-әдіскер жұмыс істейді.
Қазіргі кезде жоғары және бірінші санатты базалық білімі бар штаттағы дене шынықтыру қызметкерлерінің және кәсіби жаттықтырушы кадрлардың жетіспеушілігі сезіледі. Олардың қатарында бірнеше жылдардан кейін жұмыс істей алмайтын қосымша жұмыс істеушілер мен зейнетке жақын және зейнет жасындағы адамдардың үлесі жоғары болып отыр.
Дене шынықтыру және спорт саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын ескере отырып, білім беру гранттарының санын көбейту ұсынылып отыр. Бұл студенттік спортты дамыту және студенттік спорт лигалары мен клубтар желісін құру, әсіресе, Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиада – 2017 қарсаңындағы қосымша ынталандыру шаралары болатын еді.
Жалпы алғанда, тексеру қорытындыларын талдау спорт инфрақұрылымының қазіргі заманғы жағдайы мен дамуы мынадай факторлармен және үрдістермен сипатталатынын көрсетіп отыр:
- халықпен спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру үшін өңірлік деңгейде спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында рекреациялық аумақтарды және саябақ аймақтарын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдануда;
- елде 7,5 мың жалпы білім беру мекемесі бар, олардың 5 мыңнан астамының өзіндік спорт залдары жұмыс істейді;
- спорт ғимараттары негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарында шоғырландырылған, мұнда халықтың көп бөлігі дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсетудің қажетті көлемімен қамтамасыз етіледі;
- ауылдық жерлерде халықтың белсенді демалуына арналған жыл бойы жұмыс істейтін спорт ғимараттарының тапшылығы сезіліп отыр;
- соңғы жылдары жергілікті жерлерде спорт инфрақұрылымының дамуына арналған шығындар қысқартылуда, осының салдарынан кейбір өңірлерде жабық спорт ғимараттарының құрылысы жүргізілмейді.
Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған спорт ғимараттары халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етпейді және бүгінгі күні сапалы және заманауи жабдықтармен жарақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын салу қажеттілігі өткір сезіліп отыр.
Қалыптасқан жағдайлар қолданыстағы спорт объектілерін тиімді пайдалануға және салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің санын бірте-бірте көбейтуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді.
Осыған орай, Агенттік «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау және салу» ҚР ҚНжЕ 3.01.-01-2008, яғни дене шынықтыру-сабақтары үшін 1 мың адамға 80 шаршы метр үй-жай (спорт залы) қажеттігі туралы құрылыс нормалары мен ережелерін ескере отырып, қалаларда және ірі елді мекендерде дене шынықтыру және сауықтыру кешендеріне деген қажеттілікке талдау жасады.
Тек Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облысытарында, сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларында ғана нақты алғанда халық үшін спортпен және дене шынықтырумен шұғылдануға арналған қолданыстағы спорт залдары жоғарыда көрсетілген нормалар бойынша тиісті норманың 50%-ын құрайды, ал қалған өңірлерде 40% көрсеткішке де қол жеткізілмеген.
ҚР СНжЕ3.01-01-2008*«Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» талаптарына сәйкес тұрғын үй алаңдарын (шағын аудандарды) жобалау кезінде түрлі мақсаттағы жалпы пайдалану алаңдарын, соның ішінде спортпен айналысу үшін спорт алаңдарын орналастыру көзделген.
Спортпен айналысу үшін балалар және спорттық алаңдардың шамамен мөлшері бір адамға шаққанда 0,5 м2 рұқсат етіледі.
Елді мекендер аумағында жергілікті жерлердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттейтін аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) құрылыс салу ережесі бар. Жергілікті жерлерде мұндай уәкілетті орган әкімдіктің бөлімшесі – сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады, ол құрылысқа тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға, инвесторға) жобалауға сәулет-жобалау тапсырмасын (СЖТ) береді.
Жоғарыда жазылғанның негізінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ҚР СНжЕ3.01-01-2008* сәйкес жобалауға сәулет-жобалау тапсырмасын беру кезінде тұрғын үйлерді спорттық және балалар алаңымен жарақтандыру бойынша талаптарды қосуды міндет етуі қажет.
Талдау қорытындысы бойынша тағы бір проблема анықталды: - ол пайдалануға берілген және қайта жаңартылған спорт ғимараттарын ұстау.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Бюджет Кодексінде жергілікті деңгейде спорт ғимараттары мен кешендерін күтуге аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетттің шығындары бойынша нормалар қарастырылмаған.
Жалпы алғанда, республика бойынша дене шынықтыру-сауықтырумен айналысу үшін қажеттілік 747 443 шаршы метрді құрайды.
Қалаларда қажетті дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (бұдан әрі - ДШСК) саны 324 бірлікті құрайды.
Орта мөлшермен алғанда, бір ДШСК құрылысының құны 222 млн. теңге болса, шамамен 72 млрд. теңге қажет етіледі.
Аудандық орталықтарға және елді мекендерде қажетті ДШСК саны 600 бірлікті құрайды, яғни орташа мөлшермен алғанда бір ДШСК салу құны 118 млн. теңге болса, шамамен 70 млрд. 800 млн. теңге қажет етіледі.
2020 жылға дейін республика бойынша, жалпы сомасы 142 млрд. 800 млн. теңгеге барлығы 924 ДШСК салу қажет.
Бастапқы кезеңде жалпы құны 6 млрд. 403 млн. 752 мың теңгеге 40 ДШСК салу ұсынылады.
Қазіргі кезде Агенттік республика өңірлерінде аталған ДШСК құрылысын қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді республикалық бюджеттік комиссияның қарауына дайындауда.
Спорт саласындағы сарапшылар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің желісін дамытудың әлеуметтік маңызы бар, себебі олар болған жағдайда балалар мен жасөспірімдер үшін спорт біршама қолжетімді болады деп санайды. Дәл осы жерде балалар мен жастар түрлі спорт түрлерімен айналысуды бастауы тиіс. Көптеген балалар мен жасөспірімдер үшін мектептегі сабақтан кейінгі бос уақытты тиімді өткізу қамтамасыз етіледі, ал дарындылар үлкен спортқа жолдама алады.
Сонымен қатар, елде спорт тауарларын және спорттық қызмет көрсетуді өндіруді, жарнамалауды және өткізуді қамтитын спорт индустриясын дамыту қажет.
Талдау барысында дене шынықтыру-спорт қозғалысын және қажетті инфрақұрылымды дамыту мақсатында халық арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе зерттелді.
Айталық, Германияда жалпы халық санынан шамамен 30%-ы, яғни 85 млн. астамнан адам түрлі спорт түрлерімен айналысады және осы көрсеткіштің жыл сайынғы өсу үрдісі 3-5 % құрайды. Бұқаралық дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған қаржы резервін қалыптастыру кезіндегі маңызды рөлді қоғамға пайдасы тиетін ұйымдар мәртебесіне ие клубтарға жасалатын салық жеңілдіктері бар жергілікті салық салу жүйесі атқарады.
Сондай-ақ, Италияның тәжірибесі де қызығушылық тудырады, онда салық заңнамасы бойынша азаматтардың таңдауы бойынша түрлі қоғамдық пайдалы мұқтаждықтарға жеке тұлғаның табыс салығы сомасынан міндетті түрде 0,5 % қаржы бөлу көзделеді, яғни азаматтардың салық аударымдарын спорт клубтарының, спорт секциялары ұйымдарының қызметіне аударына маңызды мүмкіндік туындайды.
Бельгияда корпоративтік қызметкердің әлеуметтік өмірін қамтамасыз ету (мысалы, спорт клубтарына, сауықтыру кешендеріне немесе жарыстарға бару) қаражатын қоса алғанда, демеушілік төлемдер табыс салығынан босатылады.
Финляндияда спорт қауымдастығының төлемдері де корпоративтік шығындарға жатқызылып, салықтан босатылады.
АҚШ-та жалпы халық санынан әрбір төртінші азамат, яғни 309 млн. адам немесе 25 %-ы спортпен айналысады. Бұл елде спорт көптеген американдықтар сенетін «екінші дін» болып саналады. Салауатты өмір салтын сақтау әрбір американдық үшін ерекше маңызға ие. Мұны алдымен мансаппен, жеке бақытымен, жарқын болашағымен байланыстырады, осыған орай біздің елде тек енді ғана жаңа дамып келе жатқан спорттық клуб қозғалысы осы елде өте жоғары дамыған.
Сондай-ақ, Ресей Федерациясының тәжірибесі де қызық, онда дене тәрбиесінің тиімділігін арттыру, білім беру ұйымдарында спорты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мұнда бірде бір оқушы, әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедектер дене шынықтырумен айналысудан босатылмауы тиіс. Бұл ретте сабақты өткізу және оның мазмұны жөніндегі ұйымдастыру жұмысы сабақ өткізудің жаңа, тиімді нысаны, әдіс-тәсілі ескеріле отырып, ғылыми негіздерге негізделе отырып жүзеге асырылады. Оқытушылар үшін сыныптан бастап (топтар) халықаралық кешенді іс-шараларға қатысуға дейінгі барлық деңгейді қамтитын спорт жарыстарының жүйесі әзірленуде. Бұл ретте, әрбір оқушы өз мүмкіндігіне, спорттық дайындығына, спорт жарыстарына қатысу ниетіне сүйенеді, ал, неғұрлым таланттылар - спорт қызметінде өз мүмкіндіктерін жетілдіре түседі. Нәтижесінде оқушының жеке тұрақты қызығушылығы және дене шынықтыру мен спорттың қажетілігін түсінуі, сондай-ақ, тек білім алу кезінде ғана емес, сонымен қатар келешек өмірде де салауатты өмір салтын ұстану негіздері қалыптасады.
Қабылданған шараларды іске асыру Ресейде жалпы білім беретін мекемелерде сабақтан тыс уақытта аптасына кемінде 8 сағат қимылдау-қозғалу көлемін қамтамасыз етеді.
Жоғары айтылғандармен қатар, әлемнің жоғары дамыған елдерінде спорт индустриясы және спорт бизнесі дамыған. Басқа сөзбен айтқанда – кез келген елдің экономикасын қолдайтын және дамытатын, жұмыс орындарын құратын, спорт тауарлары мен қызметтерінің кең көлемді номенклатурасын жасайтын, қызу дамыған сала.
Өз кезегінде, бұл бүгінгі күні Қазақстанда кенже қалып отырған спорт индустриясы мен спорт бизнесін дамыту қажетілігін дәлелдейді. Олардың дамуына көмек көрсету мақсатында, дене шынықтыру-спорттық қызмет көрсету нарығын реттеуде мемлекеттің рөлін нығайту қажет.
Шетелдік тәжірибені ескере отырып, 7-қысқы Азиадаға арнап салынған бірегей спорт объектілерінде түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше назар аудару ұсынылып отыр. Спорт жарыстарының көз тартымдылығы мен рухы миллиондаған жанкүйерлердің қызығушылығын тудырады, яғни ол ұйымдастырушыларға үлкен табыс әкеледі, сонымен қатар, миллиондаған адамдарды бұқаралық спортқа тарту және жас ұрпақты жағымсыз әдеттерге әуестендірмеу факторы болып табылды.
Бұған қоса, жүргізілген талдау Қазақстанда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын материалдық деңгейі жоғары кейбір халық топтарының (бизнесмендер, саясаткерлер, орта буын өкілдері) санының жыл сайын артып отырғанын көрсетті. Спорт осы адамдар үшін жоғары әлеуметтік жағдай атрибутерінің біріне, өмір сүру стиліне айналып отыр, ал ел халқының көршілігі үшін спорт сүйікті сауығы, бос уақытты өткізу нысаны, жұмысқа қабілеттілігін қолдау және денсаулығын сақтау жолы болып табылады.
Жүргізілген тексеруді және әлемдік тәжірибені талдауды ескере отырып, бұқаралық спортты бұдан әрі дамыту және спорт ғимараттарына республика халқының қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, анықталған проблемалық мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Е.Т. Орынбаевтың 2012 жылғы 18 шілдедегі тапсырмасын орындау мақсатында Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мына бағыттар бойынша ауқымды жұмыс өткізді:
спортық индустрияны және дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік – жеке меншік серіктестікті қалыптастыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде кешенді шараларды әзірлеу;
Мемлекеттік-жеке серіктестікті жандандыру дегеніміз қауіп-қатерді талдауды жобалауды, құрылысқа келісім-шарт жасауды, соның ішінде мамандардың теориялық және тәжірибелік дайындығын талап ететін, күрделі жан-жақты процес екендігін атап өту қажет.
Осы орайда, Алматы және Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы әкімдерін қоспағанда, облыстардың, Астана қаласының әкімдері спорт инфрақұрылымын салу кезінде мемлекеттік-жеке серіктестік қағидатын іске асырмайтынын, бизнес-құрылымдары спорт инфрақұрылымын дамыту үшін базалық жағдай жасау мақсатында жеке және мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру іс-шараларын қабылдамайтынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, Алматы және Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы әкімдіктерін қоспағанда, облыстардың, Астана қаласының әкімдіктері спорт инфрақұрылымы саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестіктің тиімділігін арттыру мақсатында бизнес-құрылымдарымен өзара байланысты реттеудің нақты тетігін әзірлеу тиіс.
2) ескі спорт ғимараттарын жөндеу және қайта жаңарту мәселелері бойынша өңірлерді қолдау үшін нысаналы «Жол картасы» бағдарламасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) ақпараты бойынша 2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде бағдарламаның төртінші бағыты «Елді мекендерді дамыту» іске асырылуда. Бұл бағыт орта және жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерде инфрақұрылым жобаларын іске асыру арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылы аталған бағыт аясында 565 жоба іске асырылады, оның ішінде 85 әлеуметтік жоба (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт (9), демалыс объектілері бойынша қайта құру, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылады.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру шеңберіндегі 2012 жылға арналған жобалар тізбесі
№ р/с
|
Жобаның атауы
|
Қаржыландыру көлемі мың. теңге
|
Жобаны іске асыру мерзімі (ай)
|
Жобада құрылатын жұмыс орнының саны
|
1
|
Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы стадион аумағын көркейту және көгалдандыру
|
24 961,0
|
4 ай.
|
15
|
2
|
ШҚО Қараөлең ауылдық округы Қайнар ауылында футбол алаңын ағымдағы жөндеу
|
6634,7
|
4 ай.
|
4
|
3
|
ШҚО Зайсан ауданы Сартерек ауылында хоккей алаңын қоршау
|
895,8
|
2 ай.
|
3
|
4
|
ШҚО Зайсан ауданы Дайыр ауылында хоккей алаңын қоршау
|
895,8
|
2 ай.
|
0
|
5
|
Қарағанды облысы Осакаровка кентінде стадионды күрделі жөндеу
|
26 155,0
|
4 ай.
|
26
|
6
|
Павлодар облысы туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармасы «Екібастұз қаласы №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МҚКК Солнечный кентіндегі ДСК шатыры мен еденін күрделі жөндеу
|
8752,0
|
2ай.
|
12
|
7
|
Павлодар облысы (Железинский ауылы) «Железинский ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МҚКК шатыры, ойылған жерлері мен терезелерін күрделі жөндеу
|
8633,0
|
3ай.
|
10
|
8
|
Павлодар облысы Павлодар ауданы Ефремовка ауылында спорт кешені ғимаратының шатыры мен еденін күрделі жөндеу
|
11777,0
|
3ай.
|
15
|
9
|
Павлодар облысы Успенск ауданында спорт кешенін күрделі жөндеу
|
40038,0
|
5 ай.
|
20
|
Мұндай ақпарат олардың спорт инфрақұрылымын жасау жөніндегі жұмысын жандандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға хабарланды.
3) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне жергілікті деңгейде спорт ғимараттары мен кешендерін ұстау үшін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетттің шығындары бойынша нормаларды енгізу мәселесін қарастыру;
ЭДСМ ақпараты бойынша ҚР Бюджет кодексіне қалалар мен аудандар бюджеттерінен қаржылық шығыстарды спорт объектілерін ұстап тұруға бағыттау бөлігінде түзету енгізу орынсыз деп саналады, өйткені 53-бапқа сәйкес қаржы жұмсаудың негізгі бағыттары ғана реттеледі. Қаржы жұмсаудың түрлерін нақтылау бюджеттік бағдарламалар деңгейінде жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде, мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктер негізге алына отырып жасалады.
ЭДСМ-ның ресми ұстанымы бойынша жоғарыда аталған шығыстар қаржы жұмсау бағыты ретінде қаралмайды және салалық заңнамамен реттелуі тиіс.
Сонымен қатар, ҚР БК 56-бабының 2-тармағына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен (ҚР БК 56-бабы 1-тармағында көрсетілгеннен басқа) ҚР заңдарында көзделген ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге мемлекеттік қызметтері мен қызмет бағыттарына қаржы жұмсалады.
Демек, қандай да бір функционалдық бағыттарды атқарушы органға заңды түрде бекіту кезінде ҚР БК оларды қаржылық қамтамасыз етуді шектемейді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – ҚМ) негізгі мәселелердің бірі көпшілік спорт объектілерін ұстап тұру мәселесі деп атап көрсетеді, себебі қазіргі уақытта «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңында көпшілік спорт объектілерін бюджет қаражатынан қаржыландыру нормасы көзделмеген. Осыған орай, ҚР Бюджет Кодексінде шығыстардың тиісті бағыттары көрсетілмеген.
Кейбір жергілікті атқарушы органдар спорт және дене тәрбиесі ұйымдарын субсидиялауды жүзеге асыруды ұсынды.
Алайда, ҚР Бюджет кодексінің 35-бабына сәйкес бюджеттiк субсидиялар мемлекеттiк функцияларды орындаудың және республиканы немесе өңiрдi дамытудың әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн iске асырудың неғұрлым тиiмдi басқа тәсiлi болмаған кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берiлуi мүмкiн.
Бұл ретте, «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңында бұқаралық спорт және дене тәрбиесі ұйымдарына бюджеттік субсидия беру немесе мемлекеттік қолдау көзделмеген.
Осыған орай, спорт объектілерін күтіп ұстау мәселесін шешу үшін қазіргі уақытта бұл мәселе «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әзірленіп жатқан жаңа редакциядағы жобасына енгізілуде.
4) білім беру мекемелерінде дене тәрбиесі жүйесін жаңарту жолдарын пысықтау, сондай-ақ, сабақтан тыс уақыттағы спорт жұмыстары көлемінің мүмкіндігін, оның ішінде оқушылардың қимылдау-қозғалу режимін аптасына кемінде 8 сағат көлемімен қамтамасыз ету мақсатында, спорттық-сауықтыру топтары және спорт мектептерінің бастапқы дайындық топтары үшін қосымша білім беру блоктарын білім беру бағдарламалары арқылы кеңейту;
Осы мәселені шешу үшін Агенттік мектеп лигаларын ұйымдастыру мәселелерін пысықтады, жалпы білім беретін мектептердің 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушыларының, яғни жас ерекшеліктеріне қарай үш топтың құрама командаларының қатысуымен, олардың мектепішілік (іріктеу), аудандық (қалалық), облыстық, аудандық және ақтық кезеңдерді қамтитын жарыстарын өткізу кестелерін әзірледі. Жарыстар неғұрлым танымал және аз шығын қажет ететін волейбол, баскетбол, шағын футбол сияқты спорттың ойын түрлерінен өткізілетін болады.
Қазіргі күні оқушыларға арналған сабақтан тыс спорттық секцияларды өткізу мәселесі мектеп лигаларын енгізу шеңберінде оқушылардың қажетті қимылдау-қозғалу режимін аптасына кемінде 8 сағат көлемімен қамтамасыз етіледі.
Мектеп лигасының жарыстарын өткізу сызбасы жергілікті атқарушы органдарға келісіліп, бүгінгі күні ол Атырау, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының әкімдіктері тарапынан қолдау тапты.
Атырау облысында лига жарыстарын өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті құрылып және мектеп арасындағы мектеп лигасының кезеңі футбол мен баскетболдан өткізілуде. Сонымен қатар воллейболдан жарыстар 2013 жылғы ақпан айында өткізу жоспарланған. Жалпы айтқанда, жарыстарды қаржыландыру спорт түрлері бойынша жергілікті клубтар есебінен жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан облысында мектеп лигасының воллейболдан, шағын футболдан және баскетболдан жарыстары тек ірі 2 қалада өткізілуде (Өскемен, Семей ққ.). Жарыстарды ұйымдастыруға спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар тартылды.
Сондай-ақ, мектеп лигасының мектепаралық кезеңі Маңғыстау облысында да өткізілуде.
Алматы облысының ақпараты бойынша мектеп лигасының облыстық кезеңі 2013 жылғы ақпан айында өткізу жоспарланып, ол үшін Ұйымдастыру комитеті құрылуда және демеушілер іздестірілуде.
5) спорт бойынша нұсқаушы-әдіскерді штатқа енгізе отырып, кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің дене шынықтырумен және спортпен айналысуына жағдайлар жасау үшін жұмыс берушілерді ынтыландыруды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу (бейімделген дене шынықтыру және спорт жөнінде біліктілігін арттыру курстары мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу, жыл сайын берілетін «Алтын сапа» сыйлығы шеңберінде қосымша номинацияны енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу);
Агенттікің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 10 бабына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерінің дене шынықтырумен және спортпен айналысу құқықтарының сақталуын бақылау үшін Бас Прокуратура тексеріс жүргізуде.
Сонымен қатар, осы тапсырма аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚР кәсіпорындарының республикалық бірлестігі арасындағы Бас келісімге «IV. Әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, тең мүмкіндік беру саясаты» бөліміне дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдану үшін қызметкерлерге жағдайлар жасау бөлігінде толықтырулар енгізу мақсатында ұсыныстар жолданған болатын.
ҚР ЕХӘҚМ ақпаратына сәйкес Агенттіктің ұсыныстары ҚР Үкіметінің 1998 жылы 21 желтоқсанда №1305 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынатарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның» жұмыс тобының кезекті отырысында қарауға ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, бүгінгі күні Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерінің дене шынықтырумен және спортпен айналысу құқықтарын орындамаған үшін айыппұл төлеу туралы толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде.
6) несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау арқылы шағын бизнес субъектілерін тарту жолымен қарапайым спорт алаңдарын және жазық ғимараттарын салуды, шаңғы жабдықтары мен және роллерді шаңғы жолдарын жабдықтауды, сондай-ақ, велосипед және жүгіру жолдарын салуды, дала тренажерлерімен жабдықтауды қамтамасыз ету және спорт индустриясы субъектілері үшін ауылдық жерлерде спорт объектілерін жаңарту немесе салу шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша жылдық төмен пайыздық мөлшерлемемен екінші деңгейлі банктер және «Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы арнайы несиелау бағытын ашу мәселесін пысықтау;
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда, оның аясында кәсіпкерлердің экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған банк несиелері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесіне субсидия алуға мүмкіндігі бар.
Аталған бағдарламаға ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктер, Қазақстанның барлық облыс әкімдіктері, Қазақстанның қаржы қауымдастығы арасында қол қойылған.
Бағдарлама Қазақстанның 2014 жылға дейінгі жедел индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тетігінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның негізгі орындаушылары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, Өңірлік үйлестіру кеңестері, жергілікті атқарушы органдар, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктер.
Бағдарламаның негізгі құралдары банк несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттің кәсіпкердің банктегі несие бойынша пайыздарды өтеуіне жұмсаған шығыстарының бөлігін өтеуі және кәсіпкерлерге несие бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде берілетін жеке кепілдік болып табылады.
Бүгінде республикада бағдарлама бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі спорт және дене шынықтыру саласында мынадай жобаларды мақұлдап, іске асыруда:
Алматы облысында «Жаңыл» ПК 86 млн.тг. сомасында «Дельфин» спорттық-сауықтыру жүзу бассейнін салу үшін мемлекеттік қолдау алды;
Қарағанды облысында «Евро Маркет Комплект» ЖШС 100 млн.тг. сомасында «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау үшін мемлекеттік қолдау алды;
Алматы қаласында «Sport Centre» ЖШС 1 млрд.тг сомасында спорттық-сауықтыру кешенін салу үшін мемлекеттік қолдау алды;
«Д.Е.Т.А.» ЖШС 137 млн.тг сомасында «Динамо» жүзу бассейнін қайта жаңғырту үшін мемлекеттік қолдау алды; «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» АҚ 1 млрд.тг. сомасында жүзу бассейнін салуға мемлекеттік қолдау алды.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жобалардың біртіндеп өсуі өңірлерде МСБ кәсіпорындарының даму мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
«Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының Қаржы агенті функциясын атқаратынын, атап айтқанда Банктерге субсидиялау бағдарламасы бойынша қаражат аударуды жүзеге асыратынын, бағдарлама қатысушыларының несиелері бойынша Банктер алдында кепіл болатынын және Банктер мен Жобалардың мониторингін жүзеге асыратынын айтып өткен жөн.
Аталған бағдарлама спорт және дене шынықтыру саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың хабардар болмауынан кәсіпкерлер тарапынан спорт объектілерін салу және қайта жаңғырту аясында айтарлықтай қолдау таппады.
Ауылда спорт объектілерін жаңғырту немесе салу бөлігінде өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту шеңберінде мынадай қолданыстағы бағдарламаларға сүйене отырып, тиісті жобалар әзірлеу қажет: Индустрияландырудың Республикалық және Өңірлік картасы, Бизнестің жол картасы – 2020, Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020, Өңірлерді дамыту және т.б.
Республикада бюджеттік және бюджеттен тыс қаржы есебінен мынадай спорттық объектілер салынуда:
Алматы облысында:
Талдықорған қаласында футбол алаңын салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2012 ж.
Алакөл ауданы Үшарал қаласында «Сымбат» стадионын аумағын көркейтумен қайта жаңғырту облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
Талдықорғанда қосалқы футбол алаңын қайта жаңғырту облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013ж.
Еңбекші қазақ ауданы Шелек қаласында БЖСМ қайта жаңғырту жергілікті бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013ж.
Талдықорған қаласында ғимаратты спортта дарынды балаларға арналған интернатқа қайта жаңғырту облыстық бюджет есебінен-аяқтау мерзімі 2012ж.
Талдықорғанда жағажай волейболына жазғы алаң салу – аяқтау мерзімі– 2013 ж.
Ұзынағаш ауылында Жамбыл ауданы БЖСМ үшін ДСК салу жергілікті бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013ж.
Қаратал ауданы Үштөбе қаласында орталық стадионды қайта жаңғырту 2012 жылы аяқталды
Талдықорған қаласында шөптегі хоккей үшін алаң салу – аяқтау мерзімі – 2013 ж.
стендтік ату және ұлттық спорт түрлері үшін база салу – құрылыстың басталуы 2013 жылғы наурыз айы.
Шығыс Қазақстан облысында:
- Жарма ауданы Қалбатау ауылында спорт модулін салу жергілікті бюджеттен;
- Семей қаласында жасанды жамылғысы бар 4 шағын футбол алаңын салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2012 ж.
- Семей қаласында Спартак стадионын қайта жаңғырту облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
- Көкпекті ауданында спорт модулін салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
- Қоян-қолтық ұрыс сарайын салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
- Тарбағатай ауылы Ақсуат ауылында спорт модулін салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
- спортта дарынды балаларға мектеп-интернат салу облыстық бюджет есебінен;
- Риддер қаласында шаңғы роллер трассасын салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
- жеңіл атлетика манежін салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
- Семей қаласында жазғы олимпиада ойындары бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебін ашу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
Оңтүстік Қазақстан облысында:
Шымкент қаласында жүзу бассейнін салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2012ж.
Сарыағаш ауданында стадион салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2012ж.
Түркістан қаласында «Балуан Шолақ» стадионында спорт залын салу облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2012ж.
Мақтаарал ауданы Атакент ауылында стадионды қайта жаңғырту облыстық бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2012ж.
Шымкент қаласында «Цементник» стадионы үшін футбол базасы салу облыстық бюджет есебінен
Шымкент қаласында Қажымұқан атындағы стадионда лукодром салу
Сайрам ауданы Базар ауылында «Ордабасы» КФК АҚ үшін оқу-жаттығу базасын салу;
Түркістан қаласында «Балуан Шолақ» стадионы аумағында жабық жүзу бассейнін салу.
Қазығұрт ауданы Сынтас ауылында құрылысына топтық әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы шеңберінде «Камеко Казахстан» компаниясы бастамашы болған жаңа спорт кешенінің ашылуы болды. Жоба құрылысын қаржыландыру 62 млн.теңгені құрады, «Камеко Казахстан» қаражатының есебінен жүргізілді.
Алаңы 4000 шаршы метр. жаңа спорт кешенінің аумағында баскетбол, волейбол ойнауға арналған зал, футбол алаңы, жаттығу залы бар. Сонымен қатар, кешен Қазақстандағы танымал спорт түрі өскелең ұрпақты шыдамдылыққа, жігерлік пен күшті болуға тәрбиелейтін бокске арналып жабдықталған. Жарыс өткізу кезінде жаңа спорт кешені 100-ден астам көрерменді қабылдай алады.
Атырау облысында:
Индер ауданы Индер ауылында спорт кешенін салу жергілікті бюджет есебінен;
- Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында спорт кешенін салу жергілікті бюджет есебінен;
- Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында спорт кешенін салу жергілікті бюджет есебінен;
- Құрманғазы ауданы Байда ауылында спорт кешенін салу жергілікті бюджет есебінен.
Ақмола облысында:
теннис орталығын салу жергілікті бюджет есебінен- аяқтау мерзімі 2012 ж.
Атбасар ауданында спорт кешенінің құрылысы басталды – аяқтау мерзімі 2013 ж.
Шортанды ауданында ғимаратты спортта дарынды балаларға арналған интернатқа қайта жаңғырту – 2012 жылы аяқталды.
- жүзу бассейнін қайта жаңғырту жергілікті бюджет есебінен – аяқтау мерзімі 2013 ж.
Павлодар облысында:
Ағымдағы жылы Екібастұз қаласында бір футбол алаңы және жасанды жамылғымен 8: Павлодар қаласында бес, Ертіс ауданы Ертіс ауылында екі, Ақтоғай ауданы Ақтоғайауылында бір шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.
Маңғыстау облысында:
- Форт-Шевченко қаласында бюджеттен тыс қаражат есебінен ФОК салынды және аудандық БЖСМ-ге жедел басқаруға берілді;
- Қарақия ауданы Жетібай ауылында спорт зал бюджеттен тыс қаражат есебінен ДСК салынды және аудандық БЖСМ-ге жедел басқаруға берілді;
- Құрық ауылында күрес залын спорт зал ғимаратына қосып салу жұмыстары бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізілуде;
- Ақтау қаласында теннис орталығын бюджеттен тыс қаражат есебінен салу жалғасыда;
- Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында спорт зал салу жұмыстары бюджеттен тыс қаражат есебінен жргізілуде;
- Қарақия ауданы Қаламқас кен орны жұмысшылар кентінде спорт залы бюджеттен тыс қаражат есебінен салынды;
- Жаңаөзен қаласында синтетикалық жамылғысы бар 6 спорт алаңы бюджет қаражаты есебінен салынды;
- Қарақия ауданы «Ерсай-Каспиан-Констракшн» ЖШС жұмысшылар кентінде жүзу бассейні бюджеттен тыс қаражат есебінен салынды.
Батыс Қазақстан облысында:
Ағымдағы жылы мынадай спорт объектілері пайдалануға берілді:
Орал қаласы Деркөл кентінде ДСК салынды;
Зашаған кентінде спорт алаңы(40х30) салынды;
Орал қаласы Гагарин 1/1көшесінде спорт алаңы (40х30) салынды;
Орал қаласыЖаңа орда шағын ауданында спорт алаңы(40х30) салынды;
Орал қаласы 5 шағын ауданда спорт алаңы(40х30) салынды;
Казталовка ауданы Казталовка ауылында ДСК салынды;
- Теректі ауданы Федоровка ауылында ДСК салынды.
7) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемін көбейту жолымен дене шынықтыру және спорт саласында волентерлік қозғалыстың дамуын қолдау және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын жандандыру бойынша шаралар қабылдау;
Агенттік ҮЕҰ мен мемлекет арасындағы өзара әрекет бойынша халықаралық тәжірибеге талдау жасады.
ҮЕҰ қатысты нормативтік шеңберлер ҮЕҰ туралы заңнан ғана тұрмайды, мемлекеттің қатысуы үшін құқықтық құрылымды қамтамасыз ететін шекті заңнаманы, қоғамдық-пайдалы қызмет туралы ережелерді, салықтық заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды, әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңдарды қамтитын түрлі заңдар мен ережелер топтамасынан тұрады.
Шет мемлекеттердегі қолданыстағы үкіметтік емес ұйымдардың негізгі формалары қайырымдылық ұйымдары, қоғамдық-пайдалы қоғамдар, қорлар түрінде ұсынылған.
Қызметтер мен жұмыстарға тапсырыс беру тетігі әлемнің көптеген дамыған және дамушы елдерінде қолданылады. Бұл ретте Батыс Еуропа, Канада және Израиль елдерінің топтары бойынша ҮЕҰ бюджеттік қаржыландырудың орташа үлесі, қызметтер мен жұмыстарға тапсырыс берудің негізінде қалыптаса отырып, айтарлықтай бөлігінде 54%-ға, Шығыс Еуропа елдерінде – 42%-ға, ағылшын-саксон елдерінде – 36%-ға, дамушы Азия елдерінде – 34%-ға, Латын Америка елдерінде 19%-ға жетеді.
Талдау бойынша ҮЕҰ әлеуметтік қызметтерін мемлекеттік қаржыландырудың мына формалары анықталды:
тікелей субсидияландыру;
пайдалану (операциялық) субсидиялары;
жобалау субсидиялары (гранттар);
тұтынушылық субсидиялары (ваучерлер).
Бірқатар елдерде айрықша дәрежелері бар ҮЕҰ (мәселен, Қызыл крест, Көз көрмейтіндердің қоғамы) субсидияларды мемлекеттік бюджеттен тікелей ақша түрінде алады.
Пайдалану (операциялық) субсидиялары негізінен конкурстық негізде ұсынылады. Мәні бойынша, пайдалану субсидиялары персоналдың өтінім берілген санын қаржыландыруға және өзге де шығыстарға бөлінеді. Мәні ретінде әлеуметтік қызмет немесе техникалық ерекшелік түрінде мемлекеттік тапсырыс берушінің қалыптастырған жобасы болып табылады.
Жобалау субсидиялары (гранттар) - әлеуметтік тапсырысты іске асырудың аталған нысаны жаңа әлеуметтік технологияларды қолдауға және сынауға, ҮЕҰ немесе гранттық байқауды ұйымдастырушылар бастама ретінде көтеретін сол немесе өзге де әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Гранттар бөлінбейді, өтінімдер беру арқылы өтетін ашық конкурстардың нәтижесінде беріледі. Өтінімдерді іріктеу процесі тазалық пен ашықтықтың белгілі кепілдіктерін көздейді.
Тұтынушылық субсидиялары (ваучерлер) жүйесінде шығындарды қаржыландыру қызметтерді тұтынушыларға ваучерлер беру арқылы жүргізіледі. Бұл ретте тұтынушының өзі мемлекеттік тапсырыстың талаптарына жауап беретін бірнеше нақты қызмет көрсетушіні таңдайды.
Жалпы айтқанда, әлемдік тәжірибеге сүйенсек үкіметтік емес секторға мемлекеттік қолдау көрсету азаматтық коғамды дамытудың мәселелерін ғана емес, сонымен қатар жұмыс бастылықты шешуге де мүмкіндік береді.
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңмен реттеледі, олардың негізгі формалары ретінде: қорлар, қоғамдық бірлестіктер, мекемелер, акционерлік қоғамдар, тұтынушы кооперативтер, діни бірлестіктер, қауымдастықтар түріндегі (одақтар) заңды тұлғалардың бірлестіктері анықталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттары бойынша Қазақстанда 27 мыңнан астам ҮЕҰ әрекет етеді, оған 500 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Республикамызда әртүрлі бағыттар бойынша ҮЕҰ тұрақты топтары бар. Бүгінгі күні денсаулық сақтау, экология, жастар, құқық қорғау, мәдениет, ғылым, білім беру, әлеуметтік қорғау, гендерлік салаларындағы қоғамдық бірлестіктер белсенді болып табылады.
Қазақстандағы үкіметтік емес секторды дамытудың сапалық көрсеткіштеріне келер болсақ, олар отандық ҮЕҰ көп бейінді және кәсібиліктің жеткілікті жоғары деңгейін көрсетеді.
Сонымен қатар, әділдік үшін, бір жағынан тіркелген ҮЕҰ ресми ұсынылған санының арасындағы сәйкессіздікті, екінші жағынан олардың қоғамдағы айтарлықтай табысты және сапалы қызметін атап өтуге болады. Осы себепті түрлі сарапшылардың бағасын жинақтау ресми тіркелген ҮЕҰ жалпы санының шын мәнінде 20-25 пайызы ғана әрекет ететінін растауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қолданыстағы жүйесі ҮЕҰ қызметі мен әрекет етуінің маңызды көзі болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты реттеу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», ерекше тәртіп қолданылатын «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Алайда, бүгінгі күні қолданыстағы әлеуметтік тапсырыс тәжірибесі маңызды кемшіліктерге ие:
«төмен баға» сынбағамы ұсынылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын қамтамасыз етпейді;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға бөлінетін қаражаттың төменгі мөлшері дене шынықтыру мен спорт саласында ҮЕҰ дамыту үшін жағдайлар жасамайды және қызметтерді тұтынушылардың спорттық-бұқаралық іс-шаралары қамтуын қамтамасыз етпейді (бөлінетін қаражаттың көлемі жыл сайын 29 млн. теңгеден аспайды);
әртүрлі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұсынуына қатысты нақты және жүйелі ақпараттың, сондай-ақ тиісті жұмыстар мен қызметтердің ҮЕҰ орындау нәтижелерінің болмауы;
тиісті мемлекеттік органдардан алатын жұмыстар мен қызметтерді бірқатар ҮЕҰ сапасыз орындауы және маңызды қоғамдық-саяси салдарлардың болмауы.
Бұдан басқа, іс жүзінде Қазақстанда ҮЕҰ қызметі, кадрлық құрамы, даму динамикасы туралы, оның ішінде экономиканың салалары бөлімінде, мәліметтер жоқ.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара әрекет етуін жақсарту мақсатында мыналар ұсынылады:
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша заңнамалық актілерді жетілдіру, соның ішінде:
конкурстық процедураларды, прокуратура органдарының, қаржылық бақылау, өкілдік органдар, сондай-ақ тиісті органдар үшін жұмыстар мен қызметтерді көрсетуші болып табылмайтын ҮЕҰ өкілдері енгізілген конкурстық комиссияның құрамын, бұл аталған тапсырыстың мәні болып табылатын жұмыстар мен қызметтердің бейініне жауап бермейтін ҮЕҰ қатысуын болдырмауға мүмкіндік береді;
мемлекеттік органдардың ресми веб-сайттарында аталған жұмыстар мен қызметтерді орындау нәтижелері бойынша ҮЕҰ есептерін жариялау. Бұл ретте аталған есептер мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әрекеттер мен іс-шаралар туралы және бөлінген бюджет қаражаты туралы ақпаратты қамтуы тиіс;
мемлекеттік органдардың кейбір функцияларын бәсекелі ортаға беру мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатын іске асыруға бағалау жүргізуге мүмкіндік береді;
ҮЕҰ институционалды дамуы үшін субсидиялар бөлу және гранттық қолдау ретінде осындай ынтымақтастық формаларын дамыту құралдары арқылы жағдайлар жасау.
Үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты нығайту тұрғындарды жұмыспен қамтумен, әлеуметтік шиеленістердің азаюымен байланысты әлеуметтік-экономикалық мәселелердің айтарлықтай бөлігін шешуге және түрлі сипаттағы әлеуметтік шиеленістерді шешуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысушыларының ақпараттарының ашықтығы екіжақты диалогты реттеп, олардың өзара әрекет етуін күшейтуге, сондай-ақ осы процестің қызметтерін тұтынушыларды тартуға мүмкіндік берер еді, бұл мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Агенттік осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.
8) дене шынықтыру және спорт саласының мамандары үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу туралы мәселені пысықтау және Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спорт ғылыми-зерттеу институтын құру жөнінде жұмыстарды жалғастыру;
Дене шынықтыру және спорт саласының мамандары үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу туралы мәселені пысықтау
Қазіргі таңда, Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ЕХӘҚМ-ге Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің біліктілік жүйесін ескере отырып, кәсіптік стандарттарды дайындауды көздейтін біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеудің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын әзірлеу және қабылдау тапсырмасы берілді.
Осыған байланысты, ЕХӘҚМ «Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің біліктілік жүйесін ескере отырып, кәсіптік стандарттарды дайындауды көздейтін біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеудің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдауды жоспралауда.
Агенттік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және білім жене ғылым министріліктеріне және агенттікке қарасты мекемелерге спорт саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу туралы ұсысыстарын жолдады.
Спорт саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеуге арналған шығыстар 2013 жылдан 2020 жылға дейін ЕХӘҚМ-нің бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылады.
Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде БҒМ-ге «ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды жандандыру» туралы тармақпен тапсырма берілді.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында БҒМ тиісті салалардағы кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құрды.
Сонымен қатар, 2012 жылы 1 қарашадағы Агенттік төрағасымен бекітілген «Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне қарасты техникалық білімді дамыту және кадрларды даярлау кеңесі туралы» № 340 бұйрығы әзірленіп бекітілді. Аталған кеңестің жұмыс жоспары басшылықта келісілуде.
Қазіргі таңда, спорт саласындағы нақтыланған кәсіби стандарттар саны және есептер ЕХӘҚМ-мен пысықталуда.
Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спорт ғылыми-зерттеу институтын құру жөнінде жұмыстарды жалғастыру
Агенттік 2012 жлғы 5 қазандағы № 20-60/И-770 хаттамалық тапсырманың 7-тармағының 1)-тармақшасын орындау мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеу институтын (бұдан әрі - ҒЗИ) құрылу туралы № 07-03/225-Д-5 хатын 2012 жылы 10 желтоқсанда ПМК-ге жолдады.
Аталған жоба мемлекеттік органдарға келісуге жолданған болатын. Сонымен қатар, Республикалық бюджеттік комиссияның (бұдан әрі – РБК) қарауына тиісті бюджеттік өтінім әзірленді.
Осылайша, осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады және Агенттіктің өтінімі 2013 жылы РБК-да қаралып, қолдау тапқан соң «Дене шынықтыру және спорт саласындағы ҒЗИ РМҚК құру туралы» қаулы жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жоспарлануда.
9) 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу аясында жоғары оқу орындарының және спорт түрлері бойынша студенттік лигалардың студенттері үшін «Сұңқар» республикалық спорт қоғамын құру жөнінде шаралар қабылдау;
Қазіргі күні Қостанай, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында оқушы жастар, ЖОО студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында құрылған «Сұңқар» қоғамдық бірлестіктері және «Жас сұңқар» спорт клубы жұмыс істейді.
Агенттік 2012 жылы 31 қазан күні Өскемен қаласында жоғары білім беру орталықтарының және университеттердің ректорларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Аталған семинар-кеңесте студент спортын дамыту және спорт түрлері бойынша лигалар құру мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, Агенттік әлеуметтік қорғалмаған студенттер «Астана-Арена» стадионында, «Сарыарқа» Республикалық велотректе төлемақысыз және жеңілдік арқылы спортпен шұғылдану мақсатында Қазақ Агротехникалық, Еуразиялық Ұлттық Университеттерімен Меморандумға қол қойды.
Осы Меморандум аясында әр университет тарапынан 10 студент белгіленіп, Агенттікпен аталған спорттық кешендерге кіріп-шығу кестесі әзірленіп университетерге жолданды.
Премьер-министрдің орынбасары Е.Орынбаевтың төрғалығымен 5 қазанда өткен № 20-60/770-И кеңесінің тапсырмасына сәйкес студенттік спорттық клубтарды ашу жұмыстарын жүргізу Агенттікпен қатар Білім және ғылым министрлігіне жүктеген болатын.
Қазіргі таңда БҒМ-мен бірлесіп студенттік лиганы құру сұрағы жұмыс үстінде.
10) спорт жарыстары жүйесіне халықты тарту және олардың бойында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға қызығушылықты қалыптастыру мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу кешенді шаралар әзірлеу (өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейде өткізілетін іс-шараларды және спорттық оқиғаларды көрсететін жеке спорттық телевизиялық арналарды ашу және республикалық радиоларда күн сайын «Бүгінгі спорт», «Қазақстанның спорттық толқынында» айдарларын және т.б ұйымдастыру);
Агенттік ТМД елдерінде спорттық телеарналардың құрылуына талдау жасады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен (бұдан әрі – ҚР МАМ), «Қазақстан» республикалық телерадиокешені» АҚ-мен (бұдан әрі – «Қазақстан» телерадиокешені) бірлесіп, мамандандырылған спорттық телеарна ашу мәселесін пысықтады.
ҚР МАМ-мен бірлескен жұмыс барысында «Қазақстан» телерадиокешенінің базасында спорттық арна құру туралы ұсыныс енгізілді.
Осыған байланысты бюджеттік өтінім әзірленді, қазіргі уақытта оны 2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде 1,2 млрд теңге сомаға Республикалық бюджеттік комиссия қолдап отыр.
Телеарна жұмысының алдын ала форматы айқындалды, хабар тарату тәулігіне 20 сағат, екі тілде (тілдік теңгерім – 60 % мемлекеттік тілде, 40 % орыс тілінде), таралу ортасы – кабельдік және спутниктік операторлар, «Отау ТВ» спутниктік желісі, телеарнаның жұмыстық атауы - «Қазспорт».
ҚР МАМ-ның ақпараты бойынша 6-сағаттық хабар тарату 2012 жылдың шілде айынан басталады, ал толық 20-сағаттық хабардың таратылуы – 2013 жылғы 1 қыркүйекке белгіленді.
Халықтың спорт ғимараттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жоғарыда аталған шаралар салауатты өмір салтының жаңа стандарттарын қалыптастыруға және азаматтардың өз денсаулығына жауаптылық қағидаттарын бекітуге тікелей әсер етеді.
Ұсынылып отырған іс-шараларды іске асыру 2020 жылы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың үлесін 30%-ға дейін, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын студенттердің үлесін жалпы студенттердің санынан - 40%-ға дейін және спорт секцияларында айналысатын оқушылардың үлесін жалпы оқушылардың санынан - 35,5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |