1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



жүктеу 152,5 Kb.
Дата02.02.2020
өлшемі152,5 Kb.
#28075

Халықты жұмыспен қамту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңы

 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат



 

МАЗМҰНЫ


      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы заңға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган", "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен.

      Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс берушi Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негiзiнде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
      2) әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетiнше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм;
      3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
      4) еңбек нарығы – экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
      5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
      6) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылған қызметкерлердiң еңбегiне жұмыс берушiнiң ақы төлеу шығындарының бiр бөлiгiн өтеу;
      7) жастар практикасы – жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының түлектерi алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжiрибесiн жинақтау мақсатында iске асыратын еңбек қызметiнiң түрi;
      8) жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
      9) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септiгiн тигiзуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
      10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттiк қолдау шаралары;
      11) жұмыспен қамтылу – жеке қажеттiлiктердi қанағаттандыруға байланысты және (немесе) табыс немесе кiрiс әкелетiн еңбек қызметi;
      12) жұмыспен нәтижелi қамтылу – орнықты экономикалық өсу мен әлеуметтiк тиiмдiлiктi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;
      13) жұмыссыздар – кiрiс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
      14) жұмыссыздық – экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;
      15) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;
      16) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
      17) қоғамдық жұмыстар – жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiптiк даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;
      18) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы Заңмен белгiленген адамдар топтары;
      19) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      20) өз бетiнше жұмыспен айналысушылар – жеке тұтынуға арналған өндiрiстi қоса алғанда, табыс алу үшiн тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiрумен (өткiзумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндiрiстiк кооператив мүшелерi, отбасылық кәсiпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтiн қызметкерлерi және жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланушы жұмыс берушiлер;
      21) уәкiлеттi орган – өңiрлiк деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
      22) ұзаққа созылған жұмыссыздық – он екi және одан да көп айға созылған жұмыссыздық
      23) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында құратын мемлекеттiк мекеме;
      24) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейтiн шетелдiк жұмыс күшiнiң саны;
      25) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiру үшiн жұмыс күшiн ұсынуды қамтамасыз ететiн, халықтың экономикалық белсендiлiгiн өлшеу үшiн белгiленген жастағы халықтың бөлiгi (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
      26) экономикалық тұрғыдан енжар халық – жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын жеке тұлғалар.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Жұмыспен қамтылған халық

      Жұмыспен қамтылған халыққа:

      1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;

      2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;

      3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;

      4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;

      5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;

      6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;

      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;

      8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен .

      3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту


             туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк  құқықтық  актiлерден тұрады.

      2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.


       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.

      4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк


             саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары

      1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетiн саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.

      2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;

      2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;

      3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;

      4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;

      5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;

      6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;

      РҚАО-ның ескертпесi!


      7) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      7) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;

      8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;

      9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;

      10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;

      11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;

      12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

      13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;

      14) жұмыс берушiлер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын әзiрлеу мен iске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;

      15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестiрiлген, қосымша жұмыс орындарын ашу iсiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргiзуге бағытталған.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк


             кепiлдiктер

      1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

      1) алып тасталды

      2) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауға;

      3) уәкiлеттi органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепiлдiк бередi.

      2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi шараларды қамтамасыз етедi.


      Нысаналы топтарға:
      табысы аз адамдар;
      жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
      балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      оралмандар;     
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2007.05.15. N 253, 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ

      5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
      2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бекiтедi;
      3) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бекiтедi;
      4) жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бекiтедi;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын ұсынуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бекiтедi;
      6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау ұсынуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бекiтедi;
      7) микрокредиттiк ұйымдарға және кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру тәртiбiн бекiтедi;
      8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну тәртiбiн бекiтедi;
      9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-бап. Орталық атқарушы орган



      1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
      1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға;
      2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкiметiне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;
      3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге;
      4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiм-шарттар жобаларын қарауға қатысуға;
      5) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шекте және тәртiппен бөлуге;
      7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
      8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
      9) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеуге және бекiтуге;
      9-1) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгi жарғысын әзiрлеуге және бекiтуге;
      9-2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарына жатқызу критерийлерiн айқындау тәртiбiн бекiтуге;
      9-3) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгiзу үшiн қажеттi мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәлiметтер ұсынуға арналған нысандарды әзiрлеуге және бекiтуге;
      9-4) халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi жөнiндегi аудандық (қалалық) және өңiрлiк комиссиялар туралы үлгi ережелердi әзiрлеуге және бекiтуге мiндеттi.
      3. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.01.27 N 524, 2007.01.11 N 218, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

      Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
      1) мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу және орындау;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;
      3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
      4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;
      5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      5-1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және керi қайтарып алу;
      5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;
      5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;
      5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;
      5-5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;
      5-6) интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;
      5-7) жастар практикасын ұйымдастыру;
      6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.01.27 N 524, 2005.04.13 N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.10.22 N 84, 2009.01.16 N 121, 2010.04.29 № 272-IV; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Уәкiлеттi орган

      1. Уәкiлеттi орган: V021904

      1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;

      2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;

      3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге;

      4) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап он күннен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;

      5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегiн қызметтер көрсетуге;

      6) жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге;

      7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттiлiктерiне сәйкес, кейiннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға жiберуге;

      7-1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды өздерi өтiнiш бiлдiрген жағдайда еңбек нарығының қажеттiлiктерiне сәйкес кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберуге;

      7-2) күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге;

      9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергiлiктi және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;

      10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететiн арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.

      2. Уәкiлеттi органның:

      1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;

      2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

      3) бiлiм беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттiк органдардан, бiлiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;

      4) еңбек делдалдығын көрсетуге құқығы бар.


      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524 , 2005.10.22. N 84, 2009.01.16. N 121, 2009.05.05.   N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға


              қатысуы

      1. Жұмыс берушiлер мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:


      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
      2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесiн дамыту;
      2-1) кадрларды техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары арқылы даярлау;
      3) құрылымдық өзгерiстер барысында бiлiктi қызметкерлердiң кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
      4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
      5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
      6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қызметкерлердi сақтандыру арқылы қатысады.
      2. Жұмыс берушi:
      1) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсiптерi, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде екi ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;
      1-1) күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
      3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
      4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;
      5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi.
      3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.01.27 N 524, 2005.10.22 N 84, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.05.15 N 253, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.29 № 272-IV Заңдарымен.

      10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi

      1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:

      1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;

      2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;

      3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;

      4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;

      5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;

      6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;

      7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.

      2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:

      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;

      2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;

      4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға мiндеттi.

      3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.

      РҚАО-ның ескертпесi!
      4-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      4. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметтi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осындай қызмет түрiмен айналысуға лицензиясы бар болған кезде жүзеге асырады.
      Шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердiң атына кепiлдi жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына кепiлдiк берiлген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      Кепiлдi жарнаны Қазақстан Республикасының банктерiне енгiзу тәртiбiн, шарттарын және олардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.10.22 N 84, өзгерту енгiзiлдi - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.06 N 276, 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту

      1. Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi.
      Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi;
      дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
      индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламаларында дамыту көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар жоғары бiлiмдi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шекте және тәртiппен бөледi.

      2-1. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн адамдарды қоспағанда, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және керi қайтарып алады.

      3. Квота белгiлеу тәртiбiн, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң бiлiктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келуге тиiс.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      5-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      5. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң шарты мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.01.27 N 524, 2006.06.05 N 146, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.06 N 276, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және


              аймақтық бағдарламалары

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары мен аумақтарды дамыту бағдарламалары негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың:

      1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды;

      2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру жөнiндегi шараларды;

      3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды;

      4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды;

      5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсiптiк даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;

      6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiрудi;

      7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергiлiктi атқарушы органдардың рөлiн арттыру жөнiндегi шараларды;

      8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерiнде уәкiлеттi органның қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ұштастыруды;

      9) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жетiлдiрудi;

      10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды;

      11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыруға бағытталған iс-шараларды көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi.

      2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы

      Халықты жұмыспен қамту орталығы:
      1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша iрiктеу мен бөлудi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға бейiмдеу қызметтерiн және психологиялық қолдау көрсетудi;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтiк келiсiмшарт жасасуды;
      4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыруды ұйымдастыруды;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТIК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

      13-бап.

      Ескерту. 13-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау

      Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi: P090603

      1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

      2) кәсiби даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiктi арттыру;

      3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегiне ақы төлеу;

      3-1) күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;


      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын ұсыну.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.01.16 N 121; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу

      1. Жұмыс тапқысы келетiн адамдар тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады.
      РҚАО-ның ескертуi!
      2-тармаққа 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгiзiледi.

      2. Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мынадай құжаттарды:


      жеке куәлiгiн (паспортын);
      еңбек қызметiн растайтын құжаттарды;
      әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiктi (ӘЖК);
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН);
      оның кәсiби бiлiктiлiгiн (болған кезде) куәландыратын құжатты, ал кәсiбi (мамандығы) жоқ, алғаш рет жұмыс iздеп жүрген адам үшiн – бiлiмi туралы құжатты ұсынған кезде қабылдайды.

      3. Жұмыс iздеп жүрген адам, осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттардан басқа, алған табыстары туралы (мәлiмдеу сипатындағы) мәлiметтердi қоса бередi.

      4. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгiн ұсынады.

      5. Оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары берген оралман куәлiгiн ұсынады.

      6. Уәкiлеттi орган осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк деректер базасы) мәлiметтердi енгiзу арқылы өтiнiш жасаған адамдарды тұрғылықты жерi бойынша жұмыссыздар ретiнде тiркейдi.

      7. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар - күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уәкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.


      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, өзгерiс енгiзiлдi - 2007.07.06. N 276; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      16-бап. Жұмыссызды есептен шығару

      1. Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:

      1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;

      2) уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;

      3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;

      4) жұмыссыз уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;

      5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

      6) тұрғылықты жерi өзгергенде;

      7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;

      8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi

      1. Жұмыссыздар:

      1) осы Заңды сақтауға;

      2) уәкiлеттi органдарға келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;

      3) уәкiлеттi орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;

      4) уәкiлеттi органға:
      тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
      тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
      кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
      ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
      мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
      зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.

      2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.


      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен .

      18-бап. Лайықты жұмыс

      1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс, ал жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын, табысы аз адамдар қатарындағы адамдар үшiн икемдi және толық емес жұмыс уақыты режимiндегi жұмыс та лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.

      2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн - алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.


      3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшiн орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыға қарағанда жоғары болатын, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес келетiн жұмыс лайықты деп есептеледi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253, 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны

      1. Әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.

      2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.

      3. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:

      1) нысаналы топтарға әдейi арналады;

      2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

      4. Алынып тасталды.


      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84; өзгерiс енгiзiлдi - 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-2-бап. Жастар практикасы

      1. Жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орнын ашуды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарт негiзiнде жүзеге асырады.
      2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстардың түрлерi, көлемi, еңбекақы мөлшерi және оны төлеу шарттары, жастар практикасын қаржыландыру мерзiмi және көздерi қамтылуға тиiс.
      3. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi бар:
      1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектерi арасынан тiркелген жұмыссыздарға нақты арналады;
      2) орындалатын жұмыс түлектiң меңгерген кәсiбiне (мамандығына) не оның бiлiктiлiк деңгейiне сәйкес келуге тиiс;
      3) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
      4) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-бап. Кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және


              бiлiктiлiктi арттыру

      1. Уәкiлеттi орган кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға:


      1) егер олардың қажеттi кәсiптiк бiлiктiлiгi болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкiн болмаған жағдайда, жұмыссыздарды;
      2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды;
      3) күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2. Кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, бюджет қаражаты есебiнен уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша бiлiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.


      Еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға жiберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      Кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттырудан өтiп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың, жұмыспен қамтылғандар мен жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы көмек алуға құқығы бар.

      3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттырудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.

      4. Уәкiлеттi орган кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға жiберген, оқуды өз бетiнше, дәлелсiз себептермен тоқтатқан адамдар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген (өтiнiш берген) күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн оқуға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, тақырыбына және 1, 2, 3-тармақтарға өзгерту енгiзiлдi - 2009.01.16. N 121, 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      20-бап. Қоғамдық жұмыстар

      1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

      2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.

      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан адамдар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген (өтiнiш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.

      4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:

      1) жұмыссыздарға әдейi арналған;

      1-1) күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;

      3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;

      4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;

      5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.

      5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:

      1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;

      2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi.

      6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

      7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      8. Ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.

      9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2007.05.15. N 253, 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi


                шаралары

      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары:


      1) оқытуды және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудi;
      2) ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi;
      3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтиды.
      2. Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
      1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультациялар;
      2) стипендия төлей отырып, бiлiктiлiктi арттырудың, кәсiптiк даярлаудың және қайта даярлаудың тегiн курстарына жiберу;
      3) бiлiм алушыларға (оқу орнына дейiн және қайтарында жол жүруiне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;
      4) лайықты бос жұмыс орындарын iздестiру және жұмысқа (оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесу;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;
      6) психологиялық бейiмдеу арқылы iске асырылады.
      3. Ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
      1) микрокредиттер беру;
      2) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
      3) консультативтiк қызметтер ұсыну;
      4) кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту арқылы iске асырылады.
      4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
      1) көшуге субсидиялар беру;
      2) кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерiнде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      3) психологиялық бейiмдеу;
      4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтiк тұрғын үй беру арқылы iске асырылады.
      Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ МЕН ЕСЕПТIЛIК

       Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық
               статистикалық байқау

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау жүргiзiледi.
      2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алған немесе өздерiнiң қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсаттар алған шетелдiк қызметкерлер жұмыс iстейтiн жұмыс берушiлер уәкiлеттi органға және iшкi iстер органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректердi табыс етуге мiндеттi.
      3. Уәкiлеттi органдар мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органмен, салық органдарымен, iшкi iстер органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен әр тараптың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттама мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өтемсiз негiзде алмасады.
      4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректердi табыс етедi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 276, 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      22-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк


              бақылауды жүзеге асыратын органдар

      Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк бақылауды орталық атқарушы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.


      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының  халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк бақылауды Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2006.06.05. N 146, тақырыбына және бiрiншi бөлiкке өзгерту енгiзiлдi - 2009.01.16. N 121, 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен .

      22-1-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы


                мемлекеттiк бақылау

      1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.


      2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      23-бап. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы


              заңнамасының бұзылғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.


      Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, тақырыбына және мәтiнге өзгерту енгiзiлдi - 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi
жүктеу 152,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау