256
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
оның құзырына тек Парламенттің актілері тап болса, онда кейін-
гі бақылау Президенттің, Үкіметтің актілерін, азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасауы мүмкін өзге де нормативтік құқықтық актілерді қамти
отырып, әмбебап сипатқа ие болады.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғауда
ерекше рөл, егер қолдануға жататын заң немесе өзге де
нормативтік құқықтық акт азаматтың құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасаса, Конституцияға сәйкес
Кеңеске жүгінуге міндетті республика соттарына беріледі.
Қолданыстағы конституциялық тәртіп сот әділдігі саласында
республика соттары мен Конституциялық Кеңес аралығында
өзара байланысты нығайта отырып, конституциялық
қағидаттар енгізуге ықпал етеді.
Конституция конституциялық емес деп танылған, оның
ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды
етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді
деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды деп
бекітеді. Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдар
мен халықаралық шарттарға Президент қол қоймайды және
Парламент бекiтпейдi. Мұндай актілерге негізделген соттар
мен өзге де құқық қолдану органдарының шешімдерін Конс-
титуция нормаларын өрескел бұзушылық деп қарау қажет.
32. 75-бапта:
1) 2-тармақтағы «алқа заседательдерiнiң» деген сөздер
«алқабилердiң» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтағы «және Республиканың жергiлiктi сотта-
ры» деген сөздер «, Республиканың жергілікті және басқа да
соттары» деген сөздермен ауыстырылсын.
257
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
75-БАБЫ
32.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
75-бап
1. Қазақстан Республика-
сында сот төрелiгiн тек сот
қана жүзеге асырады.
2. Сот билiгi сотта iс
ж ү р г i з уд i ң а з а м ат т ы қ ,
қылмыстық және заңмен бел-
гiленген өзге де нысандары
арқылы жүзеге асырылады.
Заңда көзделген жағдайларда
қылмыстық сот iсiн жүргiзу
алқа заседательдерiнiң
қатысуымен жүзеге асыры-
лады.
3 . З а ң м е н қ ұ р ы л ғ а н
Республиканың Жоғарғы Соты
және Республиканың жергiлiк-
тi соттары Республиканың со-
ттары болып табылады.
4. Республиканың сот жүйесi
Республика Конституциясы-
мен және конституциялық
заңмен белгiленедi. Қандай
да бiр атаумен арнаулы және
төтенше соттарды құруға жол
берiлмейдi.
75-бап
1. Қазақстан Республика-
сында сот төрелiгiн тек сот
қана жүзеге асырады.
2. Сот билiгi сотта iс
ж ү р г i з уд i ң а з а м а т т ы қ ,
қылмыстық және заңмен бел-
гiленген өзге де нысандары
арқылы жүзеге асырылады.
Заңда көзделген жағдайларда
қылмыстық сот iсiн жүргiзу
алқабилердiң қатысуымен
жүзеге асырылады.
3 . З а ң м е н қ ұ р ы л ғ а н
Республиканың Жоғарғы
Соты, Республиканың жер-
гілікті жəне басқа да соттары
Республиканың соттары болып
табылады.
4. Республиканың сот жүйесi
Республика Конституциясы-
мен және конституциялық
заңмен белгiленедi. Қандай
да бiр атаумен арнаулы және
төтенше соттарды құруға жол
берiлмейдi.
75.2 «Қазақстан Республикасының Конституциясы-
на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254
Заңымен ҚР Конституциясының 75-бабы 2-тармағындағы
«алқа заседательдерiнiң» деген сөздер «алқабилердiң»
деген сөзбен ауыстырылған. Осы «алқабилер» деген
ұғым тілдік қолданыста бұрыннан қалыптасқан және
258
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
қолданылып жүргендіктен, сондай-ақ бірқатар заң актілерін-
де жиі қолданыла бастады, атап айтқанда 1997 жылғы 13
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық
іс жүргізу кодексінде «алқаби» ұғымы қолданылған.
«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006
жылғы 16 қаңтардағы № 121 Заңында пайдаланылатын не-
гiзгi ұғымдарда «1) алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда
белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және
ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы» деген
анықтама берілген (1-баптың 1) тармақшасы).
Осы өзгеріс «алқабилер» сөзінің қазақ тілінің ұғымына
етене жақын болуына байланысты енгізіліп отыр
75.3 Түсініктеме беріліп отырған конституциялық норма
Қазақстан Республикасындағы сот билігін ұйымдастырудың
негізі ретінде сот жүйесі институтына ерекше көңіл бөледі.
Мемлекеттің сот жүйесі құрылымы сот билігінің материалдық
негізі ретінде дәстүрлі түрде конституциялық реттеу саласы
болып табылады, сот билігі органдарын ұйымдастырудың
негіздерін белгілейді.
Конституциялық нормадан Қазақстан Республикасының
сот билігі жүйесі заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы
Сотына, Республиканың жергілікті және
басқа да соттарына
берілген деп түсініледі. Осы конституциялық норма Жоғарғы
Сотпен қатар жергілікті және басқа да соттардың құрылуына
және қызмет етуіне қолайлы жағдайлар жасайды.
Сонымен бірге бұл түсінік беріліп отырған баптың 4-
тармағына сәйкес қандай да бiр атаумен арнаулы және төтенше
соттарды құруға жол берiлмейтіндіктен, арнаулы және
төтенше соттар құру мүмкіндігін білдірмейді. «Қазақстан
Республикасы Конституциясының 75-бабы 4-тармағын ресми
түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 1 қаулысына сәйкес
Достарыңызбен бөлісу: |