«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет2/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89


Қазақстан Республикасының Заңы
Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің 
құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына 
кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, тарата-
ды және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін 
қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі іс-
тер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет 
мүшелерін  қызметтен  босатады;  Үкімет  мүшелерінің 
антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойын-
ша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң 
жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Рес-
публика  Үкіметі  мен  Премьер-Министрінің,  облыстар, 
республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері 
актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе 
ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Рес-
публикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын 
және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке 
тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және 
есеп  беретін  мемлекеттік  органдарды  құрады,  тарата-
ды және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады;»;
«7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі 
мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау 
жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін 
бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;»;
2) 13) тармақшадағы «наградтайды» деген сөз «мара-
паттайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3)  16)  тармақшадағы  «консультациялар  алысқаннан» 
деген сөздер «консультациялардан» деген сөзбен ауысты-
рылсын;
4) 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:


7
«20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-
кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассам-
блеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;».
11.  46-бап  мынадай  мазмұндағы  4-тармақпен 
толықтырылсын:
«4.  Қазақстанның  Тұңғыш  Президентінің  мәртебесі 
мен  өкілеттігі  Республика  Конституциясымен  және 
конституциялық заңмен айқындалады.».
12. 47-баптың 3-тармағы «Республика Парламентінің» 
деген сөздерден кейін «немесе Парламент Мәжілісінің» 
деген сөздермен толықтырылсын.
13. 50-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда 
жазылсын:
«2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен 
әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және 
Қазақстан  Республикасының  астанасынан  екі  адамнан 
өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның 
ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін 
қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес де-
путатын Республика Президенті тағайындайды.
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен 
сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.».
14. 51-баптың 1, 3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда 
жазылсын:
«1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға 
бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын да-
уыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз де-
путатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс 
депутаттарының  кезекті  сайлауы  Парламенттің  жұмыс 
істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан 
кемінде екі ай бұрын өткізіледі.”;
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының 


8
Қазақстан Республикасының Заңы
кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парла-
мент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған 
күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын 
және  оның  аумағында  соңғы  он  жылда  тұрақты  тұрып 
жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға 
толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы 
бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың 
не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл 
тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. 
Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола 
алады.
5.  Республика  Парламенті  депутаттарын  сайлау 
конституциялық заңмен реттеледі.».
15. 52-бапта:
1) 1-тармақ алып тасталсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, 
ол  қайтыс  болған,  соттың  заңды  күшіне  енген  шешімі 
бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған 
немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және 
Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де 
жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кет-
кен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне ен-
ген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан 
кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған 



саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси 
партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырыла-
ды.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының 
өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мер-
зімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының 
өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі 
таратылған жағдайларда тоқтатылады.».
16. 53 және 54-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
53-бап
 Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  ұсынысы 
бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар ен-
гізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын 
бақылау  жөніндегі  есеп  комитетінің  республикалық 
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің 
республикалық  бюджеттің  атқарылуы  туралы  есебін 
Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік 
білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата 
депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір 
жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге 
хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бей-
бітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық 
міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы 
Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау