С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
5В050900 – Әлеуметтік жұмыс мамандығы студенттеріне арналған
«Әлеуметтік медицина негіздері»
ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Құрастырушы:
м.ғ.к., ПжП
кафедрасының
профессоры м.а.
Булекбаева С.Е.
Павлодар
Пәннің мақсаты - өмір жағдайлары мен халық денсаулығ арасындағы себеп-салдарлық қатынасын зерттеу мақсатымен халықты сауықтырудың алғы шарттарын және оның медициналық шараларын әзірлеу және енгізу тұрады.
Пәннің міндеттері – әлеуметтік медицинаның жаңа технологияларын жасауға мүмкіндік туғыздыратын педагогтардың, экономисттердің, психологтардың, әлеуметтанушылардың, құқықтанушылар мен басқа мамандардың күш салулары арқылы әлеуметтік феномен ретінде, қоғамдық денсаулық жайлы әлеуметтік сфераның болашақ жұмыскерлерін біліммен қаруландыру.
Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:
белгілі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайында денсаулыққа әсер ететін әлеуметтік және биологиялық факторларының кешендік әрекеттерін игеру;
адамдардың мекен ету ортасының әлеуметтік факторларымен және халықтың денсаулық жағдайларының арасындағы себеп-салдарлық қатынастарымен танысу (отбасы, тұрмыс, жұмыс, денсаулық сақтау, білім беру, сақтандыру және т.б.);
әлеуметтік медицинаның жаңа технологияларын жасау, яғни халықтың қоғамдық денсаулығын сақтау мен нығайтудың жаңа тәсілдері мен әдістерін құрастыру.
Пререквизиттер: Осы пәндерді: «Мамандыққа кіріспе», «Жалпы және әлеуметтік педагогика» «Жалпы және әлеуметтік психология» оқу кезінде алынған білім, шеберлік және игерілген дағдылар керек.
Постреквизиттер: Пәнді оқыту барысында игерілген білім, шеберлік пен дағды келесі пәндерді меңгеруге қажетті: «Халықпен медициналық-әлеуметтік жұмыс негізі», «Әлеуметтік-медициналық реабилитация және терапия».
Әдістемелік ұсыныстар
Дәріске дайындалу
Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік алу үшін осы дәрістің жоспарымен немесе тезистерімен танысқан жөн. Бұл теориялық материалды едәуір терең меңгеруге және дәріс барысында неғұрлым жемісті жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, нақты тақырып төңірегінде қолданылатын терминдер мен персоналияларды (анықтамалардағы, сөздіктердегі, антологиялардағы белгілі бір тұлға туралы биографиялық мәліметтерді қамтитын мақалаларды) алдын ала зерделеген және көшіріп жазып алған дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажеттісін дербес іріктеп алып немесе оқытушының ұсынысы мен кеңесіне жүгініп, кітаптың (оқулықтың, оқу құралының, анықтаманың) тақырыпқа сай тарауын алдын ала қарап шыққан да абзал. Студент сабаққа неғұрлым жақсы дайын болса, соғұрлым дәріс қызықты және тиімді өтеді.
Дәрістің сұрақ-жауап түрінде өткені өте ұтымды. Егер сіздер оқитын курстың мазмұнымен алдын ала таныссаңыздар, сабақтың нәтижелі болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, мұндай дайындық пәнді тереңірек түсініп, одан пайда алуға көмектеседі.
Сіздер дәрісті дайындап өткізуге, сабақта қысқаша баяндамалар жасауға, дәріскер ұсынған ақпаратты қосымша қызықты материалмен толықтыруға да белсенді қатыса аласыздар.
Семинарға дайындалу
Әрбір семинар сабағына дайындалыңыз.
Жүйелі әрі жоспарлы дайындық емтиханға қажетті мәліметті жинауға мүмкіндік береді.
Семинарға дайындықты сабақтың жоспарымен және қажетті негізгі және қосымша әдебиеттермен танысудан бастаңыз. Дайындалу үшін дәістің конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек. Қойылған сұрақтарға қай әдеби көзден жауап табуға болатынын белгілеңіз. Содан соң оны мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазып алыңыз.
Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз.
Күрделі және қарама-қайшы мәселелерді оқытушыдан сұрап түсінуге болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз.
Курстас, топтас жолдастарыңызбен бірге дайындалғанның пайдасы зор.
Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болмаңыз.
Бастысы: ғылыми-ұғымдық аппаратты біліп, дұрыс қолдану және бейнелі мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай алу.
Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі негізгі әдеби көздерді зерделеумен шектелмеңіз.
Қосымша әдебиеттерді колдана отырып, сіздер ой-өрісіңізді кеңейте аласыздар, зерттеп-зерделеп отырған мәселені жан-жақты және тереңірек түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастарен танысасыздар.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет: 1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді. 2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 5. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ студенттің дайын болуын талап етеді, сондықтан оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарында көзделген барлық тақырыптарды студент қосымша өздігінен зерделеу керек.. 6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен, топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. Өздік жұмыс студенттердің білім сапасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады.
Рефератты жазу ережелері
1. Рефератты жазу мақсаты:
ғылыми мәтінді оқу және түсіну,
өздіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру,
қосымша ақпаратпен танысу,
жазба жұмыстарын рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.
2. Рефераттың көлемі басылған мәтіннің 15 бетінен артық және 8 бетінен кем болмауы тіис.
3. Реферат жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.
4. Реферат төмендегілерді қамтуы керек:
оларға сүйеніп жазылған әдеби көз(дер)ді (монография, мақала, мақалалар жинағы, т с.с. басылып шығу деректеріне сілтемемен бірге),
автор(лар) туралы деректер,
рефератталатын дереккөзде қойылған негізгі мәселелер,
мәселенің ұсынылған шешімі,
ұсынылған шешімді негіздейтін дәйектер,
автор(лар) пайдаланған деректердің сипаттамасы.
5. Рефератты бағалағанда мынадай критерийлеге сүйенеді:
жоғарыда келтірілген талаптарды орындау сапасына,
студенттің рефератталған мәтінде негізгі ойларды бөліп көрсете алғанына,
баяндау стиліне,
цитаталаудың мақсатка орайлылығына,
жазудың грамматикалық сауаттылығына.
Пәннің тақырыптық мазмұны
1 тақырып. Әлеуметтік медицина – клиникалық медицинамен өзара байланысы және түсінігі.
Клиникалық және әлеуметтік медицина. Әлеуметтік медицинаның технологиялары. Жеке дара мен қоғамдық денсаулықтың көрсеткіштері. Аурулардың, жарақаттар мен өлім себептерінің классификациясы. Халық денсаулығын қорғау ісінде денсаулық қорғауды Дүниежүзілік ұйымдастырудың стратегиясы.
2 тақырып. Денсаулықтың генетикалық және әлеуметтік шарттылығы.
Тұқымқуалаушылық. Денсаулыққа себепші, әлеуметтік факторлар. Генетикалық қор және қиратушы факторлар. Хромосомдық және гендық тұқымқуалаушылық аурулары. Медициналы-генетикалық кеңес берудің негізгі міндеттері. Тіршілік әрекеті мен әлеуметтік жеткіліксіздігінің шектеулі түсінігі.
3 тақырып. Халық денсаулығын қалыптастырушы, факторлар
Тұрмыс қалпының әлеуметтік-экономикалық факторлары (еңбек шарты, тұрғын-үй шарты, материалдық әл-ауқаттылық және т.б.); экологиялық және табиғи-ауа райы жағдайы мен сыртқы орта факторлары (лас мекен ету ортасы, орташа жылдық температура, күн радиациясының деңгейі және т.б.); әлеуметтік – биологиялық жағдайлар мен факторлар (ата-ананың жасы, жыныс, антенаталды кезең ағымы және т.б.); ұйымдастырушылық немесе медициналық жағдай (медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырылуы және деңгейі).
4 тақырып. Халық денсаулығына кері әсерін тигізетін факторлар
Рационалды емес қоректену (артық мөлшерлі қаныққан май мен тұз, дәрумендердің жетіспеушілігі және т.б.); төмен қозғалу белсенділігі (тұрмыс қалпының аз қозғалысы); алкогольді ішу, темекі тарту, есірткі қолдану; әдепсіз жыныс байланыстар және солармен байланысты аурулар.
5 тақырып. Халықтың жеке топтарына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Қалалық және ауылдық тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру; балалар мен әйелдерге; өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларына; жедел медициналық көмек көрсету; жалпы тәжірибе дәрігерінің қызмет қағидаттар бойынша медициналық көмек көрсету (жанұялық дәрігер); дәрімен қамтамасыздандырылуы.
6 тақырып. Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы Қазақстанның заңнама негіздері
Қазақстанда денсаулық қорғау жүйелерін ұйымдастыру қағидаттары; денсаулық қорғау мүшелерінің қызметінің әлеуметтік-медициналық алдын алушылық бағыты; денсаулық сақтау жайлы заңнама; Қазақстан Республикасының халқының әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық құжаттары.
7 тақырып. Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық берекелігі. Санитарлық заңнама.
Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық берекелігі. Санитарлық заңнама. Санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің міндеттері, қызметтері, құрылымы, Қазақстандағы санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің басты даму бағыттары мен жетілдірілуі.
8 тақырып. Негізгі жұқпалы аурулар және ауруларға әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Негізгі жұқпалы аурулар және ауруларға әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Туберкулез; ВИЧ-инфекция және СПИД; Жыныстық жолмен берілетін, аурулар; вирустық гепатиттер; тыныс мүшелерінің аурулары.
9 тықырып. Негізгі жұқпалы емес аурулар және ауруларға әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Остеохондроз; остеопороз; гипертониялық ауру, ми бұзылуы; варикоздық ауру; тромбофлебит; қант диабеті; онкологиялық ауру.
10 тақырып. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Мүгедектерге медициналық-әлеуметтік көмек; мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-әлеуметтік көмек, девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер мен балаларға медициналық-әлеуметтік көмек.
11 тақырып. Шұғыл медициналық көмек көрсетудің шеберлігің мен дағдылары
Жан ауыратын жағдайларда, қатты улануларда, жарақаттарда, сынуларды, күюлер мен үсіктерде, терминалдық жағдайларда шұғыл көмек көрсету. Ауруды тексерудің әдістері; ауруларды күту тәсілдері мен әдістері; жұқпалы ауруларға ағзаның төзімділігін арттыру әдістері; жұқпалы, паразиттік пен саңырауқұлақтық аурулары кезінде шұғыл көмек көрсету.
12 тақырып. Әлеуметтік- медициналық әдеп
Әдеп пен деонтология. Әлеуметтік жұмыс қызметіндегі психотерапия әдістері. Өлі туған балаларды сақтаудағы қазіргі медицинаның мәселелері мен ем қонбайтын немесе қарттылықтың өмірден ерікті күтімінің медициналық мәселелері – эвтаназия. Белсенді эвтаназияның жазылмайтын себептері. Мүшелер мен талшықтарды ауыстырудағы медициналық-әлеуметтік мәселелері.
13 тақырып. Аналық пен баланы қорғауды ұйымдастыру
Қазақстанда аналық пен баланы қорғауды ұйымдастырудағы әлеуметтік жұмыс бойынша маманның қызметтері. Аналық пен баланы қорғау жүйесін басқару. Отбасыны жоспарлаудың әлеуметтік-медициналық қызметін ұйымдастыру.
14 тақырып. Әлеуметтік-медициналық ағартушылық қызмет.
Жасөспірімдердің денсаулығын нығайтудағы білім берудің рөлі. Ересек халықтың денсаулығын нығайтудағы білім берудің рөлі. Қазақстанда медициналық білімді насихаттауды ұйымдастыру.
15 тақырып. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың әлеуметтік-медициналық мәселелері
Әлеуметтік-медициналық көмек мекемесінің қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуі. Медициналық сақтандыру және ақылы медициналық көмек. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Е.Н. Назарова, Ю.Д. Жилов. Основы социальной медицины. М.: 2010
Белов В.И., Михайлович Ф.Ф. Валеология; здоровье, молодость, красота, долголетие. Москва "Недра Коммюникейшенс Лтд", 2000.
Куинджи Н.Н. Валеология. Пути формирования здоровья школьников. М., 2000.
Лисицын Ю.П. Социальная гигиена и организация здравоохранения М.: Медицина, 1999.
Марков В.В. Основы здорового образа жизни и профилактика болезней. М.: Академия, 2001.
Москвина Л. Энциклопедия психологических тестов. М, 2001.
Приходько Н.Г., Лукьяненко М.В. Валеология, Курс лекций. Алматы, 2002.6.Тель Л.З. Валеология человека - философия жизни. Астана. 2009.
Токарев В.А., Таткеев Т.А. Проблемы формирования, укрепления и сохранения здоровья. Караганда, 2001.
Чумаков Б.Н. Валеология. Избранные лекции. М., 2009.
Амосов Н.М. Раздумья о здоровье, М.,2000.
Абдиров Ч.А., Агаджанян Н.А., Северин А.Е. Экология и здоровье человека. Нукус. 2000.
Аланасенко Г.Л., Попова Л.А. Медицинская валеология. Р/Дону, Киев, 2000.
13. Қазақстандағы ағарту ісі және педагогика: жедел ақпарат /құраст.: А.Баисова, Г.Киреева.-Алматы: РИК, 2001.
14. Ж. Валеология: денсаулық және өмірлік дағдылар. – Алматы, № 5 (77) 2010 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ж. Денсаулық. – Алматы, № 9,10 2010ж.
2. Ғылым және білім – аймақтық даму стратегиясында – республикалық ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 1999.
Дубровский В.Й. Здоровый образ жизни. М.; Медицина. 1998.
Климова В.И. Человек и его здоровье. М., Знание, 1990
Руководство по социальной гигиене и организации здравоохранения в 2-х томах (под ред. Ю.П.Лисицына). М., Медицина. 1987.
Сердюковская Г.Н., Сухарев А.Г. Гигиена детей и подростков. М., 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |