250
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
көмегімен мемлекеттің мемлекетішілік қатынастардың аса
кең спектрін реттейтініне, ішкі қоғамдық тәртіпті, билік
органдарының, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің
құқықтық жағдайын белгілейтіндігіне байланысты.
Сонымен қатар, заңдар көмегімен мемлекет өзінің ішкі
және сыртқы саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін,
құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен мін-
деттерін шектейтін немесе оларды беретін, мінез-құлық шек-
терін анықтайтын аса қуатты құрал болып табылады. Прези-
денттік басқару нысанында конституциялық бақылау мақсаты
заң шығару саласында Парламент пен Үкімет арасындағы
қажетті тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағыттау болып та-
былатын осы жағдай елеусіз сәт болмайды.
Заңдардың және өзге нормативтік-құқықтық актілердің
Конституцияға сәйкес келуін тексеру басқа елдерде
де конституциялық бақылау органдарының маңызды
функцияларының бірі болып табылатынын айтып өту қажет.
Бұл нысан алдын алу (не кейіннен бақылау) түрінде Ресейде,
Белоруссияда, Украинада, Литвада, Әзербайжанда, Венгри-
яда, Болгарияда, Словакияда, Испанияда және басқа да ел-
дерде қолданылады.
Тәжірибе Конституцияны қорғаудың алдын алу
нысандарының мынадай мінсіз артықшылықтарын көрсетеді:
біріншіден, заңнамалық процесс кезеңдерінің бірін-
де конституциялық заңдылық қағидатын қорғауға ті-
келей бағытталып, бұл арқылы ағымдағы заңнаманың
тұрақтылығына
ықпал етеді;
екіншіден, бақылаудың осы нысаны Конституциялық
Кеңеске заң шығару процесінде туындайтын дауларда
төреші болу мүмкіндігін және құқықтық құралдар көмегімен
Конституцияның жоғарылығына
кепілдік беруді ұсынады;
үшіншіден, Парламент актісін Конституцияға сәйкес кел-
252
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Осы тұрғыдан алып қарағанда, ең алдымен, халықтың
ортақ еркі бейнеленетін заң үстемдігі тұжырымдамасы
көрініс табады. Бұл сілтемеден бүкіл халық сайлаған (өкілдік
берілген) билік органдарының актілері күмән тудырмауы
тиіс деген абстрактілі болжам келіп шығады. Мұндай дәстүр
сот билігі Парламент актілерінің күшін жоюға құқығы жоқ
Ұлыбританияда, Канадада және басқа да кейбір елдерде
қалыптасқандығы белгілі. Алайда құқықтың негізгі көзі
оң құқық болып табылатын елдерде билік органдарының,
соның ішінде парламенттің актілерін бастапқы және кезекті
тәртіпте де конституциялық бақылау органдарының шешім-
дерімен түзетілуі мүмкін. Сонымен бірге кез-келген, әсіресе
заң шығармашылығы саласындағы презумпция абсолютті
болмауы мүмкін және осының күшінде өз қызметінде бел-
гілі бір шектері болуы тиіс екендігі белгілі. Осы қағиданы
ескере отырып, Конституциялық Кеңес заңнамалық актілер-
ді қарау кезінде істің барлық мән-жайларын ескеруі, Конс-
титуцияны, конституциялық құрылыстың негіздерін, жеке
тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында
заңды зерделеудің барынша мүмкін болатын нұсқаларын
пайдалануға тиіс.
Сонымен қатар Кеңес Парламент пен оның Палаталары
заңдарының олардың халықаралық шарттарға сәйкестілігін
белгілеу құқығынсыз конституциялылығын
белгілеу кезінде,
сонымен бірге өзінің шешімдерінде халықаралық құқық нор-
маларына сілтеме жасауға, әсіресе азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қозғайтын немесе шектейтін актілерді
қарау кезінде оларды өлшем ретінде пайдалануға құқылы
екендігін атап өту маңызды. Мұндай қарым-қатынаста
конституциялық бақылау заң шығарушыны және заңнама
процесінің басқа да қатысушыларын тек Конституцияның
нормалары мен қағидаларын сақтап қана қоюға емес, соны-