108
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Бақылау сұрақтары:
3. Мына аталған халықаралық жаңалықтарды іріктеу шарттарының қайсысы дұрыс?
A. Олар барлық бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ
B. Оларды осы БАҚ редакция саясаты анықтайды
C. Олар күннің ақпаратқа қанықтығына байланысты ауысып отыруы мүмкін
D. Олар географияға тәуелді емес
4. Оқиға болған елмен байланысты қандай фактор жаңалықтардың іріктеуге әдетте
ықпал етпейді:
A. Географиялық қашықтығы
B. Әлемдегі рөлі
C. Қоғамдық-саяси құрылысы
D. Журналистің туған елімен дипломатиялық қатынасы болуы
ақпарат көздерімен жұмыс
Халықаралық журналист өзге әріптестеріне қарағанда өзі тексеруден қиналатын ақпаратқа көбірек
тәуелді. Сондықтан, аудиториясына хабарлайтынының шынайылығы мен растығы ол басшылыққа
алатын ақпарат көздеріне байланысты. Көбінесе олар екінші кезектегі ақпарат көздері болып
шығады.
Бір қызығы – ақпарат көздерінің саны мен ақпаратты жеткізу тәсілдерінің түрлері жыл санап
артып келе жатқанымен, негізгі ақпарат көздері ондаған жылдар бойы өзгермей келеді және олар
үшеу – үш түрлі көзқарас аясын және үш журналистік мектептің өкілі болып отырған ағылшынның
Reuters, америкалық
associated Press және француздардың
agence France-presse (AFP) ақпарат
агенттіктері.
Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарындағы алдыңғы қатарлы әлемдік газеттердің порталдарынан
бастап, аудандық радиостанцияларға дейін – халықаралық мазмұнның көп бөлігі түптеп келгенде
осы үш агенттік хабарлайтын ақпаратқа сүйенеді. Үш агенттіктің таспасының стилі де, мазмұны да
бір-бірінен ерекшеленеді – тіпті кейде олар хабарлайтын сандар мен фактілерде де айырмашылық
бар, сондықтан бұлар бір-бірін қайталайтын емес, толықтыратын ақпарат көздері болып саналады.
Үш агенттік те шұғыл ақпаратқа баса назар аударылатын Twitter желісінде бар. Сондай-ақ, олардың
жаңалықтарын iPhone және Android жүйелеріне арналған мобайл қосымшаларда ашық оқуға
болады.
лондон, париж және нью-йоркте отырған редакторлар іріктеп ұсынатын жаңалықтарға сүйену,
дүниеге олардың көзқарасымен қарау және қателерін қайталау қауіпті. Алайда, бұл – әлемдік,
коммерциялық кәсіпорындар, демек – қайда отырғаны мен қандай көзқарас ұстанатынына
қарамастан, жазылушыларынан айырылып қалмау үшін ақпаратын барынша салмақтап, объектив
түрде ұсыну олар үшін де маңызды. Оның үстіне, кез келген елдегі оқиғаларды олар біркелкі
стандарттарды ұстана отырып хабарлайды.
Әрине, бұл үш ақпарат көзі – бастама ғана. Дүниені тіреп тұрған осы «үш киттің» айналасында
«екінші санатты» ақпарат агенттіктері жүйесі бар. Олар да «әлемдік» деген атқа таласы бар, алайда,
іскерлік ақпарат тарататын Bloomberg пен Dow Jones сияқты арнайы маманданған немесе қытайдың
Синьхуа, немістің dpa, ресейдің ТАСС және рИА, жапонның Киода цусин, испанның ЕғЕ агенттіктері
сияқты әлемді тек бір мемлекеттің немесе мәдениеттің көзқарасы тұрғысынан көрсетеді. Бұлардың
сізге қажет тақырыптар бойынша хабарламалары веб-сайттарында жарияланбаған болса да,
Google News және Yahoo News сынды жаңалық агрегаторларының сайттарынан таба аласыз.
Бұдан басқасының бәрі халықаралық журналистің шеберлігіне және материалды даярлауға жұмсай
алатын уақытына байланысты. Интернеттегі ресурстарда шек жоқ, әйтсе де, салқынқандылық
танытып, ақпаратты қайта-қайта тексеріп, бүкіл әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдарының
тенденция қалыптастырып, әлдекімге жақтас болуы ереже емес, одан ауытқу екенін ескере білу
керек.