тұлғалар уәкілетті органға шарт құжаттарын
өз атынан берген жағдайда, шартты тiркеуге
байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген
өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан
Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде
шартты тiркеуге байланысты құқықты патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілсіз жүзеге асыра
алады.
7. Өтініш беруші тіркеуге арналған құжаттар тізбесін ұсынғаннан кейін сараптама
жасау ұйымы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен
құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың болуы және
оларға белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі, қорғалатын құжатты өзгеге беру
шартының өтінішке қоса берілетін материалдарында сараптама жүргізуге ақы төленгенін
растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге төлем есебі беріледі. Бұл жағдайда
көрсетілген мерзім сараптама жасау ұйымына төлем келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
Өзгеге беру шартының қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде
мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында өзгеге беру шартының материалдарын
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес зерделеу жүргізіледі.
8. Жоюға болатын, өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі жасайтын негіздер:
1) қорғау құжатын күшінде қалдыру үшін төлемнің жүргізілмеуі;
2) өзгеге беру шартында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң
болуы.
9. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе осы баптың 8-
тармағында көрсетілген өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын
негіздер болған жағдайда сараптама жасау ұйымы сауал жіберілген күннен бастап үш ай
мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беру немесе қажетті өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен өтініш берушіге сауал жібереді. Бұл жағдайда осы
баптың 7-тармағында көрсетілген мәні бойынша сараптама жүргізу мерзімі жетіспейтін
немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.
10. Мынадай негіздер болған:
1) соған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының қолданысы тоқтатылған;
2) сараптама жасау ұйымының сауалына үш ай ішінде уақтылы жауап қайтарылмаған;
3) қайтарылған жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттар болмаған кезде
сараптама жасау ұйымы өзгеге беру шартын тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бас
тарту себептерін көрсете отырып, осы қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
11. Сараптама нәтижесi оң болған кезде сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні ішінде
уәкілетті органға өзгеге беру шартын тiркеуге кедергi келтiретiн
негiздердiң жоқтығы
туралы қорытынды жiбередi.
Өзгеге беру шартын тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi
уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы түскен кезден бастап бес жұмыс күні
ішінде қабылдайды.
12. Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:
1) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн және оның тiркеу нөмiрiн көрсете отырып,
оның тiркелгенi туралы мөртабан басады;
2) шарт туралы мәлiметтердi тiркелген шарттардың тiзiлiмiне енгізедi;
3) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын
қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді.
Сараптама ұйымы тіркелген шарттар бойынша соған қатысты шарт жасалатын
өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді, өтініште хат-
хабар алмасу үшін көрсетілген мекенжай бойынша тіркелген шарттың екі данасын және қорғау
құжатына қосымшаны жібереді, тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда,
шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт
нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.
Шарттың екі данасы тиісінше уәкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады және
бақылау даналары болып табылады.
Кез келген тұлға тiркелген өзгеге беру шарттарының тiзiлiмiнен тiркелген өзгеге
беру шарттары туралы мәлiметтерге қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау үшін алуы
мүмкін.
Үшiншi тұлғаларды өзгеге беру шартының мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан
үзінді көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде өзгеге беру шартын
тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып
отырған шарт бойынша
құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша
қайтарылады.
13. Қорғау құжатын басқаға беру шарты уәкілетті органда тiркелген күнінен бастап
күшiне енедi.
14. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны алу құқығы
мұрагерлiк бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi.
15. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн жыл сайын өтінім берген
күнге сәйкес келетін күні төлем жүргізуге мiндеттi.
Қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы
мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінім берілген
күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды.
16. Еуразиялық патентті Қазақстан Республикасының аумағында күшінде ұстап тұру
үшін баж мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015
№ 365-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
12-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық
болып танылмайтын әрекеттер
Мыналар патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу деп танылмайды:
1) конструкциясында қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды
немесе басқа елдердiң көлiк (теңiз, өзен, әуе, жер бетiндегi және ғарыштағы) құралдарын
пайдаланған кезде, аталған құралдар Қазақстан Республикасының аумағында уақытша немесе
кездейсоқ тұрған және көлiк құралдарының мұқтаждары үшiн пайдаланылып отырған жағдайда
қолдану. Егер көлiк құралдары Қазақстан Республикасы көлiк құралдарының иелерiне осындай
құқық беретiн елдердiң жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi болса, мұндай әрекеттер
патент иеленушінiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайды;
2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қамтитын құралға, егер осындай ғылыми
зерттеудің немесе эксперименттің мақсаты кіріс алу болып табылмаса, ғылыми зерттеу
немесе эксперимент жүргiзу;
3) төтенше жағдайлар (табиғи зiлзалалар, апаттар, iрi авариялар) кезiнде мұндай
құралдарды кейiннен патент иеленушiге дереу хабарлай отырып
және патент иеленушiге
мөлшерлес өтемнiң ақысын төлей отырып қолдану;
4) егер мұндай пайдаланудың мақсаты табыс алу болып табылмаса, мұндай құралдарды
жеке, отбасылық, үйдегі немесе өзге де кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мұқтаждарды
қанағаттандыру үшін қолдану;