278
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
азымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен
қызметтен босату тәртiбi туралы Ережеде бекітілген.
Атап айтқанда облыстардың, Астана және Алматы
қалалары әкімдерін тағайындау немесе босату туралы
ұсыныстарды Республика Премьер-Министрi ұсынылып
отырған тағайындаудың немесе босатудың себептерi мен
дәлелдерiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң қарауына жазбаша түрде енгiзедi.
Қалалар мен аудандардың әкімдерін босату тек қана Президент
Әкімшілігі Басшысының келісуімен жүргізіледі. Ол үшін Пре-
зидент Әкімшілігі Басшысының атына облыстың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдері ұсынылатын босатудың себеп-
терiн Президент Әкiмшілiгi Басшысының атына көрсетіп, жаз-
баша ұсыным жолдайды. Мәселе тиісінше зерделеніп, Мемлекет
басшысына баяндалғаннан кейін Әкімшілік Басшысы босатуға
келісім береді немесе ұсынымды қабылдамай тастайды.
Сайланбалы әкімдерге қатысты бұрынғы қолданыста болған
«Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы
бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 130
Жарлығына сәйкес сайланған аудандар, облыстық маңызы бар
қалалар әкiмдерiнiң лауазымынан босатудың басқалау тәртібі
болған. Олардың өкiлеттiктерi даусыз жағдайларда мерзiмi-
нен бұрын тоқтатылды (оның тиiстi әкімшілік-аумақ бірлігі-
нен тыс тұрақты тұрғылықты жерге көшкенде, Қазақстан
Республикасының азаматтығын тоқтатқанда, оған қатысты
соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде) және ол облыс
әкiмiнiң шешiмiмен ресiмделдi.
Әкiм мерзiмiнен бұрын:
1) өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конститу-
циясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметiнiң
актiлерiн бұзған;
279
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2) өзiнiң мiндеттерiн
тиiсiнше атқармаған;
3) ұзақ мерзiм бойы (қатарынан үш айдан немесе
күнтiзбелiк жыл iшiнде алты айдан аса) еңбекке жарамсыз
болған
жағдайларда, атқаратын лауазымынан босатылды.
Осы негiздер бойынша әкiм атқаратын қызметiнен об-
лыс әкiмiнiң шешiмiмен аудан, облыстық маңызы бар қала
прокурорының алдын ала қорытындысы және кейiннен
алынған тиiстi аудандық (қалалық) мәслихат депутаттары
жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң келiсiмi бар болғанда
босатылды
1
.
Алайда «Аудандардың, облыстық мәні бар қалалардың,
қалалардағы аудандардың әкімдерін тағайындау тәртібі ту-
ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
4 маусымдағы N 339 Жарлығы
2
қабылданғаннан кейін 2006
жылғы 6 маусымдағы Жарлықтың күші жойылды. Дегенмен
мәслихаттармен сайланған әкімдер өз өкілеттіктерін мер-
зімдері аяқталғанға дейін сақтап қалғанмен, оларды босату
тәртібі тағайындалатын әкімдердікімен бірдей.
87.5. Әкімге сенімсіздік білдіру және оны босату туралы
мәселені Президенттің не жоғары тұрған әкімнің алдына
қою мәслихаттың маңызды бақылау өкілеттігі болып табы-
лады. Осы норма қайта қарауға ұшырады. Бұрын осы мәселе
мәслихат сессиясында депутаттарының жалпы санының
үштен екі көпшілік білікті дауысымен шешілетін. Бұл ретте
бастамашылардың санының еш маңызы болмайтын. Бұл тіп-
ті бір депутат болуы мүмкін. Қазіргі уақытта осы мәселені
шешу тек мәслихат депутаттарының жалпы дауысының бес-
тен бірінің бастамашылығымен мүмкін болады, бұл халық
пен орталық билік өкілдерінің өкілдері арасындағы елеулі
1
ҚР ПҮАЖ-ы. – 2006. - № 22. – 212-құжат
2
«Егемен Қазақстан» 2007 ж. 6 маусым № 157 (24732)