262
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Конституцияның талаптарынан келiп туындайтын мынадай
сипаттарға ие болуға тиiс:
1) мамандандырылған соттар Қазақстан Республикасының
бiрыңғай сот жүйесiне жергiлiктi
соттар ретiнде кiруге тиiс;
2) олардың сот жүйесiндегi орны (облыстық немесе басқа
жергiлiктi соттарға теңестiрiлуi) конституциялық заңмен
айқындалуы тиiс;
3) мамандандырылған соттарда сот билiгi сотта iс жүргiзудiң
азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де ны-
сандары арқылы жүзеге
асырылуы тиiс;
4) мамандандырылған соттардың соттылығы заңмен бел-
гiленуi тиiс;
5) мамандандырылған соттарға қатысты сот шешiмдерiн
қайта қарау мүмкiндiгi толық күйiнде қамтамасыз етiлуi тиiс.
Шағымдану және қадағалау сатыларының соттары ретiнде
тиiстi мамандандырылған соттар да, басқа соттар да, соның
iшiнде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты да болуы
мүмкiн;
6) мамандандырылған соттардың ұйымдық-құқықтық
құрылуы және оларда сот төрелiгiнiң жүзеге асырылуы,
адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарының
сот арқылы қорғалуына, сондай-ақ заң мен сот алдында
жұрттың бәрiнiң теңдiгiне деген конституциялық құқықтарына
нұқсан келтiрiлуi мүмкiндiгiн болдырмайтын заң нормаларына
негiзделуi тиiс.
«Басқа да соттар» деген термин өзекті қажеттіліктерге және
қоғамның сұранысына барабар сот жүйесінің қазіргі заманғы
институттарын құру қажеттігіне алғышарт жасайтын қоғамдық
қатынастарды қарқынды дамытуымен байланысты.
Конституцияда сот жүйесі институттарының нақты ег-
жей-тегжейленуі және бөлінуі «Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан
263
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132
Конституциялық заңына өзгерістер енгізуді талап етеді.
33.
81-баптағы «және жалпы сот iсiн жүргiзудiң соттарда
қаралатын» деген сөздер «, жергілікті және басқа да соттарда
қаралатын» деген сөздермен ауыстырылсын.
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
81-БАБЫ
33.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
81-бап
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и -
касының Жоғарғы Соты
азаматтық, қылмыстық және
жалпы сот iсiн жүргiзудiң
соттарда қаралатын өзге де
iстер жөнiндегi жоғары сот
органы болып табылады, заңда
көзделген iс жүргiзу нысан-
дарында олардың қызметiн
қадағалауды жүзеге асырады,
сот практикасының мәселелерi
бойынша түсiнiктемелер берiп
отырады.
81-бап
Қ а з а қ с т а н Р е с п убл и -
касының Жоғарғы Соты
азаматтық, қылмыстық,
жер-
гілікті жəне басқа да сот-
тарда қаралатын өзге де iстер
жөнiндегi жоғары сот орга-
ны болып табылады, заңда
көзделген iс жүргiзу нысан-
дарында олардың қызметiн
қадағалауды жүзеге асырады,
сот практикасының мәселелерi
бойынша түсiнiктемелер берiп
отырады.
81. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
елімізде Жоғарғы Сотпен басқарылатын бірыңғай сот жүйесі бар.
Жоғарғы Соттың құзыретіне:
1) сот практикасын зерделеу және оны жинақтаудың
қорытындылары бойынша Республика соттарының сот
төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу
мәселелерiн қарау;
2) сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бе-
ретiн нормативтiк қаулылар қабылдау және заңнаманы жетіл-
діру
жөнінде ұсыныстар енгізу;