«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет80/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89

266
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
4. Жоғары Сот Кеңесiн Респуб-
лика  Президентi  тағайындаған 
Төраға  басқарады  және  оның 
құрамында  Конституциялық 
Кеңестiң  Төрағасы,  Жоғарғы 
Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, 
Әдiлет министрi, Сенат депутатта-
ры, судьялар және Республиканың 
Президентi тағайындайтын басқа 
да адамдар болады. Әдiлет бiлiк-
тiлiк алқасы Мәжiлiс депутаттары-
нан, судьялардан, прокурорлардан, 
құқық оқытушылары мен ғалым-
заңгерлерден,  әдiлет  органдары 
қызметкерлерiнен тұратын дербес, 
тәуелсiз мекеме болып табылады.
5. Жоғары Сот Кеңесi мен Әдiлет 
бiлiктiлiк  алқасының  мәртебесi, 
оларды құру тәртiбi және жұмысын 
ұйымдастыру заңмен белгiленедi.
5.  Жоғары  Сот  Кеңесінің 
мәртебесі  және  жұмысын 
ұйымдастыру  заңмен  белгі-
ленеді.
 
 82.1.2. Түзетуден көрініп отырғандай,  Әділет біліктілігі 
алқасын  тарату  және  судьяларды  тағайындау  мәселелерін 
Қазақстан  Республикасы  Жоғары  Сот  Кеңесіне  беру 
жүргізілді. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі 
сот жүйесіндегі кадр мәселелерін шешу жөніндегі Республика 
Президентінің конституциялық өкілеттігін қамтамасыз ететін 
орган болып табылады.
82.3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары 
құрылуы  мүмкін.  Сот  алқалары  төрағаларына  өкілеттіктер 
беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Өзгерістер қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері 
негізінде  сот  алқаларын  құрудың  құқықтық  негіздерін  жасауға 
бағытталған.  Судьяларға  өкілеттіктерді  бөлудің  тәртібін  сот 
алқаларының  төрағалары  «Қазақстан  Республикасының  сот 
жүйесі  мен  судьяларының  мәртебесі  туралы»  Конституциялық 
заңға сәйкес айқындайды. Осы шаралар сот жүйесін одан әрі де-


267
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
мократияландыруды куәландыратын сот алқалары төрағаларының 
таңдаулылығына көшуге бағытталаған.
82.4.  Заңның  2-бабы  3-тармағына  сәйкес  Жоғары  Сот 
Кеңесі  Әділет  біліктілік  алқасының  аудандық  және  оларға 
теңестiрiлген соттар төрағалары мен судьяларының лауазымы-
на үміткер адамдарды конкурстық іріктеу және аталған мемле-
кеттік лауазымдарға тағайындау үшін ұсыным беру жөніндегі 
өкілеттіктерін  «Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесі  мен 
судьяларының  мәртебесі  туралы»  Конституциялық  заңға, 
«Қазақстан  Республикасының  Жоғары  Сот  Кеңесі  туралы» 
Заңға  тиісті  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілгеннен  соң 
және «Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы 
туралы» Заңның күші жойылды деп танылғаннан кейін алады. 
Аталған  өзгерістер  мен  толықтырулар  күшіне  енгенге  дейін 
бұрын Конституцияда белгіленген тәртіп қолданылады.
82.5.  «Қазақстан  Республикасының  Жоғары  Сот  Кеңесі 
туралы»  Заңмен  Жоғары  Сот  Кеңесiнiң  мәртебесі  мен 
жұмысының ұйымдастырылуы анықталады.
35. 84-бап алып тасталсын.
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
84-БАБЫ
35.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
84-бап
 1. Қылмыстық iстер бойын-
ша анықтама жүргiзу мен алдын 
ала  тергеудi арнаулы органдар 
жүзеге асырады және бұлар сот 
пен прокуратурадан бөлiнген.
2.  Анықтама  жүргiзу,  тер-
геу органдарының өкiлеттiгi, 
ұ й ы м д а с т ы р ы л у ы   м е н 
қызмет  тәртiбi,  Қазақстан 
Республикасындағы жедел-iз-
дестiру қызметiнiң мәселелерi 
заңмен реттелiп отырады.
84-бап
Алып тасталды


268
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
84. 84-бап Заңмен алынып тасталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен 
толықтырулар  енгізілгенге  дейін  84-бап  анықтама  жүргізу 
мен алдын ала тергеу (алдын ала тергеу) органдары сот пен 
прокуратурадан бөлінген. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  2007  жылғы  28  ақпандағы  «Жаңа  Қазақстан  – 
жаңа әлемде» Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей 
«реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі - сот-құқық 
жүйесін жетілдіру болады. Тұтқындауға құзырлылықты соттарға 
беру туралы қағидаттық шешім қабылданды. Біз біртіндеп осы 
заманғы және ашық тұрпатты сот өндірісіне көшеміз».
Мемлекеттік  комиссияның  ұсынысына  сәйкес  Конститу-
циядан  қылмыстық  істер  бойынша  анықтама  жүргізу  мен 
алдын  ала  тергеуді  сот  пен  прокуратурадан  бөлінген  арна-
улы  органдар  жүзеге  асыратындығы  туралы  ереже  алынып 
тасталды.  Осылайша,  көрсетілген  мәселелерді  заңнамалық 
деңгейде  реттеу  ағымды  шынайылықты  және  қылмыстық 
саясаттың талаптарын ескеруге мүмкіндік береді.
Өйткені болашақта тергеу, анықтау және жедел-іздестіру 
қызметтеріне бақылау жасау функциялары сотқа берілуі әбден 
мүмкін.  Қылмыстық  процестің  алғашқы  кезеңдерінде  сот 
бақылауын жасау және сотқа дейінгі кезеңдердегі жарыспалық 
қағидатын барынша дамыту – тәжірибе шынайылығы.
Осылайша,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын 
қорғаудың кепілдігі сот болып табылатын жағдайда қылмыстық 
сот ісін жүргізуді одан әрі демократияландыру үрдісі байқалды. 
Конституцияның  84-бабын  алып  тастау  қамауға  алуды  санк-
циялауды  сотқа  берумен  шартталды,  бұл  қазіргі  заманғы  сот 
жүйесін зерттеу мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оң 
халықаралық тәжірибені енгізудің қажеттігін алға қояды. 
Республиканың қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес 
прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы қылмыстық 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау