«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет76/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89

253
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
мен бірге халықаралық тәжірибені ескере отырып, құқықтық 
шектеулер  қоюға  құқылы  болуды  міндеттейді.  Бақылаудың 
бұл нысанының тиімділігі Кеңес мүшелерінің шағымдалатын 
заңды  талдау  кезінде  тек  конституциялық  құқық  тірек 
ететін  қағидаларды  ғана  пайдаланып  қана  қоймай,  сондай-
ақ  арасында  жеке  тұлға  мен  басқа  да  кейбір  адамдардың 
құқықтары  мен  бостандықтарының  әділдік,  тиімділік, 
мөлшерлестік,  басымдық  қағидаларын  ескеру  айрықша 
қажет болатын әмбебап жалпықұқықтық қағидаларды пайда-
лану мүмкіндіктерімен де айқындала алады. 
Заңдардың 
Конституцияға 
сәйкестілігін 
тексеру 
бөлігіндегі  Констиуциялық  Кеңестің  белсенділігі  барын-
ша  елеулі  болғандығын  тәжірибе  көрсетті.  Мысалы,  өзінің 
қызмет  етуі  кезеңінде  ол  бір  бөлігі  толығымен  немесе  іші-
нара Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған көптеген 
заңдарды  қарады.  Бұл  –  «Қазақстан  Республикасындағы 
тіл  туралы»,  «Азаматтық  кодекс»  (Ерекше  бөлім),  «Са-
уда-өнеркәсіп  палаталары  туралы»,  «Бұқаралық  ақпарат 
құралдары туралы», «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі 
төнген  жануарлар  туралы»,  «Қазақстан  Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  діни  сенім  бостандығы  және 
діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер 
мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  және  тағы  басқа  заңдар. 
Бірқатар  заңдар,  керісінше,  Конституцияға  сәйкес  деп  та-
нылды.  Бұл  –  «Тұңғыш  Президент  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  Конституциялық  заңы,  «Саяси  партия-
лар туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Қазақстан 
Республикасының Жер кодексі» және т.б.
1
Көптеген  жағдайларда  әлеуметтік  маңыздылығы  күшінде 
аталған заңдар үлкен қоғамдық пікір туғызды, сондықтан да 
1
 ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылар жинағы. Ас-
тана, 2003 ж.


254
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Конституциялық Кеңесте қарау мәні болды. Конституциялық 
Кеңестің шешімі оларды конституцияға сай еместігін белгілеген 
жағдайда заңға Республика Президенті қол қоя алмайтындығын 
және тиісінше қолданысқа енгізіле алмайтындығын білдіреді. 
Мұндай  шешімдердің  заңдық  табиғаты  туралы  мәселеге 
қатысты нормативтік сипатқа ие Конституциялық нормаларға 
ресми  түсіндірме  беру  туралы  қаулыларға  қарағанда  заңды 
немесе қаулыны Конституцияға сай немесе сай емес деп тану 
туралы шешімнің өзі де құқықтық қатынастар субъектілерінің 
барлығына міндетті ерікті бастаудан тұратындықтан, нормалар-
ды, яғни жалпыға бірдей міндетті ұйғарымдарды қамтиды. 
Қазақстанда  Конституцияға  түзетулерді  қабылдаумен  бір-
ге  конституциялық  мәнін  тексеру  объектілері  кеңейе  түсті. 
Олардың ішінде Парламент пен оның Палаталары қаулыларының 
конституциялылығын  белгілеу  проблемасы  жеке  орын  алады. 
Конституциялық заңнамаға сәйкес Парламент заң, соның ішінде 
Парламент пен оның Палаталарының республика Конституциясы-
на қарама-қайшы келмеуі тиіс конституциялық, жеке қаулылары 
нысанында республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар 
заңнамалық актілерді қабылдайды. Бұдан қаулылар Парламент 
пен  оның  Палаталары  Конституцияға  және  конституциялық 
заңға  жататын  мәселелер  бойынша  қабылдаған  заңға  тәуелді 
акті болатындығын білдіреді. Тек мұндай бақылаудың заңдардан 
айырмашылығы ұсынымдық, жалғасымдығы басым сипатқа ие 
болатындығын болжауға болады. 
31. 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.  Конституциялық  емес  деп танылған,  оның  ішін-
де  адамның  және  азаматтың  Конституцияда  баянды  етіл-
ген  құқықтары  мен  бостандықтарына  нұқсан  келтіреді  деп 
танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің 
күші жойылады және қолданылуға жатпайды.».


255
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
74-БАБЫ
31.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
74-бап
1.  Қазақстан  Республи-
касының  Конституциясына 
сәйкес  емес  деп  танылған 
заңдар  мен  халықаралық 
шарттарға қол қойылмайды не, 
тиiсiнше,  бекiтiлмейдi  және 
күшiне енгiзiлмейдi. 
2. Адамның жəне азамат-
тың Конституцияда баянды 
етiлген  құқықтары  мен 
бостандықтарына  нұқсан 
келтiрiлген  деп  танылған 
заңдар  мен  өзге  де  норма-
тивтiк құқықтық актiлердiң 
к ү ш i   жо й ы л а д ы   ж ə н е 
қолданылуға жатпайды.
3. Конституциялық Кеңестiң 
шешiмдерi  қабылданған 
к ү н н е н   б а с т а п   к ү ш i н е 
енедi,  Республиканың  бүкiл 
аумағында  жалпыға  бiрдей 
мiндеттi,  түпкiлiктi  болып 
табылады және шағымдануға 
жатпайды.
74-бап
1.  Қазақстан  Республи-
касының  Конституциясына 
сәйкес  емес  деп  танылған 
заңдар  мен  халықаралық 
шарттарға  қол  қойылмайды 
не, тиiсiнше, бекiтiлмейдi және 
күшiне енгiзiлмейдi. 
2.  Конституциялық  емес 
деп танылған,  оның  ішінде 
адамның  жəне  азаматтың 
Конституцияда  баянды 
етілген  құқықтары  мен 
бостандықтарына нұқсан кел-
тіреді деп танылған заңдар мен 
өзге де нормативтік құқықтық 
актілердің  күші  жойылады 
жəне қолданылуға жатпайды.
3. Конституциялық Кеңестiң 
шешiмдерi  қабылданған 
к ү н н е н   б а с т а п   к ү ш i н е 
енедi,  Республиканың  бүкiл 
аумағында  жалпыға  бiрдей 
мiндеттi,  түпкiлiктi  болып 
табылады және шағымдануға 
жатпайды.
 
74.2.  Конституцияның  74-бабы  2-тармағы  норматив-
тік  қаулыларды  Конституциялық  Кеңестің  қабылдауының 
заңдық күші мен салдарларын айқындайды. Конституциялық 
Кеңестің құзыреті конституциялық бақылау нысанына байла-
нысты қарау барысында конституциялық емес болып танылуы 
мүмкін нормативтік құқықтық актілердің неғұрлым үлкен то-
бын қамтуы мүмкін. Егер алдын ала конституциялық тәртіпте 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау