Информатика кабинетiне ќойылатын талаптар



жүктеу 0,82 Mb.
бет1/7
Дата02.02.2018
өлшемі0,82 Mb.
#8354
  1   2   3   4   5   6   7

Информатика кабинетiне қойылатын талаптар.
ЕТ кабинетi алғаш қолданушыларға, соның iшiнде, жасөспiрiмдерге техника қауiпсiздiгiндегi жiберген қателiктерi мен қолданудағы құрылғының сыртқы қорабына байланысты емес әрекеттерiне байланысты арнайы дайындықты және нұсқауды өткiзудi қажет етпейтiн қауiпсiздiк жұмысын қамтамасыз етуi тиiс. ЕТ кабинетiнде бейнетерминалдың үш тобымен жұмыс iстеуге рұқсат етiледi:

А – түрлi-түстi, тек демонстрациялық мақсатта;

Б – оқу процесiнде жеке қолданушыларға арналған түрлi-түстi мониторлар;

В – ЕТ кабинетi үшiн монохромды.

Қолданушылардың кең ауқымды екенiн, соның iшiнде балалардың да жұмыс жасайтынын ескере отырып, ЕТ кабинетiнiң барлық құралдарының қауiпсiздiк деңгейi тұрмыстық радиоэлектронды құралдарға арналған – ГОСТ 12.2006-83 тен кем болмауы тиiс.

ЕТ кабинетiнде мына құжаттарға сәйкес талаптар қатаң сақталынуы керек:



  1. ГОСТ 28139-89 - мектеп жабдықтары. Техника қауiпсiздiгi);

  2. ГОСТ 50377-92, ГОСТ 12.2.007-75 - жалпы механикалық және электрлiк қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету;

  3. ГОСТ 25861-83 - электр тогынан зақымданудан сақтану.

ЕТ кабинетiнiң барлық элементтерiнiң конструкциясы қолданушының жiберген қателiктерi мен қолданудағы құрылғының сыртқы қорабына байланысты емес әрекеттерi құрылғының кернеулерi 36В-тан жоғары бөлiктерi мен бөлшектерiне тиiспеу мүмкiндiктерiн қарастырады.

ЕТ кабинетiнiң электр желiсiмен қамтамасыз ету жүйесi төмендегiдей:



  • Кедергiсi 1 МОм-нан кем емес Жерсiздендiру потенциалымен гальванициялық байланысын қамтамасыз ету керек;

  • 10 мА-дан жоғары жерсiздендiру болмаған жағдайда жұмыс iстеу орындарын ток көзiнен ажырататын қорғаныс құрылғысы болуы қажет.

  • Ток кернеуi күшейiп кеткен кезде және қысқа шағылыстар, сонымен бiрге қауiптi жағдайда қолмен өшiру кездерiнде өздiгiнен өшетiн қорғаныс құрылғысы болу керек.

Кернеулерi белгiсiз желiлердiң бiрi-бiрiмен қате жалғану және ажыратылу мүмкiндiктерi болмау қажет, электр тогымен қамтамасыз ету желiлерi жеткiлiктi түрде механикалық жақсы жабдықталуы керек. Өрт қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптары оқыту және тұрмыстық электр құрылғыларының мөлшерiне сәйкестендiрiлуi тиiс.

Күйген жағдайда улы газдар мен түтiн шықпауы керек. Электр тогымен қамтамасыз етiлгеннен кейiн барлық өрт сөндiру құралдары қолдануға дайын болуы тиiс.

ЕТ кабинетiндегi барлық элементтердiң денсаулыққа зиянды әсер ететiн факторлары балаларға қатысты сәйкес мөлшерден аспауы керек, ал құрылғылармен үнемi жұмыс iстейтiн ересек операторлар үшiн (ГОСТ 12.2.003-74, 12.3002-75, 12.1006-84, 12.1.001-83, 12.1.045-85), сонымен бiрге ГОСТ 21552-84, ГОСТ 27016-86, ГОСТ 27201-87, Санитарлық ережелер мен мөлшерлер тобында көрсетiлген сәйкес мөлшерден аспауы керек.

Кабинеттегi ауаның температурасы – 19-21, ал ағынды ауадағы температура – 18-22. Сәкесiнше, ауа ылғалдылығы 62-55 және 39-31. Ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,1 м/с.



Экран бетiнен 5см қашықтықтағы нүктеге рентген сәулесi мөлшерiнiң экспозициялық қуаты 7,74*10а/кч (0,0003мкр/с немес 10,8 мкр/сағ) мөлшерiнен аспау керек. 200-315мм диапазонында ультракүлгiн сәулесiнiң мөлшерi 10 ВТ/м-тан аспау қажет, дыбыс деңгейi 50 децибелден аспауға тиiс.
ДК-мен жұмыс iстеу кезiнде оқушылардың дұрыс отыруына қойылатын талаптар.
ДК-мен жұмыс iстеу кезiнде дұрыс отыру керек. Оқушы отырған орындық жиегi үстел жиегiне 3-5см кiрiп тұруы керек. Жауырынның төменгi жағын тiреп отыратын тiрек болуы қажет. Иықтың бұлшық еттерiне және қолға күш түспес үшiн шынтақты тiреп отыратын пернетақтаның алдында орын болуы керек. Шынтақ пен иық және бел мен тiзе 90 бұрыш жасау қажет.

Көз деңгейi тiк орналасқан экран бетiнiң ортасында немесе оның биiктiгiнiң 2/3 бөлiгiнде орналасуы керек. Көру сызығы экран бетiне перпендикуляр орналасуы тиiс.

ДК-ден экранынан оқушы көзiнiң тиiмдi арақашықтығы – 0,6-0,7м немесе 0,5м-ден кем болмауы керек.
Жарықтандыруға қойылатын талаптар.
Табиғи жарық сол жақтан түсу керек, оның оң жақтан, арттан және алдыңғы жақтан түсуiне болмайды. Күн сәулесiнiң шағылысуы оқушының көру аймағына тiке түспеуi керек.

Информатика кабинетiнiң аумағы солтүстiкке немесе солтүстiк-шығысқа бағытталған терезелерден түсетiн табиғи және жасанды жарықтармен қамтамасыз етiлуi қажет. ТЖК (табиғи жарықтандыру коэффициентi) қар көп түсетiн аймақта 1,2, ал басқа аймақта 1,5-тен аз болмау керек, жарықтандыру қатынасы – 3:1. Қабырғаны төбеге дейiн, не белгiлi бiр биiктiкке дейiн бояу түстерi: ашық-көгiлдiр, ашық-жасыл, ашық-сұр, ашық-сары, ақшыл-бозғылт түстер. Терезе жақтаулары мен терезе алды ақ түспен сырланады.

Монитор экранына қарсы қабырғаны қара (қою) түспен бояуға болмайды.

Жұмыс үстелдерiнiң түсi табиғи ағаш түстi, көгiлдiр, ашық-жасыл, ашық-сұр болып келуi керек және жылтырамайтын болуы қажет. Терезеге қабырға түсiмен сәйкес келетiн перделер (жалюздер) iлiнедi. Перделер табиғи жарықты өткiзбейтiн және терезенi толық жауып тұратындай болуы керек және олар ауыр матадан тiгiледi. Терезеге қара перделер iлуге тиым салынады!

Күндiзгi шамдар ДК экранына тура түспеу керек. Люминесценттiк шамдар қатарлана орналасу керек, олар қуаттары 36 немесе 40Вт болатын ЛБ және ЛХБ типтегi шамдар болады. ЛД және ЛДЦ типтi люминесценттiк шамдар қолдануға рұқсат етiлмейдi!

Сұр ЛПО13, ЛЕЮ31, ЛПО 33 001 және 006, ЛСО02, ЛСО04 типтегi күндiзгi шамдар сыртқы жағы жарқырамайтын, iшкi жағы металл болуы керек.



Информатика кабинетiне рұқсат етiлетiн жарықтандыру түрлерi:

  • Жалпы люминесценттiк жарықтар және перделi терезелер – мониторлар жағалай орналастырылған және ортаға 2 қатармен қойылған жағдайда;

  • Аралас жарықтандыру (табиғи және жасанды) – 1-3 қатарлы жұмыс орындары болатын және экран мен жұмыс үстелi жарық сәулелерiне перпендикуляр орналасқан жағдайда;

  • Табиғи жарықтандыру – жұмыс орындары бiр қатарда терезе жақтаулары бар қабырғадан 0,8-1м қашықтықта орналасқан және экран сол қабырғаға перпендикуляр орналасқан жағдайда.


Жарықтандыру деңгейiнiң мөлшерi

2-кесте


Жұмыс түрi

Жұмыс iстеу

Жазықтық

ЛК жарықтануы

ДК-де жұмыс (сабақтар мен практика)

Экран

В

200-300

Пернетақта

Г

400-500

Үстел

Г

400-700

Сынып тақтасы

В

400-500

жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау