287
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Бұдан басқа, өзінің атқарушы құрылымдарын құруда жер-
гілікті өзін-өзі басқарудың дербестігін қамтамасыз ету қажет.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен жергілік-
ті өзін-өзі басқару органдары арасындағы өкілеттікті нақты
ажыратуды жүргізу өте маңызды.
Мемлекет органдары жергілікті өзін-өзі басқару орган-
дарына олардың функциясын атқаруға жәрдемдесуі тиіс.
Жәрдемдесу және әріптестік әртүрлі нысанда болуы мүмкін:
қандай да бір жобаларды қаржылық қолдау, жергілікті
бюджеттен жеңілдетілген кредиттер ұсыну, ұйымдастыру
(әкімшілік үй-жайлар беру), ақпараттық және консультатив-
тік көмек және т.б.
39. 91-баптың 1-тармағының соңғы сөйлемі мынадай ре-
дакцияда жазылсын:
«Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға
өзгерiстер мен толықтырулар, егер олар үшiн облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде
үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан
астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
91-БАБЫ
39.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
91-бап
1. Қазақстан Республи-
касының Конституциясына
Республика Президентiнiң өз
бастамасымен, Парламенттiң
немесе Үкiметтiң ұсынысымен
қабылданған шешiмi бойынша
өткiзiлетiн республикалық
референдум өзгертулер мен
толықтырулар енгiзуi мүмкiн.
91-бап
1. Қазақстан Республи-
касының Конституциясына
Республика Президентiнiң өз
бастамасымен, Парламенттiң
немесе Үкiметтiң ұсынысымен
қабылданған шешiмi бойынша
өткiзiлетiн республикалық
референдум өзгертулер мен
толықтырулар енгiзуi мүмкiн.
288
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Е г е р П р е з и д е н т о н ы
Парламенттiң қарауына
беру қажет деп ұйғарса,
Конституцияға енгiзiлетiн
өзгертулер мен толықтырулар
жо б а с ы р е с п убл и ка л ы қ
референдумға шығарылмайды.
Мұндай жағдайда Парламенттiң
шешiмi Конституцияда белгi-
ленген тәртiппен қабылданады.
Егер Республика Президентi
Конституцияға өзгерiстер мен
толықтыруларды республикалық
референдумға шығару тура-
лы Парламенттiң ұсынысын
қабылдамай тастаса, онда
Парламент Палаталарының
әрқайсысының депутаттары
жалпы санының кемiнде бестен
төртiнiң көпшiлiк дауысымен
Парламент осы өзгерiстер мен
толықтыруларды Конституцияға
енгiзу туралы заң қабылдауға
хақылы. Мұндай жағдайда Рес-
публика Президентi осы заңға қол
қояды немесе оны республикалық
референдумға шығарады, егер
республикалық референдумға
қатысуға құқығы бар Республи-
ка азаматтарының жартысынан
астамы дауыс беруге қатысса,
ол өткiзiлдi деп есептеледi.
Республикалық референдумға
шығарылған Конституцияға
өзгерiстер мен толықтырулар,
егер олар үшiн дауыс беруге
қатысқан азаматтардың жарты-
сынан астамы жақтап дауыс бер-
се, қабылданды деп есептеледi.
Егер Президент оны Парламенттiң
қарауына беру қажет деп ұйғарса,
Конституцияға енгiзiлетiн
өзгертулер мен толықтырулар жо-
басы республикалық референдумға
шығарылмайды. Мұндай жағдайда
Парламенттiң шешiмi Консти-
туцияда белгiленген тәртiппен
қабылданады. Егер Республика Пре-
зидентi Конституцияға өзгерiстер
мен толықтыруларды республикалық
референдумға шығару тура-
лы Парламенттiң ұсынысын
қабылдамай тастаса, онда Парламент
Палаталарының әрқайсысының де-
путаттары жалпы санының кемiнде
бестен төртiнiң көпшiлiк дауысы-
мен Парламент осы өзгерiстер мен
толықтыруларды Конституцияға ен-
гiзу туралы заң қабылдауға хақылы.
Мұндай жағдайда Республика Пре-
зидентi осы заңға қол қояды немесе
оны республикалық референдумға
шығарады, егер республикалық
референдумға қатысуға құқығы
бар Республика азаматтарының
жартысынан астамы дауыс беруге
қатысса, ол өткiзiлдi деп есептеледi.
Республикалық референдумға
шығарылған Конституцияға
өзгерiстер мен толықтырулар,
егер олар үшiн облыстардың,
республикалық маңызы бар
қалалардың жəне астананың
кемінде үштен екісінде дауыс
беруге қатысқан азаматтардың
жартысынан астамы жақтап
дауыс берсе, қабылданды деп
есептеледi.
289
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2. Конституцияда белгiлен-
ген мемлекеттiң бiртұтастығын
және аумақтық тұтастығын,
Республиканы басқару ныса-
нын өзгертуге болмайды.
2. Конституцияда белгiленген
мемлекеттiң бiртұтастығын және
аумақтық тұтастығын, Республи-
каны басқару нысанын өзгертуге
болмайды.
91.1. Түсінік берілетін баптың 1-тармағының мазмұнында
қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конститу-
циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
барынша егжей-тегжейлі жазылған, сондай-ақ мұндай
өзгерістер мен толықтырулардың бастамашылығы туралы
мәселелер қою құқығы берілген конституциялық бастама-
лар субъектілерінің шеңбері белгіленген. Қарастырылатын
тармақта жоғарыда аталған мәселелерді егжей-тегжейлі сипат-
тау біздің көзқарасымызша, қандай да бір арнайы құқықтық
түсініктемені талап етпейді. Алайда өз уақытында Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияның
91-бабы 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасы
Парламентінің Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар
енгізу нормасына қатысты бөлігіне өз қаулысын шығарған
(Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998
жылғы 4 желтоқсандағы № 13/2 қаулысын қараңыз).
Осы қаулыға сәйкес 91-баптың 1-тармағының мазмұнынан
«Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
мәселе қою құқығы Қазақстан Республикасының Президен-
тіне, Парламенті мен Үкіметіне тиесілі екендігін білуге бола-
ды. Оны заң жобасын республикалық референдумға не Пар-
ламент қарауына енгізу арқылы Республика Президенті іске
асыра алады».
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасы,
егер Президент оны Парламенттің қарауына беруді шеш-
се, ол республикалық референдумға шығарылмайды. Осы
жағдайда Парламент шешімі Қазақстан Республикасы
Достарыңызбен бөлісу: |