«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет77/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89

256
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
оның құзырына тек Парламенттің актілері тап болса, онда кейін-
гі  бақылау  Президенттің,  Үкіметтің  актілерін,  азаматтардың 
конституциялық  құқықтары  мен  бостандықтарына  қысым 
жасауы мүмкін өзге де нормативтік құқықтық актілерді қамти 
отырып, әмбебап сипатқа ие болады.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғауда 
ерекше  рөл,  егер  қолдануға  жататын  заң  немесе  өзге  де 
нормативтік  құқықтық  акт  азаматтың  құқықтары  мен 
бостандықтарына  қысым  жасаса,  Конституцияға  сәйкес 
Кеңеске  жүгінуге  міндетті  республика  соттарына  беріледі. 
Қолданыстағы конституциялық тәртіп сот әділдігі саласында 
республика соттары мен Конституциялық Кеңес аралығында 
өзара  байланысты  нығайта  отырып,  конституциялық 
қағидаттар енгізуге ықпал етеді.
Конституция  конституциялық  емес  деп  танылған,  оның 
ішінде  адамның  және  азаматтың  Конституцияда  баянды 
етілген  құқықтары  мен  бостандықтарына  нұқсан  келтіреді 
деп  танылған  заңдар  мен  өзге  де  нормативтік  құқықтық 
актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды деп 
бекітеді.  Конституцияға  сәйкес  емес  деп  танылған  заңдар 
мен халықаралық шарттарға Президент қол қоймайды және 
Парламент бекiтпейдi. Мұндай актілерге негізделген соттар 
мен өзге де құқық қолдану органдарының шешімдерін Конс-
титуция нормаларын өрескел бұзушылық деп қарау қажет.
32. 75-бапта:
1)  2-тармақтағы  «алқа  заседательдерiнiң»  деген  сөздер 
«алқабилердiң» деген сөзбен ауыстырылсын;
2)  3-тармақтағы  «және  Республиканың  жергiлiктi  сотта-
ры» деген сөздер «, Республиканың жергілікті және басқа да 
соттары» деген сөздермен ауыстырылсын.


257
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
75-БАБЫ
32.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
75-бап
1.  Қазақстан  Республика-
сында  сот  төрелiгiн  тек  сот 
қана жүзеге асырады. 
2.  Сот  билiгi  сотта  iс 
ж ү р г i з уд i ң   а з а м ат т ы қ , 
қылмыстық және заңмен бел-
гiленген  өзге  де  нысандары 
арқылы  жүзеге  асырылады. 
Заңда көзделген жағдайларда 
қылмыстық  сот  iсiн  жүргiзу 
алқа  заседательдерiнiң 
қатысуымен  жүзеге  асыры-
лады. 
3 .   З а ң м е н   қ ұ р ы л ғ а н 
Республиканың Жоғарғы Соты 
және Республиканың жергiлiк-
тi соттары Республиканың со-
ттары болып табылады.
4. Республиканың сот жүйесi 
Республика  Конституциясы-
мен  және  конституциялық 
заңмен  белгiленедi.  Қандай 
да бiр атаумен арнаулы және 
төтенше соттарды құруға жол 
берiлмейдi.
75-бап
  1.  Қазақстан  Республика-
сында  сот  төрелiгiн  тек  сот 
қана жүзеге асырады.
2.  Сот  билiгi  сотта  iс 
ж ү р г i з уд i ң   а з а м а т т ы қ , 
қылмыстық және заңмен бел-
гiленген  өзге  де  нысандары 
арқылы  жүзеге  асырылады. 
Заңда көзделген жағдайларда 
қылмыстық  сот  iсiн  жүргiзу 
алқабилердiң  қатысуымен 
жүзеге асырылады.
3 .   З а ң м е н   қ ұ р ы л ғ а н 
Республиканың  Жоғарғы 
Соты,  Республиканың  жер-
гілікті жəне басқа да соттары 
Республиканың соттары болып 
табылады.
4. Республиканың сот жүйесi 
Республика  Конституциясы-
мен  және  конституциялық 
заңмен  белгiленедi.  Қандай 
да бiр атаумен арнаулы және 
төтенше соттарды құруға жол 
берiлмейдi.
 
75.2  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясы-
на  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  2007  жылғы  21  мамырдағы  №  254 
Заңымен  ҚР  Конституциясының  75-бабы  2-тармағындағы 
«алқа  заседательдерiнiң»  деген  сөздер  «алқабилердiң» 
деген  сөзбен  ауыстырылған.  Осы  «алқабилер»  деген 
ұғым  тілдік  қолданыста  бұрыннан  қалыптасқан  және 


258
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
қолданылып жүргендіктен, сондай-ақ бірқатар заң актілерін-
де  жиі  қолданыла  бастады,  атап  айтқанда  1997  жылғы  13 
желтоқсандағы  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
іс  жүргізу  кодексінде  «алқаби»  ұғымы  қолданылған. 
«Алқабилер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2006 
жылғы 16 қаңтардағы № 121 Заңында пайдаланылатын не-
гiзгi  ұғымдарда  «1)  алқаби  -  соттың  қылмыстық  iстi  заңда 
белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және 
ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы» деген 
анықтама берілген (1-баптың 1) тармақшасы).
Осы  өзгеріс  «алқабилер»  сөзінің  қазақ  тілінің  ұғымына 
етене жақын болуына байланысты енгізіліп отыр
75.3 Түсініктеме беріліп отырған конституциялық норма 
Қазақстан Республикасындағы сот билігін ұйымдастырудың 
негізі ретінде сот жүйесі институтына ерекше көңіл бөледі. 
Мемлекеттің сот жүйесі құрылымы сот билігінің материалдық 
негізі ретінде дәстүрлі түрде конституциялық реттеу саласы 
болып  табылады,  сот  билігі  органдарын  ұйымдастырудың 
негіздерін белгілейді.
Конституциялық  нормадан  Қазақстан  Республикасының 
сот билігі жүйесі заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы 
Сотына, Республиканың жергілікті және 
басқа да соттарына 
берілген деп түсініледі. Осы конституциялық норма Жоғарғы 
Сотпен қатар жергілікті және басқа да соттардың құрылуына 
және қызмет етуіне қолайлы жағдайлар жасайды.
Сонымен  бірге  бұл  түсінік  беріліп  отырған  баптың  4-
тармағына сәйкес қандай да бiр атаумен арнаулы және төтенше 
соттарды  құруға  жол  берiлмейтіндіктен,  арнаулы  және 
төтенше  соттар  құру  мүмкіндігін  білдірмейді.  «Қазақстан 
Республикасы Конституциясының 75-бабы 4-тармағын ресми 
түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық 
Кеңесінің  2006  жылғы  14  сәуірдегі  №  1  қаулысына  сәйкес 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау