«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет78/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89

259
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
қандай да бiр атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға 
жол берiлмейдi деген конституциялық норма, мынадай бел-
гiлермен  сипатталатын  соттарды  құруға  тыйым  салынаты-
нын бiлдiредi:
1) олардың құрылысы, құзыретi және құрылу тәртiбi Кон-
ституциямен  және  конституциялық  заңмен  емес,  арнаулы 
нормативтiк құқықтық актiлермен регламенттеледi;
2)  олардың  сот  төрелiгiн  жүзеге  асыруы,  өзге  соттар 
үшiн заңдармен белгiленген сот iсiн жүргiзу тәртiбiнен алы-
нып  тастаулар  қолданыла  отырып,  жүзеге  асырылады,  бұл 
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына 
нұқсан келтiрiлуiне жағдай жасайды;
3) олар құрылған және қызмет iстеген кезде Конституцияның 
3-бабы  4-тармағымен  көзделген  мемлекеттiк  билiктiк  заң 
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну принци-
пi сақталмайды, бұл арнаулы соттардың билiктiң атқарушы 
тармағы органдарынан ұйымдық бағыныстылығынан немесе 
тәуелдiлiгiнен көрiнедi.
Конституцияның  75-бабы  4-тармағында  берiлген  «арна-
улы сот» ұғымы, қорыта алғанда, осы көрсетiлген белгiлердiң 
тым болмаса бiреуiне ие болған соттарды белгiлеу үшiн пай-
даланылады.
Осылайша,  «Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесі 
мен  судьяларының  мәртебесі  туралы»  Қазақстан  Респуб-
ликасы  Конституциялық  заңының  3-бабы  1-тармағына 
сәйкес  Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесiн  Қазақстан 
Республикасының  Жоғарғы  Соты  және  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына  және  «Қазақстан 
Республикасының  сот  жүйесі  мен  судьяларының  мәртебесі 
туралы»  2000  жылғы  25  желтоқсандағы  №  132-ІІ 
Конституциялық  заңға  (бұдан  әрі  –  Конституциялық  заң) 
сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.


260
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және 
оларға теңестiрiлген соттар (Респуб-
лика  астанасының  қалалық  соты,  республикалық  маңызы 
бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - 
Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған 
қаржылық соттар және басқалар);
2) аудандық және 
оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, 
ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери 
соты және басқалар).
Конституциялық  заңның  3-бабы  3-тармағына  сәйкес 
Қазақстан 
Республикасында 
мамандандырылған 
(әскери,  қаржылық,  экономикалық,  әкiмшiлiк,  кәмелетке 
толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылу 
мүмкіндігі көрсетілген.
«Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  75-бабы 
4-тармағын  ресми  түсiндiру  туралы»  Қазақстан  Республи-
касы  Конституциялық  Кеңесінің  2006  жылғы  14  сәуірдегі 
№  1  қаулысына  сәйкес  Негізгі  Заңның  75-бабы  3-тармағы 
мен  82-бабының  ережелері  Жоғарғы  Сот,  облыстық  және 
оларға теңестiрiлген соттар болып, Конституциялық заңға 
сәйкес аудандық және оларға теңестiрiлген соттар болып 
түсінілетін басқа да соттар сияқты соттардың үш деңгейлі 
жүйесін  және  олардың  құрылымына  жалпы  талаптарды 
айқындайды.  «Заңмен  құрылған  Республиканың  Жоғарғы 
Соты,  Республиканың  жергілікті  және  басқа  да  соттары 
Республиканың соттары болып табылады» деген Конституцияның 
75-бабы 3-тармағының ережелерінен арнаулы соттарды тек жер-
гілікті соттардың ғана құру мүмкіндігі ұғынылады.
Арнаулы соттардың мәртебесі Конституциялық заңның 3-
бабы 2 және 3-тармақтарында анықталады. Олардың мазмұны 
негізінде арнаулы соттар облыстық және аудандық соттарға 
теңестiрiлген болуы мүмкін.


261
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Арнаулы соттардың іс жүргiзу заңымен әртүрлi санаттағы 
iстердiң  соттылығын  анықтағанда  өзiндiк  ерекшелiгi, 
күрделiлiгi, iстiң қоғамдық мәнi, оны тез және тиiмдi шешудiң 
қажеттiлiгi  ескерiле  отырып,  белгіленуі  қажет  (Қазақстан 
Республикасы  Конституциялық  Кеңесінiң  1997  жылғы  6 
наурыздағы № 3 қаулысы).
Сот жүйесінің бірлігі қағидатының негізінде Конституциялық 
заңда қандай да бір арнаулы соттарды атау оларды Қазақстан 
Республикасының  барлық  аумағында  құру  мүмкіндігін 
көздейді.  Елдің  қандай  да  бір  өңірінде  арнаулы  соттарды 
іс  жүзінде  құру  экономикалық,  әлеуметтік  және  басқа  да 
факторларға байланысты.
Заңдылық  пен  сот  қателіктері  болдырмау  мүддесінде 
арнаулы  соттарға  қолдану  барысында  сот  шешімдерін 
қайта  қарау  мүмкіндігі  толық  көлемде  қамтамасыз  етілу-
ге  тиіс.  Аппеляциялық  және  қадағалау  соттары  ретінде 
тиісті  арнаулы  соттар  мен  басқа  да  соттар,  соның  ішін-
де  Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Соты  болуы 
мүмкін.  Конституцияның  81-бабына  сәйкес  Қазақстан 
Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және 
Республиканың барлық соттарында қаралатын өзге де iстер 
жөнiндегi Жоғарғы Сот органы болып табылады.
Арнаулы соттардағы сот төрелігін ұйымдастырушылық-
құқықтық құру және атқару адам мен азаматтың өз құқықтары 
мен бостандықтарын сот арқылы қорғаудағы конституциялық 
құқықтарына  қысым  жасау  (Конституцияның  13-бабы  2-
тармағы), сондай-ақ заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең 
(Конституцияның  14-бабы  1-тармағы)  мүмкіндігін  жоятын 
заң нормаларына негізделуге тиіс.
Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  Кеңесінің 
2006  жылғы  14  сәуірдегі  №  1  қаулысына  сәйкес 
Қазақстан  Республикасының  мамандандырылған  соттары 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау