«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет86/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89

284
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Сайлау туралы заңда өзін-өзі басқару органдарын сайлау 
тәртібі  көзделген.  Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органының 
мүшесі  болу  үшін  азамат  белсенді  сайлау  құқығына  ие 
болуы,  яғни  18  жасқа  толуы  және  іс-әрекетке  қабілетті 
(психикалық дені сау) болуы тиіс. Қосымша талаптар (мы-
салы, отырықшылық шегін – белгілі бір аумақта қандай да 
бір  уақыт  тұруды  енгізу)  тиісті  заңмен  белгіленуі  мүмкін. 
Сайлау  құқығы  бар  әрi  ауылдық  және  қалалық  жергiлiктi 
қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде 50 азамат болған 
жағдайда  заңды  болатын  азаматтар  жиналысында,  сондай-
ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарда кандидаттар ұсыну 
құқығы болады. Басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге 
қатысқан  сайлаушылардың  көпшiлiгi  жақтап  дауыс  берген 
кандидаттар сайланған болып саналады
1
.
 
 
Конституцияда  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүзеге  асы-
рылатын шектердің жалпы шекарасы сызылып көрсетілген. 
Бұл  халық  тобы  ықшам  тұратын  жергілікті  қауымдастық 
аумағы.  Осы  нормадан  жергілікті  қауымдастықты  ауылдық 
және  қалалық  деп  нақтылау  алынып  тасталған,  ол  біздің 
көзқарасымызша  дұрыс,  өйткені  барлық  елді  мекендер 
қалалық және ауылдық болып бөлінеді. 
Жергілікті қауымдастық шекарасын анықтау кезінде фор-
мальді  әкімшілік-аумақтық  факторлар  ғана  емес,  сонымен 
қатар  объективті  жинақталған  халықтың  жалпылығының 
әлеуметтік  нысаны  да  ескерілуге  тиіс.  Жергілікті  өзін-өзі 
басқарудың аумақтық негізінің басты өлшемі - қоныстандыру 
принципі,  яғни  халықтың  қандай  да  бір  аумақта  жинақы 
тұруы болып табылады. 
Халықтың  жинақы  тұруынан  басқа,  аумақтық 
муниципалдық  қауымдастықты  құрудың  басқа  факторла-
ры  бар. Соның  ішінде: аумақтың  тұрғындар  үшін  ыңғайлы 
1
 ҚР Жоғарғы Кеңесінің жаршысы. – 1995. - № 17-18


285
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
инфрақұрылым  объектілерін  орналастыруға  мүмкіндік 
беретін  жинақылығы  мен  көрінетіндігі;  оның  табиғи 
жинақталған  немесе  қолдан  жасалған  объектілерден  шек-
телуін  (өзендер,  суаттар,  көпірлер,  көлік  магистральдары, 
өндіріс  құрылыс  аймақтары),  сондай-ақ  негізінен  аумаққа 
бір  кәсіпорын  жұмысшыларының  орналасуын,  көпшілік 
тұрғындардың  тиісті  аумақта  орналасқан  және  олардың 
күнделікті мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз 
ететін балалар, медицина және жалпы білім беру мекемелерін, 
сауда өнеркәсіптерін, қоғамдық тамақтандыру және халыққа 
тұрмыстық  қызмет  көрсетуді  пайдаланудағы  мүдделерінің 
ортақтығын және т.б. атауға болады. 
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функ-
цияларды конституциялық деңгейде беру мүмкіндігі қағидатты 
жаңашылдық болып табылады. Бұл мемлекет пен жергілік-
ті  өзін-өзі  басқару  арасында  тығыз  байланыстың  болуы-
мен,  олардың  функциялары  мен  өкілеттіктерін  ажыратудың 
қиындығымен,  кейде  мүмкін  еместігімен  түсіндіріледі. 
Сондықтан  Конституцияда  осындай  норманың  пайда  болуы 
сөзсіз алға жылжу болып табылады, өйткені ол заң шығарушыға 
жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  тіршілік  қабілетінің  үлгісін 
құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттік функциялар-
ды беру заңға сәйкес жүзеге асатындығын атап көрсеткен жөн. 
Басқаша айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң беру 
тәртібін, мүмкін, берілген мәселелер шеңберін анықтауы тиіс.
Мемлекеттік функцияларды екі тәсілмен беруге болады: 1) 
бұрын мемлекеттің қарауында болған белгілі бір мәселелер 
шеңберін шешу құқығын жергілікті өзін-өзі басқаруға бір мез-
гілде беру арқылы; 2) мемлекеттік биліктің тиісті жергілікті 
органдарына жергілікті маңызы бар белгілі бір мәселелерді 
беру мүмкіндігін бекіту, осындай шешімдер қабылдау рәсімін 
белгілеу арқылы. 


286
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Осы  салада  асыра  сілтеушіліктің,  заңнаманың  бұзылуы 
мүмкіндігін  жою  мақсатында  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
органдарының қарауына берілуі мүмкін (міндетті түрде емес) 
мәселелер  тізбесін  заңды  түрде  анықтаған  не  берілмейтін 
мәселелер шеңберін атап көрсеткен орынды. 
Бұдан басқа, мемлекеттік функцияларды беру оларды пай-
далану  мен  шығындауға  қатаң  бақылау  белгілей  отырып, 
қажетті  материалдық  және  қаржы  қаражаттарын  берумен 
сүйемелденуі тиіс.
89.3.  Өзін-өзі  басқару  органдарының  жұмыс  тәртібін  заң 
шегінде  азаматтардың  өздері  белгілейді  деп  жазылған  осы 
тармақтың  бұрынғы  редакциясына  қарағанда,  жаңа  редак-
ция  халықтың  дербестік  деңгейін  біраз  шектейді.  Жергілік-
ті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен оның қызметі заңмен 
анықталуға  тиіс.  Демек,  мемлекет  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
жүйесінің, оның нысанын қоса алғанда, қалыптасуы мен оның 
қызметін,  оның  органдарының  құрылу  тәртібі  мен  қызметін, 
оның экономикалық негіздерінің қайнар көзін және т.б. заңды 
деңгейде анықтайды. Мұндай көзқарас Қазақстанның біртұтас 
құрылысына негізделген және жерлерде атымен ғана емес, соны-
мен қатар бағыттары, нысандары, қызмет тәртібі, табыстарының 
қосымша көздері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен 
өзара қарым-қатынас тәсілдері және т.б. бойынша ажыратыла-
тын органдар құру мүмкіндігіне қарсы тұрады. 
Бұл әлемдік тәжірибемен дәлелденген. Жергілікті өзін-өзі 
басқару жүйелерінің әртүрлі үлгілер негізі федеративтік ел-
дерде бар, ал біртұтас мемлекет үшін барлық аумақтық бір-
ліктерде бірыңғай жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі тән.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі заңмен 
кепілдендірілуге тиіс, яғни олардың құқықтарын қамтамасыз 
ететін және қорғайтын арнайы экономикалық, құқықтық және 
ұйымдастырушылық шараларын белгілеу қажет. 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау